Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет28/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68

62 
 

күшін  жинақтау  және  көрсетілген  күшке  түрлі  амалдармен  қарсы  тұру: 
тойтарыс  беру,  көмекке  шақыру,  қашу,  көңілін  басқаға  аударту,  күтпеген 
жерден қайсарлықпен әрекет ету. 
Салалуатты өмір салтының дағдылары. Қауіпсіздік проблемасы тек күш 
көрсеткен  жағдайлармен  ғана  шектелмейді.  Күнделікті  тұрмыста  баяу  әсерлі 
қауіп төндіретін өзге де факторлар бар, олар: нашақорлық, маскүнемдік, темекі 
тарту,  жұқпалы  аурулар.  Осыған  байланысты  СӨС-ың  дағдыларын 
қалыптастыруға назар аудару қажет: 

теріс ықпалға қарсы тұру; 

зиянды заттегілерді және өнімдерді пайдаланудан бас тарту; 

ерте жастан жыныстық қатынастарға түсуден бас тарту; 

қауіпсіз жыныстық қатынастарға таңдау жасау; 

дәрілік препараттарды таңдау; 

салауатты тамақ түріне таңдау жасау; 

инъекцияларды қабылдау. 
Әлеуметтік және азаматтық дағдылар. Нақты топты талдау барысында 
зерттеушілермен  оң  бетбұрыстар  анықталды.  Полимәдениетті  Қазақстанның 
жағдайындағы  ұлтаралық  қатынастардың  көп  жылдық  тәжірибесі  
оқушылардың  басым  санында  сәйкес  дағдылардың  шыңдалуын  қамтамасыз 
еткен.  Оқушылардың  түрлі  санаттарында  өзара  көмек  көрсету,  аяшулық  және 
уайым білдіру сезімдері жақсы дамыған. Оған қоса, ұжымдық шығармашылық 
дағдыларының  дамуындағы  жоғары  деңгей  және  гендерлік  мәселелердегі 
сауаттылықтың  артуы  аталды.  Сонымен  қатар  азаматтық  дағдылардың 
қалыптасуы  аясындағы  теріс  бетбұрыстардың  дамуын  тоқтату  қажет  болып 
отыр. Осылайша, мысалы, сұрақ қойылған балалардың және жасөспірімдердің 
жартысынан  астамы  құқықбұзушылық,  жанжал,  төбелестерде  енжарлы 
айқындамасын  жақтайды.  Оны  оқушылар  менталитетіндегі  құқықтық 
нигелизмнің  тұрақты  айқындамасымен  түсіндіруге  болады.  Оқушылардың 
көбісі  дауларды  сындарлы  көзқараспен  шешуге,  сұхбаттасын  тыңдауға 
қабілетсіз,  қоғамдық  тапсырамалар  мен  жұмыстардан  бас  тартып  қашады. 
Осылайша, келесі дағдылардың шыңдалуына назар аударған дұрыс: 

дауды татулықпен, жанжалсыз шешу; 

келіссөздерді жүргізу; 

өз құқықтары мен мүдделерін заңды қорғау; 

азаматтық қоғамдағы жүріс-тұрысын қадағалау. 
Жұмысқа орналасу, өзінің ермегін табу, кәсіби бейімделу дағдылары және 
мәнсаптың  дамуы.  Нақты  зерттеудің  міндеттері  бар  өмірлік  дағдыларды 
талдаумен  шектелген  жоқ,  оның  барысында  жұмыс  табу,  өзінің  ермегін  табу, 
кәсіби  бейімделу  және  мансапты  дамыту  дағдыларының  қалыптасуына 
арналған  жағдайлар  да  зерттеуге  алынды.  Осы  бағытта  оң  бетбұрыстардың 
дамуы  үшін  дұрыс  алғы  шарттарды  белгілегенді  жөн  көрдік.  Сұрақ 
қойылғандардың берген жауаптарын талдау негізінде келесідей бетбұрыстарды 
анықтауға болады: 


63 
 

қайсыбір  кәсіпті  таңдаудағы  ара  қатынастың  оқушылардың 
қызығушылықтары мен қабілеттерін талдаудың пайдасына аудару; 

мансаптық өсуіне бағдар алу; 

кәсіби  білімді  алуға,  соның  ішінде  оны  арттыруға  және  қосымша  білім 
алуға қажеттілікті сезіну; 

жұмысқа орналасу амалдарындағы ара қатынастың түйіндеме құру және 
байқаулар енгізуде қабылдауға аударылуы. 
Өмірлік дағдылар ішіндегі нақты санаттың қалыптасуы келесі бағыттармен 
жұмысты күшейтуді талап етеді: 

еңбек  нарығындағы  бос  орындар  туралы  ақпарат  көздерімен  жұмыс 
жүргізу дағдыларын шыңдау; 

еңбек нарығындағы жағдайды бағалау және оны болжамдау дағдыларын 
қалыптастыру; 

сұхбаттасу барысындағы жүріс-тұрыс дағдыларының қалыптасуы; 

түйіндеме құру дағдыларын қалыптастыру; 

кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру; 

экономика негіздері мен құқықтық мәдениет негіздерін зерделеу; 

оқу қызметі мен шетел тілдерін үйрену бойынша дағдыларын дамытуды 
жалғастыру. 
Осыдан  толыққанды  азамат,  заманауи  қоғамның  мүшесі  үшін  қажетті 
өмірлік  дағдылардың  жиынтығы  мен  оларды  қалыптастыру  бойынша 
қиыншылықтардың  мен  бағыттарының  шеңбері  мейлінше  үлкен  және  алуан 
түрлі. Бір тізімге жиналып, олар біздің күнделікті тұрмысымызда балалармен, 
жасөспірімдермен  жүргізілетін  жоспарлы  және  жоспардан  тыс  жұмысымызға 
басқаша  қарап,  оны  белгілі  жүйеге  түзуге  көмектеседі,  онда  маңызды  және 
екінші  қатарлы  істер  болмайды,  оның  әр  күні  ен  әр  сағаты    әлеуметтік 
тұрғысынан  белсенді,  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлғаның  қалыптасу  үдерісіне 
мақсатты бағдарлы ықпалын тигізеді. 
Идеал  түрінде  Қазақстандағы  балалар  ұйымдары  «Мәңгілік  Ел» 
құндылықтарына,  бейбітшілік,  өмір,  денсаулық,  мейірімділік,  игілік,  еңбек, 
мәдениет және т.б. секілді гуманистік, жалпы адамзаттық құндылықтарға және 
т.б. бағдар алған. 
«Жас  Ұлан»  балалар  және  жасөспірімдер  ұйымының  қызметіндегі 
бағдарламаның әзірлеушілеріне берілетін кеңестер: 
●  Назарға  алыңыз!  Бағдарлама  мақсаттан,  ал  мақсат:  «Біз  неге  жеткіміз 
келеді?» деген сұрақтан басталады. Мақсатқа  негіздеменің берілуі болжамды 
орындалуының  мерзімін  көрсетумен  байланысты  белгілі  әрекеттен  басталуы 
тиіс. Міндеттің шешімі олардың дәл қойылуынан басталауы керек.  
●  Бағдарламаның  барлық  құрамдастары  мақсатқа  жету  идеясына 
бағынады. 
●  Бағдарламаны  әзірлеуге  түрткі  ретінде,  әдеттегідей,  құндылықты 
мақсатқа  бағынушылықпен  өзгерістерді  талап  ететін  балалар  ұйымындағы 
проблемалық жағдай шығады. 


64 
 
●  Бағдарламаның  мәтінінде  тек  бір  мәнінде  түсіндіруге  болатын  ғана 
ұғымдарды қолданыңыз. 
●  Міндетті  түрде  бағдарламаға  қажетті  материалдық-қаржылай 
салымдарды және оның материалдық-техникалық қамсыздығын ескеріңіз. 
●  Бағдарлама  қызметінің  нәтижелерін  жобалағанда,  әлеуметтік  және 
педагогикалық әсерлерді, жеке өзгерістерді бағалаңыз. 
● Бағдарламаны сауатты және ұқыпты ресімдеңіз, өйткені бұл ресми құжат 
және онымен міндетті түрде танысуға ниет білдіруі мүмкін. 
 
●  Бағдарламаны  әзірлеуде  оның  қатысушыларының  жеке  даму  деңгейін, 
олардың 
базалық 
білімінің 
деңгейін, 
балалардың 
жыныстық-жас 
ерекшеліктерін,  балалар  бірлестігінің  көп  қырлылығы  мен  көпдеңгейлілігін 
ескеріңіз; болжамды қызметтің басым бағыттарын, ақпараттық және танымдық 
қанығуын нақты анықтаңыз. 
●  Бағдарламаны  әзірлеу  үдерісі  пайдалы  да,  өнімді  болады,  егер  балалар 
мен  ересектер  бағдарламалаудың  барлық  кезеңдерінде  оның  авторластары 
болса,  яғни  ересектердің  тәжірибесі  мен  білімдері  және  оқушылардың 
қызығушылығы қолданысын тапса. 
●  Бағдарламаны  түзуге  мұқият  дайындалу  қажет,  бірақ  бұл  істі  қара 
бастың қамына айналдыруға болмайды. Бағдарлама -  тек құжат қана емес! Ол 
балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымының  кешенді  қызметінде  нағыз  демеу 
көрсетуші болуы мүмкін. 
● Орындалуы Бағдарламаға шынайы өмір беріп, олардың орындалуынсыз 
Бағдарлама тек қағаз жүзінде ғана қалатындары - істер (нақты бағдарламалық 
әрекеттердің, акциялардың және іс-шаралардың жинағы). 
●  Бағдарлама  тек  әрекеттер  мен  іс-шаралардың  жоспары  түрінде  ғана 
болмауы  керек,  Жоспардың  ерекше  бір  түрі  ретінде  шығып,  Бағдарламалар 
дәстүрлі жоспарлардан жоспарлауға жүйелі, жобалық, бағдарламалық-мақсатты 
және  стратегиялық  көзқарастарымен,  негіздеменің  болжамдылығымен, 
ақпараттық-  сараптамалық  және  болжамды  негіздеменің  болуымен  (қысқаша 
түрінде),  қалаулы келешектің басты өлшемдерінің анықталуымен және (ауысу 
мақсаттарының)  осы  келешекке  қазіргі  күйінен  ауысу  жолдарының 
сипатталуымен ерекшеленеді. 
Бірлестіктегі  «Жас  Қыран»  (1-4  оқушылары)  кіші  буынының  қызметі 
мазмұнының  мысалы  ретінде  «Қазақстан  –  Еуразияның  жүрегі»  тақырыпты 
саяхат-бағдарламасын  келтіреміз.  Бұл  бағдарлама  үш  жыл  бойында,  яғни 
мектеп  оқушылары  1-3  сыныптарда  оқыту  кезеңінде  іске  асырылады.  Бұл 
уақытта  балалардың  мотивтерінде  әлеуметтік  мәні  бар  ұжымдық  әрекетке 
қатысу қажеттілігі байқалады. Оқушылардың әрбір паралелі үшін балалардың 
жас  ерекшеліктерін  ескеретін  өз  мазмұнына  ие.  Бастауыш  мектеп  балаларын 
оқытып-үйретудің бірінші жылында өз бетінше әрекет етуге ынтасы айқын. Бұл 
қасиет жылдан жылға дамытуға жатады. 
Сыныптастарымен,  мұғалімдермен,  ата-аналармен  бірлесіп  жасаған 
қоғамдық-пайдалы  ұжымдық  әрекеттегі  қажеттіліктерді  ескеру  қажет,  онда 
мектептің  төменгі  буын  оқушысы  өзінің  орнын  тауып,  өз  мәртебесін 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау