Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет30/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68

68 
 
9.  Тоғысқан  жолдар.  Қорытынды  ойын,  ол  жерде  тұтас  саяхат  бойынша 
қорытынды  стансалары  бойынша  «Өзіңнің  саяхатыңды  жалғастыру  үшін  қай 
жолды таңдау керек?» деген сұраққа жауап беру керек. 
 
ЖОҒАРЫҒА КӨТЕРЕТІН БАСПАЛДАҚ 
Бір саты жоғары көтерілу үшін, төменгі сынып оқушысы белгілі білімдерді, 
біліктерді  және  дағдыларды  меңгеріп  шығуы  керек.  Білімдердің,  білікердің 
және  дағдылардың  белгілі  жиынтығын  игерген  баланың  қазіргі  заман 
қоғамындағы өмір жағдайына едәуір табысты бейімделіп, өз отбасында, сынып 
ұжымында,  достарымен  және  қоғамдық  өмірінде    өзін  едәуір  еркін  сезінуіне  
мүмкіндік береді. 
 
Бірінші сатыда бастауыш сынып оқушысы төмендегілерді біледі: 

бірлестіктің  заңдарын,  антын,  ұранын,  өлеңін,  ондағы  өзінің  құқықтары 
мен міндеттерін; 

Отан қорғаушыларының аты-жөнін; 

өзінің мекен-жайын, телефонын; 

ата-аналарының жұмыс орнын, олардың жұмыс телефондарын; 

өзінің отбасындағы құқықтары мен міндеттерін; 

жазатайым жағдай орын алғанында байланысу телефондарын; 

жергілікті өсімдіктердің аталымын; 

өзінің мекен-жайында кездесетін жануарлардың аталымдарын, олардың 
әдет-қылықтарын; 

табиғатты қорғау амалдарын; 

қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс ережелерін. 
Біледі: 

өз елі туының суретін салуды; 

жолдасына, науқас адамға, егде жастағы кісіге  көмек көрсетуді; 

ересекке қажетті сұрағымен жүгінуге; 

туыстары мен достарына ашық хат ресімдеуге; 
 - 
жаңажылдық шыршаға арнап ойыншық жасауға; 

ағаш егуді, гүл өсіруді; 

құстарға арнап жем салатын астау жасауды; 

үзілістерде ойнауға болатын ойынды көрсетуді және оның ережелерімен 
таныстыруды; 

түймені қадауды, мектепге киім үлгісін кию үшін дайындауды; 

уақытты сағатымен анықтауды; 

кітаптарды ұқыптауға; 

көшеден дұрыс өтуге; 
-
гимнастикалық жаттығуларды көрсетуді, олардың не үшін жасалынатынын 
біледі. 
Екінші сатыда бастауыш сынып оқушысы біледі: 

мемлекеттік рәміздерді, президенттің аты-жөнін; 

елінде, қаласында тұратын халықтардың ұлттарын; 


69 
 

біртуар адамдардың аттарын және олардың атын шығарған істерін; 

өз отбасы мүшелеріне және бейтаныс адамдарға қалай сөйлеу керектігін; 
өз  отбасының  тарихын,  туыстарының  аттарын,  әкесінің  атын,  тегін,  туылған 
күнін; 

отбасындағы өзінің құқықтары мен міндеттерін; 

сирек өсімдіктерді; 
-
жануарлардың қоршаған табиғаттағы рөлін; 

халық өлеңдерінің сөздерін. 
Істей біледі: 

карта бойынша өз елінің негізгі қалаларын көрсетуді; 

өзінің тұратын көшесінің тарихын айтып беруді; 

өз отбасының тарихын айтып беруді; 

отбасы мүшелеріне құттықтауларды дайындауды; 

өз отбасы мүшелеріне көмек көрсетуді; 

ертеңгілік асын дайындауды; 

үй жануарлары мен өсімдіктеріне күтім көрсетуді; 

жол ережелерін орындауды; 

электр құрылғылармен жұмыс жасауды; 

алғашқы медициналық көмек көрсетуді; 

ертегі мазмұны бойынша түсінігін айтуды; 

қимыл ойындарын ойнауды, олардың ережелерін түсіндіруді. 
Үшінші сатыда бастауыш оқытушы біледі: 

ұлттық дәстүрлерді; 

өз қаласының өміріндегі маңызды оқиғаларды; 
-
өлкесінде тұратын халықтардың дәстүрлерін; 

атақты жерлестерінің аты-жөнін; 

жазушылар мен ақындардың аты-жөнін; 

бірқатар үй және саябақ өсімдіктерінің ерекшеліктерін және оларға күтім 
көрсету ережелерін. 
Істей біледі: 

үйде және одан тыс жерде орын алған төтенше оқиғада амал табуды; 

жекебас тазалығын сақтауды; 

ата-аналарына үй шаруасы бойынша көмектесуді; 

мектепгеі және мектеп ауласындағы өсімдіктерге күтім жасауды; 

табиғат материалдарынан бұйым жасауды; 
-
жапырақ пішінімен өсімдіктің аталымын анықтауды; 

осы өсімдіктің қасиеттері туралы айтып беруді; 
-
кітаптың мазмұнын жолдасына қысқаша айтып беруді; 

ересектер мен кішілерге сыйлық дайындауды; 

жолдастарын жаңа ойынға үйретуді. 
Қорытындылай  келе,  бағдарламалау  мәселесімен  бірінші  рет  беттескен 
және  онда  үлкен  жетістіктерге  жете  қоймағандарға  сөз  арнағымыз  келеді. 
Еңсеңізді түсірмеңіз, кез-келген іс қажырлы еңбекті қажетсінеді, кеше мүмкін 
болмағаны, ертең қолжетімді де анық болып шығады. 


70 
 
Қорытынды  
 
Нақты  ұсыныстарда  біз    балалар  мен  жасөспірімдер  қоғамдық 
бірлестіктерінің    жұмысын  ұйымдастыруға  жаңа  көзқараспен  қарауға 
тырыстық.  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігінің 
Статистка  жөніндегі  комитеті  берген  деректер  бойынша    0-17  жас 
аралығындағы  5 460 449  балалар  бар,  бұл  жалпы  тұрғындар  санынан  30,7% 
құрайды.  Біздің  мемлекеттің  заманауи  стратегиясы  балалар  мен 
жасөспірімдердің  қоғам  дамуындағы  рөлін  арттыруға  бағытталған.  Осыған 
орай  балалар  мен  жастар  ұйымдары  бірыңғай  «Жас  Ұлан»  ұйымы» 
Республикалық  қоғамдық  бірлестігіне  қосылған.  Іс  жүзінде  бұл  балалар 
қозғалысының жаңа жүйесі, онда балалар мен жасөспірімдерді болашақ, едәуір 
ересек, қоғамға әлеуметтік пайдасы бар өміріне дайындау, үнемі белсендірумен 
адамзат  өмірінің  қолданымды  күшіне  айналдырумен,  олардың  санасында 
заманауи қоғамдық идеалдардың негіздері мен құндылықтарын қалау. 
Балалар  ұйымының  жұмысына  қатысып,  бала  кез-келген  жобаларды, 
шығармашылық  ойларды,  өз  құқықтарын  іске  асырумен,  адами  тәжірибені 
жинақтаумен  шектелмей,  бірінші  қатарда,  азаматтық  қоғаммен  талапты 
құндылықты құзыреттіліктерді қалыптастырып шығуы тиіс.  
 
Республикалық деңгейінде өскелең ұрпақты «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық 
патриоттық  идеясының  негізінде  тәрбиелеуге  көп  мәні  берілуде.  Бүгін  олар 
қазақстандық  қоғамның  келешекте  табысты  дамуының  біріктіруші  өзегі, 
халықтың  рухани  дүниесі  мен  мәдениетін  сақтаудың  ажырамас  бөлігі  болып 
табылады. Балалар ұйымында «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеяны, «Мәңгілік 
Ел»  патриоттық  актісінде»  бекітілген  оның  базалық  құндылықтарын,    терең 
саналы қабылдауы үшін барлық жағдайлар жасалуы тиіс. «Мәңгілік Ел» жалпы 
ұлттық  идеясының  құндылықтары  негізінде  білім  беру  ұйымындағы 
патриоттық  білімділік  кеңістігін  дамыту  мен  жетілдіру  аса  қажетті  болып 
көрінуде. 
 
Осыған орай  берілген ұсыныстарда алғаш рет «Жас Ұлан» балалар және 
жасөспірімдер  ұйымының  жастарды    «Мәңгілік  Ел»  құндылықтарына 
тәрбиелеу функциялары арқылы баулудағы рөлі мен орны сипатталды. 
Нақты  ұсыныстар  сонымен  бірге  балалар  қоғамдық  бірлестіктерінің 
тіршілігіне  қатысатын  ересектерге  әдістемелік  көмек  көрсетуге  де,  арналған. 
Осындай  міндеттерін  жемісті  шешу  үшін,  көшбасшылар  мен  басшылар 
құзыреттіліктерге ие болуы қажет. Осы басылымда «Жас Ұлан» балалар және 
жасөспірімдер 
ұйымдастырушысының 
білімділік, 
әдістемелік 
құзыреттіліктерінің, жеке тұлғаға мәнді қасиеттердің жаңа мазмұны ұсынылды. 
Бүгінгі  күннің  талабы  –  уақыт  сынынан  өткен  балалар  ұйымы 
жұмысындағы  дәстүрлердің  жаңа  новаторлық  бастамалармен    саналы 
үйлесімділігін орнату. 
Осы  тақырып  бойынша  әдебиетке  жүргізілген  талдаудың  негізінде 
ұсыныстарда  мұқият  талданған  инновациялық  әдістердің  белгілі  жинақталуы 
мен  іріктелуі  жасалды.  Инновациялық  технологиялар  мен  әдістердің  балалар 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау