Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет20/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68

44 
 
1.  Өзектілігі  мен  өмірмен  байланысы  негізінде  тақырыпты  таңдау, 
таңдалған тақырыпқа педагогикалық негіздеме беру. 
2. Іс-шараның нұсқасын анықтап алу (байқау, кеш, пікірталас және т.б.). 
3. 
Іс-шараны  дайындау  және  өткізу  барысындағы  мақсаттарды  және  
шешілетін міндеттерді белгілеу. 
4. 
Оқушылардың 
қатарынан 
іс-шараны 
дайындау 
бойынша 
шығармашылық топты құру, топ ішіндегі міндеттерді үлестіру. Оқушылардың 
бастамасы мен өздігінен әрекетке дайындығына негізделу. 
5. 
Іс-шараны өткізу үшін қажетті материалдарды жинау. 
6.
Сценарийді  жазу  және  оны  бекіту.  Оқушылардың  қызығушылықтары 
мен  қабілеттерін,  олардың  жас  ерекшеліктерін,  сонымен  қатар  мектептің 
дәстүрлерін және сценарий жазудағы дістүрлерді ескеру. 
7. 
Сценарийде өлкетанушылық материалдың қолданысы. 
8. 
Сценарийді  жазу  барысында  іс-шараның  кешенді  сипатына  негізделу 
(оны дайындау және өткізу барысында қолданылатын амалдардың, тәсілдердің 
және әдістердің түрлілігі). 
9. 
Іс-шараның композициясындағы тұтастықты және қисынды ойластыру. 
10. 
Іс-шараның  барысында  қолданылатын  көркемдік,  музыкалық  және 
техникалық құралдарды ойластыру. 
11. 
Іс-шараны өткізу орнын және уақытын педагогикалық тиімділігі және 
тәрбиелік  әсері  көзқарасынан  (сынып,  мұражай,  акт  залы,  спорттық  алаңша 
және т.б.; сабақтан соң, кешке, демалыс күні) анықтау. 
12. 
Жүргізушіні  таңдау  (басты  критерий  –  коммуникативтік  және 
ұйымдастырушылық  ептілігі,  тіл  мәдениеті,  жалпы  мәдениеті  мен  әдебі, 
тапқырлығы мен екпінділігі). 
13. 
Іс-шараны өткізу әдістемесі мен мазмұнын ойластыру: 
а) іс-шара мазмұнының белгіленген мақсаттарға сәйкестігі; 
б) таңдап алған материалдың танымдық және тәрбиелік құндылығы; 
в)  ақпараттың  эмоционалдық  толымдылығы,  балалардың  іс-шараға 
қызығушылығы, олардың белсенділігі; 
г) тәрбиелік принциптердің іске асырылуы; 
д) іс-шара барысында оқушылардың өзарап әрекеттесуіндегі жеке, топтық 
және ұжымдық нұсқалардың үйлесімділігі. 
14. 
Қонақтардың шақырылуы (шақыру түрін ойластырумен). 
15. 
Дайындықтың қажетті санының өткізілуі. 
16. 
Іс-шарадағы анағұрлым табысты және сәтсіз сәттердің оны өткізген соң 
талдануы, келешекке арналған қорытындылар. 
Сауықтыру  бағдарламаларын  нәтижелі  өткізу  үшін  аудиториядағы  ішкі 
коммуникациялардың  педагогикалық  көзқарастың  реттелуінің  құндылығы 
сөзсіз. 
Қарастырылып 
отырған 
мәселе 
тұрғысынан 
бағдарлама 
қатысушыларының  қарым-қатынасқа  түсуіне  ықпалын  тигізетін  түрлі 
амалдардың  мәні  ерекше.  Бағдарламаның  түріне  қарай  олар  мынадай  болуы 
мүмкін: 


45 
 

пікірталастар,  олар  бағдарламаның  қатысушыларына  қызықтырып 
отырған  мәселе  бойынша  өз  пікірін,  өзінің  көзқарасын  білдіруге  мүмкіндік 
береді; 

драмаландыру-ойындары,  олар  өзін  түрлі  рөлдерде  «сынап  көруге», 
аудиторияның  шығармашылық  белсенділігін  жекелеп  өткізуге  мүмкіндік 
береді; 

ұжымдық ән, ол топты біріктірудің құралы болып табылады; 

хорлап  жүріп  билеу  үзінділері,  олар  бағдарлама  қатысушыларының 
басын біріктіріп, мүмкін шиеленістің алдын алуға бағытталған; 

слайд-көрсетілімдері, 
олар 
қатысушылардың 
босаңсуына, 
шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпалын тигізеді; 

жеке тұлғаның өз орнын табуға мүмкіндік беретін байқаулар – әнде, биде, 
ойында және т.б. 
Сауықтыру бағдарламасы жүргізушісінің табысты жұмысының ерекшелігі  
көптеген құралдарға негізделеді: туған елінің тілі, ымдау, сөз, жанасу, көзқарас, 
үнсіздік тілі. Жүргізуші жұмысының табысты болуы көп жағдайда бағдарлама 
мазмұнына,  оның  мақсатына,  аудиторияның  ерекшелігіне  және  барлық 
қатысушылардың  өзінің  шығармашылық  әлеуетін  іске  асыру  мүмкіндігіне 
байланысты. 
Педагогтар  дұрыс  және  толыққанды  орындалған  мәдени-сауықтыру 
бағдарламасының  балалардың  мәдениет  дүниесіне  қосылуына,  олардың 
шығармашылық ой-өрісі мен танымдық қызығушылығын дамытуға, бірлескен 
әрекет  үдерісінде  өзінің  орнын  табу  тәжірибесінің  жинақталуына  ықпалын 
тигізетінін есте сақтауы тиіс. 
Мәдени-сауықтыру  бағдарламасының  балаларға  қосымша  білім  берудегі 
білімділік бағдарламасынан ерекшелігі келесілерде: 

мәдени-сауықтыру бағдарламасының мазмұны қандай да бір нақты курс 
бойынша  арнайы  ұйымдастырылған  сабақтардың  барысында  зерттелмейді, 
көпшілік-сауықтыру  іс-шараларын  (істерді)  дайындау  және  өткізу  үдерісінде 
іске асырылады; 

онда  қарастырылған  білімдерді  және  икемдерді  меңгеру  сабақтан  тыс 
уақыттағы  өз бетінше  жұмыс   үдерісінде және  ересектер  мен балалардың бос 
уақыттағы өзара әрекеттесуінде өтеді; 

білімділік  ақпараттық  және  әлеуметтік  тәжірибенің  көздері,  бос 
уақыттағы  субъектілер  ретінде  педагогтар  да,  балалардың  өздері  де,  олардың 
ата-аналары да шығады. 
Мәдени-сауықтыру  бағдарламасын  іске  асыру  барысында  білім 
алушылардың  дәстүрден  тыс  айқындамаларының  (рөлдерінің)    тұтас  спектрі 
қарастырылған:  ұйымдастырушы,  орындаушы,  көрермен,  авторлас,  суретші, 
костюмер,  дизайнер,  музыкалық  безендіруші,    жарық  түсіруші,  сахна 
жұмысшысы, жүргізуші, қазылар алқасының мүшесі. 
Бос  уақыттың  ұжымдық  технологиясын  (БУҰТ)  ұйымдастыру  және 
өткізудің  И.П.  Иванов  бойынша    алты  кезеңді  және  шоу-технологияларды 
қарастырады. 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау