51
Балалар бірлестігі қызметінің бағдарламасының Қазақстан Республикасы
Білім министрлігімен бекітілген білімділік бабғдарламасына ұқсас нақты
түзілген құрылымы жоқ, сондықтан оның түрлі нұсқалары болуы мүмкін, бірақ
оларға тұрақты элементтерімен (негізгі құрамдастарымен).
Бағдарламаны түзу құрылымын қарастырып көрелік.
Бағдарламаның құрылымы:
Кіріспе. Түсінік хат.
Мақсаттары мен міндеттері.
Бағдарламаның мазмұны (қызметтің бағыты, қызметтің түрлері,
мақсаттары мен міндеттерін орындаудағы жұмыс нұсқалары мен әдістерін
баяндау).
Қызметті ұйымдастыру құрылымы.
Бағдарламаны іске асыру механизмі.
Нәтижесі.
Бағдарламаның анағұрлым толық құрылымын қарастырып көрелік.
Кіріспе (Түсінік хат, преамбула, негіздеме).
Бағдарламаның бұл бөлігінде оның өзектілігі мен мәнділігіне негіздеме
беріледі. Ол үшін балалар ұйымы немесе бірлестігі жұмыс жасайтын
жағдайларды талдап шығу қажет. (Бағдарлама неғұрлым көлемді болса, талдау
соғұрлым терең жасалуы тиіс). Бұл жерде бағдарламаның мақсатты тобы, яғни
оның кімге арналғаны ескеріледі (балалардың жасы, контингенті, кеңістікті-
уақыт шарттары мен т.б.). Кіріспеде бағдарламаның түпкілікті ойы мен
қағидалары ашылады (алайда, олар жеке блок ретінде де шығарылуы мүмкін),
балалар ұйымы (бірлестігі) қызметіндегі бағдарламасының бағытына
түсініктеме беріледі.
Мақсаттары мен міндеттері.
Бұл тарауда алдағы қызметтің мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі. Ол
үшін «мақсат» және «міндет» ұғымдарын ажырату керек.
Мақсат – уақыттың
нақты белгіленген уақытында бірлестік немесе ұйым шын мәнісінде қол жеткізе
алатын, күтілетін (қалаулы) нәтиженің нақты, сапалы сипатталған бейнесі.
Міндет – бұл мақсаттың жеке түрі, анығырақ айтқанда, шағын мақсат.
Мақсаттар мен міндеттердің блогы нақты, шынайы қол жетімді және позитивті
болғаны дұрыс, Іс жүзінде бұл белгіленген әрбір
міндетті келесілер
орындалатындай етіп, тұжырымдалғаны маңызды екенін білдіреді:
-
нақты кезеңде балалар ұйымы нақты неге қол жеткізуі керек екені
түсінікті болуы;
-
оның шешімі үшін шынайы жағдайлар мен мүмкіндіктердің болғаны;
-
оны шын мәнісінде де шешу мүмкіндігі (оның белгіленген мерзімінде қол
жеткізуге);
-
іске асырушыларды (балалар мен ересектерді) оған қол жеткізу
бағытында әрекет етуге түрткілеуге (ынталандыруға).