Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет17/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68

37 
 

үлкендер  және  кішілер  арасындағы  байланыстардың  кешенін  орнату 
(диалог жүргізу, әрекеттесу барысында оқыту, арнаулы рәсімі); 

белгіленген  байланыстарды  нығайтатын  құқықтық  актілерді  құру 
(Жарғыға,  Ережелерге  өзгертулерді  енгізу,  жалпы  бағдарламаны  немесе 
инновациялық жобаны құру, дәстүрді енгізу). 
Әлеуметтік жобалау технологиясы барлық жас аралығындағы балалардың  
өз қаласының, облысының ауданының қоғамдық өміріне белсенді қамтамасыз 
етеді. Бұл жағдайда оқушылар өздерін белгілі құқықтарымен қатар міндеттері 
де  бар  азаматтар  ретінде  сезінеді.  Ал  әлеуметтік  жоба  олар  үшін  үлкен  бір 
оқиға.  Мектеп  оқушылары  мен  балалар  және  жасөспірімдер  ұйымының 
қатысушылары,  мысалы,  шынайы  билік  құрылымдарының,  әлеуметтік 
қызметтердің, түрлі қоғамдық институттардың қызметімен танысуға мүмкіндік 
алады. 
Жасөспірімдердің  аға  буыны  мен  жоғары  сынып  оқушыларына  арналған 
әлеуметтік жоба ерекше өзекті.  
Жобалық  қызмет  олардың  өзін  жеке  тұлға  ретінде  сезінуіндегі,  өзін  осы 
өмірге  сәйкестендірудегі,  өз  орнын  бекіту  мен  өз  орнын  табудағы,  бір  топқа  
қатыстылығының,  жетістіктері  мен  табысындағы,  көшбасшылығындағы,  әл-
ауқаты  мен  беделіндегі  әлеуметтік  қажеттіліктерін  іске  асыруда  көмектеседі. 
Әлеуметтік  жобалау  технологиясы  жақсы  белгілі.  Оның  балалар  мен 
жасөспірімдер  ұйымындағы  қолданыс  ерекшелігі  –  әлеуметтік-түрлендіруші 
мақсаттарға  бағдарлануында.  Бұл  жағдайда  жобаларды  әзірлеуде  және  жүзеге 
асыруда  дәстүрлер,  балалардың  жасы  ескеріліп,  түрлі  жас  аралығындағы 
балаларға  арналған  топтар  құрылады;  қаржыландыру  көздерін  іздестіру  мен 
қатысушыларды  нәтижелері  мен  әсерлерін  бағалау  бойынша  қызметке  қосуға 
дейінгі ресурстық қамтамасыздық мәселелері қосылады. 
Бағдарламалар  (ұзақ  мерзімді  және  қысқа  мерзімді,  жалпы  немесе 
жергілікті)  баланың  өзін  мақсатты  тұжырымдауға,  қызметті  іріктеп  оны  іске 
асыруға,  мүшелердің  және  қатысушылардың  рөлдерін  анықтауға, 
мақсаттардың,  міндеттердің  ұжыммен  және  әрбір  жасөспіріммен  іске  асыру 
жағдайын  бағалау  қосудың  кешенді  әдісі  болды.  Жасөспірімдерді 
бағдарламаны  әзірлеу  мен  жүзеге  асыру  ісіне  тартудың  нұсқалары,  әдістері, 
құралдары  мен  амалдары  баланың  жаңа  айқындамасын  меңгеруін 
диагностикалаудың;  жеке  басының  өсу  динамикасын  анықтаудың  табиғи 
жүйесі болып табылады. 
Балалар  қоғамдық  ұйымының,  бірлестіктердің  бағдарламалары  -  
бірлестіктің,  ұйымның  мақсаттарын,  міндеттерін,  негізгі  мазмұнын  іске 
асырудың; әрбір мүшесін ұжымның тіршілігіне белсенді қосудың кешенді әдісі. 
Бұл  қатарда  ерекше  орынды  әдеттегідей,  балалардың,  жасөспірімдердің 
және  жастардың  білімдегі,  демалыстағы,  релаксациядағы  (тынығудағы) 
қажеттіліктерін  олардың  бос  уақытын  қызығушылықтарын,  дамуындағы  жеке 
және  жас  ерекшеліктерін  ескерумен,  мәдени  демалу  қызметінің  түрлі 
бағыттары  арқылы    мазмұнды  ұйымдастыруға  бағытталған  мәдени  демалу 
бағдарламалары алады. 


38 
 
Бос  уақытқа  арналған  бағдарламалардың  міндетті  бір  шарты  –  оларда 
білімділік  аспект  міндетті  түрде  орын  алуы  тиіс,  яғни  оны  меңгерудің 
нәтижесінде  бала  белгілі  бір  білімдерді,  икемдерді  және  дағдыларды  алып, 
сонымен қатар әлеуметтік тәжірибе жинақтауы тиіс. 
Түрлі  мәдени  демалыс  бағдарламаларын  ажыратады,  олар:  сюжеттік 
ойын,  конкурстық-сауықтыру,  спорттық-сауықтыру,  ақпараттық-пірікталас, 
шоу-бағдарламалары және т.б. [32]. 
Сюжеттік  ойын  бағдарламалары  –  бір  сюжетпен  біріккен  түрлі 
ойындардың  кешені.  Оларда  әртүрлі  ойындар  басым  орын  алады,  мысалы: 
қимыл,  зияткерлік,  драматизация  ойындары,  аттракциондар,  аукциондар.  Бос 
уақытты  ұйымдастырудың  тәжірибесінде  ойын  бағдарламалары  мерекелердің, 
рәсімдердің бір бөлігі болып, басқа жағдайларда демалыс ойындарының жанры 
ретінде шығады. Ойын жанры  бұл кулисалары мен шымылдық, рампасы жоқ 
театр, онда әртіс декорацияларсыз, гримсіз қарым-қатынасқа шығып, көрермен  
театрлық креслода отырмайды. 
Сюжеттік  ойын  бағдарламасының  бір  түрі  ретінде  бір  реттік  ойын 
бағдарламасы  шығады,  ол    қатысушылардың  ерекше  бір  дайындығын  талап 
етпейді.  Балалар  ойынға,  биге,  хормен  айтатын  әнге  тікелей  «қойылым» 
уақытында  қосылып  кете  береді:  үстел  басындағы  зияткерлік  ойындар, 
ойынханадағы  ермек,  шеңберге  тұрып,  залда,  дискотекада  ойнайтын  қимыл 
ойындары  мен  байқаулар.  Ондай  ойындар  жарты  сағаттан  бастап  одан  астам 
уақытты алады – бұл оның қатысушыларының жасына байланысты. 
Ондай  бағдарламаның  сипаттауы  ретінде  сценарий  жоспары  шығып,  ол 
ойындардың және зияткерлік шығармашылық ойындарының белгілі бір кезегін 
қарастырады. 
Конкурстық-сауықтыру  бағдарламалары  білімдердің  немесе  қоғамдық-
пайдалы  қызметтің  қандай  да  бір  аясында  көшбасшылық  танытқан 
қатысушыларды  немесе  тұтас  топтарды  айқындауға  мүмкіндік  беретін  түрлі 
байқаулардан  құрылады.  Бір  жағынан  конкурстық-сауықтыру  бағдарламалары 
оның  ұйымдастырушыларын  ерекше  байқауларды  құруды,  ал  оның 
қатысушыларынан 
жалпы 
білімдарлықты, 
көркемдік-орындаушылық 
қабілеттерді,  физикалық  ептілікті,  зеректілікті  және  өнертапқыштықты  талап 
етеді,  Екінші  жағынан,  оның  жүргізушісі  көрермендермен  қарым-қатынасты 
орнатудың тиімді нұсқаларын құруы тиіс. 
Конкурстық-сауықтыру  бағдарламаларының  бір  түрі  ретінде  берілген 
тақырып бойынша конкурстық-ойын бағдарламасы шығады. 
Оның бірінші түрі, әдеттегідей, қатысушылардың алдын ала дайындығын 
қажетсінеді.  Оның  нұсқалары  ретінде  сайыстарды,  КТК  (көңілді,  тапқырлар 
клубы),  түрлі  зияткерлік  ойындарды,  шығармашылық  кездесулерді,  бейінді 
балалар  бірлестіктерінің  (аспапшылар,  қолданбалы  өнер,  бишілер  және  т.б.) 
бірлесіп  өткізетін  акцияларды  атауға  болады.  Ондай  бағдарламалардың 
білімділік және тәрбиелік мәні дәл осы дайындықты, ойластыруды, балалардың 
бірлескен шығармашылығын көздейді. Бағдарламалардың ондай түріне балалар 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау