Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет21/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68

46 
 
Оның бірінші кезеңі – алдын ала жұмыс. Тәрбиеші нақты ұжымнын жаңа  
кезеңге  жоспарланып  отырған  сыныптан  тыс  жұмыстағы  болашақ  БУҰТ  –ны 
өткізу орнын белгілейді, нақты тәрбиелік міндеттерін анықтайды, өз ойын іске 
асыру  амалдарын  іздестіреді,  мектеп  оқушыларын  жұмысқа  түрткілейтін, 
келешегімен  тартымды  болатын  әрекеттерін  белгілейді,  әр  қатысушының 
қызметін ынталандыру мүмкіндіктерін анықтайды. 
 
Екінші  кезең  –  ұжымдық  жоспарлау.  Мектеп  оқушылары  қойылған 
сұрақтардың  жауабын  шағын  ұжымдарда  (топтарда)  іздейді:  нақты  нені  істеу 
керек?  Кіммен  бірге?  Қашан?  Кім  үшін?  және  т.б.  Бұл  жағдайда  ересектер  – 
балалармен  қарым-қатынастың  тең  құқылы  қатысушылары.  Ұжымдық 
жоспарлау  жинақ-старт  түрінде  өтеді.  Оны  ұсынылған  жауап  нұсқаларын 
жинақтап  отыратын  жүргізуші  (тәрбиеші)  өткізеді,  нақтылайтын  сұрақтарды 
қойып.  Алға  тартқан  идеяларға  негіздеме  беруді  ұсынады,  «ой  толғанысын» 
ретке келтіру үшін қосымша міндеттерді белгілейді. Жинақ нақты істі және істі 
ұйымдастыру бойынша кеңесті таңдаумен аяқталады. 
Үшінші кезең – істі ұжымдап дайындау. Басшы орган (жұмыстың кеңесі) 
БУҰТ  дайындалуын  және  өткізілуін  нақтылайды,  содан  кейін  орындалуын 
әрбір  қатысушының  бастамасына  түрткі  беріп  және  ынталандырып, 
ұйымдастырады. Дайындық топтармен жүруі мүмкін. Бұл кезеңде  балалардың 
жұмысты  өз  бетінше,  жаттығып  орындауға  икемсіздігі  білінеді.  Сондықтан  
тәрбиеші-педагогтың  рөлі,  оның  балалар  ұжымына  ықпал  ету,  оқушылармен 
өзара әрекеттесу және эмоционалдық байланыстары сипатының мәні зор. Ашық 
қысым  жасамай,    педагог  мектеп  оқушыларын  жалпы  ойды  іске  асыруға 
мақсатты,  шығармашыл  және  өз  бетінше  қатысуға  достық  сезімін  білдіре 
отырып  түрткілейді.  Бұл  жұмысты  орындау  нұсқаларын  таңдауға  көмектесу, 
қажетті материалды іздеу көзін пайдалану бойынша кеңес, нақты оқушыларға 
жауапты  тапсырма  беру  арқылы  ерекше  сенім  таныту,  «тәрбиесі  қиын» 
оқушылармен достық қарым-қатынасты орнату және олармен белгілі бір істерді 
орындау бойынша келісімдерді құру түрінде жүруі мүмкін. 
Төртінші  кезең    -  БУҰТ  өткізу.  Жұмыстың  кеңесімен  құрылған  нақты 
жоспар  орындалады.  Мектеп  оқушылары  түрлі  формаларда  жұмысты 
жоспарлау  және  дайындау  барысында  жинақталған  тәжірибесін  көрсетеді. 
Тәрбиеші  мүмкіндігінше  барлық  қатысушыларға  білдіртпей,  олардың  көңіл-
күйін  бағыттап,  қателерін  түзетіп,  істің  ойдағыдай  аяқталмағанында, 
сәтсіздіктің салдарын жуып-шаяды. 
 
Бесінші  кезең  –  БУҰТ  қорытындыларын  ұжыммен  шығару.  Мысалы, 
БУҰТ  ұйымдастырудың  және  өткізудің  оң  және  теріс  жақтары  талқыланау 
үшін қатысушылар ұжымын жалпы жинау. Әрбір қатысушы өз пікірімен бөлісе 
алады. Бұл шара сауалнама, сауалнаманы қабырғалық газет арқылы толтыруға 
шығармашылық есеп және т.б. түрінде өткізіле алады. Бұл кезеңдегі бастысы – 
әркімнің  өз  қызметін  талдауға,  келешекке  сабақ  алуға  үйрету.  Осылайша 
мектеп  оқушылары  қоғамдық  пікірді  шығаруға  қосылып,  ұжымда  мейірімді 
дәстүрлердің жинақталуына үлес қосады. 


47 
 
Алтыншы кезең – БУҰТ жуық салдары. Тәрбиеші БУҰТ қорытындыларын 
шығару  кезінде  айтылғанның  барлығын  белгілеп,  есепке  алып  отырады. 
Белсенділермен  әрекеттер  кезегінің  бағдарламасын  жаңа  ұсыныстарды,  жаңа 
ұжымдық істерді басшылыққа алып, белгілейді. 
Қазіргі  жағдайда  осындай  тәрбиелік  әдістеменің  мәні  мен  оның  іс 
жүзінде орындалуын төменде көрсетілген ережелер анықтайды: 
-
әркімнің  ұжымдық  шығармашылық  қызметтегі  даралығын  дамыту  және 
жеке тұлғаның өз орнын табуы бойынша мақсаттардың басым болуы; 

жеке  қызығушылықтары  мен  қажеттіліктерін  басшылыққа  алып, 
ұжымдағы құндылықтардың, идеалдардың, үлгілердің түзілуі; 

қызмет қатысушыларының өз бетінше шешуіне жататын шығармашылық 
мәселелерді, міндеттерді анықтау; 

балалардың  түрлі  топтардағы,  бірлестіктердегі  шығармашылық 
қызметіне қосылуы үшін жағдай жасау; 

ісінен  жеке  тұлғаға  емес,  жеке  тұлғадан  іске  қарай  пікір  алу;  жұмысты 
жоспарлауда  ұсыныстар  мен  идеяларды  іріктеу  емес,  әркімге  оның 
қызығушылықтары мен қалауларына сәйкес келетінін таңдау мүмкіндігін беру; 

қызмет қатысушыларының өзінің рөлін, жүріс-тұрыс сипатын өз бетінше 
анықтауы үшін жағдай жасау; 

нәтижелерді бағалауға ұжымдық қызметті әркімнің жеке тұлғасының өзін 
танытуы  мен  дамуы,  оның  қызмет  қатысушыларымен  қарым-қатынасының 
қалыптасуы көзқарасынан талдау. 
БУҰТ  тәрбиелік  мақсаттарын  іске  асыру  педагогтан  мынадай 
шарттарды ұстануын талап етеді: 1) БУҰТ дайындау және өткізу кезіндегі 
кезеңдердің  ретін  бұзуға,  педагогқа  аға  жолдас  ретінде  берілген  рөлін 
бұрмалауға  болмайды;  2)  БУҰТ  дайындау  және  өткізу  ересектер  мен 
балалардың алдыңғы жұмыстар бойынша жинақтаған тәжірибесіне негізделуін 
талап етеді; 3) педагогқа оқушылардың оқу-тәрбиелік үдерісте алған білімдері 
мен тәжірибесін ескеру қажет.  
Тәрбиенің  кешенді  құралдары  ретінде  шығатын  БУҰТ  негізінде  ұстаздар 
тығыз  байланыста  және  ынтымақтастықта  жеке  тұлғаның  барлық  тараптарын 
дамыту  міндеттерін  шешеді:  танымдық-дүниетанушылық  (ғылыми  білімдер, 
көзқарастар,  ұстанымдар,  идеалдар);  эмоционалдық  ерік-жігер  (қоғам  үшін 
маңызды қажеттіліктер, қызығушылықтар, ұмтылыстар мен сезімдер); әрекетті-
тәжірибелік (қоғам үшін қажетті және құнды біліктер, дағдылар, әдеттер, мінез 
қасиеттері),  яғни  жеке  тұлғаның  тығыз  бірлігінде  идеологиялық,  рухани, 
құқықтық,  еңбек,  физикалық,  эстетикалық  және  т.б.  тәрбиесі.  БУҰТ  мынадай 
мүмкіндіктер беретінін есте сақтау қажет: 
 

оқушыларға қоршаған шынайылықтағы түрлі объектілерге, құбылыстарға 
(қоғамға,  еңбекке,  табиғатқа,  материалдық  дүниенің  заттарына,  адамға  және 
т.б.)  өзінің  көзқарасын  білдіріп,  оның  көп  рет  қайталанған  көрініс  арқылы 
тұрақты  құндылықты  қарым-қатынастардың  жүйесін,  өзінің  бейнесін, 
әлеуметке маңызды мотивтер қажеттіліктерін қалыптастыруда танытуға; 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау