55
жетімділігінің түрлі еселіктерін және т.б. қолдануға дейін (мысалы, 10- балдық
шкаласымен);
Мақсаттардың әрбіреуі үшін көрсеткіштердің тобы таңдалады – бірақ
үшеуінен артық емес (көрсеткіштердің үлкен саны қолданылғанында, оларды
негізгі және қосымшаларға ажырату қажет), жетістікті өлшеу және бақылау
үшін (М). Осы аралық нәтижелердің өлшем критерийлерінің мейлінше ыңғайлы
болғаны дұрыс;
Таңдалған мақсаттар үшін оларға қол жеткізудің дер мерзімдері
көрсетіледі, содан кейін мақсатқа жетудің аралық кезеңдері бөліп көрсетілетін
жоспар жазылады (Т).
Мақсаттың формулировкасының құрамына мыналар кірмеуі керек:
-
арнайы терминдер, олар нақты мақсатты іске асырумен байланысты
қызмет аясындағы кәсіби білімі жоқ тұлғаларды оны түсінуін қиындатады;
-
еркін және бір мәнді емес ұғынуына жол беретін терминдерді,
түсініктерді және сөз тіркестерін;
-
ең стратегиялық мақсатқа жетудің салдары ретінде шығатын басқа
мақсаттарға, міндеттерге, әсерлерге және нәтижелерге сілтемелерді;
-
мақсатқа жетудің жолдарының, құралдарының және әдістерінің
сипаттамасын.
Дұрыс белгіленген мақсаттардың жүйесі балалар мен жастар үшін өзекті
қажеттіліктерді көрсетіп, оларға жетудің құралдарына тәуелді болмауы тиіс.
Мақсаттарды түзуге деген осындай көзқарас оларға қол жеткізудің мүмкін
амалдары және құралдарын таңдаудағы еркіндіктің жоғары дәрежесін көздейді
(яғни әрбір мақсатқа жету амалының көп санын болжамдайды).
Балалар ұйымының жұмысында нені бөліп көрсету керек? Мысалы:
-
танымдық және шығармашылық белсенділіктің белгіленуін;
-
балалар ұжымындағы өзін –өзі басқару жүйесінің даму деңгейін;
-
балалардың өз ұжымына қанағаттануы, ұжымның даму деңгейі;
-
баланың жеке тұлғасының рухани жете қалыптасуы;
-
баланың жеке тұлғасының азамттық қасиеттерінің жете қалыптасуы;
-
балалардың әрекетке ынтасының деңгейі мен мазмұны және т.б.
Бағдарламаның мазмұны.
Бұл тараулардың көмегімен алдағы қызметтің мақсаттары мен міндеттерін
іске асыру болжамдалып отырған жұмыстың негізгі нұсқалары мен әдістерін
сипаттамасын құрайды. Әдетте, міндеттерді басшылыққа алып, мазмұны
бірнеше бөліктерге – өз бетінше дербес тараулар түріндегі блоктарға,
модульдерге, бағыттарға, қосымша бағдарламаларға бөлінеді.
Бағдарламаның нақты тарауында балалар ұйымы алға шығарылған
мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін «Не?», «Қайда?», «Қашан?», «Қалай?»
жасайтыны туралы сұрақтарға анық жауап берілуі тиіс. Бағдарламалардың бұл
кезеңінде педагог белгіленген мақсаттарды және міндеттерді түрлендіріп,
тәрбиелік жұмыстың сәйкес нұсқаларына аударуы тиіс. Таңдалған нұсқаулар
белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сай келуі керек.
56
Балалар ұйымы (бірлестігі) қызметіндегі бағдарламаның мазмұны әдетте
танымдық, шығармашылық-сауықтыру, спорттық, экономикалық –құқықтық,
рухани –адамгершілік және басқалары секілді бағыттары бойынша, сирек
жағдайда – балаларды ұйымдастырудың түріне қарай (жеке, топтық, көпшілік)
құрылымдарымен құрылады.
Бағдарламаның бұл бөлігінде жоспарланған іс –шаралар, істер, сонымен
қатар олардың өткізілу жиілігі мен кезегі көрсетіледі.
Бағдарлама тым толық талдауды талап етпейді, өйткені бұл ақпарат тек
тәлімгердің (балалар қозғалысының ұйымдастырушысының) жоспарында ғана
көрсетіледі, ол нақты және толық сипатта жүреді.
Қызметті ұйымдастырудың құрылымы.
Бұл тарау өз бетінше ұйымдастырушылық модель түрінде беріледі, онда
ұйымның бағдарламаны іске асыру барысындағы қызметті ұйымдастыру
құрылымына сипаттама беріледі: оны басқару, бағыну жүйесі, ішкі және
сыртқы үстемділік иерархиясы (жасақтар, топтар, командалар).
Жеке тарау өзін-өзі басқрауды ұйымдастыруға арналуы мүмкін.
Жүзеге асыру механизмы (даму қисыны, бағдарламаны іске асыру
тәртібі) анағұрлым күрделі тараулардың бірі болып табылады. Ол түпкі ойды,
бағдарлама идеясын іске асыру бойынша әрекеттер жоспарының сипаттамасы
түрінде болады (нені істеу керек, қандай тәртіпте, қандай мерзімдерде және
қандай күштердің көмегімен). Бағдарламаны іске асырудың ішкі және сыртқы
механизмдерін ажыратады.
Іске асырудың ішкі механизмы балалар ұйымының (бірлестігінің) меншікті
күштерінің және ішкі резервтерінің қолданысын, ал сыртқы механизм –
қандай да бір күштердің сырттан қатысуын көздейді.
Осы тараудың басты тағайындалуы – қағазда көрсетілгеннің барлығын
балалар ұйымының шынайы әрекетінде қалай жүзеге асыруға болатынын
ойластыруда.
Іске асыру жоспары – бұл талдама үшін анағұрлым күрделі тараулардың
бірі. Ол бағдарламаның түпкі ойын, идеясын өмірге келтіру бойынша
әрекеттердің жүйесін сипаттау түрінде болады (не істеу керек, кіммен кездесу
керек). Ондай тараудың басты тағайындалуы қағазға түсірілгенді балалардың
және жасөспірімдердің шынайы әрекетіне айналдыруды ойластыруда; қалаулы
нәтижелерге жету үшін, қандай әрекеттерді, кім, қандай мерзімдерде, қандай
ресурстарды пайдаланумен орындауы тиіс. Бағдарламаны іске асыру
жоспарын (механизмын) әзірлеу жұмысы келесі кезеңдерден құрылған:
Қамтамасыздығы бағдарламаның нақты міндетін шешуге мүмкіндік
беретін шарттарды анықтау:
-
ұйымдастырушылық шарттар — бұл бірлестіктің жаңа органдарын,
құрылымын құру (кеңес, уақытша шығармашылық топ, клуб және т.б.);
-
ғылыми-әдістемелік шарттар — бұл қажетті білімдерді және ептіліктерді
меңгеру, бір нәрседен қажетті біліктілікті алу (біліктілікті арттыру курстарына
қатысу, нақты кеңесші-мамандарды шақырту және т.б.);
Достарыңызбен бөлісу: |