Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет15/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68

33 
 
«
Шетел  сөздерінің  қазіргі  заман  сөздігінде»  инновация  сөзіне  «жаңалық 
енгізу  –  жаңа  практикалық  құралды,  әдісті  немесе  тұжырымдаманы  адами 
қажеттіліктерді  қанағаттандыру  үшін  түзудің,  таратудың,  ендірудің  және 
пайдаланудың кешенді үдерісі» - деген түсінік беріледі [26]. 
Қызмет  әдісі    дегеніміз  –  бұл  белгіленген  мақсатқа  қол  жеткізуге 
жетелейтін  оны  жүзеге  асырудың  амалы.  Таңдалған  сенімді  әдісті  таңдай 
отырып, біз қажетті нәтижемізге сенімді де, қысқа жолмен жетеміз. 
Қазіргі  уақытта  педагогикалық  сөздердің  қолданымды  сөздігінде 
«педагогикалық  технология»  деген  түсінік  берік  орын  алды.  Оны  әртүрлі 
түсіндіреді, бірақ барлығы да технология құрамдасы ретінде әдіс қызмет ететіні 
анық. 
Педагогикалық  технология  –  оқыту  әдістерінің,  нұсқаларының, 
амалдарының,  тәрбиелік  құралдардың  арнайы  жинағы  мен  құрылысын 
анықтайтын  педагогикалық-психологиялық  ұстанымдардың  жиынтығы;  ол 
педагогикалық үдерістің ұйымдастырушылық-әдістемелік құралдар жиынтығы 
болып табылады (Б.Т. Лихачев). 
Педагогикалық технология — бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық 
және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын 
оңайландыру  міндеттерін  ескере  отырып  меңгеруді  жүзеге  асырудың  жүйелі 
әдісі (ЮНЕСКО). 
Адамзат  әрекет  әдістерінің  алуан  түрін  жинақтаған.  Бірақ  міндеттердің 
үздіксіз  қиындап отырғаны,  жаңа  мүмкіндіктердің пайда болуы  оларды  шешу 
әдістерінің ұдайы жаңартылуын талап етеді. 
Қазіргі күні технологиялардың және ондағы әдістердің өзектілігі артып 
отыр

эмоционалдық-құндылықты ынталандыру, (авторы - М.Г. Яновская) [27]; 

балалар  қоғамдық  бірлестігінің  тәрбиелік  қызметіндегі  ресурстық 
көзқарастарды жүзеге асырудың технологиясы; 
-
әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу;  

әлеуметтік жобалау;  

ресурс түзу;  

озық басқару (модельдеу, бағдарламалау); 

әлеуметтік серіктестік; 

«қамқорлық қоғамы» (ұжымдық шығармашылық ызмет); 

жеке өсім; 

әлеуметтік сынақ; 

бірізділікті ұйымдастыру;  

келіссөздердің алаңы және т.б. [28]; 

бос уақытты ұйымдастырудың мәдени бағдарламалары. 
Балалар  ұйымының  жағдайында  балаға  деген  тәрбиелік  ықпал  етуді 
күшейту мақсатымен педагог заманауи рухани-адамгершілік және патриоттық 
тәрбие 
технологияларының 
бірі 
– 
эмоционалдық 
ынталандыру 
технологиясының амалдарына, нұсқалары мен әдістеріне жүгіну керек. 


34 
 
Отбасындағы,  құрдастары  арасындағы,  қоғамдағы  саналы  эмоционалдық 
реакциялар,  елеулі  өмірлік  құбылыстарға  эмоционалдық  қайырымдылық 
бүгінгі  таңда  ерекше  маңызды.  Адамның,  ең  алдымен  мектеп  оқушысының 
эмоционалдық  дамуы,  оның  ілгері  басуының  «заңы»  ретінде  шығып,  жеке 
талғамдарының  дұрыс  таңдалуында  анықтаушы  күш  болады.  Сондықтан 
бүгінгі  мұғалімдерге  мектеп  оқушысының  қандай  екенін,  оның  қоршаған 
ортаны,  қоршаған  адамдарды  қалай  қабылдайтынын,  оның  қоғамдағы  жүріс-
тұрыс нормаларының қандай екенін, оның әрекеттерінің мәні мен мағынасын, 
оның  қызығушылықтарын,  қажеттіліктері  мен  қалауларын  түсінуде 
көмектесетін эмоционалдық аясы бойынша білімдер аса қажет.  
Бірақ адам өз өмірінде эмоцияларын жасыруға мәжбүр, өйткені қоғамдық 
жүріс-тұрыс  нормаларының  бұзылуына  соқтыруы  мүмкін.  Жалпылай 
қабылданған  пікірдің  өз  эмоцияларын  білдіруде  едәуір  сабырлық  танытқан 
дәрежесіне қарай адамның тәрбиелілігі туралы айтуға болатынын қолдайтыны 
да  кездейсоқтық  емес.  Жеке  тұлғаның  әлеуметтік  мәнді  қасиеттерінің 
қалыптасу  үдерісі  эмоционалдық  құрамдасы  болмаса  мүмкін  еместігіне 
қарамастан, басым жағдайда осы себеппен мектеп тәжірибесінде педагогикалық 
қуат-күштің үлкен бір бөлігі баланың эмоционалдық-шығармашылық әлеуетін 
ашуға емес, оларды тежеп басуға бағытталатыны осы себепке байланысты [29].  
Эмоционалдық  белсендендіру  технологияларын  тұжырымдау  идеясы 
төмендегі айқындамаларда көрініс табады [30]: 

кез-келген педагогикалық  технология  оқушының жеке  тұлғасының ішкі 
құрылымына, ең алдымен оның мотивациялық-қажеттілік аясына бағдарлануы 
тиіс; 

білім  беру  технологиясы  зияткерлік  және  эмоционалдық-еріктілік 
шиеленістерін,  яғни  оқушының  танымдық  және  рухани-адамгершілік 
мәдениетінің дамуы мүмкін болмайтын механизмдерін  белсендендіре  отырып, 
тұтасымен жеке тұлғаға әсер етеді; 

педагогикалық  технологияның  негізгі  функционалдық  бағдарлануы  – 
жеке тұлғаның: оның өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі ынталандыру, өзін түзету, 
өзін белсендендіру, өзін таныту, өз орнын табу секілді қасиеттерін жетілдіруде; 

«технология»  түсінігі  өз  құрылымы  бойынша  «қатты»  емес,  «жұмсақ 
реттелген  құрылым,  ол  педагогтің  және  оқушының  мүдделі  дамыту  қарым-
қатынасы жағдайындағы шығармашылығына негізделген; 
Эмоционалдық  ынталандыру  әдістері  —    бұл  рухани  сезімдердің 
оянуымен  байланысты  толғаныстар,  бұл  ұжымды,  жеке  тұлғаны  белсенді 
шығармашылық әрекеттерге (өзіндік әрекеттерге) ынталандыру, бұл тәрбиелік 
үдеріспен  байланысты  эмоционалдық  күйлер,  ол  әрекетті-шығармашыл  және 
жеке тұлғалық-мәнді, сол себептен – тәрбиелік болып шығады. 
Эмоционалдық  ынталандыру  нұсқалары  арасында  салыстырмалы  түрде 
дербес,  бірақ  өзара  байланысқан  эмоционалдық  ынталар  ретінде  шығатын 
келесілерді атап көрсетуге болады: ойын; жарыс; проблемалық-ізденіс әрекеті; 
эмоционалдық-бейнелі  әрекет;  қоғамдық-бағалаушы  әрекет;  шығармашылық 
әрекет. 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау