Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет13/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68

27 
 
жағдайда педагогтер мен балалардың жоспарлау үдерісіндегі үшінші деңгейіне 
бет алған дұрыс. 
Ересектер  мен  мектеп  оқушыларының  өзара  әрекеттесуінің  мазмұны, 
нұсқасы,  әдістері,  сипаты  жоспарлау  түріне  тәуелді.  Балалардың  көптеп  және 
белсенді  қатысу  мүмкіншілігі,  педагогтердің  рөлі,  педагогтер  мен 
оқушылардың  әрекеттесу  деңгейі  мектеп  немесе  біріншілік  ұжымындағы 
перспективтік  (негізінде  өзара  әрекеттесудің  1-деңгейі)  және  ағымды  (барлық 
деңгейлер  мүмкін)  жоспарлауда,  қандай  да  бір  бағыттағы  жұмысты  немесе 
нақты істі жоспарлауда ерекшеленеді. 
Жалпы  мектеп  ұжымы  туралы  айтқанда,  ересектер  мен  балалардың 
жоспарлау  барысындағы  әрекеттесуінің  деңгейі  мен  сипатына  мектептегі 
сыныптардың  саны  мен  олардың  толымдылығы  да  әсерін  тигізеді.  Осылайша 
өзара  әрекеттесудің  дамуы  оқушылар  саны  аз  мектеп  жағдайында  іске 
асырылады. Бұл жерде, тәжірибе көрсетіп отырғанындай, барлық ересектер мен 
ересек  жастағылардың  және  кіші  жастағы  балалардың  мектептің,  жалпы 
мектептік  нақты  істерді  перспективтік  және  ағымды  жоспарлауындағы 
әріптестігін қамтамасыз ету жеңіл түседі. 
Жоспарлауда  туындайтын  жағдайлардың,  ересектер  мен  балалар 
әрекеттесуінің сипатына ықпал ететін жағдайлардың, шарттардың көптүрлілігі 
педагогтерден  жоғары  дәрежедегі  шеберлікті,  сонымен  қатар  педагогтер  мен 
мектеп  оқушыларының  жоспарлау  үдерісіндегі  әрекеттесуін  ұйымдастыру 
әдістемесімен таныс болып, оны меңгеруін қажетсінеді. 
Тиімді жоспарлаудың, педагогтер мен балалардың табысты әрекеттесуінің 
қорытындысын,  көрсеткішін  келесідей  көрсетуге  болады:  мектеп  оқушылары 
жоспарға  өз  қалауын  қосқан,  бірақ  олар  педагогтердің  тиімді  санағанынан 
қалап отыр. 
Жиі жағдайда педагогтер жоспарлау барысында балалар ешнәрсені ұсына 
бермейтініне  шағымданады.  Осы  жағдайда  педагог  қандай  шара  қарастыруы 
тиіс?  Біреулері  балалар  бастамасын  басатындай  өз  пікірін  зорлап  міндеттеп, 
идеяларын  алға  тартып,  өзінің  ақыл-кеңесін  береді  де,  онысымен  балалар 
бойында  тұтынушылық  көзқарастың  қалыптасуына  әсер  етеді.  Немесе  басқа 
жағдай:  балалар  қарапайым,  оны  іске  асыруда  олардың  бойында  белсенділік 
тудырмайтын  мезі  болған  идеяларды  ұсынады.  Екі  жағдайда  да  жол  біреу  – 
балалардың  тәжірибесін  жаңа  идеялармен  байытудың  және  педагогикалық 
ойды балалар санасынан өткізудің амалдарын іздестіру. 
Педагогтерге  жоспарлау  барысында  өз  ойларын,  идеяларын  өткізудің 
мынадай амалдарын ұсынуға болады [22]: 
а)  оқушылар  ұжымында  беделді  көшбасшылармен  алдын  ала  түсіндіру 
және дайындық жұмысын жүргізіп, мүмкін идеялар мен ойлар талқыланады; 
ә)  жоспарлаудың  қатысушылары  алдында  ұжым  үшін  идеяның,  жұмыс 
нұсқасының қатысушысы немесе оны көзімен көрген оқушының немесе ересек 
адамның сөз алуы; 
 
б) қажетті және педагогикалық көзқарастан тиімді идея апробациядан өтіп 
жатқан, жүзеге асырылып жатқан жерге баруды, кездесуді ұйымдастыру; 


28 
 
в) балаларды, олардың ата-аналарын ұжым үшін қажетті шешімге, қажетті 
ойға шығаратын проблемалық ситуацияны тудыру; 
г)  педагогпен  бірнеше  ұсынылған  және  негізделгеннің  ішінен  нұсқаны, 
идеяны, нысанды, құралды таңдау; 
ғ) педагогті «теңі ретінде» шығармашылық ізденіс топтарының жұмысына 
енгізу (қосу);  
д)  жоспарға  арналған  таңдаулы  ұсыныстардың  байқауы,  педагог  өз 
идеясын  ізденістің  қатардағы  қатысушысы  ретінде  қоса  алатын  «идеялар 
банкін» құру; 
е) балалармен, олардың ата-аналарымен айтылған идеялардың педагогпен 
жинақталуы  және  кіріктірілуі,  ол  кезде  педагог  жинақталған  нұсқасына  өз 
идеясын да орындауға міндеттеусіз қосады; 
ж)  жоспарды  талқылау  барысында  түрткі  болатын  проблемалық 
мәселелерді көтеру; 
з) қандай да бір істі ұйымдастыру бойынша «еріктілер актісін» өткізу, одан 
кейін еріктілер ұжымда идеяны таратушы болады; 
и) қажетті идеяға, ойға түрткі болатын әдебиетті оқу және талқылау; 
к) істі талқылау, оның барысында, сәйкес жерлеріне көңіл бөлгенде және 
арнап  қойылған  сұрақтарда  оқушылар  мен  ата-аналар  қажетті  идеяға  өздері 
шығады. 
Балалар  арқылы  өзінің  педагогикалық  ойын,  балалар  оны  өздерінен 
шыққандай етіп, өздерінің ойы деп көретіндей дәрежеге жеткізу икемдері – бұл 
жоғары  кәсіби  шеберліктің  көрсеткіші.  Тек  осы  жағдайда  ғана  балалардың 
белгіленген  жоспарларды  жүзеге  асырудағы  жоғары  белсенділігі  мен 
субъективтілігіне арқа сүйеуге болады. 
Мысал  ретінде,  мектеп  базасында  қызмет  көрсетіп  отырған  балалардың 
қоғамдық ұйымын жоспарлаумен танысып көрелік [23]. 
 
 
Балалар қоғамдық ұйымы жұмысының  
________ жылға арналған жоспары /үлгі/ 
 
1. Балалар қоғамдық ұйымының сипаттамасы: 

БҚҰ-ның статистикалық деректері,  
-
мүшелерінің саны, 

олардың жасы,  

ұйымның құрылымы,  

өзін-өзі басқару органдары,  

балалар ұжымының ерекшеліктері. 
2. 
Балалар қоғамдық ұйымының өткен оқу жылындағы жұмысын талдау: 

жоспарды орындау бойынша жұмыстың мазмұнын сипаттау,  

балалар ұйымының даму сапасын анықтау,  

балалардың жеке табыстары мен жетістіктерін баяндау,  

жұмыстағы проблемаларды, кемшіліктерді анықтау. 


29 
 
3. Мақсаттар мен міндеттер. 
4. Жұмыстар (іс-шаралар).  

жұмыстың, істің іс-шараның барлық аталған бағыттарын хронологиялық 
ретімен, ұйымның жұмыс жасайтын бағдарламаларын ескерумен атап шығу; 

ұйымда  немесе  бірлестікте  жұмыс  жасайтын  барлық  клубтардың, 
штабтардың, кеңестердің, бірлестірердің жұмыс жоспарларын қосып тіркеу. 
Жоспардың  оң  жағын  нақты  тапсырмалармен,  күндерімен,  орындау  үшін 
жауаптылардың фамилияларымен және т.б. толтыруды ұсынамыз. 
 
№   Істер, 
жобалар, 
бастамалар 
Бастамашыл 
топ 
Істердің 
кеңесі  
Бірлестік 
кеңесі 
Бірлестіктің 
аға достары 
Өткізілетін 
уақыт  пен 
орын 
Жауаптылар  
(
бала, 
ересек) 
Орындалғандығы 
туралы белгі 
 
 
Жұмыс жоспарын балалар ересектермен бірлесе құрады: аға тәлімгермен, 
жұмыс берушілермен, сынып жетекшілерімен, ұйымның достарымен және т.б. 
Жұмысқа  арналған  таңдаулы  ұсыныстардың  байқауын,  сауалнаманы, 
сұрастыруды  өткізуге;  «идеялардың  банкін»,  «ой  шабуылын»  ұйымдастыруға 
жағдай жасалған. 
Қандай  да  бір  жоғары  тұрған  органмен,  немесе  ұйымның  кеңесімен 
(Жарғы  негізінде)  қабылданатын  перспективтік  жоспардың  негізінде 
күнтізбелік, немесе ағымды жоспарлар бекітіледі. Олар мектептің базасындағы 
балалардың  қоғамдық  ұйымы  өз  қызметін  ненің  негізінде  түзетініне 
байланысты, оқу тоқсандарымен сай келуі де, сай келмеуі де мүмкін. 
Күнтізбелік  (ағымды)  жоспарда  ұйымның  немесе  кеңестің  жұмысы 
анағұрлым толық бейнеленеді. Жоспардың өзі келесідей көрініс таба алады: 
 
 
Істің мазмұны/жоспарлануы 
Өткізу мерзімі 
Жауаптылар  
 
 
Ай апталары 
 
 
 
 
1          



 
 
 
Күнтізбелік, ағымды жоспарлар ұйым қызметінің құрамдас бөлігі (немесе 
тарауы)  болып  табылады.  Онда  мыналар  қарастырылады:  балалар  ұйымына 
психологиялық-педагогикалық  қолдау  қалай  көрсетілетіні,  Кеңес  жұмысының 
ұйымдастырылуы,  қабылданған  шешімдердің  орындалуы,  әрекеттесудің 
барлық деңгейлерінде бақылау жүргізіледі. 
 
 
Істің жоспарлануы 
Өткізу мерзімі 
Жауаптылар  
 
 
 
Ай апталары 
 
 
 
 
 




 
 
Ұйымдастыру 
жұмыстары 
 
Кеңестің 
жұмысын 
ұйымдастыру 
 
 
 
 
 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау