23
9-
қадам – оқиғаларды уақыт кеңістігінде реттеу. Уақыттың қандай
кесіндісі жоспарланып отырғанына байланысты кезеңдер, күндері
айқындалады; істер мен оқиғалардың қисыны түзіледі.
10-
қадам – жоспарды ресімдеу (жазу). Тәжірибелі педагогтер мен
жетекшілер бірден қағазға шығарып жоспарлайды. Бірақ өз әрекеттерін қағазда
егжей–тегжейіне жетіп, дәл, нақты, қысқа баяндау тек ол байыптап
жасалғанында ғана мүмкін болады. Сондықтан нысанды оңай таңдап, оны
дереу толтыруға кіріспеген дұрыс [21].
Көрсетілген алгоритм: перспективтік жоспарлауда (бір жылға және одан
астам уақытқа), мерзімдік жоспарлауда (тоқсанға, жартыжылдыққа), қысқа
мерзімді жоспарлауда (бір айға және одан аз уақытқа), оперативтік, ағымды
жоспарлауда (бір күнді, нақты істі жоспарлауда) бірнеше рет қайталануы
мүмкін.
Осы мақсатпен талдаудың және жоспарлаудың жүйелілігін нақты
мерзімдері бойынша анықтап, осы қызмет түрлерін жоспарға енгізу қажет
(«жоспарлауды жоспарлау» дегендей).
Жоспарлауды жұмыс алгоритмі түрінде көрсетуге де болады: мазмұндық,
ұйымдастырушылық, құрылымдық; қадаммен белгіленген алгоритмді
жоспарлауды келесі кезеңдерге біріктіруге болады:
1) дайындық: мәнін және уақыт кескінін анықтау, мазмұнын құрылымдау;
2) сараптау: нәтижелер мен бар тәжірибені талдау, талдау нәтижелерін
жинақтау, диагностикалау;
3) модельдеу: мақсатты тұжырымдау, ұжымдық жоспарлау, мазмұны мен
құралдарын таңдау, нәтижелерді болжамдау, оқиғаларды реттеу;
4) қорытынды (ресімдеуші): жоспардың құрылымын таңдау және оны
ресімдеу.
Жалпы алгоритмнің нұсқаларын өзгертуге: азайтуға, кеңейтуге,
нақтылауға болады. Ол педагогтің тәжірибесіне, біліміне, деңгейіне, жоспарлау
үдерісінің өтіп отырған жағдайларына байланысты (мысалы, жоспарлардың
нысанына, оның мазмұнына қойылатын қатаң әкімшілік талаптары бар болса
және т.б.).
Балалар мен жасөспірімдер жұмысының жоспары оның құрылымына
енетін басқа да тұрақты қызмет ететін органдардың («Бос уақыт» Орталығы,
Баспасөз-орталығы және т.б.) жоспарларын ескереді.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспары мектептің тәрбие
жұмысының жоспарымен немесе ұйымның байланысы бар басқа да
органдарымен келісілуі тиіс.
Қаралған және бекітілген жоспар орындау үшін міндетті құжаттардың
қатарына қосылып, ұйымның барлық мүшелерінің назарына жеткізіледі.
Жоспардың әзірленуі балалар мен жасөспірімдерге – ұйым мүшелеріне
келесідей:
-
олар үшін құндылық болып табылатын өз құқықтарын іске асыру;
24
-
бастаманы, қызығушылығын білдіруге және өзінің жұмыстарды
ұйымдастырушы ретінде шығу (тек бір затты ойластырып алу қажет -бастама
мектеп, ауыл, қала, өздері үшін пайдалы да, мәнді болуы шарт);
-
бір-бірімен, ересектермен әрекеттесу жүйесінде белгілі бір әлеуметтік
рөлдерді, нормаларды, айқындамаларды меңгеру;
-
есеюге, өздігінен дамуына ұмтылысын іске асыру;
-
ұжымдық әрекеттесу үлгілерін меңгеру мүмкіндіктерін береді.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын жоспарлау ересектерге
не береді?
Жоспарлаудың беретін мүмкіншіліктері:
-
тәрбиеленуші тұлғасына ықпал етудің педагогикалық мақсатын,
стратегиялық және тактикалық мақсаттарын нақты түсіну;
-
нақты жағдайды, өз мүмкіншіліктерін және ұйымдастырылуы қажет
балалар ұжымын алдын ала зерделеу;
-
қызметтің мазмұнын, ұйымдастыру нысанын мақсатты тұжырымдаумен
іріктеу және жүйелеу;
-
өз қызметінің нәтижелерін балалар мен жасөспірімдер ұйымының және
оның әр мүшесі тұлғасының дамуында ілгері басу әрекеттерін жоспарлап,
түзетумен жобалау;
-
жалпы адамзаттық және педагогикалық тұрғысынан жеке тұлғасын
өздігінен жетілдіру преспективаларын көру. Осының барлығы келесіде қай
бағытта жүретінін білуге, мотивацияның өздігінен артуына жетелейді.
Онымен бірге, жоспарлауда қиыншылықтар кездесуі мүмкін, сондықтан
оларды жете білу қажет. Максимум-нұсқасы (барлығын орындау мүмкін
болады
деген
есеппен)
және
минимум-нұсқасы
(оқушылардың
мүмкіншіліктерінде, мерзімдерінде, ауа-райы жағдайларында және т.б. күмән
бар) болғаны жақсы. Минимум-нұсқасы ұйымдастырушылық жұмыстың негізгі
мақсатының шешілуін міндетті түрде қарастыруы керек.
Жоспар мен оның орындалуының табысқа жетуі неге байланысты?
Жоспарлау ісі кәсіпқойлықпен, қажетті дағдымен орындалуы, ал жоспардың
қағаз жүзінде қалмауы үшін не істеу керек?
Өз ісінде құзырлы болып, қателікке жол бермеген маңызды.
№ 1 қате. Жоспарда ұйым қызметінің ақырғы мақсаты ретіндегі түсінікті
стратегиялық мақсат жоқ; құжаттарда, қызмет бағдарламаларында көрініс
тапқан мақсаттар мен міндеттерге бағыныш жоқ. Яғни, жоспардың өзі
уақыттың белгілі кезеңіне балалар қоғамдық ұйымында қалыптасқан нақты
жағдайдан тыс қалған.
№ 2 қате. Егер қызметті ұйымдастырушы балалар мен жасөспірімдердің
қызығушылықтарын түсінбесе, жоспарды оларға қызықты болатындай етуге
шамасы жетпесе – ол жоспардың орындалуын мүмкін нақты және айқын
жұмыстармен іс жүзінде толтыра алмайды, бұл жоспардың іске асырылмай
қалатынын білдіреді. Балалардың пікіріне құлақ асып, тәрбиеленушілердің
қызығушылықтарын бақылап, байыппен қарау керек, сонда жоспар тиімді, әрі
нәтижелі шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |