Методические рекомендации по организации деятельности Республиканского Общественного Объединения «Единая детско-юношеская организация



жүктеу 1,64 Mb.
Pdf просмотр
бет10/68
Дата13.11.2018
өлшемі1,64 Mb.
#19047
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68

21 
 
бағалай  білу  керек,  алдымен  қоғамды  қандай  да  бір  оның  бөлігінен,  мысалы, 
мектептен, шағын ауданнан, ауылдан, қаладан және т.б. бастаған дұрыс. 
Міндет – бұл жеке мақсат немесе кіші мақсат. Бұл мақсатты нақтылаудың 
шарасы, оған  қол  жеткізудегі бір қадам.  Әрбір белгіленген  мақсат пен  міндет 
келесілер орындалатындай тұжырымды табуы тиіс: 

нақты  кезеңде  (немесе  белгілі  құралдың  көмегімен)  неге  қол  жеткізілуі 
қажеттігі анық болуы керек; 

оның шешімі үшін шынайы мүмкіндіктер мен шарттар болуы; 

оны  шын  мәнісінде  де  оның  белгіленген  мерзімінде  шешудің  (қол 
жеткізу) мүмкін болуы; 
 - 
іске асырушыларды оған қол жеткізу бағытындағы әрекеттерге тартудың 
(мотивациялау) болуымен сипатталады. 
Мақсат  (жарғылық  болсын,  нақты  әрекеттегі  болсын)  қысқа,  анық, 
түсінікті, оң шешімде белгіленуі керек [12]. 
Жоспарлау жоспардың, бағдарламаның әзірленуін көздейді. 
Балалар  бірлестігінің  ұйымдастырушылары  осы  үдерісте  көмекшілер 
ретінде  шығады.  Олардың  мақсаты  -  балаларды  бағыттау,  жоспарды  жазуға 
оқытып  -  үйрету,  оны  іске  асыруда  шынайы  қолдауды  көрсету.  Жеткен 
нәтижелердің  тиімділігі  мен  кезкелген  қызметтің  табысқа  жетуі  көбіне  осы 
қызметтің сауатты ұйымдастырылуына байланысты. 
Жоспардың тағайындалуы – балалар ұйымының өмірлік іс-әрекетін ретке 
келтіру,  үдеріске  қатысты  жоспарлылық  пен  жүйелілік,  меңгерушілік  пен 
нәтижелердің  бірізділігі  секілді  талаптардың  орындалуын  қамтамасыз  ету.  Ең 
жалпы деген түсінігінде – бұл қызметтегі мұзмұндық бағдарларды көрсететін, 
оның  ретін,  көлемін,  уақыт  шектерін  анықтайтын  құжат.  Ол  мынадай 
функцияларды орындайды

бағыттаушы, анықтаушы, яғни қызметтің нақты бағыттары мен түрлері; 

болжамдаушы, яғни ойды жанама түрінде көрсетеді, нәтижелерді нақты 
әрекеттер арқылы ұсынады; 

үйлестіруші,  ұйымдастырушылық,  яғни  бір  жағынан  қызметтің  қалай, 
қандай құралдармен және оның субъекті мен объекті кім болатынын көрсетеді; 
екінші  жағынан  қызметтің  тәртібін,  оның  өзге  түрлермен  өзара  байланысын 
көрсетеді, уақыты мен орнын анықтайды, кім, не, қашан және қалай жасайды 
деген сауалдарға жауап береді; 

бақылаушы:  біріншіден,  педагогтің  өзі,  балалар  жоспарды  пайдаланып, 
белгіленген  мақсаттардың  орындалуын  қадағалай  алады;  екіншіден,  жоспар 
бойынша оның шындыққа қаншалықты сәйкес екенін тексеру оңайға түседі; 

репродуктивтік  (жаңғыртушы),  яғни  уақыттың  кез-келген  аралығы 
өтісімен,  жоспар  бойынша  орындалған  жұмыстың  мазмұны  мен  көлемін 
қалпына келтіруге болады [20].  
Кезкелген  жоспарлаудың  жалпы  алгоритмін  келесі  амалдармен 
көрсетуге болады: 
1-
қадам – жоспарлау мәнін анықтау. Алдымен мына сауалдарға жауап беру 
қажет: нені жоспарлау керек (тұтас әрекетті, қандай да бір бағытты, нақты істі)? 


22 
 
2-
қадам  –  уақыт  кезеңін  анықтау:  уақыттың  қандай  кезеңін  жоспарлау 
қажет (жыл, тоқсан, айы және т.б.)? 
3-
қадам  –  жоспарлау  мәнін  құрылымдау.  Жоспарланатын  заттың  мүмкін 
құрамдас  бөліктерін  ажыратып  алу  қажет  (қызметтің  бағыттары  мен  түрлерін 
бөліп  көрсету,  мазмұндық  және  тақырыптық  блоктарды  ажырату),  яғни 
жоспарланатын заттың идеал бейнесін көрсету, ал одан кейін қажеттісін және 
шынайысын  іріктеп  алу  қажет.  Жылдық  жұмысты  жоспарлап  алу  үшін  тұтас 
қызметтің  неден  құрылатынын  ойластырып,  барлық  мүмкін  бағыттары  мен 
түрлерін  бөлу  керек:  әлеуметтік–пайдалы  қызмет,  жобалық,  волонтерлік, 
ұжымдық–шығармашылық  әрекет,  нәтижелер  мен  ұжымның  диагностикасы, 
өзге  ұжымдармен  әрекеттесу  және  т.б.  Құрылымдау  жоспарды  шындыққа 
негіздеп,  анағұрлым  тиімді  құралдары  мен  жұмыс  амалдарын  іріктеуге, 
ғаламдылық пен көмескі бейнесінен арылуға көмектеседі. 
4-
қадам  –  нәтижелерді  және  бар  жағдайды  талдау  (ұжымды,  қызметті, 
құрылымдық бөлімшені және т.б.). 
Құрылымдау келесі сауалдарға жауап беруге көмегін тигізеді: өз жұмысын 
жоспарлау  үшін  қандай  ақпарат,  қандай  білімдер  қажет?  Мысалы,  балалар 
ұйымындағы  тәрбие  үдерісін  жоспарлау  үшін  балалардың  жасын,  олардың 
деңгейін,  әлеуметтік  жағдайын,  қызығушылықтарын,  қабілеттерін,  жеке 
ерекшеліктерін білу керек. Ұстаздың қандай жағдайларда жұмыс жасайтынын, 
мекеменің және білім беру үдерісінің ерекшелігін білу керек; одан өзге, педагог 
өзінің жеке кәсіби деңгейін де дұрыс бағалауы тиіс. Нақты кезеңде өз қызметін 
жоспарлаушы талдаудың бағыттарын анықтап, оны іске асыруы керек. 
Іс  жүзінде  талдау  жоспарлаудың  бір  қадамы  болып  табылмайды,  бұл  да 
өзгелері  сияқты  арнайы  жоспарланып,  ұйымдастырылатын  педагогикалық 
қызметтің  дербес  түрі.  Талдау  тұтас  әрекетті  жоспарлау  үшін  негізді  құрап, 
жоспарлауды болжап қояды. 
5-
қадам – талдау нәтижелерін жинақтау. Бұл алдыңғы қадамның қисынды 
соңы,  оның  нәтижесінде  қызметтің,  оның  ерекшелігінің  бейнесі  қалыптасуы 
тиіс,  яғни  деректердің  базасы  анықталады  –  қызметті  модельдеудің  бастау 
алатын нүктесі болып табылады. 
6-
қадам  –  мақсатты  тұжырымдау.  Дәл  осы  мақсат  тұжырымдауында 
нәтижелердің  алғашқы  болжамы  орындалады:  не  үшін,  неге  қарай  жұмыс 
жүргізіледі, натижесінде неге қол жеткізген дұрыс. 
7-
қадам  –  ұжымдық  жоспарлау,  ол  идеяларды  бірлесе  іздеу  үдерісіне 
қосылуды,  жоспарланып  отырған  жұмысқа  қатыстының  барлығының 
ұсыныстарын көздейді. 
 8-
қадам  –  белгіленген  мақсаттарға,  міндеттердің  шешіміне,  нәтижелерді 
бақылау  мен  бағалау  амалдарына  қол  жеткізудің  құралдарын  таңдау.  Нақты 
кезеңде  белгіленген  міндеттерді  шешуге  мүмкіндік  беретін  мазмұнды, 
әдістерді,  технологияларды  іріктейді;  нәтижелерге  жетуде  көмегін 
тигізетіндермен әрекеттесу түрлері анықталады. Болжамдау ісі жалғаса береді, 
нәтижелер нақтыланады, дәлелденеді, оларды бақылау және бағалау амалдары 
іріктеледі. 


жүктеу 1,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау