Методические рекомендации по изучению учебного предмета «география» (7-9классы) в рамках обновления содержания образования


  Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  (7-9  сыныптарда)  «География»  пәні



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/82
Дата31.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18590
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82


 

Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  (7-9  сыныптарда)  «География»  пәні 
оқу бағдарламасының ерекшеліктері 
 
Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  негізгі  орта  білім  деңгейінде  
«География» пәні 7-9-сыныптарда оқытылады. 
География  туралы  бастапқы  ұғым  5-6-сыныптардағы  «Жаратылыстану» 
пәнін меңгеру барысында қалыптастырылады. 
Атап  айтқанда,  5-6-сыныптарға  арналған  «Жаратылыстану»  пәнінің  оқу 
бағдарламасында  «негізгі  орта  білім  деңгейінде  оқытылатын  «Биология», 
«География»,  «Химия»,  «Физика»  пәндерін  зерделеу,  негізін  қалауға 
бағытталған кіріктірілген курс болып табылады» деп көрсетілген [1].  
5-6-
сыныптардағы «Жаратылыстану» пәнін оқу бағдарламасының мақсаты 
оқушыларды жаратылыстану ғылымы тұрғысынан табиғат пен қоғамның өзара 
байланысы,  табиғаттағы  заңдылықтардың  біртұтастығы  туралы  білім,  ұғым, 
түсінік  қалыптастыру  және  білімдерін  күнделікті  өмірде  кездесетін  табиғат 
құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін 
дамытуға бағытталған.  
5-6-
сыныптарына арналған «Жаратылыстану» пәнінің білім мазмұны жеті 
тараудан тұратын болса, оның үш тарауының, яғни «Ғалам. Жер. Адам», «Тірі 
және өлі табиғаттағы үдерістер», «Экология және тұрақты даму» материалдары 
географияға қатысты:  
1. 
«Ғалам. Жер. Адам» бөлімінің бөлімшелері: 
1) 
макро- және микроәлем; 
2) 
жер туралы жалпы мағлұматтар; 
3) 
жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері; 
4) 
жердегі тіршілік; 
5) 
жер бетін бейнелеу тәсілдері, 
6) 
материктер мен мұхиттар; 
7) 
халық географиясы. 
2. 
«Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімінің бөлімшелері: 
1) 
өлі табиғаттағы үдерістер; 
2) 
тірі табиғаттағы үдерістер. 
3. 
«Экология және тұрақты даму» бөлімінің бөлімшелері: 
1) 
экожүйелер; 
2) 
тірі ағзалардың саналуандығы; 
3) 
табиғатты қорғау. 
Негізгі  орта  білім  деңгейінде  «География»  пәнінің  оқу  бағдарламасын 
әзірлеу  барысында,  яғни  пәннің  мақсаты  мен  міндетін  анықтауда,  білім 
мазмұнын  құрастыруда  5-6-сыныптардағы  «Жаратылыстану»  пәні  оқу 
бағдарламасында берілген оқу мазмұны ескерілген. 
7-9-
сыныптарда «География» пәнін оқытудың мақсаты:  

дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдайтын;  

географиялық ойлау қабілеті дамыған;  

географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын;  



 

географиялық мәдениеті бар;  

дүниенің географиялық бейнесін түсінетін;  

география  тұрғысынан  ойлау  қабілеті  бар  тұлға  тәрбиелеу  болып 
табылады [2]. 
«География» пәнін оқыту барысында тұлғаның географиялық мәдениетіне, 
географиялық  ойлауға,  дүниенің  географиялық  бейнесіне  аса  көңіл 
аударылады. 
Тұлғаның  географиялық  мәдениеті  дегеніміз  тұлғаның  бойындағы  Жер, 
қоршаған  орта,  табиғат  туралы,  оның алуан  түрлілігінің  себептері,  халқы  мен 
шаруашылық  әрекеті  туралы  білім  мен  «адам  –  табиғат  –  қоғам  –  мәдениет» 
жүйесіндегі өмірлік құндылықтарды меңгеруінің көрінісі. 
Дүниенің географиялық бейнесі – аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелердің 
қасиеттері мен заңдылықтары туралы көзқарастар жиынтығы. 
Географиялық  ойлау  деп  географиялық  нысандар,  үдерістер  мен 
құбылыстарды,  олардың  арасындағы  байланыстарды  тану  және  олардың 
маңызды қасиеттерін бейнелеуді айтады. 
«География» пәнінің міндеттері: 
– 
географияның  ғылыми  пән  ретіндегі  рөлі  мен  оның  қазіргі  заманғы 
адамзат  мәселелерін,  сондай-ақ  ғаламдық  мәселелерді  шешудегі  әлеуетін 
түсінуге мүмкіндік беру; 
– 
оқушылардың  бойында  табиғат  пен  қоғам  арасындағы  өзара 
байланыстарға,  осы  байланыстардың  кеңістіктік  ерекшеліктеріне  ғылыми 
көзқарастарды қалыптастыру; 
– 
қоғамдық  өндірістің,  табиғатты  қорғау  мен  табиғатты  тиімді 
пайдаланудың  ғылыми  жаратылыстану,  әлеуметтік-экономикалық  негіздерін 
ашу; 
– 
оқушылардың  географиялық  зерттеу  әдістері  мен  зерттеу  дағдыларын 
игеруіне ықпал жасау; 
– 
оқушылардың  география  ғылымының  түсініктері  мен  терминдерін 
меңгеруіне ықпал жасау; 
– 
кеңістіктік ойлау мен картографиялық дағдыларды қалыптастыру; 
– 
географиялық  білімді  күнделікті  өмірде,  өз  іс-тәжірибесінде  пайдалану 
дағдыларын қалыптастыру. 
Типтік  оқу  жоспарына  сәйкес  «География»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесі 
төмендегідей: 
1) 
7-
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
2) 
8-
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;  
3) 
9-
сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат. 
«География»  пәні  оқу  бағдарламасының  мазмұны  оқытудың  бөлімдері 
арқылы  ұйымдастырылған.  Бөлімдер  сыныптар  бойынша  күтілетін  нәтиже 
түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. 
Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  негізгі  орта  білім  деңгейінде  
«География» пәнінің мазмұны алты бөлімнен тұрады (1-сызба). 
 



 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-
сызба. Негізгі орта білім деңгейінде «География» пәнінің мазмұны 
 
Оқу  бағдарламасында  негізгі  орта  білім  деңгейінде  «География»  пәні 
мазмұнын беретін алты бөлім өз алдына бөлімшелерге бөлінген және олар 2-7-
сызбаларда көрсетілген.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Негізгі орта білім 
деңгейінде 
«География» пәні 
мазмұнының 
бөлімдері 
 
Географиялық зерттеу әдістері
 
Картография және географиялық 
деректер базасы
 
 
Елтану және саяси география негіздері
 
 
Физикалық география
 
 
Әлеуметтік география
 
 
Экономикалық география
 
Географиялық зерттеу 
әдістері
 
Зерттеу және 
зерттеушілер
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау