Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования



жүктеу 4,04 Mb.
Pdf просмотр
бет25/92
Дата21.11.2018
өлшемі4,04 Mb.
#23179
түріМетодические рекомендации
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92

56 
 
дамытады.  Бұл  өз  кезегінде  әр  сабаққа  арналған  тілдік  мақсаттарды  қамтиды. 
Пән мұғалімдері білім алушылардың ғылыми тілді қолдануына назар аударуы 
және олардың  тілдік  жетістіктерін  бағалауына  қолдау  көрсетуі  тиіс.  Сонымен 
қатар, мұғалімдер білім алушыларда бай ғылыми тіл қалыптастыру мақсатында  
диалог  пен  жазылымға  қажетті  тіркестерден  тұратын  жүйелі  тілдік  қолдауды 
жүзеге асыруы керек[4]. 
Тілдік  мақсаттар  ғылыми  тілді  үйрену  үшін  маңызды  құрал  болып 
табылады.  Ғылыми  тілді  оқып  үйренуді  қолдау  үшін  оқытушыларға  оқу 
жоспарларына мынадай тілдік мақсаттарды қосу ұсынылады:   
Білім алушылардың назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша 
оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика); 
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарын қолдануға қажетті жұмыс 
тілін  қалыптастыру  (мысалы,  топтық  жұмыстар,  сұрақты  дұрыс  қоя  білу, 
жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестері); 
сабақ барысында  лексиканы, оның ішінде терминология мен тіркестерді 
орынды пайдалану үшін оларды алдын ала оқыту кезеңінде тиімді қолдану; 
білім  алушылардың  тілдік  дағдының  төртеуін  де  түрлі  әрекеттерде 
(мысалы,  оқылым-тыңдалым,  оқылым-жазылым,  оқылым-айтылым,тыңдалым-
жазылым және тағы басқа) әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану; 
білім  алушыларды  пікірталас,  диалогтарға  тарту  (мысалы,  білім 
алушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау және жауаптары тек білімді ғана 
көрсететін  сұрақтар  қоймау;  білім  алушыларды  өз  білімін  нәтижелі  талқылау 
үшін  пайдалануға  ынталандыру,  сондай-ақ  білім  алушылар  диалогқа  қатыса 
алуы үшін қажет бай сөздік қормен қамтамасыз ету);  
белгілі бір тілге тән дағдыларды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу 
үшін  тыңдау,  түсіндіру,  металингвистикалық  және  метакогнитивтік  танымды 
дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары); 
тіл  туралы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  (мысалы,  тілдерді 
салыстыру,  білім  алушылардың  тілді  барынша  нақты  пайдалануға 
ынталандыру, тілді меңгерудегі жетістіктерін бағалау); 
сабақтың  басында  тілдік  мақсатты  белгілеу,  сабақтың  соңында  осы 
мақсат бойынша қол жеткізілген жетістіктерді талқылау. 
Оқыту  үрдісінде  білім  алушылардың  тыңдалым  мен  айтылым 
дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырмалардың төменде үлгілері берілген: 
Алдын ала дайындалған сұрақтар бойынша белгілі бір тақырыпта физик-
энергетик сияқты маманмен сұхбат. 
Сұхбат, лабораториялық жұмыс нәтижесін ауызша ұсыну.  
Командадағы  жұмыс  нәтижелерін  талқылау,  мысалы,  бірлескен 
лабораториялық жұмыс уақыты барысында бақыланатын құбылыстар бойынша 
білім алушылар арасында идеялармен алмасу.  
Топта тапсырмаларды тарату, өзара оқыту.  
Тыңдай білуді талап ететін сұрақтарды талқылау және белгілі тақырыпқа 
пікірлерін білдіру. 
Білім  алушы  белгілі  бір  тақырыпты  талқылау  барысында    тақырыпқа 
байланысты мәселені табады және оны талқылайды. 


57 
 
«Физика» пәнін оқыту процессінде оқылым дағдыларын дамытуға ықпал 
ететін тапсырма үлгілері: 
Әдебиетпен  (ғылыми  және  энциклопедиялық  әдебиет)  жұмыс  жасау, 
мысалы, сұхбатқа сұрақ дайындау үшін; ғылыми сұраққа жауап іздестіру үшін. 
Интернет  ресурстармен,  мерзімді  әдебиетпен  (ғылыми  журналдар, 
газеттер) жұмыс, мысалы, белгілі бір тақырыпқа немесе ғылыми көзқарастарын 
кеңейту үшін презентация дайындау және өткізу.  
«Физика»  пәнін  оқыту  процессінде  білім  алушыларда  жазылым 
дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері: 
Сұхбат  қорытындысы  бойынша  есеп  жазу,  мысалы,  физик-энергетикпен 
сұхбат. 
Ақпаратты сызба, схема, кесте, график түрінде ұсыну. 
Жобалық-зерттеу жұмыстары бойынша есеп жазу. 
Зерттеу күнделігінде жазбалар жүргізу. 
Оқылым  –  материалда  берілген  мәтіннің  мазмұнын  толық  оқып  шығу 
(кейде  ҰБТ-де,  ОЖСБ-да,  PISA  тапсырмаларында  оқулықтағы  мәтінге  сай 
сұрақтар туындауы мүмкін). Физикалық тұрғыда оқылым-графикалық таңбалар 
арқылы  қағаз  бетіне  түскен  сөздер  мен  физикалық  шамалардың, 
формулалардың  мағынасын  түсініп  оқу  арқылы  санасына  қабылдай  отырып, 
сауатты, дұрыс, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптай алу. 
Оқылым 

ой мен сананың бірлесе жұмыс атқаруы 

мәтіннен туатын ойды дұрыс және толық түсіне алуы 

жазылған таңбалар тізбегін дұрыс ажырата алуы (мысалы, t – уақыт 
және температура, U – ішкі энергия және кернеу, Т – температура және период, 
Е – энергия және кернеулік, 
Мысалы,  PISA  тапсырмаларында  «Айжан  жаңа  велосипед  сатып  алды. 
Велосипедтің рулінде жылдамдық өлшегіш қондырылған. Жылдамдық өлшегіш 
Айжанның  велосипедпен  жүріп  өткен  қашықтық  пен  жолдағы  орташа 
жылдамдықты  көрсетеді»  деп  берілген.  Тапсырмада  нені  сұрап  тұрғандығын 
түсіну үшін ең алдымен мәтінді толық жете түсініп оқып, талдау жасаған кезде 
берілген сауалға жауап беруге болады. Оқылым әрекетін арттыру нәтижесінде 
білім алушының қарым-қатынасы жетіледі, білімі артады, ой-санасы баиды, ал 
ойлау қабілеті дамыған адамның сөйлеу әрекеті де ерекше болады. 
Айтылым  –  адамдар  арасындағы  тілдік  қарым-қатынасты  жүзеге 
асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Физикадан оқылған материалды ойына 
түйіп,  ғылыми  зерттеулерді  негізге  ала  отырып  өз  сөзімен  дәлелді  айта  алуы. 
Бұл әрекет сабақта түсінігін айтуда, жазған ғылыми жобаларын қорғауда қажет 
болады. 
Мысалы,  PISA  тапсырмаларында  «Шолпан  жұлдыздарға  қарағанды 
ұнатады. Бірақ қалада тұрғандықтан, ол түнде көп жұлдыздарды көре алмайды. 
Алдыңғы  жылы  Шолпан  ауылға  барғанда,  қалада  көрінбеген  көптеген 
жұлдыздарды көрді [14]. 
Сұрақ:  Неліктен  ауылды  жерде  қалаға  қарағанда  көбірек  жұлдыздарды 
көруге  болады?  Бұл  сұраққа  жауап  беру  үшін  білім  алушының  ойлау 


жүктеу 4,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау