Металлургия, машина жасау және көлік факультеті



жүктеу 264,28 Kb.
Дата24.01.2018
өлшемі264,28 Kb.
#7869
түріДиплом

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Металлургия, машина жасау және көлік факультеті

Қозғалтқыштар және жол қозғалысын ұйымдастыру кафедрасы


Іштен жану қозғалтқыштары Мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған

оқу, технологиялық

және диплом алдындағы тәжірибелерінің

сабақтас бағдарламасы


Павлодар


УДК 621.436

ББК 31.35


К. 21

С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің ғылыми кеңесімен ұсынылған


Рецензент: т. ғ. к., проф. М. М. Суйіндіков
К-21 Қарақаев Ә. Қ., Сейітхазина Д. Б. Іштен жану қозғалтқыштары мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған оқу, технологиялық және диплом алдындағы тәжірибелерінің сабақтас бағдарламасы / Редакциясын басқарған т. ғ. д., проф. Ә. Қ. Қарақаев. - Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «КЕРЕКУ» баспасы, 2007. – 18 б.

«280440 - Іштен жану қозғалтқыштары» мамандығының студенттеріне арналған екі оқу, екі технологиялық және диплом алдындағы тәжірибелерін өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар және сабақтас бағдарламалар келтірілген.



«280440 - Іштен жану қозғалтқыштары» мамандығының түлегі – инженердің толық біліктілік сипаттамасы берілген; бұл студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге және басқа ізденген адамдар мен ұйымдарға, соның ішінде студенттер тәжірибелерді өткенде және түлектерді жұмыс орнына таратуда өте пайдалы.

ББК 31.35


© Қарақаев Ә. Қ., Сейітхазина Д. Б., 2007

© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2007


1 Тәжірибеге арналған жалпы жағдайлар
1.1 Тәжірибені ұйымдастыру, мақсаттары мен міндеттері
Тәжірибенің барлық құрамы жоғары мамандандырылған маман- дарды дайындаудың маңызды бөлімі болып табылады. Тәжірибе барысында оқу мен өндірістің тікелей байланысы жүзеге асырылады, бағдарламамен анықталған өндірістік міндеттерді өзіндік шешу жолымен студенттерді профессионалды шығармашылыққа дайындау.

Өндірістік тәжірибенің нәтижелілігін көтеру үшін университтегі барлық оқу кезіндегі күші бар бір бағдарлама бойынша өткізіледі. Тәжірибе түрлерінің арасында байланысты қалыптастыру «280440 - Іштен жанатын қозғалтқыштар» мамандығы және инженер-механиктің мамандандыру сипаттамасына қатысты маманды дайындауға тәжірибенің барлық түрлерінің мақсаттылығы бағдарла- маның ерекшілігі болып табылады.

Тәжірибенің мақсаты – инженерлік есептерді шығару кезінде студенттердің теориялық білімдерін қолдануын қалыптастыру, жоғарғы оқу орнын аяқтағаннан соң өз шығармашылығына керекті өндірістік білікпен қоса профессионалды білімді алу; қозғалтқыштар бойынша жұмыс әлде «В», «С» категориялы көлік жүргізуші мамандықтарын алу.

Оқу, технологиялық және диплом алдындағы тәжірибелер- дің міндеттері:

–қозғалтқыштарды жинау және олардың құрылғылары туралы тәжірибелік білікті алу;

–қозғалтқыштардың құрылымы бойынша студенттердің теориялық білімдерін бекіту және кеңейту;

–өнеркәсіптің жағдайында тәжірибелік есептерді шығару кезінде университетте алған білімдерін қолдана білу және біліктілік алу;

–жұмыс орындарында жұмыс істеу жолымен өндіру технология- сын қабылдау;

–қозғалтқыштарды перспективалық дамуы бойынша жаңа білім- дерді алу;

–дипломдық жобаның тақырыбы бойынша ақпараттық материалдарды жинау және қорытындылау.

«280440 - Іштен жанатын қозғалтқыштар» мамандығы бойынша жұмыстық жоспарда тәжірибенің келесі түрлері көрсетілген:



1 бірінші оқу тәжірибе – 2-ші семестрде 4 апта;

2 екінші оқу тәжірибе - 4-ші семестрде 4 апта;

3 бірінші технологиялық тәжірибе – 6-шы семестрде 5 апта;

4 екінші технологиялық тәжірибе -8-щі семестрде 7 апта;

5 диплом алдындағы тәжірибе – 10-шы семестрде 4 апта.

ҚР МЖБС 3.07.106-2001 қатысты өндірістік тәжірибені ұйым- дастыру кезінде келесі міндеттер орындалуы керек:

–оқу-өндірістік, бірінші және екінші тәжірибелер автомобиль құру зауттарында өткізілуі керек;

–өндірістік тәжірибелер (бірінші және екінші технологиялық тәжірибелер) қозғалтқышар құру және автомобиль құру зауттарында, ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми-тәжірибелік және ғылы- ми-өндірістік орталықтарында өткізілуі керек;

–диплом алдындағы тәжірибе дипломдық жобаның тақыры- бымен нақтыланған өнеркәсіпте өткізілуі керек.
1.2 Тәжірибенің жетекшілігі

Тәжірибенің барлық түрлерінің оқу-әдістемелік жетекшілігі «Қозғалтқыштар және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасымен атқарылады.

Кафедра студенттерге тәжірибенің өтетін орны және мерзімі туралы ақпарат береді, тәжірибенің бағдарламасымен таныстырады, тәжірибеге бағыттау және толтырылған күнделіктер береді, студент- тердің тәжірибе орнындарына келуін қамтамасыз етуге, жатақханаға орналасуына, өнеркәсіпке өткізу қағазын алуға және күнделікті сұрақтарды шешуге көмек көрсетеді; студенттерді өнеркәсіптегі тәжірибе жетекшісімен, ақырғы бекітілген тәжірибені өту графигімен, жұмыс орындары бойынша орналастыруымен таныстырады; тәжіри- беге үзіліссіз бақылауын қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіптегі цехтарда, бөлімдерде, зертханаларда студенттер- дің тәжірибесінің жетекшілігі келесі сұрақтарды шешетін бөлімше- лердің жоғары мамандандырылған мамандарға жүктеледі:

–тәжірибені өту графигіне сәйкес студенттерді жұмыс орында- ры бойынша қозғалыстарын ұйымдастырады;

–деректер жинауда көмек көрсетеді;

–техникалық оқыту бөлімдерімен бірге жеке тапсырманы орын- дауымен және тәжірибенің бағдарламасымен байланысты студенттер- дің өнеркәсіптегі бөлімшелеріндегі деректерге қол жеткізуді қамтама- сыз етеді;

–студенттердің теориялық сабақтарға және өндірістік экскур- сияларға қатысуын қамтамасыз етеді;

–жеке тапсырмалардың орындалуын және есептердің дайында- луын бақылайды;

–кемшіліктерін көрсетеді және орындалу мерзімін орналастыра- ды;

–студенттерді ұжыммен қоғамдық шараларға қатысуға шақыра- ды (жиналыстарға, спорттық шараларға, сенбіліктерге);

–тәжірибенің бағдарламасын орындалуы туралы мәліметтерді құрайтын өндірістік мінездемелерді құрастырады және студенттердің жұмысқа қарым-қатынасы туралы, мамандық бойынша өндірістік біліктерін алу туралы, өндірістік ұжыммен қарым-қатынасы туралы, қоғамдық шараларға қатысуы туралы, еңбек тәртібін және қоғамдық тазалығын бұзу туралы жеке тапсырмаларды құрастырады;

–төртбаллдық жүйе бойынша тәжірибе өту сапасын бағалайды.
1.3 Тәжірибе өтетін студенттің міндеттері

Тәжірибе алдында студент:

–ұжымдық жиналыстарда қатысуы керек; кафедра оқытушы- ларының қайсысы тәжірибе жетекшісі болатынын, тәжірибенің өтетін орнын және уақытын білуі керек;

– тәжірибенің бағдарламасын оқып білу үшін, тәжірибе бойын- ша күнделіктер алу үшін, жеке тапсырмамен танысу және жеке тапсырма бойынша консультация (кеңес) алу үшін тәжірибе жетекші- сімен кездесуі керек;

–тәуліктік және тәжірибе орнына баратын ақша, тәжірибе орны- на баратын билет алуы керек;

–өзімен бірге толтырылған бағыттамамен тәжірибе күнделігін, паспорт (жеке куәлік), студенттік билет және өту қағазына фото- су- реттер алып, уақытында тәжірибе басталар алдында өнеркәсіпке баруы тиісті.

Тәжірибе кезіндегі студенттің міндеті:

–өнеркәсіпте тәжірибе жетекшісіне баруы керек, оны жеке тапсырмамен таныстыруы және консультацияның өтетін уақыты мен орны туралы келісуі керек;

–өнеркәсіп ішіндегі тәртіп және құрылғыларды пайдалану ережелерін, қауіпсіздік техникасын және еңбек қорғауды қатал орын- дауы тиісті, орындайтын жұмысқа жауапкершілікпен қарауы керек; күнделікті және есеп құрастыру бойынша жұмыс жүргізуі керек, оларды тексеруге тәжірибе жетекшісіне беруі керек.

–толық бағдарламаны және тәжірибе бойынша жеке тапсырма- ларды орындауы керек;

–келісілген уақытқа өнеркәсіпке тәжірибе бойынша сынақ, толық толтырылған күнделік, есеп және жеке тапсырмалар бойынша рефераттар тапсыруы керек.

Тәжірибе аяқталғанда:

өту қағазын, техникалық және көркемдік әдебиеттерін, өнеркә- сіптен уақытша қолдануына алған арнайы киімдерді және басқа нәрселерді, жатақханадағы орнын тапсыруы керек;

–тәжірибе жөнінде барлық бағаларды беруі және уақытында оқу орнына келуі керек;

–кафедрада тәжірибе бойынша есепті тапсыруға дайындалуы керек.

1.4 Тәжірибені нәтижелеу

Тәжірибе соңында студент есепті құрастыруды аяқтайды. Есеп- тің көлемі және мазмұны тәжірибе бағдарламасымен қойылады.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін үшкүндік мерзімде кафедраданың комиссиясы алдында студенттер баяндамаларын қорғау арқылы тәжі- рибенің қорытындылауын ұйымдастырады. Студенттер комиссияға күнделіктер, есептер және тәжірибе бойы курстық немесе дипломдық жобаға жинаған деректерді тапсырады.

Студент қорғау кезінде келесі сұрақтарды қарастырады:

–тәжірибе өткен өнеркәсіпке, цех және бөлімге қысқаша сипат- тама беруді;

–өнеркәсіптің жұмысына және шығарылатын өніміне қысқаша сипаттама беруді;

–қозғалтқыштың, агрегаттың, түйіршігінің құрылымдарының ерекшеліктерін, олардың басты дефекттерін және даму бағытын;

–қозғалтқыштардың дайындау немесе жөндеу технологиясының және түйіршіктерді жинау ерекшеліктерін, сол технологиялық үрдістерді іске асыру жолдарын;

–қозғалтқыштардың жұмыс үрдістерін, механизмдерін және жүйелерін заводтық әдіспен есептеу тәсілдерін және оларды теориялық курстағы оқылған әдістермен салыстыруын;

–өндірілген өнімнің немесе орындалған жұмыстың өз құнын құрастыруын және экономикалық көрсеткіштерді жақсарту бағытын- да өнеркәсіптің жұмысын;

–қорытындылауын және ұсыныстауын.

Баға тәжірибе жұмыстың сапасына, көлеміне және мазмұнына, жиналған деректерге, өнеркәсіптегі тәжірибе жетекшісінің бағасына, комиссия сұрақтарының толықтығына байланысты қойылады.

Тәжірибеге ықылассыз қараған үшін, еңбек тәртібін бұзу немесе өндірістен тыс лайықсыз мінез-құлқы үшін студент жазаланады, уни- верситеттен шығырылуы мүмкін.

Тәжірибе бағдарламасын орныдамаған, жұмысына теріс мінез- деме алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттандырылмаған баға алған студент демалыс кезінде қайталау тәжірибесіне жіберіледі.

Диплом алдындағы тәжірибеден қанағаттандырылмаған баға алған студенттер дипломдық жобаға жіберілмейді және кафедра университеттен шығару туралы сұрақ қояды. Бір жылдан кейін дипломдық жобаны қорғау мүмкіндігі жөнінде жеке сұрақ шешіледі.
2 Оқу тәжірибелері

«280440 - Іштен жанатын қозғалтқыштар» мамандығының оқу жоспары бойынша оқу тәжірибелрінің екі түрі көрсетілген, оның біреуі бірінші компьютерлік оқу тәжірибесі.


2.1 Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесі

Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесінің ұзақтығы С. Торайғы- ров атындағы ПМУ-нің ректорымен бекітілді. 280440 мамандығының жұмыстық оқу жоспары ҚР МЖБС 3.07.106-2001 арқасында құрасты- рылған жұмыстық бағдарламасымен, С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің инженерлік-техникалық және экономикалық мамандығының сту- денттері тәжірибелерінің жағдайымен, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің 11.03.2001 ж. № 151 бұйрығымен бекітілген жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережесі- мен белгіленді.

Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесі 1-ші және 2-ші семестрлерде өткізіледі. Барлығы 144 сағат.

Тәжірибе Б1 корпусының Б1-218, Б1-225, Б1-226 компьютерлік сыныптарында және Технопарк залдарында өткізіледі.


2.1.1 Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесінің мақсаттары

мен міндеттері

Тәжірибенің мақсаты - компьютерді пайдалануда студенттер- дің тәжірибелік әдеттерін ұтымды дамыту, информатика негізін есеп- теу техникасы бағытында білімді ұлғайту және жетілдіру, қазіргі за- манғы арнайы компьютерде инженерлік есептерді жоғарғы деңгейдегі тілдердің көмегімен алгоритмизациялау және программалау.

Тәжірибенің міндеттері:

Тәжірибелік жұмыстың компьютерде оқу барысында студент



білуі керек:

-компьютердің файлдық жүйесін;

-операциялық жүйесінің бөлшектерін;

-сервистік бағдарламасын;

-компьютердің бағдарламасын қамтамасыз етуін, техникалық амалдарының мүмкіндігін;

ұйғаруы керек:

-компьютермен жұмыс істеу операцияларының орындалуын;

-текстік құжаттарының жасалынуын;

-арнайы компьютердің кең мүмкіндігін пайдалы қолдануын, сыртқы құрылғылармен жұмыс істеуін;

-өздік қойылымның тәжірибелік әдісін пайдалануын;

-компьютердің көмегімен машина жасау сызбаларын сызуын;

-сыртқы құрылғылардың жұмыс істеу қателіктерін кезінде дұ- рыс шешуін.
2.1.2 Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесін ұйымдастыру

Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесін өткізетін кафедрадан қойылған жетекші:

-студенттердің тәжірибесінің жетекшілігін іске асырады, тәжірибелік бағдарламының орындалуын қамтамысыз етеді;

-тәжірибенің басталар алдында студенттерді керек құжаттармен қамтамасыз етеді (бағдарлама, күнделік);

-тәжірибеге шығар алдында студенттерді тәжірибе жұмыс жос- парымен, тәжірибе өту талаптарымен, компьютерлік жұмыс істеу ке- зінде техникалық қауіпсіздік ережесімен және еңбек қорғауымен таныстыратын ұйымдық жиналыс өткізеді;

-студенттердің тәжірибелік күнделіктерін тексереді, жұмыстары жөнінде пікір береді, тәжірибеге есеп беруді қарастырады, кафедра меңгерушісіне ескертулермен, ұсыныстармен өткізілген тәжірибеге жазбаша есеп береді;

-бірінші компьютерлік оқу тәжірибесінің дифференциалды сы- нақ алу коммисиясының жұмысына қатысады.
2.1.3 Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесінің сабақтарының

мазмұны

1 Арнайы компьютердің негізгі бөлшектері.

2 MSDOS-ң операциялық жүйесі.

3 MSDOS-ң файлдық жүйесі.

4 MSDOS-ң бағдарламалық инструменталды жабдықтары.

5 Windows 98 операциялық жүйесі.

6 Word текстік редакторы.

7 EXCEL электронды кестелер.

8 Диаграммалар. Word кестесі негізінде диаграммалардың құрылуы.

9 Диаграмма шебері. EXCEL мәліметтер базасы.


2.1.4 Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесінің өздік

сабақтарының мазмұны

1 Арнайы компьютердің қарапайым бүліктерін жою.

2 Командалық файлдарды редакциялау.

3 Дискеталарды инициализациялау.

4 ScanDisk бағдарламасының дискетасын тексеру.

5 Формула редакторымен жұмыс істеу.

6 Автотолтыру, кестелерді жиектеу.

7 Equation Editor көмегімен формулаларды құрастыру.

8 Мәліметтерді басқару, EXCEL мәліметтер базасымен жұмыс істеу кезінде екінші кесте құрастыру.
2.1.5 Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесін қорытындылау

Тәжірибенің нәтижесінде студент тәжірибе есебін көрсетеді. Есеп көлемі–70-100 басып шығарылатын бет: оқытушымен келісіп электрондық түрде (дискетада) және жартысының жақын көлемі қағаз түрінде. Студент тәжірибе есебімен тәжірибенің басынан аяғына дейін жұмыс істеуі керек. Тәжірибенің соңында кафедра меңгерушісі- мен тағайындалған комиссия алдында студент дифферинциалды сы- нақ тапсырады. Комиссия құрамына кіретіндер: тәжірибе жүргізген оқытушы, ПМУ-нен тәжірибе жетекшісі.

Студенттердің қорғауына жеке дайындалған баяндама келесі тақырыптар бойынша дайындалады:

1 Арнайы компьютердің негізгі бөлшектері.

2 MSDOS-ң операциялық жүйесі.

3 MSDOS-ң файлдық жүйесі.

4 MSDOS-ң бағдарламалық инструменталды жабдықтары.

5 Windows 98 операциялық жүйесі.

6 Word текстік редакторы.

7 EXCEL электронды кестелер.

8 Диаграммалар. Word кестесі негізінде диаграммалардың құрылуы.

9 Диаграмма шебері. EXCEL мәліметтер базасы.

Есепті қорғау кезінде қанағаттандырылмаған баға, жұмысы үшін жағымсыз пікір алған және бағдарламаны орындамаған, тәжірибені өтпеген студент ЖОО-нан шығарылады.

2.2 Екінші оқу тәжірибесі

Тәжірибе мақсаты мен міндеттері–студенттерді автомобиль- дің, трактордың іштен жану қозғалтқыштарының құрылғыларымен таныстыру және жүргүзішінің мамандығын алу.

2.2.1 Студенттердің екінші оқу тәжірибесін өтү кезіндегі

жұмыс орны

Тәжірибе мамандыққа байланысты ұйымдарда, «Қозғалтқыштар және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасының зертханаларында өтеді.

Өткен пәндердің дамуының бағытында тәжірибе болашақ ма- мандықтың ұғымын бекітеді. Кафедра зертханаларында студенттердің қозғалтқыштарды жинақтау және құрастыру кезінде қолданылатын жабдықтар мен құралдарды, қозғалтқыштардың, олардың жүйелері- нің құрылысын, диагностикасын, жөндеуін үйренеді.

Жүргізушілерді дайындау курсында 120 сағат ішінде автомо- бильдің құрылысын, іштен жанатын қозғалтқыштар және олардың жүйелері терең оқытылады. Техникалық пайдалануға, жол қауіпсіз- дігіне, жол қозғалысының ережелеріне арнайы көңіл бөлінеді. Авто- мобильді меңгеру әдеттерін алу мақсатында студент 5 сағат ішінде тренажерларда жұмыс істейді. Содан соң нақтылы жағдайда 140 сағат ішінде тәжірибелі жетекшімен автомобильді жүргізу ұйымдастыры- лады.

Студенттер тәжірибе өткеннен кейін емтихан тапсырады және автомобиль меңгеру құқығы жөнінде «В» және «С» категориялары бойынша жүргізу куәлігін алады.
3 Технологиялық тәжірибелер
3.1 Технологиялық тәжірибелерінің мақсаттары мен

міндеттері

Тәжірибе мақсаты– «Мамандыққа кіріспе», «Автотратор қозғалтқыштары», «Автомобильдер және тракторлар» «Іштен жанатын қозғалтқыштар технологиясын өндіру», «Іштен жанатын қозғалтқыштарды пайдалану және өңдеу» курстарын өту кезінде студенттердің алған терең білімдері мен әдеттерін тереңдету және бекіту.

Тәжірибе міндеттері:

–бірлестіктер мен кәсіпорындардың жалпы құрылымын, қоз- ғалтқыштардың кезекті жөндеу және техникалық күту технологиялық үрдістерінің мазмұнын және ұйымдастыруын оқып білу;

–техникалық күтуге арналған құрылғылар мен аппараттарды, арнайы жүйелердің кезекті жөндеуін және диагностикасын (жағу жүйесі, электроқұрылғылар және т. б.) оқып білу;

–ұйымның өндірістік бөлшектермен бөлімдерінің жұмысын оқып білу;

–ғылыми еңбек ұйымдастыруды оқу.
3.2 Технологиялық тәжірибелерінің мазмұны

Өндірістік тәжірибе жоғары білімді жас мамандарды дайындау- да ерекше орын алады. Студенттердің тәжірибе өту кезіндегі міндет- тері әр түрлі күрделі дәрежесін ескереді және теориялық пәндерін оқу уақытымен байланысты.

Студенттер тәжірибелік білімін дамыту үшін қозғалтқыштарды дайындау және өңдеу мотоқұрылыс және автомобиль (трактор) зауыт- тарында, қозғалтқыштар өндіретін автокөліктік ұйымдарда, автожөн- деу зауыттарында, машина-технологиялық станцияларында жұмыс орындарында жұмыскер болып істейді.

Барлық тәжірибе екі кезеңге бөлінеді:

1 Қозғалтқыштардың түйіршіктерін жинау учаскесінде, әлде қозғалтқыштарды жинаудың негізгі жұмыс орнында негізгі жұмыс- кер, әлде оқушы-дублер қызметін атқару.

2 Зауыттың құрылымын, оның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін және негізгі өнімдерін оқу, негізгі цехтармен танысу, тәжірибенің техникалық бөлімінің тапсырмасын орындау және тәжі- рибе есебін құрастыру.


3.3 Бірінші технологиялық тәжірибе

Тәжірибе жалпысы 5 аптаға созылады. Тәжірибе өткен пәндер- дің дамуы бағытында қозғалтқыштарды, түйіршіктерді және бөлшек- терді өндіру кезіндегі үрдістерін үйретіп болашақ мамандықтың ұғымын бекітеді.

Тәжірибе қамтиды:

–қозғалтқыштардың құрылымы бойынша студенттердің теория- лық білімдерін дамыту және бекіту;

–қозғалтқыштардың бөліктерінің жұмыстық сызбаларымен және сызба шаруашылығының тәртібімен танысу;

–металл технологиясы және әр түрлі металлдар бағытында инженерлік білімтарлықты және тәжірибелік білімін кеңейту (құйма, соғу, штампылау, термиялық және механикалық өңдеу, пісіру өнді- рісі);

–зауыттың негізгі өнімімен, оның құрылымымен және завод қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерімен танысу;

–өндірістік жұмыскердің өндірістегі қызметпен мағлұматтарды меңгеру.


3.4 Екінші технологиялық тәжірибе

Мотоқұрылыс зауыты мен автомобиль (трактор) зауытының мо- тор цехында, жөндеу өнеркәсіптерінде, машина-технологиялық стан- цияларында және кафедра зертханалырында 8-ші семестр аяғында 7 апта бойы өтеді.

Тәжірибеде студенттер тетіктердің механикалық өңдеуінің тех- нологиялық үрдістерін, қозғалтқыштардың түйіршіктерін жинақтау және өндіру экономикасын оқиды.

Құрылғылардың, қозғалтқыштардың, олардың бөлшектерін, түйіршіктерін және жүйелерінің өндірісі мен жөндеуінде қолданы- атын инструменталды және өлшеуіш жабдықтармен (аспаптармен) танысады.

Технологиялық бюро қызметі мен техникалық бақылау бюро- сының қызметін оқиды.

Өнеркәсіп құрылымы, оның технико-экономикалық және негізгі өнімдер жөнінде білімді кеңейту.

«Іштен жанатын қозғалтқыштар өндіру технологиясы» пәні бойынша курстық жобаға зерттеу жүргізуге материалдар жинақтайды.

Тәжірибедегі уақыт жұмыс түрі бойынша былайша үйлес- тіреледі:

–бөлшектерді механикалық өңдеу цехындағы жұмыс - 6 апта;

–тәжірибелік бағдарламаны, техникалық бөлім бойынша жеке тапсырмаларды орындауға, тәжірибеге есеп құрастыруға - 1 апта.


4 Диплом алдындағы тәжірибе
4.1 Диплом алдындағы тәжірибе мақсаттары мен міндеттері

Тәжірибе 10-шы семестрде конструкциялық бюросында және мотоқұрылыс зауытының негізгі конструктор бөлімінің зертханала- рында, қозғалтқыштар өндіретін автомобиль (трактор) зауытында, «Қозғалтқыштар және жол қозғалысын ұйымдастыру» кафедрасының ғылыми-зерттеу зертханаларында 4 апта бойы өтеді.

Тәжірибеге оқу жоспары бойынша қарызы жоқ студенттер қатысады. Студент тәжірибе алдында дипломдық жобаға бекітілген тақырып алады. Дипломдық жобаға жетекші тағайындалады. Тәжіри- бе өтетін орын дипломдық жобаның тақырыбына қатысты таңдалады.

Әрбір студент жетекшіден дипломдық жобаның көлемі және негізгі бөлімдерінің мазмұны, есептік-графикалық, эксперименталдық материалдарды және оның тәжірибе бойы атқаратын жұмысы жөнінде мағлұмат алады.

Тәжірибе мақсаты:

–қозғалтқыштардың, олардың жүйелері мен бөлшектерінің техникалық күйін диагностика әдісімен ұйымдастыру және тексеру арқасында тәжірибелік білімін қабылдау; қозғалтқыштардың жөндеуі мен техникалық қызметін ұғу; түйіршіктері мен бөлшектерін техноло- гиялық жақсарту жолдарын үйреніп алу;

–профильдік пәндерді оқығанда алған теориялық білімдерін толықтыру;

–дипломдық жобаны орындауға материалдар жинау және оны орындауға дайындық.

Тәжірибе міндеттері:

–өнеркәсіптің құрылымын, ұйымдастыруын, белгіленуін жөндеу және пайдалану бөлімдерінің ерекшіліктерін оқу;

–өнеркәсіптің және жөндеу-пайдалану бөлімдердің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін оқу;

–қозғалтқыштардың техникалық күтімі мен жөндеу бойынша өндіру құрылымын технологиялық талдау;

–қозғалтқыштардың диагностика, өңдеу және пайдалану бойынша механика маманының міндетін оқу;

-өнеркәсіптің зерттеулік және стендтік құрылғыларымен, өнім- дердің жөнделетін түйіршіктерінің және агрегаттарының зерттеулік сынауларымен және стендтік әдістерімен танысу;

–дипломдық жобаның тақырыптары бойынша ақпараттық мате- риалдарды жинау және талдау;

–тәжірибеге есеп құрастыру және дипломдық жобаның тақыры- бы бойынша ұсыныстар жасау.


4.2 Диплом алдындағы тәжірибе мазмұны

Өнеркәсіптің конструкторлық және эксперименталды бөлімде- рінде жұмыс істеп жүріп студент қозғалтқыштардың түйіршіктерімен бөлшектерінің техникалық күйінің диагностикасының барлық сатыла- ры бойынша, бөлшектер технологиялық ұйымдастыру тәсілдерін өң- деу жөнінде, қозғалтқыштардың техникалық қызметінің ұйымдасты- руы туралы тәжірибелік білім алады.

Студент тәжірибелік мысалдар арқасында үйренуі керек:

-қозғалтқыштардың әр түрлі бөлшектерінің тозуын және олар- дың қалпына келтіру тәсілдерінің ерекшіліктерін анықтауын;

–өнімдерді жөндеуге материалдарды таңдауын;

–қозғалтқыштарға әр түрлі техникалық күтім өткізуін.

Зерттеулік бөлімдерде жұмыс істеп жүріп студент үйренуі ке- рек:

–жөнделген түйіршіктерімен агрегаттарға бағдарламалар және сынау тәсілдерін құрастыруды;

–жинау нәтижелерін жасауды және талдауды;

–сынақ бойынша есеп құрастыруды.

Студенттер тағы да білуі керек:

–өнімді жинау және жөндеу әлде технология үрдістерін өндіру- ді;

–өнімнің сапасына технологиялық тәсілдерін тексеруді;

–қауіпсіздік техникасы бойынша шаралармен танысуды;

–өндіру еңбегінің көтерілуі тәжірибесімен танысуды;

–дипломдық жобаның тақырыбы бойынша ақпараттық матери- алдар жинауды және талдауды.

Егер дипломдық жобаның тақырыбымен өнеркәсіптің міндет- тері елісетін болса, студент дипломдық жобаны орындай бастайды.

Тәжірибе уақытында өнеркәсіптегі дипломдық жобаға қатысты материалдар жиналады, оқылады және талданады, қозғалтқыш бой- ынша негізгі принциптік шешім қабылданады.

Тәжірибе уақытында дипломдық жобаның экономикалық және технологиялық бөлімдері, қозғалтқыштардың өндіру және пайдалану кезіндегі еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша мәлімет- тер жиналады:

–қозғалтқыштардың өзіндік құнының есептеу калькуляциясы;

–«Материалдар және сатып алынған өнім» мақаласының мағынасы;

–бөлшектер мен түйіршіктер бойынша өзіндік құнның калькуля- циясы;

–бастапқы қозғалтқышты өндіру және оның өзгерілген бөлшек- тері мен түйіршіктерінің технологиялық еңбек сіңіруі;

–бастапқы қозғалтқыш бойынша орташа тобын;

–пайдасыз шығынның өндірістік жұмыскердің негізгі жалақыла- рына және өндіріске қатысты емес жұмыскерлердің қозғалтқыш зауытының өздік құнына пайыздық қатынасы;

–бастапқы қозғалтқыш бойынша рентабельділіктің және фондтық сыйымдылықтың деңгейі;

–жаңа өнімді өндіру үшін салыстырмалы капиталды қаржы жұмсауды;

–бастапқы қозғалтқыштың өндірісінің көлемі (саны, жылы).

Жобаланған қозғалтқыштың өндіру және пайдалану кезінде ең- бек қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек, нормативті деректермен МЕСТ-та көрсетілген қозғалтқыштың құрылысына енгізілген еңбек қорғау өзгерісіне баға беруі керек, жөндеу және өңдеу кезіндегі қауіп- тер көрсетілгені дұрыс, қозғалтқыштарға қауіпті жағдайлар тудырмау үшін шаралар жасалуы керек (автоматизациялау, дистанционды бас- қару, қауіпсіздік құрылғылар, өртке қарсы құралдар, газдан қорғай- тын, дыбыс өткізбейтін құрылғылар және т. б.)

Еңбек қауіпсіздігінің сұрақтары қозғалтқыштың жалпы көрініс және қиылыстар сызбаларында көрсетілуі керек.

Егер жобаның тақырыбы ғылыми-зерттеуге жатса, онда универ- ситеттегі зерттеулерге жалғасуы мумкін.

Өнеркәсіптің өндірісінің сапасы мен нәтижелерінің көтерілуінің негізгі шаралары белгіленеді. Студент өнеркәсіпті автоматизациялап басқару жүйесін білуі керек.


4.3 Диплом алдындағы тәжірибе есебі

Тәжірибе есебі текстік документтерінің талаптарына сәйкес толтырылады. Жазбаша бөлімі А4 форматына жазылады. Тексттің жа- зылуы сауатты болу керек, оның мазмұнында бағдарламада қарасты- рылған бөлімдер көрсетіледі. Суреттеу мен есептеуге эскиздер, үлгі- лер (схемалар), сызбалар, технологиялық карталар жанамалануы ке- рек. Есепт университетте алынған теориялық білімі көзқарасымен талдағаны дұрыс. Тәжірибе есебі жалпы бөлім және мамандық бойын- ша жеке тақырыптан құралады.

Жалпы бөлімде өнеркәсіптің тарихы және даму жолдары келті- ріледі, оның қызметіне сипаттама, өндіретін өнімге суреттеме беріле- ді, осы тәжірибеге қойылған арнайы сұрақтар көрсетіледі.

Мамандық бойынша жеке тапсырмаларда қозғалтқыштың, қозғалтқышт жүйелерінің, олардың бөлімшектерімен түйіншектерінің құрылымы және жұмысы келтіріледі, техникалық шарттары және ең күшті дүниежүзілік және отандық үлгілермен салыстырмалы пайдала- ну көрсеткіштері, артықшылықтарымен кемшіліктері, құрылымының даму жолдары көрсетіледі.

Әрі қарай берілген объект өндірісі бойынша жан жақты өндіріс- тік процесі терең талданады, құрылымды, жұмыс процестерін жақсар- ту ұсыныстары көрсетіледі, экономикалық негізделген шешімдер дәлелденеді. Осындай жұмыстың қорытындысы өнеркәсіптің немесе университеттің пайдасына қолданылады.



Тәжірибе есебі келесі бөлімдерден құралуы керек:

1 Кіріспе - 1-2 бет.

Кіріспеде өндірістің дамуының негізгі бағыттары жазылады. Тарауда зауыттың орны мен рөлі көрсетіледі.

2 Зауытта шығарылатын қозғалтқыш құрылымының ерекшелік- тері және техникалық сипаттамасы көрсетіледі. Ең жақсы дүниежүзі- лік және отандық өнірістерімен экономикалық көрсеткіштері салыс- тырылады. Өндірістің өзіндік құнын түсіру, өндірілетін қозғалтқыш- тардың техникалық деңгейін көтеру жолында зауттың жұмысы көрсе- тіледі - 4 бет.

3 Дипломдық жобаға енгізілетін қозғалтқыштардың түйіршік- терінің көрсеткіштері, құрылымды толық жетілдіру бойынша мемле- кетте және шет елде жасалынған жұмыстарды талдау - 8-10 бет.

Бұл тарауда қозғалтқыштардың түйіршіктерінің функционалды, кинематикалық және құрылымдық үлгілері, графикалық қатынасы, есептеу тәсілдері көрсетіледі. Нәтижелерді өндіріске енгізуге болатын күтімді экономикалық әсерді сипаттау керек.

4 Азаматтық қорғау, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау бойынша өнеркәсіпте өткізілетін шараларға сипаттау – 2-3 бет.

5 Бөлшектердің және түйіршіктердің жинақтау және механика- лық өндіруінің технологиялық процестерін сипаттау – 2-3 бет.


4.4 Уақыт бойынша диплом алдындағы тәжірибені тарату

Диплом алдындағы тәжірибені уақыт бойынша таратылуы 1-ші кестеде көрсетілген


1-ші кесте -Диплом алдындағы тәжірибені уақыт бойынша тарату




Жұмыс кезеңдерінің атауы


Уақыт (күн-

дер)


Ескерту

1 Өнеркәсіпте студентті орналастыру, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, ұйым- дастыру шараларына кіріспе нұсқаулар, тәжірибенің теориялық бөліміне дәрістер.

2




2 Конструкторлық бюрода, экспериментал- ды цехта әлде зертханалардағы жұмыс.

14

Бір бөлімнен басқа бөлімге ауысу сипаттамасы

3 Жеке тапсырмаларды орындау.

6




4 Дипломдық жобаға мәліметтер жинау және оларды талдау.



тәжірибе бойы

5 Тәжірибеге есеп құрастыру және өнеркә- сіпті күтү.

2




Барлығы

24





Мазмұны




1 Тәжірибеге арналған жалпы жағдайлар 3


1.1 Тәжірибені ұйымдастыру мақсаттары мен міндеттері 3

1.2 Тәжірибенің жетекшілігі 4

1.3 Тәжірибе өтетін студенттің міндеттері 5

1.4 Тәжірибені нәтижелеу 6

2 Оқу тәжірибелері 7

2.1 Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесі 7

2.1.1 Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесінің мақсаттары мен

міндеттері 7

2.1.2 Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесін ұйымдастыру 8

2.1.3 Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесінің сабақтарының

мазмұны 8

2.1.4 Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесінің өздік сабақтарының

мазмұны 9

2.1.5 Бірінші компьютерлік оқу тәжірибесін қорытындылау 9

2.2 Екінші оқу тәжірибесі 10

2.2.1 Студенттердің екінші оқу тәжірибесін өтү кезіндегі жұмыс

орны 10

3 Технологиялық тәжірибелер 10

3.1 Технологиялық тәжірибелерінің мақсаттары мен міндеттері 10

3.2 Технологиялық тәжірибелерінің мазмұны 11

3.3 Бірінші технологиялық тәжірибе 11

3.4 Екінші технологиялық тәжірибе 12

4 Диплом алдындағы тәжірибе 12

4.1 Диплом алдындағы тәжірибе мақсаттары мен міндеттері 12

4.2 Диплом алдындағы тәжірибе мазмұны 13

4.3 Диплом алдындағы тәжірибе есебі 15

4.4 Уақыт бойынша диплом алдындағы тәжірибені тарату 16

Әбілхан Қосмырзаұлы Қарақаев

Динара Балғабекқызы Сейітхазина
Іштен жану қозғалтқыштары мамандығы бойынша оқитын сту- денттерге арналған оқу, технологиялық және диплом алдындағы тәжі- рибелерінің сабақтас бағдарламасы/Редакциясын басқарған т. ғ. д., проф. Ә. Қ. Қарақаев.
Басуға 27.08.2007 ж.

Пішім 29,7 ´ 42 1/4 . Офсеттік қағаз.

Шартты баспа табағы 0,72 усл. печ. л. Таралымы 100 экз.

Бағасы келісім шартпен.

Тапсырыс № 0470

С.Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университетінің «КЕРЕКУ» баспасы
140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64

E-mail: publish@psu.kz






жүктеу 264,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау