МәШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том


В зеркале-совести ты правду найди. (подстрочный перевод авт.)



жүктеу 0,75 Mb.
бет5/5
Дата21.11.2018
өлшемі0,75 Mb.
#22704
1   2   3   4   5

В зеркале-совести ты правду найди. (подстрочный перевод авт.)


Осознавая ограниченность своей жизни, ее бренность, человек стремится приобщиться больше к духовным богатствам, чем материальным, старается стать более человечным, милосердным, творить добро. Человек, обладающий совестью, остается всегда простым, правдивым, справедливым, мужественным, ответственным. Он старается поступать во всем согласно предписаниям разума. Жизнь человека быстротечна, считает М.Ж. Копеев: «Дуниеден бираз турып бизде отермиз» [5:151] Лишь миг и мы оставим этот мир. (Перевод подстрочный авт.)

И поэтому, совестливый человек стремится не прозевать самого драгоценного плода ее – добрых дел во благо людей. Машхур-Жусуп допускает мысль и о смерти ради благо своего народа:

Халық-жұртының қамы үшін қайрат қылып,

Айдалып атылсаң да арман бар ма?! [5:69]

Есть ли выше мечта, Если ради своего народа ты отдашь свою жизнь.

(Перевод подстрочный авт.)

Великий мудрец Востока Конфуций говорил: «Быть нравственным, значит быть свободной душой. Постоянно гневающийся на кого-нибудь, беспрестанно боящийся чего-нибудь и всецело предающийся страстям, не могут быть свободны душой. Кто не может сосредоточиться в себе или увлекается чем-нибудь, тот, видя - не увидит, слыша - не услышит, вкушая - не различит вкуса». А быть свободным душой может лишь тот человек, который живет по требованиям совести.

В исламской религии требование совести было одним из главных. В хадисах подчеркивается, что в рай попадут те люди, которые не допускают обмана, те, которые относятся к другим, как равным себе и поступают по отношению к ним с позиции совести, кто не наживается за чужой счет и кто заступается за обездоленных и обиженных. Ислам призывает к внимательности, терпимости, искренним человеческим отношениям.

У Машхура-Жусупа человек, сделавший правилом своей жизни требования совести, никогда не помышляет дурного, злого по отношению к другим людям. Ибо «Наша жизнь: следствие наших мыслей: она рождается в нашем сердце, она материализуется нашей мыслью. Если человек говорит с доброю мыслью, радость следует за ним, как тень, никогда не покидающая» [10:39].

Философ Абай в «Словах назиданиях» (Слово тридцать шестое) пишет следующее: «В хадисе – священной книге – записаны следующие слова пророка Мухаммеда: «У кого нет стыда, у того нет и веры». [11: 99]

Казахская пословица гласит: «Тот, кто умеет стыдиться, тот умеет быть верным». Из этих слов ясно, что стыдно из священных чувств.

Следует отметить, что Абай, как и Машхур-Жусуп, категорию совести больше соотносит с религией (иман). Ее природа, как считает Копеев, божественного происхождения. И бог, по мнению философа, каждый раз испытывает человека, насколько он духовен, честен и совестлив (иман). Совесть, утверждает философ Копеев, есть голос бога, находящийся в душе человека.

В религиозной философии Машхур-Жусупа Копеева очищение совести надо искать в восприятии всего мусульманского мировоззрения и в постоянном обращении к богу, путем покаяния и исповедания.

Отсюда следует, что только истинно верующий человек всегда живет в согласии со своей совестью.

Проведенное нами исследование категории «совести» в понимании поэта-философа Машхур-Жусупа Копеева позволяет сделать следующие выводы:

во-первых, этико-философский анализ показывает, что под совестью всегда подразумевались справедливые поступки людей, стремление человека к истине и добру;

во-вторых, совесть как выражение честной, чистой морали человека выступают квинтенссенсией его духовно-нравственного отношения к миру и этической нормой его повседневного поведения и поступков;

в-третьих, совесть тесно связана с ответственностью. Через ответственность она выступает как социально-нравственное качество личности.

Философское учение Машхур-Жусупа Копеева является духовным наследием: атадан балага (от поколения поколению).

Мұхаммед-Әменнің әділетсіздікті сынауы
Ә. Пазылов

«Мәшһүр-Жүсіп» мұражайының ғылыми қызметкері


XX ғасырдың басында қазақстанда мәдени – ағартушылық идеялардың өркен жайып, зиялы қауымның қалыптаса бастаған кезі болатын. Осы тұста қазақтың санасын оятатын туындылар да дүнйеге келді. Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мәшһүр-Жүсіп, Әлихан Бөкейхановтың қыл қаламынан шыққан мұралар халық мүдесімен үндесіп жатты.

Алдыңғы буын ағаларға ілесе шығып, құлагердей алға ұмтылған зиялы қауым өкілдерінің бірі Мұхаммед Әмен болатын. Ол жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. Оның шығармалары жас толқынға ұран болды. Мұхаммед Әменнің тез өсіп жетілуіне қоршаған орта мен мәшһүр-Жүсіптің арнасы себепкер болды. Демек әке мен бала ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, саналы ғұмыр кешті. Әменнің қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби тақырыптағы шығармалары өз алдына бір төбе де оның ғұмырнамасы жеке зерттеу арнасы болмақ. Оның қай өлеңін алмасаңыз да гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды баршылық.

Әмен өзі өмір сүрген ортаның қиындығы мен саяси ахуалдың шиеленіскеніне қарамастан, қажымай мол мұра жаза білді. Бейне бір өмірдің қиындығы ақынды шабыттандыра түскендей. Әмен ел арасында қанат жайған теңсіздік пен қараңғылықты қатаң сынға ала отырып, ауыздықтаудың жолдарын іздеп, білім алуға шақырады. “Талапты оқыған жастарға, Тағдыр түзу, тыю жоқ”,-деп ақын /1, 44-бет/ білімнің қажеттілігін уағыздап, қазақ халқына ой салады.

Әменнің жалынды өлеңдері "Ақ-жол" газетінде жиі басылып тұрды. Қоғамда орын алған құбылыстар ақынды жігерлендіре түсті. Әсіресе жерден, тілден айырылу қауіпі тұрғанда, елдікті сақтау ақынның басты ұраны болғаны анық. Срндықтан да газетті – жастар тәрбиесінің басты құралы ретінде түсінген ақын:

Сен, "Ақ-жол", мына халыққа,

Жолаушы боп барасың.

Бәрі кұтты қалпыңа

Ояу көзбен қарасың!

Көр, арала, сен-қария,

Қазақ та, қырғыз даласын.

Еділ, Жайық, Сырдария

Ойлы-қырлы саласын.

Сыйпай, түрте жүрерсің,

Алтай тауы арасын.

Аңдап барып көрерсің

Есіл, Ертіс жағасын.

Айтып-айтып берерсің-

Ел болудың шарасын!

Ептеп-емдеп жүрерсің

Түрлі асқынған жарасын!

Біріктіріп басын қос,

Алты Алаштың баласын!

Төңкеріске көбейт дос

Үріп жандыр шаласын!

"Туды, міне, ерік",—деп,

"Таптық нағыз серік"—деп,

"Кел, кедейлер, бірік!"—деп

Шақыр қазақ даласын! /2/,-деп, білім жолында бас қосуды тәуелсіздікке жетудің басты қаруы деп түсінгендіктен, ұлттық сананы шыңдау жолында күресті.

Мезгілсіз түскен қысым жанға батты:

Халқына ұраны – Алаш, Қазақ атты /3/, - деп, Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттepді жырға қосты.



Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтің әулиелiгi туралы

Әсет Пазылов

«М.Ж.Көпеев» мұражайының ғылыми қызметкері


Алла артық жаратқан ақыл-ойын,

Тұнып тұрған қасиет тұла бойың.

Ел тарихын тамшыдан дария етiп,

Тұранның түгел шарладың қыр мен ойын.

Батаң-байлық, дұғаң ем, сөзiң зәмзәм,

Дәмiн татқан жан сергiп, ләззәт алған.

Салмағы елу томдық мол қазына,

Асыл мұра атадан бiзге қалған.



Бақи Әбдiқадыров
«Жақсыдан-ғибрат, жаманнан-кесапат демекшi, халық жадында есiмдерi ұзақ сақталған әулиелер төңiрегiнде ел арасында аңыз-әңгiмелер көп.Ал аңыздың анасы-ақиқат екенiн ескерсек, әулиелiк пен дарындылықтың, әркiмнiң пешенесiне жазыла бермейтiн ерекше қасиеттер екенiне көзiмiз жеткендей болады.Тек қана жастайынан сергек сезiмдi, зейiндi болып, қанатты сөздердiң қадiрiн түсiне бiлген; Бұқар жырау, Төле би, Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы, Шәкәрiм сынды асыл жандар ғана елiнiң ыстық iлтипатына, шексiз құрметiне бөлендi.Олар өзгеше дүниенiң есiгiн ашып, өркениеттiлiк пен болашақ ортасындағы көпiрге ұқсап, көптiң көкейiне қонар ой айта бiлдi.

Кейiнгi уақытта, әсiресе республикалық басылым беттерiнде «әулие, дара тұлға» деген сөздер көбейiп кеттi. Ал осы киелi сөздiң өзi Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы сынды біртуар тұлғаларға айтылғандай. Қазақтың кең даласында өскен, дархан мiнездi, дуалы ауыз, әулие Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы, бөгелiп қалған бұлақ көздерiн аршып, бiзге таусылмас рухани азық, жұтамас байлық қалдырды.

Жазушы Әбділдә Тәжібаев: «Мен Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің атын қаршадайымда естісем де, оның кім екенін білгір баяндауға қартайғанымша жараған емеспін. Сонау қатал жылдары әміршілдік-әкімшілдік қаһарына ұшыраған аяулы азамат та өзгелер сияқты құлыптаулы болды »,-деп қынжылыс білдірсе, халық қаһарманы Шапық Шөкіұлы: «Мен үшін Көпеев сөзіндегі ең қадірлісі - оның өмірдің өшпейтіндігі, адамның пәлсапалық өлмейтіндігі, жер бетіндегі тіршіліктің кездейсоқ пайда болмағандығы жөніндегі сара пікір…»,-деп Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының есімі тарихтан құрметті орын алар деген үмітпен әулиенің білімі түпсіз шыңырау екенін баса айтады.

Әуелгi Әлиф Алланың аты болар,

Би бес парыз пенденiң жасы болар.

Кiмде-кiм құран Кәрим сөзiн бiлсе,

Аузында ас, астында аты болар.

Тұрарда таң намазға кер боларсың,

Шығарда шыбын жаның тер боларсың.

Үстiңе алабота, жусан шығып,

Бiр кезде аяқ басар жер боларсың.

Дүние мойын бұрған бiз бiр есер,

Есер пенде шайтанмен әзiлдесер.

Таудан биiк күнәмiз болсадағы,

Аллаға шын жыласаң, өзi кешер,- деп шабытты шабысынан талмай, табиғаттың тылсым сырын игерген Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы Қожа Ахмет Яссауи мен Әл Фараби сияқты өзгеге бой бермес шыңырау мұхит.

Рахым Әбдiрашұлының сөзімен айтар болсақ:

Көшiнде адамзаттың ұлы болған,

Бойына күн-сәуленiң нұры қонған.

Iздесең Мәшһүр-Жүсiп, табылады

Әл-Фараби бастаған ұлы жолдан.

Ұша бiлген қанатқа әрдайым дүние кең. Бiрақ сол кеңдiкке қол жеткiзе алатындар алғыр ойдың иелерi ғана.Көзiңдi қызықтырып, көңiлiңдi желiктiретiн құнарлы, шырайлы бұлақтардан нәр алып қана, бiзде бабалардан жеткен кең дүниенi игiлiгiмiзге пайдалана алармыз.Ол үшiн өмiр бойы жүрегiмен тiлдесiп келген Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлының қыруар өлеңдерiн оқып, ғибрат ала бiлген жөн.Сонда ғана өнер мен бiлiмнiң таусылмас дария екенiне көз жеткiзесiң.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының даналық дариясына араб-парсы елдері мен қазақ халқының озық мәдениеті бастау болды. Орта Азияның алдыңғы қатарлы медреселерінен дәріс алған атамыздың еңбектеріндегі пәлсапалық терең толғаулары, табиғаттың тылсым күштерін шебер бейнелеуі кең көлемді зерттеуді қажет етеді. Себебі Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының әр сөзінен ғибрат ала білген жан, атамыздың ең басты уағыздағаны білім мен дін екенін түсінері ақиқат. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы «өнер мен білімнің таусылмас дария», жаратушымыздың хақ екенін аңғартып, көңілге медеу боларлық, ақыл-кеңестер айтады.

Бір жылы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы пен Шәкәрім қажы бір дастарқанның басында кездеседі. Қысқа да болса біраз әңгімелеседі. Кетерінде әулие:

-Аумалы-төкпелі заман келе жатыр, біреуіміздің ажалымыз Алладан, біреуіміздің ажалымыз адамнан болар, -депті. Сонда Шәкәрім:

-Пешенемізге жазылғанды көрерміз,-десе керек. Екеуі де енді көріспестей қоштасады. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ауылдан ұзап кеткен соң, «әулиеге бұл сөзді періштелері айтқызды ма екен ?», деген оймен Шәкәрім де еліне қайтады. /1/ Бұл екі тұлғаның Мұсаның асынан кейін кездесіп тұрған төртінші кездесуі болса керек. Арада біраз уақыт өткен соң Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы сапарға шығуын тоқтатады. Ал Шәкәрім болса көп ұзамай ОГП-нің «жан алғыштарының» қолынан қаза табады.

Шындықты айтқанда, жалғанның бет пердесiн жұлып тастап айту оңай шаруа емес. “- Е, не дейсiң, о несi-ей, қой одан бетiн аулақ қылсын.Таласпай бастаңдаршы,”- деп, кей уақытта Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы көзiн жұмып алып өз-өзiмен сөйлеседi екен.

- Молдеке, пiрлерiңiз не деп кеттi? Қызықтырып қойдыңыз ғой, әңгiмеңiздi айта отырыңыз, - деп өтiнген шәкiрттерiне:

- Көздерiң бар ғой көрерсiңдер. Өздерiң көрiп, естiмесеңдер, сенбессiңдер, - деп жауап бередi /2/. Сондай күндердiң бiрiнде кеш ауа Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлына Әбәйдiлдә қажы сәлем берiп, бiраз шариғат таластыруға келедi.Екеуi түннiң бiр уағына дейiн армансыз әңгiмелеседi.

- Жастарымыздың бүгiнгi тыныс-тiршiлiгi менi алаңдатты.Болашақтағы iзбасарларымыз қандай болар екен? - деген Әбәйдiлдәнiң сұрағына:

Өздерi аласа туар,

Аласа туса да, таласа туар.

Мазасыз, зарлауық болар.

Жесе нанға тоймас,

Боқтаса дымыңды қоймас.

Iшкенi арақ, тартқаны наша,

Бұзықтықтан басқаға мойын бұрмас, - деп өлеңдете жөнелсе керек /3/. Бұл бүгiнгi ауыл мен қала жастарына арнап айтылғандай.

Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлының бойына бiткен даналықтың, өткiр қанжардай жан-жақты екенiне көз жеткiзгенiмiзге көп болды. Десек те, бiз көбiнесе “әулие ғой” дегенмен шектелемiз де, әулиелiгi жөнiнде көп айта қоймаймыз.

- Мәшһүр-Жүсiптiң бiлмейтiнi жоқ екен, - деп тамсанып отырған ұлы Әбдiрахманға Абай:

- Шәкәрiм мен Мәшһүр-Жүсiп - құрдас. Екеуi де дiн жолына берiлген жандар. Мен де ақынмын, Мәшһүр де ақын. Дегенмен де, ол ақын болғанымен құдайға жақын. Сондықтан да Мәшһүр адамзаттың әулиесi ғой, - десе керек. Ал “ой, ол - нағыз ақын,” –деп алдында айтысып отырған шәкiрттерiне, ашуланған Мәшһүр –Жүсiп:

- Ананы да, мынаны да ақын дейсiңдер. Мен бiлетiн, ақындардың әулиесi Құнанбайұлы Абай сияқты өлең шығарған ешқайсысы жоқ, - деген екен /4/. Бiрiн –бiрi сыйлап өткен екi әулие, ұлттық сана сезiмнiң оянуына ұйытқы болған, жарқын талант иелерi десек, жалған айтпаған болармыз.

Білгірлер Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының Абаймен кездескеніне күмән келтіреді. Дегенмен де атамыздың Семейде бірнеше рет болғаны мәлім. Сүйіндік Көпеевтің сөзімен айтар болсақ:

«Бұхар, Ташкент, Самарқанд, Түркістанды,

Бір түгіл, үш-төрт барып тамаша еттім.

Нұра жайлап, Есілді қыстау еттім,

Әрлі-берлі Шу менен Сырдан өттім.

Немесе:


От-су жоқ, Бетпақ шөлі мидай тақыр,

Елсізде ешкі сойып, астық бастыр»,- деп келетін Мәшһүр сөзіне қарағанда, мына тұрған Семей Мәшһүрге аса қиын түсетін жер болмаса керек» /5/. Бұл аз десеңіз Мәшһүр-Жүсіп Көпеев тағы бір сөзінде:

Бұл Мәшһүр Бұхар барған, Қоқан барған,

Ойым бар: Барсам деген одан да әрман.

…Жасымнан ғылым іздеп кеткен басым,

Жерімде жүрген, тұрған сөзім қалған,- десе керек. Ал ел арасында сақталған мына бір әңгіме Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» кітабындағы, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев пен Абайдың кездесуін жазуға түрткі болғаны аян.

«...Абай сәлем беріп кіріп келген Мәшһүр-Жүсіп Көпеевке отырар-отырмастан:

-Мәшһүр болсаң айт, құдай қайда?-деп сұрайды. Сонда Мәшһүр-Жүсіп Көпеев

-Құдай-жүректе!-деп, оң қолымен кеудесін ұрса керек...» /6/.

Қара күш иесі Қажымұқан туралы Талиға Бекхожина «Әншiлiгi де бар едi» деген әңгiмесiнде: «Көпшiлiктiң сұрауы бойынша Қажекең қолына домбыра алып қоңыр дауысымен:

 Атандым Қажымұқан бала жастан,

Iшiнде империяның болдым асқан.

Кешегi Омскiнiң қаласында,

Құлаттым қырық балуанды бiр шалмастан» деп жазады.

Сондай басқосуда Алтай өңірінен келген бір ақын, Қажымұқанның жұрт алдында беделін сөзбен түсіруді жөн көріп:

-Мәшһүр деген әулие шығыпты ғой, бір өзінің бойында бірнеше өнер бар деп естідім. Сонымен күреске шықсаң, жеңіліп тынарсың,-деп қарқылдап қүлсе керек. Сонда Қажымұқан:

-Мен ол кісінің алдына барып, тізерлеп отырып, өзім жеңілер едім. Әулиеге тіл тигізбей жайыңа жүр,-деп ашуланып кетіп қалады /7/.

Күш атасы Қажымұқанның өзі Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы мен бірнеше рет кездесіп, әр отырыстан соң бата сұрайды екен. Олар соңғы рет 1909 жылы Павлодарда кездессе керек. Ол кезде Қажымұқан Омбы өңiрiне қоныс аударуды жөн көрген кезі еді.

Cана-сезімі, мәдениеті жағынан өз заманынан оқ бойы ұзап кеткен Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының әулиелік болмысының, қалыптасуына, жаратылысындағы дара қасиеттері себеп болса керек. Мәшһүр – Жүсiп Көпейұлының әулиелiгi бiз үшiн соқа тимеген тың десек, ағаттық болар едi. Сонау 1935 жылдардан бастап “жалған пiкiрдiң иелерi” деген жаламен, Мәшһүр Жүсiп Көпейұлы төңiрегiндегi әңгiмелер мен бiраз еңбектерi бұрмаланған болатын. Кезiнде жазушы

Зейтiн Ақышев: ... Жазып қана қойған жоқ, түсiнетiн қауымға ой салатын, ресми мекемелерге түрткi болатын мәселе көтердi.Халқымыздың мәдениетi мен әдебиетiнiң, тiптi тарихының төрiнен лайықты орын алуға тиiс осы тәрiздi тұлғалардың ауызға алынбай ұмытылып бара жатқанына қынжылмасқа болмайды....”,- деп Мәшһүр –Жүсiп Көпейұлының қаламынан туған тұлғалы туындылардың елеусiз қалып жатқанына ренішін бiлдiрген болатын.

Дүниенiң базарында, арзан нарқым,

Нарқым арзан болса да, қымбат даңқым.

Тiршiлiкте ағайынға қадiрiм жоқ,

Өткен соң, әттеген-ай, дерсiң, халқым,-деп Мәшһүр –Жүсiп Көпейұлы өзi көз жұмған соң,есiмiнiң көпке дейiн сыңар жақ, солақай көзқарастың ықпалында боларын сезген де болар. Әулие: «Өлген адамның ешкімге қиянаты жоқ. Кімде-кім маған қиянат жасаса, 7 жыл жүйкесі тозып, 7 жылдан кейін жұлыны үзіледі.»,-деген екен. Мәшһүр –Жүсiп Көпейұлы көз жұмғаннан бергі алғашқы 30 жылда ақынның жүрегінің түбінен шыққан, халыққа рухани азық боларлық шығармалары көлеңкеде қала берді. Одан кейінгі 20 жыл көлемінде оның есімі аңызға айналды. Тек кейінгі 22 жылда ғана оның асыл сөздеріне көңіл бөліне бастады. Шамамен 1908 жылдары Мәшһүр –Жүсiп Көпейұлы: «Ақиқат жолында жалындап, Алланың жазуымен емес, адамның қолынан қаза болғандардың ғасыр соңында жұлдызы жанар»,-деген екен. Демек, өткен ғасырдың кейінгі 10-15 жылының, қазақ халқының маңдайына жазылған нарық уақытын меңзеп тұрғандай емес пе?

-Жылап жатсаң да, жақсылықты айт.Жамандықты айтсаң, перiште әмин десе, қайран қазақ сорың қайнар,- деп байсалды қоңыр дауыспен, еш мүдiрмей еркiн көсiле жөнелетiн әулие төңiрегiнде айтылар сөз көп. Бүгiнгi таңда қағазға түскен, ел аузында, архивтерде сақталған мол мұра,судан сүзiп алған iнжу- маржандай. Үлкен ойдан, ұшқыр қиялдан, асқан даналықтан туған жанға саялы әр сөздерi Мәшһүр- Жүсiп Көпейұлының әулиелiгiмен бiрге көркем сөздiң хас шеберi екенiн аңғартып- ақ тұр:

Қаракесек Бекболаттың Заманы

Қасқыр деген Заман едi,

Жамандық пен бұзықты

Басқа ұр деген Заман едi.

Айдабол Тайкелтiрдiң Заманы

Түлкi деген Заман едi,

Ойын мен мәжiлiс

Күлкi деген Заман едi.

Қаракесек Алшынбайдың Заманы

Қарсақ деген Заман едi,

Бiреудiң бiр нәрсесiн алдап

Алсақ деген Заман едi.

Шүршiттiң темiр қақпаны,

Мұжықтың кендiр арқаны

Жетпiс жылда бiр шiрiр деп едi.

Иә,1986 жылғы жастардың толқуы мұжықтың кендiр арқанын шiрiтiп қана қойған жоқ,тас- талқанын шығарды емес пе? Оның алмастай нұрлы, семсердей өткiр, бағалы сөздерi, дуалы ауыздан шыққан, шуақтай жылы өлеңдерi, адамзаттың жан түпкiрiне жарық түсiрiп қана қоймай, жаңа өмiрдiң жайлауына шақырған, жарқын өмiрдiң жаршысы.

Мәшһүр –Жүсiп Көпейұлының ұлылығына бас иіп, аруағына шексіз құрмет, ізгі ниет білдірушілер саны күн санап көбеюде. Демек, біздің жүрегімізде ол әлі тірі. Дегенмен де , Мәшһүр –Жүсiп Көпейұлы туралы жазу үшін, сол адамның өзі де, сөзі де ақ болуы қажет. Өйткені әр Мәшһүртанушы Мәшһүр –Жүсiп Көпейұлын жас ұрпақпен табыстырар көпір іспетті.

Көп жылдар бұрын айтылған Мәшһүр- Жүсiп Көпейұлының қанатты сөздерi, сахарадай кең шалқар ақыл- ой даналығымен iзгiлiк жүрегiнен жарып шыққан иба- iзеттiң мол жиынтығы десек, жалған айтпаған болармыз. Мәшһүр –Жүсiп Көпейұлының жүрегiнен туған ұлағатты сөздерi өмiр ағымын түзеуге жол ашып, құдай жолы хақ, адал жол екенiн естен шығармай әр ғылым саласына сiлкiнiс әкелдi. Ол - даралық, даналық, қайраттылық, әулиелік сияқты киелi қасиеттердiң қожасы.

Мәшһүр –Жүсiп Көпейұлының алда халқын бір зұламат күтіп тұрғанын болжап, соны көрмеймін деп, 73 жасында қайтыс боларын болжауы, мүрдесінің жиырма бір жылға дейін сақталуы бізге түсініксіз жәйт. Дегенмен де 50-ші жылдары атамыздың бейітін бұзған немесе арнайы тапсырмамен келген офицердің көп ұзамай қайтыс болуы, тіпті ұрпақсыз қалуы да жай құбылыс емес.

Ал енді Ескелді маңынан асығып, не болмаса мас күйінде өтіп бара жатып, тоқтап қалып ары қарай кете алмай, есі шығып, содан кейін ғана Мәшһүр- Жүсiп Көпейұлының үйі тұрғанын есіне түсіріп, білгенін оқығаннан соң ғана жолы болғанын жолаушылардың көбінен естиміз. 1999 жылдың күзінде Екібастұз қаласынан КамАЗ автөкөлігі "М.Ж.Көпеев " ауылы арқылы өтіп, Қарағандыға баруды жоспарлап шығады. Бұл жолмен бірнеше рет жүрген, Ескелдіге келгенде қол жайып өту керек екенін білетін азамат бола тұра, Бөкембай тауының етегіне тоқтап, жолдасы екеуі алып шыққан шараптарын ішіп, ары қарай аяңдайды. Ескелдінің маңына келе бергенде автокөлігінің екі бірдей доңғалағы жарылады. Оны істеп барып жүрейін десе, машинасы от алмайды. Ана жерін, мына жерін шұқылап, әйтеуір от алдырады. Күн болса батып келеді. Ал жүргізуші жігіт өзінің жол білетініне сеніп, жүріп кетеді. Солай жүріп отырып бір уақытта өзінің басып өткен "Қарасу" совхозынан қалай шыққанын білмей де қалады. Қатесін түсініп, атамыздың бейітінің жанында тұрып, құран оқып, қол жаймағанына өкініп, тізесін соғып, қайтадан қалаға қайтты деп жолда көрген жандар айтып келген болатын. Бұл төңірегінде «Келесі бір қасиет иесі М.Ж. Көпеев» деген мақала Екібастұз қаласында шығатын «Отарқа» газетінің 1999 жылғы бір санында жарық көрген болатын.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы кейбір уақытта Шапықтың әкесі Шөкіні арнайы шақыртып алып, бірнеше күн әңгіме-дүкен құрып, батасын беріп, шығарып салады екен. Содан болар Шөкі екі ұлының атын әулиеге қойғызған. Ол Шапық пен Риза болатын. Шапық деген діни ұғым. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлынан бата алған Шапық биік шыңдардан көріне білді. /8/.

Осы тұста әулие Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы атын қойған Қарқаралы өңірінде тұратын Иса ақсақалдың жалғыз баласы Қарсақбай жас кезінен оқуға ден қойып, ақ пен қызылдың бақталас уақытында, ашаршылық кезінде қиындық көрмей, тек Ұлы Отан соғысынан жараланып келсе керек. Әкесінің Қарсақбай туғанда қойған аты «Мұса» болса керек. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Қайдағыны қайдан қоясыңдар, Бұл ат балаға ауыр екен. Қарсақ деп өзгерттім. Ұрпақсыз болмайсың, тұяғың қалады. Ал немерелерің өздері біледі....»,- десе керек. Иса Қарсаққа «бай» деген сөзді қосқан екен. Сол Қарсақбай 1969 жылы 65 жасында, адам қолынан қаза тапқан. Бірақ артында 4 қызы 2 ұлы қалған.

“Адамның жан құбылысы-оның рухани айнасы” демекші, жарықтық Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы тіршілігінде мағынасыз, мақсатсыз басқосулардан алшақтау жүруге тырысқан жан. Мүмкін нарық заманында тұлғаның қадір-қасиетін түсіну, жан-жақты зерттеу науқаншыл тойлардан аса алмай қалатынын сезген де болар. Дегенмен де өмір озып, елдің сана-сезімі, ой-өрісі өскен сайын Мәшһүртану да биіктей түсетіні анық. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы төңірегінде әңгіме айта білетін қариялардың саны сиреп кетті. Бұл бабамыздың әулиелігі төңірегіндегі зерттеу жұмыстарына біршама кедергілер келтіруде. Сондықтан да Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің әулиелігіне байланысты, ел арасындағы сақталған аңыз-әңгімелерді бір ортаға бүгін жинақтамасақ, ертең кеш болары хақ. Жүсіп Баласағұнның: “Жазылмаған іс көкейде көп тұрмайды”, - деген сөзін жадында берік ұстаған Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, бар білгенін қағазға

түсіруге әр - қашанда асық болды. Сондықтан да ұлт мәселесіне байланысты құнды деректер қағаз бетіне өрнектеліп отырған. Ал өзінің жеке басына қатысты, әсіресе әулиелігі төңірегінде таралған аңыздарды жазып қалдыруға тырыспаған. “Бір елді аралағандағы естеліктерің мен әулиелігің туралы әңгімелерің, жеке бір тарих болар ”,-деп тамсанған Әбәйділдә қажыға Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы:

-Ұрпағыма да ермек керек қой,-десе керек.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы - рақымды тәңіріміздің мейірбан жаны. Әрине, тізе берсең, табыла беретін тұңғиық маржаны. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлына «Халықтың ұлы» деген ұғымын, мәшһүртанушылар, ұрпағы, замандастары емес, халқы өзі берді. Ал халықтың ұлы болуы — ұлылықтың бірден-бір шарты. Оның өзгелерден артықшылығы да осы болса керек. Сондықтан да Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мұрасы - қыры мен сыры көп, телегей теңіздей мол дүние.

Сол себепті біз бүгінде Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлын – ұлы ғалым, ұлы ойшыл (философ), ұлы ұстаз, әулие, шежіреші, тарихшы, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтаушы, тұлғатанушы, зертеуші, сері, т.б. деп атап жүрген жайымыз бар.

Сөз соңында Республика жұртшылығына танымал азулы айтыскер ақындарымыздың бiрi, шашасына шаң жұқтырмаған, тұлпар тынысты ақын Жұмкен Сейiтовтің әулиеге арнаған жыр жолдарын келтіре кетуді жөн көрдім.

Сөзің қалған теңейтұғын асылға,

Атың қалған өшпейтін сан ғасырға.

Бәйтерек ең терең жайған тамырын,

Бір ұрпағың жыр оқып тұр басыңда.

Тағдыр салса, сала берсін салмағын,

Надандардың салдырмасын қармағын.

Бозторғайдай шырылдаған балаңмын,

Қайда жүрсем, қорғап жүрсін аруағың.


Әдебиеттер
1 Дәуітов С. Асыл мұра / С.Дәуітов // Егеменді Қазақстан. –1991.

2 Өкпеннің Кәрімтайы. Менің естіп білгендерім Мәшһүр-Жүсіптің зираты туралы / Өкпеннің Кәрімтайы // Сарыарқа самалы.

– 1995

3 Жүсіпов Н.Қ. Атасының аты білінбей өз аты шыққан ерлер Мәшһүр-Жүсіп Көпеев / Н.Қ. Жүсіпов // Ақ орда. –1993. – № 2.



4 Жүсіпов Н.Қ. Аспан, жер және жаратылысы туралы / Н.Қ. Жүсіпов // Қазақ тарихы. –1995. –№2

5 Баязитов С. Нар тәуекел еткен екен / С.Баязитов // Сарыарқа. – 1995

6 Баязитов С. Абай мен Мәшһүр-Жүсіптің партияға көзқарасы / С.Баязитов // Сарыарқа самалы. –1995

7 Дәуітов С. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ата тарапынан тегі. Ақынның жаңадан табылған. өз қолымен жазылған өмірбаяны / С.Дәуітов // Қазақстан ZAMAN. – 2003.

8 Мәшһүр- Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары / М-Ж. Көпеев. –Павлодар : «ЭКО», 2002. – Т 1. Б 255 -257, Б. 446-451 .

9 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары / М-Ж. Көпеев. –Павлодар : «ЭКО», 2003. – Т 2. Б. 144-147.

10 Жанболат Әлиханұлы. Мәшһүр Жүсіп әулеті / Жанболат Әлиханұлы // Егемен Қазақстан. – 2003. –№7.

11 Жүсіпов.Н.Қ. Ұл еді қарсы туған көк дауылға. / Н.Қ.Жүсіпов // Жалын –1989. –№3.

12 Мәшһүр Жүсіптің ұлы. Егемен Қазақстан. – 1999. –№4.

13 Қазақ совет энцеклопедиясы. Алматы: –1990. Б. 180-189.

14 Р. Сыздық. Қазақ әдеби тілінің тарихы / Р.Сыздық. – Алматы: Арыс, 2004. Б.174-176.

15 Мәшһүр -Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. / М.Ж. Көпеев – Павлодар : «ЭКО», – 2005. – Т.6. Б. 257-258 б.

16 Тұрышев. А. Қ. М-Ж.Көпеев шығармаларының кейбір мәселелері / А.Қ. Тұрышев. – Павлодар, 2005. Б 207.

17 Ағыбаев Н,.Айдарбаев С.Ж т.б. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі «Заңтану» / Н. Ағыбаев, С.Ж. Айдарбаев т.б, – Алматы. : Мектеп, 2002. Б. 14.

18 ОразбаеваФ.Ш, .Сағидолла Г,. Қасым Б,. Қабыланова А,. Есенова Қ,. Исабекова Ұ,. Қасабек Қ, Балтабаева Ж., Мұхамади Қ.,.Рахметова,. Көпбаева Р. Ж Қазіргі қазақ тілі / Ш.Ф. Оразбаева, Г. Сағидолла,. Б. Қасым,. А. Қабыланова,.Қ. Есенова ,. Ұ. Исабекова,. Қ. Қасабек, Ж. Балтабаева, Қ. Мұхамади .,.Рахметова,. Р.Көпбаева – Алматы. : «Print -S», 2005. Б. 33-39.

19 Бұлұтай Ж. Ата-баба діні? Түркілер неге мұсылман болды? / Ж. Бұлтай. – Алматы. : Білім, 2000. Б. 504.

20 М.Ж. Көпеев Таңдамалы. Екі томдық./ М.Ж. Көпеев – Алматы: Ғылым, 1990. Т .1 Б. 273.

21 М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары. / Көпеев М.Ж. – Павлодар : «ЭКО», 2003. Т .1. Б. 436.

22 М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары. / Көпеев М.Ж. – Павлодар : «ЭКО», 2003. Т .2. Б. 384.

23 Сарыарқа самалы 8 тамыз, сейсенбі, 2000 жыл №93 (13190)

24 Халифа. А.Ғ Ғибадатул-ислам. / А.Ғ. Халифа – Алматы : «Берен» МШК., 1994.-128б.

25 М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары. / Көпеев М.Ж. – Павлодар : «ЭКО», 2003. Т .3. Б. 382.

26 Джанвад. Духовная нищета в суфизме. Великий демон Иблис.-М.: Оптимус Лайт, – 2000. 266 с.

27 Баласагуни Ю. Благодатное знание. Ленинград. – 1990

28 Фейрбах Л. Избранные философские произведение. Москва. – 1955. Т1.

29 М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары. / Көпеев М.Ж. – Павлодар : «ЭКО», 2003. Т .1.

30 М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары. / Көпеев М.Ж. – Павлодар : «ЭКО», 2003. Т .1.

31 М.-Ж. Көпеев Таңдамалы. / Көпеев М.Ж. – Алматы: Ғылым, – 1990.

32 Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989.

33 М-Ж. Көпеев.Таңдамалы. Екі томдық./ М.Ж. Көпеев –Алматы : Ғылым, 1990.

34 Фонд редких изданий Нац. Библиотеки. Папка № 1170

35 Антология педагогической мысли Казахстана. Алматы:. 1965

36 « Отарқа» газеті. – 1998. 31 шілде, № 31

37 Ожегов С.И. Словарь русского языка: 70 000 слов. /Под ред. Н.Ю. Шведовой. – 21-е изд., перераб. и доп. – М.: Рус. яз., 1989. – 924с.

38 Философский словарь. /Под редакцией М.М. Розенталя и П.Ф. Юдина. М., Политиздат, 1963.- 554с.

39 Словарь по этике. /Под редакцией О.Г. Дробницкого и С.С. Аверинцева. М., Политиздат, 1983.- 448с.

40 Бербешкина З.А. Совесть как этическая категория: Монография. – М.: Высш. Шк., 1986. – 103с.

41 Көпеев М.Ж. Тандамалы. Екі томдық./ Көпеев М.Ж. – Алматы: Ғылым, –1990. Т.1.

42 Кұдайбердіұлы Шәкәрім. Уш анык. – Алматы: 1991.

43 Мысли мудрых людей. Собраны Л.Н. Толстым. Москва: Худ. лит., 1991.

44 Воронцов В. Симодония разума. Москва: 1977.

45 Гоголь Н.В. Выбранные места из переписки с друзьями. Москва: Сов. Россия, 1990.

46 Мысли мудрых людей. Москва: Худ. лит. 1991.

47 Абай (Ибрагим Кунанбаев) Слова назидания / Пер. с каз. С.Санбаева. – Алма-Ата: Жалын, 1983).

48 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары / Көпеев М.Ж. –Павлодар: “ЭКО” ҒӨФ, 2007. Т.13. Б. 44.

49 Ақ-жол" газеті, №44. 1921 жыл. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Орталық Ғылыми Кітапханасы Қолжазба Қорындағы Мәшһүр-Жүсіптің №1176 папкасынан алынды.

50 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары / Көпеев М.Ж –Павлодар “ЭКО” ҒӨФ, 2000.Т. 11.Б.141-бет.

51 А.Төлепберген (1932 жылы дүниеге келген, руы-Қозған. Баянауыл ауданының қадірлі азаматы) жазбаларының көшірмесінде әңгіменің алғашқы жолында: «Қысқа да болса біраз әңгімелеседі» деп көрсетілсе А. Смайылов (Руы Айдабол. Қарағанды қаласы, Сұрыптау стансасының қадірлі азаматы, соғыс ардагері) көшірмесінде «Астан соң Мәшһүр-Жүсіп пен Шәкәрім қажының әңгімесіне қарық болған жұрт кешкісін әзер тарқасты» деп жазылған. Папка 001, 2-дәптер. Б-2. Ә.П. жанұялық мұрағаты.

52 М. Иманғали (1903-1993жылы Руы –Айдабол. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шәкірті әрі атқосшысы) жазбаларының көшірмесі. Араб тілінен аударған А. Төлепберген. Папка 001 1-дәптер. Ә.П. жанұялық мұрағаты.

53 Әңгімені баяндап берген А. Төлепберген. Ол 1989 жылы М. Иманғалидің аузынан естіп, арап тілінде жазылған қолжазбасын оқыған. Папка 003, 1-дәптер. Б-4. Ә.П. жанұялық мұрағаты.

54 С. Көпеев «Жұлдызға хат» Жұлдыз журналы 1994 ж. №9 басылымы 162-164 бет. Түпнұсқа Ә.П. жанұялық мұрағаты.

55 Р. Тоқтаров. Абайдың жұмбағы / Тоқтаров Р. –Алматы : 1999. Б. 660.

56 Қарағанды қаласының тұрғыны Өмірұзақ байдың немересі (1871-1928 ж.ж. Руы Қуандық) А. Талаптың (1943-1996 ж.ж.) аузынан жазып алған Сламбек ақсақал (1943 жылы туған. Руы Айдабол. Қазір Қарағанды облысы Абай ауданында тұрады). Аталмыш дерек Нұржан Баймырзаұлының жанұялық мұрағатынан алынды. (1954 жылы туған. Руы Айдабол. Қазір Қарағанды қаласында тұрады). Папка 005 1-дәптер. 3-бет. Ә.П. жанұялық мұрағаты.

57 Ә. Пазылов. Ғалым жайлы бір үзік сыр / Ә.Пазылов // Сарыарқа Самалы. – 2002. – №54.



Мазмұны
Алғы сөз..................................................................................................... 3

Асыл мұра...................................................................................................5

Менің естіп білгендерім Мәшһүр-Жүсіптің

зираты туралы............................................................................................8

Атасының аты білінбей өз аты шыққан

ерлер Мәшһүр-Жүсіп...............................................................................10

Аспан, жер, және адам жаратылысы туралы

(Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің қолжазбасы)...............................................15


Нар тәуекел еткен екен......................................................................24


Абай мен Мәшһүр – Жүсіптің партияға көзқарасы..............................33

М.Ж. Көпейұлы –ауыз әдебиетін жинаушы..........................................36

«Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ата тарапынан тегі »

Ақынның жаңадан табылған, өз қолымен

жазған өмірбаяны ....................................................................................45

Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы

Мұхамедәмен бейнесі ..............................................................................51

М.Ж.Көпеев шығармаларындағы сот-заң

істеріне қатысты лексика.........................................................................65

М .Ж. Көпейұлының діни-философиялық

көзқарастары.............................................................................................69

Категории Добра и Зла в

интерпретации М.-Ж. Копеева …………………………………………80

Духовное наследие Машхура-Жусупа Көпеева................................... .84

Философия совести Машхур - Жусупа Копеева................................ 90

Мұхамед-Әменнің әділетсіздікті сынауы...............................................97



Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің әулиелігі туралы..........................................99





жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау