МәШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том



жүктеу 0,75 Mb.
бет2/5
Дата21.11.2018
өлшемі0,75 Mb.
#22704
1   2   3   4   5

Нар тәуекел еткен екен

С Баязитов

Қазақстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі

«Сарыарқа» 1995


Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы кеңшар жиырмасыншы ғасырдың екінші жарты жылдығында еңсе. көтеріп, іргелі ел қатарына қосылған. 1961 жылы сол кездегі «Шадыра» совхозынан бөлініп, жеке совхоз болып шаңырақ көтерген.

Ол кезде бұл елді мекен «Жаңажол» совхозы аталатын. Аудандағы орта шаруашылықтардың бірі еді. Өткен отыз екі, отыз үш жылда сол қалпынан бір танған емес. Рас, сонау бір жылдарда Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметов директор болған тұста әр сала бойынша арты аудан, алды облыс көлемінде жеңімпаз деп танылып, ауыспалы Қызыл туларды жеңіп алған тұстары да болған. Тек мұндай жұлдызды сәттері ұзаққа бармаған. Шаруашылықтың ірге тасы берік болғанымен шаруасы шалқыған ел еді деп айта қою қиын.

Бір сөзбен, оза шауып бәйге алмаса да ұлан бәйгеде шаңға көміліп, тіпті артта қалған жайы және жоқ еді. Ел қатарлы тірлік кешіп жататын. Тек алыптарды алқындырып, онсыз да өлместің күйін кешіп келе жатқан Одақтағы көптеген кәсіпорындар мен шаруашылықтардың шаңырағын шиқай, төрт аяғын аспаннан келтіре келген қайта құру кезеңінің тепкіні қабырғасын қақыратып-ақ жіберген. Бұл ауыртпалықты қырда жатқан аядай Мәшһүр-Жүсіп атындағы кеңшар ғана емес, одақтағы небір шаруасы шалқып отырған кәсіпорындар мең шаруашылықтар да айқын сезінген. Көбісі-ақ тұралап тынған. Шаруадан береке кете бастағаннан кейін елдің де экономикалық жағдайы тығырыққа тірелгендей еді.

«Бір жұмақтың бір дозағы бар» дегендей, нарықтық қатынас кезеңінде ел ішіндегі байланыстың үзіліп, есеп айырысу жүйесі жүрісінен жаңылған жорғадай кібіртіктеп, баға шарықтап, ақша құнсызданып, жекелеген адамдардың да қалтасын қаға келген қатқыл қабақты нарық заманы одақты мекендеген ұлттар мен ұлыстардың егемендігі мен тәуелсіздігіне жол ашқандай еді. Ал мұның өзі соңғы жетпіс жылдан астамғы кеңестік дәуір кезеңінде тілі мен дінінен, ата дәстүр, салтсанасынан ада болуға айналып ұлттық сезіміне селкеу түсіп, намысы аяусыз тапталған қазақ
халқы үшін жаратушы жаббар хақтың асқан мейірімділікпен жарылқауымен пара-пар еді. Ақтүйенің қарны жарылып, тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі

Ата Заңымыз қабылданып, көсегені көгертер көк байрағымыз көкке шаншыла желбіреп, тірі жетімнің күнін кешіп, шет қақпай қалған тіліміз мәртебелі мінбелерден бұлақ суындай сылдырай төгіліп, хан Абылай, қанжығалы Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, Малайсары Олжабай, әз Жәнібек тағы да басқа ел қорғаны батырларымыз, қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би, Абылайдың ақылшысы көмекей әулие Бұқар жыраулар ғасырлар қойнауынан «тіл қатып», рухтары туған халқымен сағыныша қауышқан. Сол бір тарихи кезең, сол бір ұлы кезеңдер халық санасын сілкіп қана қоймай, ұлттық намыс отын үрлей түскен шақ еді. Халықтың өшкенін жандырып, өлгенін тірілту үрдісі Баян жерінде де өзінің сәтті жалғасын тапқан. Сөйтіп, 1993 жылдың 20-қазанында Мәшекеңнің есімімен аталатын кеңшарда ақын, тарихшы, көріпкел әулие Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің осы заманға, сәулет өнерінің талаптарына сай салынған мұражайы айқара есік ашқан. Сол күні Арқа төсінде жер-дүниені қарашаның қара суығы қалтыратып тұрғандай еді. Соған қарамастан Мәшекеңнің мұражайының ашылу салтанатына келген адамдардан көз тұнады. Аудандағы он бір шаруашылықтан аудан орталығынан келгендерді былай қойғанда Семей, көршілес Екібастұз қалаларынан да қонақтар баршылық еді.

Міне, біз әулиеге арналып салынған мүражайдың ішіне кіріп келеміз. Мұнда қойылған экспонаттар ақынның өмірінен мол хабар беретіндей. Қарсы алдымызда ақ қағазға бір кимелеп келген ойды жаза қоюға құлшына кіріскен Мәшекеңнің бюсті тұр. Оны көргенде ақ жаулықты аналардың бірі:

- Жарықтық-ай, деп көзіне жас алған. Сол сәт жұрттың көпшілігі қол орамалдарын жанарларына қарай жақындатып жатқаны байқалып-ақ қалған. Иә, бұл талай жылдар аңсай кұткен асылының, ардағының туған еліне арнаған өлшеусіз еңбегінің ендігі жерде халық игілігіне айналатынан шүбәсіз сенген Мәшекеңнің ұрпақтарының сарғайған сағыныштан шыққан көз жасы, қуаныш көз жасы екендігі сөзсіз еді. Ал кейбір ақсақалдар алла өзің кешіре гөр десіп, күбірлесіп қояды. Бәлкім, олардың тарихтың, Мәшекеңнің алдында ешбір кінәлары болмаса да сонау бір сойқанды жылдарда өткен өкінішті іс үшін алладан, қала берді Мәшекеңнің аруағынан кешірім сұрағандықтары болар.

Экспонаттарды асықпай аралап жүрген адамдардың арасынан Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметовты көзім шалды. Сол әт жаңа ғана Мәшекеңнің мұражайының ашылуына байланысты баяндама жасаған ақынның немересі, ғалым, жазушы Қуандық Пазылұлы Мәшһүр еңбегін зерттеп, әр жылдарда пікір айтқан. М. Әуезов, С. Мұқанов, Д. Әбілев, Ә. Қоңыратбаев, М. Бежеев, С. Дәуітовтермен қатар Мәшекеңнің бейітін қалпына келтіріп мұражайын ұйымдастыруды қолға алған адамдардың есімін мақтанышпен айта келіп, Мұрат Дүйсенбайұлына азаматтық ақ алғысын арнағаны есіме оралған. Расында да, Мұрат ағаның және басқаларының сол жылдарда. Мәшекең үшін атқарған еңбегі ерлікпен пара - пар екен-ау деген ойға бекінген мен осыдан бір жыл бір ай өткен соң осы әңгімеге қайтып оралып, Мұрат Дүйсенбайүлын іздеп баратынымды білген жоқ едім.

- Иә, деп аз іркіліп, ойға берілген ол әлден соң бұл 1976 жылы еді. «Жаңажол» совхозына директор болып тағайындалдым. Сол жылы ақынның келіні, кеңес Одағының Батыры сол кездегі халық депутаттары облыстық Кеңесінің төрағасы Махмет Қайырбаевқа арнайы барып жолығып, Мәшекеңнің бейітін көтеріп, қалпына келтіруге рұқсат алып келіпті. Мақаңның көмегімен Екібастұз халық депутаттары қалалық Кеңесінің атқару комитеті іске араласып, құрылыс материалдарын әкеліп төге бастаған шағы екен. Нұрила апай маған осы жайларды баяндап, құрылыс материалдарының әлі де жетіспейтіндігін, құрылысшылардың қажет екендігін айтты. Қандай көмегің бар деуді де ұмытпады. Сұрастыра келсем Нұрила апай Ескелдідегі Мәшекең бейітінің басына жеңіл - желпі көшіп те алған екен.

- Көмектесеміз апа, қолдан келген көмекті аямаймыз деп жатырмын. Айтқанды орындау азаматқа сын, қолдан келген көмекті аяғанымыз жоқ. 1977 жылы бейіт құрылысы аяқталды. Сол күні бейіт басына жиналған халықтың қуанышын көрсеңіз ғой.



Осы сәтте сол жылдарда әлде бір игілікті іс жайлы сөз бола қалса ел басшыларының ертең әлдекім жоғары жаққа жазып жіберсе мен жауап беремін, жұрттың несі кетеді деп шыр-пыры шығатыны есіме түсе кеткені.

- Мұрат Дүйсенбайұлы. Құрылыс материаддарының, әсіресе адам күшінің сол жылдар да жыртылып айырылмағаны белгілі. Ауыл тұрғындарының бірінің қорасы құлап, бірінің үйінің төбесінен тамшы ағып, шаруашылық басшыларынан материал сұрап, ол табыла қалған жағдайда жөндеуші құрылысшылар тауып беруін талап етіп кеңсе табалдырығын тоздырып жүргенін көзбен көрген едік. Кейде мұның өзі жоғарыда жазылар арызшағымға да негіз болып жататын. Ақынның бейітін көтерген кезде өзіңіздің үстіңізден әлдекімдер жоғары жаққа жуйрік қаламын жорғалатып жіберген жоқ па?

- Ол не дегенің. Ауылдың еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін Мәшекеңнің бейітінің ойдағыдай бітуіне тілектес болды десем артық айтқандық болмас. Бір де бірі бейітті неге көтеріп жатырсыңдар деп сөз қозғаған емес. Қайта қаржы қажет болса көмектесейік деушілер аз болған жоқ.

Тіпті, мұражай салу керек дегенді де сол ауыл адамдары ауызға алғаш алған еді. Солардың бірі қазақ өнерінің белгілі тарландары Қуат, Суаттың әкесі Әуезбек Әбусейітов ақсақал Мәшекеңнің немересі Төлеубайдың болашақ мұражайға деп арнап жинаған біраз экспонаттары бар, соны пайдаланып, Мәшекеңнің мұражайын ашу қажет, істің бір қолға алынуы ғой, ар жағы оңғарыла береді деп ауыл тұрғындарыньң атынан тілек білдірген еді.

Мен Төлеубай ақсақалдың үйінде жинақталған экспонаттармен таныстым. Онда киіз үйдің, арбаның, бесіктің алтыбақанның, келіннің макеттері бар екен. Осы заттардың, тағы да басқа заттардың макетін Төліекеңнің өзі қолдан жасаған көрінеді. Мен ол кісілерден Мәшекеңнің киім - кешегі, пайдаланған заттары бар ма, деп сұрадым. Бар десті олар. Көзәйнегін, киім - кешегін тағы да басқа заттарын, шай самаурынын көрсете отырып мұнымен қатар деді олар тағы да ел ішінде тараған Мәшекеңнің заттары баршылық. Іздестіреміз, жинастырамыз десті. Көп ұзамай осындағы мектептің бір бөлмесін Мәшекеңнің мұражайына бөліп бердік. Салтанатты жиын өтті. Әуезбек салтанат үстінде Мәшекеңе арнап өзі шығарған өлеңін домбыраға қосылып айтып берді. Кезінде сері, әнші болған Әуекеңнің сол өлеңін жаздьіртып алу бірде - біріміздің қаперімізге кірмегеніне өкінемін. Сонымен қатар ол мұражайға күміс ертоқымын сыйлады. Ауылдың ақ жаулықты әжелері мен, ақсақалдары ән шырқап, би билеп кетті. Келер жылы ауыл ортасынан шаруашылық тәсілмен екі қабатты клуб үйін саламыз, соның екінші қабатын Мәшекеңнің мұражайы ретінде пайдаланамыз деп жиналған халыққа уәде бердім.

Аудандық партия комитетіндегі кейбір жолдастарға ойымды сездіртсем олар, өзің біл, әлдекім үстіңнен арыз жазып жіберсе партиядан шықпасаң да сөгіс алатының айдан анық дегенді аңғартты. Қатты толқып ойлануға тура келді. Өйткені, партиядан шықпасаң да сөгіс алудың өзі ол жылдарда алға басқан адымыңды артқа қарай шегіндірумен пара-пар еді. Әлденеден ауыл адамдарының мен уәде берген сәтте гүл-гүл жайнаған жүздері, Әуекеңнің әуезді әні құлағыма келгендей болды. Сонымен қатар «уәде құдай аты» дегенді жастай санамызға сіңіріп өскен ауыл баласымыз ғой» тақ түссе таңдайға, бақ түссе маңдайға» дегендей нар тәуекел деген едік.

Әулие бабамыздың аруағы қолдады ма екен. Әйтеуір ешкім жоғарыға да, төменге де бұл жайлы «хабар» салуға асықпады. Мәдениет үйінің қабырғасы көтеріліп, ішкі өңдеу жүмыстары да аяқталды. Осы сәтте мен облыстық мәдениет басқармасының бастығы Балтабай Сейсенбековке жолығып, мұражайды жабдықтауға қол ұшын беруді өтіндім. Көп ұзамай Павлодардағы өлкетану мұражайының қызметкерлері келіп, жұмысты қолға алды. Ал бұл кезде болашақ мұражайдың экспонаттарын біржарым жылдың ішінде Аманкелді Омаров жинастырып та үлгерген еді.

Қ. Сәтбаевтың 90 жылдығын тойлауға сол кездегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков келе қалды. Ол Мәшекеңнің басына ат басын бұрып, бейітін мавзолей етіп салыңдар. Музей үйін жеке салыңдар, деп нұсқау беріп қаржы бөлдіртті. Соңғы мұражай кезінде сол кісінің нұсқауымен жоспарланған еді. Міне, оның халқына қызмет етіп тұрғанына да екінші жыл. Тағыда қандай сауалыңыз бар, - деді ол маған назарын тіктеп.

- Бастаған істің сәтті аяқталуы әрқашанда қуаныш дей тұрсақ та сол қуаныш үстінде де адамның жан жүрегін толқытып, есінде мәңгілік қалатын ерекше сәттер де болады ғой. Сол жағына да аздап тоқталып өтсеңіз.

- Мәдениет үйіндегі мұражай ашылғанда Ақбәйбішенің Сүйіндіктің шешесі (Зейнеп) көзі тірі еді. Өзінің үстіндегі шапанын шешіп алып менің иығыма ілді. Сол сәтте айтары жоқ қатты толқыдым. Қарт ананың жан - дүниесінің дархандығына сүйсіндім деп үнсіз қалған ол әлден соң барып шапанын
Ақбәйбішенің өзіне қайтып бердім. Қазірде Сүйіндіктің үйінде тұр, деген еді.

Жанашыр
- Сіз Мәшһүр Жүсіп Көпеевті білесіз бе? - Иә, дедім мен, ол кісі біздің жерлесіміз ғой. Бейіті қай жерде.

- «Жаңажол» совхозында.

- Жоқ, дәлірек атасаңызшы.

- Онысын онша біле қоймадым.

- Менің біршама қысылып, қолайсызданып қалғанымды аңғарған ол:

- Ол кісінің бейіті өзің айтқан «Жаңажол» совхозының Ескелді деген жерінде. Басында болмағаның көрініп-ақ тұр. Тек шыныңды айтшы, қазірде сен қатарлылардың көбі атеистер ғой, Мәшекеңе деген көзқарасың қалай.

- Шынымды айтсам атеистігім шамалы. Алла мен аруақты ауыздан тастамай келе жатқан жай бар, аға. Ал аруағыңнан айналайын Мәшекеңді...

- Жә, жетер, ниетің дұрыс екен. Біз ол кісінің діндәрлығы өз алдына, ақын, философ, тарихшы ретінде де құрмет тұтып, қастерлеуіміз қажет қой. Иә, бізге сол кісінің бейітінің, мұражайының суреті керек еді.

Манадан бері аяқ астынан басталып кеткені әңгіменің аңысын аңғара алмай, мына кісі менен Мәшекең жайлы тереңдей сұрай қалса масқарам шықпаса игі еді, деп мазасызданып, мәнім кетіп отырған басым.

- Суреттері керек еді дейсіз бе, аманшылық болса көп кешіктірмей қолыңызға тигіземін,- деп уәдені беріп-ақ қалғаным.



Әйтеуір өлдім - талдым дегенде оның да орайы келді-ау. Олай дейтінім астында көлігі жоқ адамға Баяннан Жаңажолға фотограф алып барып сурет түсіртем деу екі талай нәрсе екен, оған көп ұзамай көзім жетті. Менің автобуспен барып қайтайық деген ұсынысыма сурет түсіретіндер оның қолайлы бола қоймас, барсақ машинамен барғанымыз жөн ғой деген уәж айтқан. Сөйтіп жүрген де Мойылдыда еңбек озаттарының слеті жалауын желбірете көтерген, сол мерекеде ұшыраса кеткен жаңажолдық Егінбай Қоңырбаев аға амандықтан соң:

- Ал, бауырым мына тойдан ескерткіш болсын деп фотоаппаратын қолына алған.

- Аға, мені қайтесіз, мүмкіндігіңіз болса Мәшекеңнің бейітін, мұражайының суретін бірнешге дана қылып түсіріп беріңізші, деп жата жабыстым. Көп ұзамай Егінбай аға сұраған суреттерімді қолға тигізді.

Қарағандыдамын. Мен әкелген суреттерді көргенде философия ғылымының кандидаты, Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, кейінірек қазақ тілі әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болған Құлмағанбет Еспаев ағаның қуанғанын көрсеңіз ғой.

- Енді, - деді ол, - студенттерге Мәшекең жайлы азды-көпті сөз қозғағанда мына суреттерді көрнекі құрал ретінде пайдаланатын боламын. Сонан соң әлде не есіне түскендей.

- Ал ол кісінің мұражайын үйымдастырған кім, - деп сұраған.

- Аманкедді Омаров. Ауыл мұғалімі.

- Әріптесіміз екен ғой. Әй оған да оңай болған жок, шығар деген жайымен.

Өз басым қатты қадір түтатын ағаның Аманкелдіні әріптесім деуі, мені қатты қүантқан Баянға барғанда Мәшекеңнің басына барып тәуіп етіп, мұражайын араласам, туған - туысқандарымен, өрен-жарандарымен жақын таныссам, сонан соң Аманкелдіге кездесіп, тыңнан тапқан деректері болса көрсем деген.

- Аға, - дедім мен - Аманкелді тек Мәшекеңнің мұражайын ұйымдастырып қана қоймай сонымен қатар Сұлтанмахмұт Торайғыров ағамыздың да мұражайын ашып, Баян өңіріне келген қонақтардың көз мерейін қандырып, ақынның өздері біле бермейтін өмір деректерімен танысуға мүмкіндік туғызды.

- Бәрекелді, бұл өзі бір қолынан іс келетін, әдебиет десе ішкен асын жерге қоятын жігіт болды ғой деген Құлмағанбет аға ризашылық көңілмен.

Ол кісі құт - береке дарыған Баян топырағын әлденеше рет басты. Ақ көбігі аспанға атып буырқанып жататын Жасыбайдың жасыл жағалауында талай рет демалып та жатты. Тек өзін автостанция басынан әмәндә жаяу - жалпы қарсы алып тұратын, Жасыбайга апару үшін маршрутты автобусты тосумен болатын інісінің (өзі солай деуші еді) жігерін құм етіп, әлдекімдерден жеңіл машинасын сұратып, пенде қылғысы келмеді ме екен, әйтеуір жоғарыдағы тілегін қайталаған емес. Тек әлгі Аманкелді Омаров бұл жерден алыс тұра ма, деп сұрағаны есімде қалыпты. Ал бұл жылдарда, Аманкелді аға Ж. Шанин атындағы совхозда тұрып жататын еді. Хабар салсам қалай болады дегенімде.

- Қой қолайсыз болар, деген.



С. Торайғыровтың тойына өз тарапынан арнайы келген ағаны қуана қарсы алдым. Келер жылы Жасыбайға келіп дем алып, қайтыңыз, орайы келсе Мәшекеңнің басына зират етерсіз дегенімде қатты қуанып.

- Мерзімін өзің хабарларсың деген болатын еді. Сол сәт осы бір жаны жайсаң, қазақтың ұлы ғалымы, жазушысы Мұхтар Әуезов пен ірі ғалым Евней Букетов жайлы төгіле сыр шертетін (ол кісі олардың бірінің шәкірті, екіншінің қарамағында көп жыл қызмет істеген) жақсы ағаны бұл соңғы рет көруім екенін сезген жоқ едім.



Мәшекеңнің 135 жылдық тойы Ескелдіде өтіп жатты. Бір кезде айнала тұрған адамдарға басын әнтек изеп, әдетінше әлдеқайда, жылдам аяңдап бара жатқан Аманкелдіге көзім түсе кетті. Сол сәт оны Құлмағанбет ағаның әріптесіміз екен ғой, мұндай халықтық мәнге ие, іске осындай жан жүрегімен берілген шынайы жанашырлар болмаса бола ма деген сөзі есіме оралған. Мынау жарық жалғанда Аманкелді атты мұғалімнің бар жоғына да бейхабар Құлекеңнің Омаровқа берген бағасына, ризашылығына әлденені алып қоса қоюдың өзі қиын-ау. Өйткені қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға талпынған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров, қазақ үшін жүрек майын шырағдан еткендердің бірі тұңғыш режиссер Жұмат Шанин, халқының інжу-маржан жырларын тарих тозаңының арасынан қағып аршып, талмай жинаған, сөйтіп ұрпағына өлшеусіз олжа салған ақын, тарихшы Мәшһүр Көпеевтің сонау жиырмасыншы жылдары қызыл қыран, Сәкен Сейфуллин «Қазақ әдебиеті туралы хат» атты мақаласында өте-мөте керек болып отырған мағлұматтар Асан қайғы сөздері Бұқар жырау сөздері, Шортанбай сөздері, Мәшһүр Жүсіп сөздері, әсіресе хал-ахуалы деп іздеу салатын Мәшекеңнің мұражайын ұйымдастыруды қолға алып, ұйтқы болу «жан жүрегімен беріген шынайы жанашыр» екендігінің айғағы емес пе? Шынайы жанашыр болу ауыл мұғалімі Аманкелдіге оңайға түсті дейсіз бе?

Қатардағы мұғалім түгіл мектеп директорларының өзін шарты келмесе қабылдамай қоятьн әртүрлі дәрежедегі кабинет иелері Аманкелдіні құшақ жая қарсы ала қоюлары, Мәшекеңе мұражай ашпақ ойда едік, соған мынадай көмек керек дегеніне еліп ете түсулері екі талай-ау, тек ойға алған ісінің орайын келтірмей тынбайтын мақсаткерлігі, өжеттігі, тіпті асыра айтсақ ерлікке пара-пар табандылығы талай қатқыл қабақты кабинет иелерінің маңдайындағы сірескен мұзды, ызғарды жібітіп, таңдайындағы жоқты бармен алмастырды ма екен, кім білсін, әйтеуір Аманкелдінің солардың көпшілігінің алдынан құрқол қайтпауы ақиқат. Бәлкім, бұған өз өмірбақи аузынан тастамай айтып жүретіндей ұлылардың аруағы желеп-жебеп көмектескен болар. Қалай дегенменде де Аманкелді маған жұрт өз есебін қалай түгендерін білмей есі шығып жүрген заманда ұлы мақсат жолында өзін өзі ұмытқаны былай тұрсын дүние қуып, өзара бәсекеге түсіп әлек болып жүрген мына жұрттың есіне Сұтанмахмұтты, Мәшекеңді, Жұмат Шанинді салып, олардың халқы үшін сіңірген адам айтқысыз еңбектері жайлы сөз қозғауының өзі оның жан дүниесінің байтақтығы мен қатар батылдығын өзгелер үшін өмір сүре білетіндігін дәлелдей түсетіндей. Неткен тәуекелшіл, неткен ақкөңіл жан еді дегің келеді.

Иә, «сыбырлағанды құдай естімей ме» дегендей, осы әз ағаны да кезінде ренжітіп алғанымды несін жасырайын. Сол реніш үстінде ол маған «мен тарихта қаламын» деген еді.

Тәңірім-ау, оның ашу үсті айтыла салған осы бір сөзіне күлушілер де, кекетушілер де табылар, өз басым қарсы алдымда отырған шүйкедей шалдың оған сай еңбегінің бар екеніне сол сәтте болмаса да ойлана толғана келе қол қойған едім. Бұлай деуге оның аталған мұражайлардағы экспоңаттарды жаяу - жалпы, жинағаны әлде бір деректің бар екенін естіген сәтте кез - келген жүк машинасының, трактордың қорабына жармасып, жолға шығуы, кейде қалалардағы қонақ үйінен орын тимей вокзал басына қонып, кейде қара нан мен қара суды азық етіп «ауылдастарының кейбірінің» осыған не жоқ, мұражай қажет болса үкімет ашпай ма, деген мысқылын ести жүріп ашқан мұражайлары қандай да болсын жоғары бағаға лайықты ғой... «Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпес» деген ғой, Аманкелді аға осы мұражайлар туралы сөз болғанда өзіне қол үшын берген сол кездегі аудандық халық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Зарлық Сәдуақасұлы мен сол жылдарда Мәшһүр Жүсіп атындағы кеңшарда директор болған Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметовтың есімдерін құрметпен атайды.



Бәлкім кезінде оған қолдау көрсетпек түгіл кабинетіне кіргізбеген басшылар да болған шығар, бірақ олардың сол қылықтарын Аманкелді ағай әлдеқашан-ақ ұмытып кеткен, сынды. Аузына алмайды. Текті адамның кегі де үзаққа бармайтынның айғағы-ау бұл.

Қазірде С.Торайғыровқа, М.Көпеевке өздерінің аты мен аталатын кеңшарларда осы заманғы сәулетті мұражайлар бой көтерді. Әрине, бұл мұражайларды Аманкелді аға мұрындық болып аштырған мектептің бөлмесіңдегі, клубтың ішіндегі мұражаймен салыстыруға келмес әйтсе де бұл мұражайлардың кезінде Аманкелді Омаров негізін салған мұражайдан бастау алғанын әсте үмытуға болмайды. Тіпті, мұражайға келгендерге бұл мұражайдың негізін ауыл мұғалімі, кейіннен мұражай директоры болып жемісті қызмет атқарған Аманкелді Омаров салған еді деп бастаса да ешбір ағаттығы болмас еді.

Осы орайда ақын Қадыр Мырзалиевтің:

Қажет пе кішісің бе, ірісің бе,

Жақсының қалт жібермей бір ісін де,

Өлгенін, жерлегенін күтіп жүрмей,



Талантты қадірлейік тірісінде,- деген өлең жолдары ойға оралады. Ақын айтпақшы біз де ортамызда сан жылдар жас жеткіншектерге білім берумен қатар өмірінің саналы жылдарын Сұлтанмахмұт сынды ақынның өмірі мен творчествосын зерттеугі оған мұражай аштыруға, Мәшекеңнің басына да өшпес белгі соқтыруға, Ж. Шанин музейін ұйымдастыруға жұмсаған ақын, азамат ағамызға кезінің тірісінде-ақ құрмет көрсетіп, аталған ауылдардағы көшелерге есімін бергізсек артық па? Тарихты халық, оның ішінде осы Аманкелді Омаров сияқты қарапайым ұлдары жасайтынын есте ұстайық ағайын.
жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау