38
еңбегіне ақы төлеуді жеңілдетеді.
Айырбас — негізгі ұғым. Онсыз (ішкі, дүниежүзілік және т.б.) базар жоқ. Кәсіпкерлік
қызм-ң барл. түрлері айырбасты қамтиды. Өндіруші тауарды өндіреді де сатушыға оны
сатады, онымен белгілі бір бағамен ауысады. Өз кезегінде, саудагер бұл тауарды сатып
алушыға қандай да бір бағамен сатады, жұмысшы жалақыға жұмыс күшін
алмастырады, акционер капиталды дивидендтерді айырбасқа салады, банкир
пайыздарға айырбасқа ақшаны қарызға береді.
Экономикалық қызмет – айырбастың жалпы және кеңінен тараған түрі — тауарлар
айырбасы немесе ақша арқылы қызмет көрсету. Тауарлар немесе қызмет көрсету басқа
тауарларға немесе қызметтерге алмастырылады, айырбастың мұндай түрі бартер деп
аталады.
Бизнестің функциялары .
Негізінде, кәсіпкерлік төмендегідей функцияларды болжалдайды:
Қаржы мен есепке алуды жүргізу. Инвесторлар немесе несие берушілердің қаражаты
есебінен капиталды жұмылдыру. Сатудан табыстарды қорландыру. Капиталды
кәсіпкерлік аясында, оның сыртында қолдануды басқару.
Кадрлық. Кәсіпкерлік қажеттіліктеріне сәйкес іріктеу және жұмысқа қабылдау,
қызметкерлерді қолдануға қатысты барлық сұрақтарды шешу.
Материалдық — техникалық қамтамасыз ету. Шаруашылық қызметке қажетті шикізат,
машиналарды және жабдықтарды сатып алу.
Өндірістік. Шикізат пен басқа жеткізілімдерді кәсіпорынның клиенттеріне сатуға
жарамды өнім түріне айналдыру.
Маркетинг. Тұтынушылардың мұқтаждықтарын анықтау және кәсіпорын және оның
контрагенттері арасындағы айырбас процесін басқару.
Кәсіпкерлікті қолдау — бастама және басқару тәжірибесі арқылы кәсіпкерлік ойларын
тарату.
Ғылыми — зерттеу, яғни жаңа технологиялық процестерді немесе кәсіпкерлікті
жақсартуға, жаңа өнім нарығының тиімділігін артыруға, өткеруді кеңейтуге арналған
жаңа өнімді іске асыру жөніндегі қызмет.
Жұртшылықпен байланыс («паблик рилейшнз») — бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы кәсіпорын мен қоғамдық құрылымдар арасындағы қатынастарды жүзеге асыру
және басқару13.
Әлбетте, ең алдымен:«Өз ісімді жүргізуіме қажеттінің бәріне иемін бе?» деген сауалға
жауап беру керек. Ал өз кәсіпорныңызда бас қызметші болып табылатындығыңыздан
сіз өзіңіздің оң және теріс сапаларыңызды объективті түрде бағалауыңыз қажет, бұл
туралы жоғарыда сөз еттік.
3. Кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің барлық түріне дерлік тән: өндірістік,
шаруашылық, коммерциалық, саудалық сатып алу, делдалдық, инвестициялық
кеңестік, қызмет көрсету және қаржылық.
Кәсіпорын жұмыс істейтін жұмысшылар саны мен жарғылық қордың көлеміне
байланысты кәсіпкерлік 4 түрге бөлінеді: шағын, орта, ірі, аса ірі кәсіпкерлік (
компаниялар)
Меншік формасына байланысты: жеке меншік, аралас меншік
Кәсіпкерлік ұйымдық – құқықтық формасына байланысты: серіктестік, акционерлік
қоғам, кооперативтер
.
Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым
39
Тақырып № 5.
Кәсіпкерліктің шаруашылық серіктестермен келісімдік
қатынастары
Қазақстанды Азаматтық кодекске сәйкес кәсіпкерлік (коммерциялық) істің
мынадай ұйымдастыру құқықтық формасы құрылуы мүмкін: шаруашылық серіктестер
мен қоғамдар, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік кәсіпорындар.
Шаруашылық серіктестер- құрылтайшылардың салымдары есебінен
құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісінде өндірген және алған
мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болды.
Шаруашылық серіктестер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам
нысандарында құрылуы мүмкін. Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық
серіктестіктің құрылтай құжаттары болып табылады. Жарғы бір адам (бір қатысушы)
құрған шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты болып табылады. Шаруашылық
серіктестіктің жарғысымен барлық мүдделі адамдар танысуға құқылы. Серіктестіктің
құрылтай құжаттарын нотариат куәландыруға тиіс. Шаруашылық серікткстіктердің
акциялар шығаруға құқығы жоқ.
Толық серіктестік. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда
қатысушылары серіктестіктердің міндеттемелері бойанынша өзіне тиесілі толық
серіктестік деп аталады.Жеке тұлға, Қазақстан азаматы бір ғана толық серіктестіктің
қатысушысы бола алады.
Сенім серіктестігі.
(командиттік).Серіктестіктің міндеттемелері бойынша
өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктестігімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан
да көп қатысушыларымен қатар, серіктестіктердің (салымшылардың) мүлкіне өздері
салғант салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп
қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қзметті жүзеге асыруға
қатыспайтың серіктестігі сенім серіктестігі деп аталады. Сенім серіктестігіне
қатысатын толық серіктестіктердің құқықтық ережесі және олардың серіктестік
міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктердің қатысушылары
туралы ережелермен белгіленеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Бір немесе бірнеше адам құрған,
жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген
серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады;жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке қатысушылар оның міедеттемелері бойынша жауап бермейді және
серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны
шегінде тәуекел етеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны
жүзден аспауға тиіс. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың
саны жүзден асып кеткен жағдайда, ол бір жыл ішінде бөлінуге, не бөліп шығарылуға,
не өзге де шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғамдар немесе өндірістік
кооператив болып қайта құрылуға, ал бұл мерзім өткен соң, егер қатысушылар саны
жүзге дейін азайтылмаса, серіктестік мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органның
немесе өзге мүдделі адамның өтініші бойынша сот тәртібімен тартылуға жатады.
Өндірістік кооператив. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін
мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына жіне өндірістік кооператив
мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік
кооператив деп аталады.Кооператив мүшелері екеуден кем болмауға тиіс.
Мемлекеттік кәсіпорын.Мемлекеттік кәсіпорындарға.
1)
шаруашылық жүргізу құқығына негізделген;
2)
орылымды юасқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын)
кәсіпорындар жатады.
Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар (үлестер,
жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге
Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым