40
болмайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың фирмалық атауында оның мүлкін
меншіктенуші көрсетілуге тиіс.
6.
Кәсіпкерлік мәдениет
Техногендiк өркениет өзiнiң бiтiм-болмысында өзiнiң негiздерiн үнемi өзгертушi қоғам
ретiнде анықталады. Мұнда адамның ең басты мақсаты табысты өзгертушiлiк әрекет
болып саналады. Адамның практикалық әрекетiнiң ең қалаулы салаларына бизнес пен
кәсiпкерлiк жатқызылады.Қазiргi әлемде адам өзiнiң адамгершiлiк позициясын көбiне
жоғары iскерлiкпен, қоғамдық құндылықтарға үлес қосатындай өз еңбегiнiң
нәтижесiнен көруге ұмтылады. Тiптi ол жеке тұрғыдан алғанда дәстүрлi этикаға сәйкес
жағымды қылықтарға жатпайтын құндылықтарды өзiне бекiте алады, басқаша
айтқанда, ол қызғаншақ, арсыз, зұлым адам болғанымен, өте жақсы маман болуы
мүмкiн. Жиырмасыншы ғасырда нарықтық құндылықтар алдыңғы орынға көтерiледi.
Этиканың адамгершiлiк және еркiндiктi дұрыс пайдалану туралы iлiм екендiгi белгiлi.
Қатаң утилитаристiк ойлаудың құрсауындағы адамдардың пайымдауынша, қоғам
мақсаты тек пайда табу болып табылатын адамдардың әлеуметтiк бiрлестiгi және
қоғамдағы әрбiр адамның жағдайы оның ненi иемденетiндiгiмен бағаланады. Мұндай
қоғамда, әрине, моральға орын жоқ, өйткенi мораль көп жағдайда саналы түрде
шектелудi талап етедi. Дегенмен этикалық әрекет бүгiнгi демократиялық қоғамның
өмiрiне енуге тиiс жаңа гуманизмнiң құрамдас бөлiгi.Кәсiпкерлiктiң ''өсиеттерi''
негiзiндегi құндылықтың бағдарларды әдетте прагматикалық құндылықтар деп атайды.
Бұрынғы кеңес адамдарына тән бұқаралық санада моральдық тұрғыда терiс
қабылданады. Дегенмен прагматизмде алдына мақсат қоя алатын және а
дамдармен өзара байланыса отырып, нақтылық пен жағдайларды өзгерте отырып,
мақсатын iске асыра алатын белсендi, iскер адамдарға қойылатын талаптар кездеседi.
Кейде пайда мен табыс табуға бағдар ұстанған сананың типiн ''реалистiк'' сана деп
атайды. Мұндай адамда белсендiлiк, бастамашылдық, шешiм қабылдаушылық сияқты
маңызды қасиеттер болады. Кәсiпкерлiк пен бәсекелестiкте осы қасиеттермен қоса
тұлға автономиясы, мақсаттылық пен еркiндiк орын алады. ''Басқа үшiн емес, өзiм үшiн
өмiр сүргiм келедi'' деген формула прагматикалық дүниетанымның өзегiн құрайды.
Алайда эгоистiк сананың манифестациясына жақындау бұл ойды былайша түзетуге
болар едi: ''Бағынышты болып қызмет еткiм келмейдi, өз-өзiме қожа болғым келедi.
Егер шығыс данышпанының тәуелсiздiгi өзiн тыю мен шектеуге негiзделсе, ал
бизнесменнiң тәуелсiздiгi иемденуге, байлықты көбейтуге негiзделедi. Бұл капиталдың
ақшаныңбарлық нәрсеге айналу қабiлетiнiң арқасында орындалады.Құндылықтар мен
нарық арақатынасын қарастырғанда қазiргi заманғы iрi психоаналитик ойшыл Э.
Фроммның персонификациялық типологиясын келтiру орынды. Ол адамдардың
құндылықтық бағдарын екiге бөледi: жемiстi және жемiстi емес. Бұл жерде
берiлгенұғымдарды жекелеген индивидтердiң мiнез-құлқын сипаттау емес, ''идеалды
типтер'' деп түсiну қажет. Әдетте әрбiр тұлғаның бойындағы мiнез бұл бағдарлардың
әрқайсының да жиынтығын бiлдiредi, бiрақ оның бiреуi басым болып келеді.
Тақырып 7.
Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау әдістері
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады.
Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.
1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына жағдайларда:
мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы
қолайсыз жағдай: өндірістің төмендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі жұмыссыздық,
құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық
Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым
41
өнімдердің бәсеке қабілеттігінің жоқтағы, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған
ортаның нашарлауы.
Мемлекеттің байыпты міндеттері – уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-
ала себептерін анықтау және оны болдырмау.
2. Қолайлы жағдайлар. Бұл экономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал
жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында
мемлекет қолдауы керек. Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мемлекет оны
бағалайтын критериелерін білуі керек. Мысалы, қолайсыз жағдайлар: инфляция,
жұмыссыздық соның салдарынан өндірістің төмендеуі. Мемлекет бұл жағдайларға
араласуы үшін олардың критерияларын білуі керек.
Жұмыссыздық – бұл нарықтық экономикаға тән элемент. 4-6% жұмыссыздық
бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгеге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи
деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық
өндірістің төмендеуімен байланысты.
Сонымен жұмыссыздықпен күресу үшін оның критериясы табиғи жұмыссыздық
деңгейіне келтіру.
Инфляция – тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл
экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда шытырман қиын
процесс. Инфляция бүкіл дүниежүзілік проблема, себебі тауар мен қызметке баға
ешуақытта тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте қауіпті емес, ал
бірақ инфляцияның жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам үшін өте қауіпті. Мысалы,
Қазақстанда 1990-2001 жылдар аралығында тауар мен қызметтердің бағасының өсуі 65
мыңнан астам болды. Мемлекет инфляцияны тежей алмады, әсіресе 1991-1994 жылдар
өте жоғары деңгейде болды. Мемлекеттің шаралары инфляцияның деңгейіне
байланысты. Инфляцияның үш түрі бар: 1) біркелкі, егер жыл ішінде баға 10%-тен
аспаса; 2) шоқырақтау жыл ішінде бағаның 10%-тен 200%-ке дейінгісі, ал 3)
гиперинфляция, инфляция онан да тез өседі.
Инфляцияға ұарсы мемлекет шаралары тек қана инфляцияның деңгейіне
байланысты емес, сонымен бірге оның туындау себептерін анықтау керек.
Осыған байланысты инфляцияның екі типі бар: сұраныс инфляциясы және
ұсыныс. Әрбір типтің өзіндің ерекшеліктері бар және оны емдеудің өзіндік дәрісі бар.
3. Бюджет жетіспеушілігі – бұл мемлекет шығындарының кірістен артық болуы.
Бұл проблеманың ақталатын себептері бар. Мысалы, АҚШ экономикасында бюджеттің
жетіспеушілігі дүниежүзіндегі елдерден әлде қайда көп. Былай қарағанда ел қарызбен
күн көріп отырған сияқты. Бұл үлкен мемлекеттік борыш кешірімді болады, болашақ
ұрпаққа пайдалы болады, егер инвестицияларды елдің өндіргіш күштерін нығайтуға
жұмсаса, ал инвестиция қазіргі тұрмысты реттеуге жұмсалса болашақ ұрпаққа обал
болады.
Тақырып № 8
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің
ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық
жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай
кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы
шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.
Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар:
кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау
алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты
болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру;
болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.
Ф УТ 703–05–14. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Үшінші басылым