Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация



жүктеу 2,9 Kb.
Pdf просмотр
бет22/33
Дата20.05.2018
өлшемі2,9 Kb.
#15272
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33

77
алушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын жүргізулері үшін 
қажет болса, оқу сабақтарының тақырыптық ерекшеліктеріне қа-
рай  және  пән  мұғалімінің  біліктілігіне  негізделген  қазақ,  орыс, 
ағылшын  тілінде  пәндерді  кіріктіре  отырып,  тақырыпты  түсін-
діру жұмыстары мен тапсырмалары оқушылардың үш тілде сөй-
леу нормаларын дұрыс қолдану құзіретін қалыптастыру міндеті-
не сай қарастырылады.
Қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпарат-
тар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету негізінде оқыту 
технологияларының топтық, жұптық тәсілдерін қолдану ұсынылады. 
Қазақ тілінде мәтінмен жұмыс істеу барысында мазмұнымен 
танысып,  оның  мағынасы  мен  теориялық  негізін  меңгеру  білім 
алушылардың тұлғалық қасиеттерінің дамуына жол ашады. Өмір-
лік дағдыларының шыңдалуына негіз болады.
Қазақ тілін оқытуда бүгінгі күні шығарма мазмұны мен идея-
сын бағамдай білуге басты басымдық берілді. Мәтінді, сөйлемді 
теориялық тұрғыдан талдай білуге жете көңіл бөліну тиіс және 
бұл  бірізді,  жалғаспалы  тапсырмалар  жиынтығын  құраса,  білім 
алушының грамматикалық сауаттылығы артып қана қоймай, қа-
зақ тілі туралы ұғымдарын кеңейтіп, өз ойын көркем түрде еркін 
жеткізе  алатын,  өмірлік  мәселелердің  шешімін  тез  таба  білетін 
тұлға ретінде қалыптаса алады.
Білім алушылар креативті ойлай отырып, өз ойларын жазба-
ша да еркін жеткізуге дағдылануы керек. Бұл үшін эссе, шығар-
машылық  хат,  өлең  шығару,  шығарма  мазмұнын  жалғастыру 
сияқ ты  тапсырмалар  олардың  грамматикалық,  стильдік  норма-
ларды  дұрыс  сақтай  отырып,  поэзиялық  шығармаларды  проза 
тілімен немесе керісінше жазу барысында шығарма мазмұнын өз 
көзқарасында  сараптай  білуге,  салыстыруға,  бағалауға,  өзіндік 
көзқарасына шығармадан дәлелдер мен ақпараттар келтіре алуы-
на мүмкіндік береді.
«Қазақ  тілін»  оқып,  меңгеру  барысында  оқушылар  ұлттық 
құндылықты  бағалайды.  Қазақ  тарихын,  мәселелері  мен  ерек-
шеліктерін анықтап, түсінеді. Заманауи тұрғыда өзінің ой-өрісін 
дамытады  және  т.б.  Бұл  –  «Қазақ  тілін»  оқу  барысында  білім 
алушыларда қалыптасатын дағдылар. 


78
Оқу мазмұнына орай ақпараттық-коммуникативті қолдану, мо-
дульдік оқу технологиясы, деңгейлеп оқыту, СТО және интерак-
тивті оқыту технологиялары жүргізілуі тиіс. Мысалы, оқылымға 
берілетін  мәтін  ерекшеліктеріне  қарай  көркем  шығарманың 
мазмұны  мен  жанрлық  ерекшеліктеріне  сай  «мнемоникалық 
тіректерді айқындау», «орамадағы әріп», «генеологиялық ағаш» 
сынды әдістер жүргізіледі.
Оқу  мазмұны  ерекшелігіне  байланысты  түсіну  және  жауап 
беру,  анализ  және  интерпретация,  бағалау  және  салыстырмалы 
анализ сынды бөлімдерді қамти отырып, дғдыларды қалыптасты-
ратын бөлімшелерді де назардан тыс қалдырмауға тиіспіз.  
Көркем мәтінді түсініп оқып, мәтіннің көркемдік ерекшелігін 
білім алушының бойына сіңіруі және сол мәтін арқылы берілген 
өмірлік  дағдыларды  күнделікті  тұрмыста  қолдана  алу,  яғни  өз 
ойын жеткізу кезінде көркем, нақтылы сөйлеу мен жазу кезінде 
де көркемсөз мағынасын дұрыс қолдана алуы қазақ тілін оқытуда 
басты назарда болуы тиіс. 
«Қазақ тілін» оқытудағы тағы бір үлкен мақсат: білім алушы-
ның  қазақтың  көркемсөз  өнерінің  құдіретін  бүкіл  болмысымен 
ұғынып,  әдебиет  арқылы  тарихты,  мәдениетті,  қазақ  халқы-
ның  фи лософиясын,  халқымыздың  ұлттық  салты  мен  дәстүрін, 
тұрмысы мен өнерін бағалай алатын тұлға болып қалыптасуын 
қамтамасыз ету. 
Осы мақсаттардан қазақ тілін оқу әдістемесінің келесі міндет-
тері шығады:
• білім алушыға көркем мәтінді өз қалауымен әдебиеттің қа-
жеттілігін түсіне отырып меңгерту;
•  берілген  көркем  мәтіннің  құрылымдық  жүйесін  жанрлық 
ерекшелігіне байланысты талдай отырып, басқа да көркем шығар-
маларды еркін талдау дағдысын қалыптастыру;
• белгілі тақырып туралы ауызша сөйлегенде оқыған көркем 
шығарма арқылы қалыптасқан ұғымдар мен түсініктерді, көркем-
сөздер мен халық даналығының тұрақты тіркестерін пайдалана 
алу қабілетін дамыту;
• білім алушыға көркем мәтінді оқып-үйрену дағдыларын қалып-


79
тастыру, көркем шығарманы қабылдауына бағытталған метатаным 
қабілетін дамыту мақсатындағы тапсырмаларды ұйымдастыру.
•  тілдік  нормаларды  меңгеру,  грамматикалық  сауаттылықты 
арттыру т.б.
 Оқытудың жаңа мазмұнын меңгерту қазақ тілін оқыту әдісте-
месінің  тарихында  жылдар  бойы  жинақталған  әдіс-тәсілдермен 
қатар,  жаңа  инновациялық  технологияларды  пайдалануды  көз-
дейді. Атап айтсақ, жаңа мазмұнда оқытудың жеті модулінің же-
келеген стратегиялары мен тәсілдерінің пайдаланылуы:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.  Оқытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты оқыту және оқу.
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Сонымен  қатар,    әр  оқулықтың  өзіндік  мазмұнын  тереңінен 
ашатын хрестоматиясы, аудио, видео қосымшалары болуы тиіс. 
Хрестоматия  немесе  қосымша  мәтіндер  жинағы  -  оқулықта 
көрсетілген  көркем  шығармалардың  толықтырылған,  көлемді 
нұсқасы.
Оқулық мазмұнын жете меңгеру үшін анализ және интерпрета-
ция бөлімшесіне сәйкес, оқулықтағы кейбір тапсырмалар мазмұ-
ны хрестоматияда немесе қосымша мәтіндер жинағында беріледі. 
Бұл білім алушылардың өзін-өзі дамыта ізденуіне бағыт береді.
Оқулықтың  аудиотаспасы  болуы  шарт.  Оқулықтың  аудиотас-
пасы білім алушылардың мәтінді, дұрыс интонациямен оқуына, 
сөздердің жазылуы мен айтылуы арасындағы айырмашылықтар-
ды  анықтауына  арналады.  Білім  алушылардың  есту  және  есте 
сақтау  қабілеттерін  дамыту,  естігенін  қорыта  білу,  логикалық 
пайымын  бағалау  мақсатында  аудиода  берілген  тапсырмалар 
олардың тілдік-грамматикалық білімдерін пысықтауға, тақырып 
бойынша өткен ұғымдарды үздіксіз меңгеруіне және тәжірибеде 
өзі де тауып, қолдана алатындай құзіретін қалыптастыруға мүм-
кіндік береді. 


жүктеу 2,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау