- « Мектепке дейінгі білім беруді жетілдірудің негізгі бөлігі - ата-аналар серіктестігін орнату.
- Орындаған:
- “Жанерке” балабақшасының тәрбиешісі Икрамова Арай Ануархановна
Тәрбиенің алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Өйткені отбасы тәрбиесі мен балабақшадағы тәрбие бір-бірімен тығыз байланысып, бірін-бірі толықтырып отырады. Жалпы балабақшадағы тәлім-тәрбие барлық тәрбиенің бастауы. Себебі, әр балдырғанның салауатты тірлігі мен өмірден өз орынын табуының негізі балабақшада қаланады. Сондықтан баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде ата-аналар мен педагогтардың бірлескен өзара тығыз байланысы болуы маңызды.Қазіргі кезеңде бала тәрбиесін жүзеге асыруда тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналармен семинар-кеңестер, отбасылық сайыстар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастырудың үлкен көмегі бар. Ата-ана балабақшаға көмекші, сенімді тірек болып, ортақ байланысты нығайтқанда ғана тәрбие жұмысы нәтижелі болмақ. Адамгершілік қасиетті бала бойына сіңіру педагогтар мен ата-аналардың педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылатынын есте сақтағанымыз жөн.Әрбір балабақша ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, олардың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасауы тиіс. Осындай бағытта ұйымдастырылған жұмыстың бірі балабақшамызда өткен “Баланың бас ұстазы- ата-анасы” атты семинар-кеңес.Ата-аналар комитетінің мүшесі Жолдыбаева Балауса баяндама оқып, психолог Дондагулова Салтанат “Алақанға жан бітір”, “Мен ғажайыппын” атты тренингтерін өткізді. Ал ересек “Ботақан” тобының тәрбиешісі Джамансариева Мәрзия кубизм әдісі бойынша “Жақсы мен жаман”, ассоциация әдісі бойынша “Бала – ол...” ойындарын ойнатты. Кубизм әдісі -мағынасы терең және қызықты стратегияның бірі. Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызады. Алты қыры бар: - Сипаттаңыз - Салыстырыңыз - Зерттеңіз - Талдау жасаңыз - Қолданыңыз -Дәлелдеңіз Кубик қырлары бойынша жұмыс ауызша, жазбаша, аралас түрде жүруі мүмкін. “Жақсы мен жаман” ойыны - Менің бойымдағы жақсы қасиеттер
| - Менің бойымдағы жаман қасиеттер
| | | Ата-аналар жиналысын өткізу әдістемесі - 1/Сәлемдесу.
- “Жүректен-жүрекке”
- 2/“Бала тәрбиелеу-ортақ міндет” баяндама
- 3/Ойға шабуыл: “Үлгілі бала бейнесі”
- 4/”Мейірімділік алаңы”
- /жаттығу/
- 5/Менің байқағаным
- /ата –аналар пікірі/
- 6/Психологиялық тренинг “Жақсы,жаман”
Тәрбиелі жас ұрпақтың білімді, білікті болуы отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның педагогтарының бірлескен еңбегінің нәтижесі.Ата-аналармен әртүрлі шараларды ұйымдастырудағы мақсат-міндеттеріміз балалардың бүгінгі жасаған қадамы, ертеңгі тұлға болып қалыптасуына үлкен әсерін беретінін ұғындыру. Олай болса, бала әдептілікті, адамгершілікті ,сыпайылықты өз отбасынан үйренеді.Отбасында баламен қарым-қатынас кезінде өнегелі сөздерді орынмен қолданып, ұлттық салт-дәстүрімізді санасына сіңіруіміз қажет. - Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс – шараларға, ата –аналар және топ
- жиналыстарына ата – аналарды тартудың қажеттілігі:
- Балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен
- мүмкіндігі болады;
- * Балалар маңызды жетістіктерге жете алады;
- * Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады;
- *Ересектер тәрбиеші жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі;
- Ата – аналар және басқа да ересектер мектепке
- дайындау философиясымен және оқу
- жоспарларымен танысады;
- Ата – аналар және отбасы мүшелері өздерінің бала
- тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендіктерін сезінеді.
Ата-аналар мен педагогтар ынтымақтастығын арттыру мақсатында , 2014 жылдың сәуір айынан бастап “ЖАНЕРКЕ” атты балабақша ішілік өзімнің авторлық жеке журналымды жарыққа шығардым. Журнал айына 1 рет шығады. Арнайы ата-аналарға арналған беттері бар.Онда сауалнамалар, отбасылық баяндамалар, тренингтер, психологиялық көмек т.б жазылады. - Ата – аналармен бірлесіп жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары:
- Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата – ана болғысы келеді;
- Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының
- нақты қажеттіліктеріне байланысты болады;
- Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата- ананы, яғни отбасын
- тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;
- Баланың дамуы туралы ақпарат ата – аналарға бала тәрбиелеуде өз
- ролін жүзеге асыруға ықпал етеді;
- Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана,
- қоғамдық жұмыстарға белсене араласады;
- Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру
- жолдарын түсіндіреді;
- Ата – анамен баланың ортақ қарым – қатынастары жөнінде кеңес беру.
- Осы алғы шарттарды негізге ала отырып, “Ата-ана, бала, балабақша” үштік
- одағын бірізділік жүйеге бағыттап, сапалы жұмыстар ұйымдастыра
- білейік
- Ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасау арқылы әр педагог өз ісіне жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты істер жасаса. Сөзімнің, ойымның тоқетерін мына мысал әңгімемен аяқтағым келіп тұр.
- “Бір жас жігіт түсінде дүкенге келіпті. Дүкеннің сатушысы қарт адам екен. Жас кісі бірден мынадай сұрақ қойыпты: “Мырза, Сіз не сатасыз? Дүкеніңізде не бар?” Қария: “Сізге не керектің барлығы бар, қалауыңызды сұраңыз” – депті. Жас жігіт былай деп тізе бастапты:“ Мен әлемнің біртұтастығын, тыныштық пен бейбітшілікті, кедейшіліктің жойылуын, сүйіспеншілік пен діндер арасындағы келісімді, әйелдер мен ерлер арасындағы тепе – теңдікті қалаймын, сонымен қатар...» Сол кезде данышпан қария оны тоқтатып: “Кешіріңіз , Сіз мені дұрыс түсінбепсіз. Біз жеміс сатпаймыз, тек тұқымын ғана сатамыз”, – депті. Ендеше алдарымыздағы жас ұрпаққа адамгершілік құндылықтардың тұқымын сеуіп қана қоймай, оның жайқалып өсуіне де жағдай жасай білейік!
Достарыңызбен бөлісу: |