141-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi болуы мүмкін.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның қарамағында не оның жарғылық мақсаттарында көзделген қызметтi қамтамасыз ету үшiн өзіне қажеттi, не осы қызметтiң өнiмi болып табылатын мүлiк қана бола алады.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 142-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 142-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
142-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың органдары
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның органдары оның басшысы, сондай-ақ осы Заңның 148-бабында көзделген жағдайларда байқау кеңесі немесе құрылуы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге алқалы басқару органдары болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша:
1) атауы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалатын алқалы орган немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға болып табылатын орган;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
143-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық капиталы
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшысы айқындайды, бірақ оның мөлшерi шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынға берiлетін мүлiктiң жалпы құнынан аспауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынды мемлекеттік тiркеу күнінде белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің он мың еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Жарғылық капиталдың мөлшерi шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғысында көрсетiледi.
Меншiк иесi (құрылтайшы) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынды мемлекеттік тiркеу кезіне жарғылық капиталды толығымен қалыптастыруға тиiс.
2. Егер Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi туралы заңдарында жарғылық капиталды қалыптастырудың өзге де тәртіптері мен мөлшерi белгiленген болса, онда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындар оларды Қазақстан Республикасының осы заңдарында көзделген, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетiлгеннен кем болмайтындай мөлшерде қалыптастырады.
144-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығын тоқтатудың ерекшеліктері
1. Осы Заңның 128-бабының 4-тармағында көзделген шаруашылық жүргiзу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен бөлек, шаруашылық жүргiзу құқығы меншік иесінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін заңды түрде алып қойған жағдайларда тоқтатылады.
Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда:
1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық қызметiнiң мақсатына сай келмейтін мүлiктi алып қою (осы Заңның 141-бабының 2-тармағы);
2) артық, пайдаланылмаған не өз мақсатында пайдаланылмаған мүлiктi алып қою жатады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 2-тармақтың редакциясын қараңыз
2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкiлеттi орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлiкті өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп-ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерiн белгiлейді.
145-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге асыру шарттары
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын өзiне шаруашылық жүргiзу құқығында бекітілiп берiлген, негiзгi құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлiкке дербес билiк етеді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 2-тармақтың редакциясын қараңыз
2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келiсуiмен:
1) филиалдар, өкілдіктер құруға;
2) акционерлік қоғамдардың өзіне тиесiлi акцияларына, сондай-ақ дебиторлық берешекке билік етуге;
3) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлгер болуға немесе кепiлдiк беруге;
4) қарыздар беруге құқылы.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 3-тармақтың редакциясын қараңыз
3. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде өзгеше белгіленбесе немесе меншік иесі (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкiлетті орган, жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) өзгеше белгілемесе, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын дербес пайдаланады.
146-бап. Шарушылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 2-тармақтың редакциясын қараңыз
2. Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемдері шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органмен не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен келісу бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiлейдi.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тегін көрсетілетін халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Табиғи монополия немесе мемлекеттік монополия субъектісіне жататын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып белгіленеді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 147-бап өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 147-баптың редакциясын қараңыз
147-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жауаптылығы
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын мемлекеттің мiндеттемелерi бойынша жауаптылықта болмайды.
Мемлекет шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның құрылтайшысы, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы әрекеттерiнен туындаған банкроттығы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның банкроттығына қатысты жергілікті атқарушы органның немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының әрекеттерінен туындаған банкроттығы жағдайларын қоспағанда, оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Бұл жағдайларда мемлекет шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның қаражаты кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.
Қазақстан Республикасының заңдарында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша мемлекет жауапкершілігінің өзге де жағдайлары белгiленуi мүмкiн.
4-параграф. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды басқарудың ерекшеліктері
148-бап. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды басқару
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Денсаулық сақтау және білім беру саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорында тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсынысы бойынша, осы Заңмен және (немесе) денсаулық сақтау және білім беру саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысымен тиісті сала уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелердің шешімін қоспағанда, кәсіпорынның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын байқау кеңесі - басқару органы құрылуы мүмкін.
Білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларында жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын критерийлерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ сан болуға әрі бір-бірімен және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын кемінде бес адамнан құралуға тиіс. Байқау кеңесінің мүшелері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің штатына кірмейді.
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесі құрамының кемінде отыз пайызы байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері болуға тиіс.
Байқау кеңесінің төрағасы байқау кеңесі мүшелері арасынан байқау кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен сайланады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Байқау кеңесін құру тәртібін, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігі байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы байқау кеңесінің шешіміне сәйкес байқау кеңесі мүшесінің жазбаша өтініші негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асырады. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау қорытындылары бойынша байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу туралы шешім қабылдайды. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысына және байқау кеңесінің мүшелері болып табылатын мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төленбейді. Байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның қаражаты есебінен төленеді.
Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
6. Байқау кеңесінің хатшысы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылады және байқау кеңесінің мүшесі болып табылмайды. Байқау кеңесінің хатшысы байқау кеңесіне есеп береді, оның отырыстарын дайындау мен өткізуді, отырысқа материалдар ресімдеуді қамтамасыз етеді және байқау кеңесі мүшелерінің отырыстар материалдарына қолжетімді болуын қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізеді.
Байқау кеңесі хатшысының құзыреті мен қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі құжаттарында айқындалады.
7. Байқау кеңесінің мүшелері өздерінің іс-әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) кәсіпорынның залалға ұшырауына әкеп соқтырған зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) алдында жауаптылықта болады.
Байқау кеңесінің мүшелері, егер байқау кеңесі қабылдаған, кәсіпорынның залалға ұшырауына әкеп соқтырған шешімге қарсы дауыс берсе немесе дауыс беруге қатыспаса, жауапкершіліктен босатылады.
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 148-1-баппен толықтырылды
148-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғалары
Мыналар:
1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамдарының жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынмен орындалмаған мәмілелері бар заңды тұлғаның лауазымды адамы;
3) мыналардың:
осы баптың 1) тармақшасында аталған адам өзіне қатысты құрылтайшы болып табылатын заңды тұлғаның;
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамы өзіне қатысты құрылтайшы болып табылатын заңды тұлғаның;
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өзіне қатысты құрылтайшы болып табылатын заңды тұлғаның лауазымды адамы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғалары болып табылады.
149-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің өкілеттіктері
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар:
1) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді;
2) даму жоспарының орындалуы туралы есептің жобасын келіседі, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржы есептілігін алдын ала бекітеді;
3) демеушілік, қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды;
4) бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады және көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру үшін тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) ұсыныстар енгізеді;
5) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсыныстарын келіседі;
6) ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады және қосымша қаржы көздерінен, даму жоспарында бекітілген қаражат шегінде кәсіпорын қызметкерлерінің, басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлігінде шешімдер қабылдайды;
7) байқау кеңесінің хатшысын тағайындайды, оның өкілеттік мерзімін және жалақысының мөлшерін айқындайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;
8) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
9) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;
10) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;
11) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның филиалдарын, өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған өкілеттіктерден басқа денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар:
1) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді;
2) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының құрамына тағайындауға кандидатураларды сайлайды, сондай-ақ атқарушы органының мүшесімен еңбек шартын бұзу мәселесін алдын ала келіседі;
3) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі аудит қызметінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін айқындайды, оның басшысы мен мүшелерін тағайындайды, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы болады, ішкі аудит кызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің еңбекақысы мен сыйақы беру мөлшерін және шарттарын айқындайды;
4) қаржылық есептілік аудиті үшін аудиторлық ұйым көрсететін қызметтерге ақы төлеу мөлшерін айқындайды;
5) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық құрылымын бекітеді;
6) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметі туралы ақпаратты айқындайды;
7) осы Заңда және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында көзделген, тиісті сала уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Байқау кеңесінің осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген өкілеттіктерін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органына беруге жол берілмейді.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің талап етуі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері байқау кеңесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге міндетті.
150-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстары қажет болуына қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), байқау кеңесі мүшесінің немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының талап етуі бойынша шақыруы мүмкін.
3. Байқау кеңесі туралы ережені, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу тәртібін тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекітеді.
4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысы, егер шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің барлық мүшелері оның өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етілсе және отырысқа шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің өз дауысын байқау кеңесінің басқа мүшесіне немесе өзге жеке тұлғаға (сенімхат бойынша) беруіне жол берілмейді.
5. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.
6. Байқау кеңесінің шешімдері жазбаша нысанда ресімделеді және оларға байқау кеңесінің барлық мүшелері қол қояды.
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 150-1-баппен толықтырылды
Достарыңызбен бөлісу: |