VII. Еңбек жағдайы және еңбекті қорғау
7.1. Жұмыс беруші:
7.1.1. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде еңбекті қорғау талаптарымен таныстырады.
Барлық жұмысқа қабылданушылармен, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылған колледждің қызметкерлерімен еңбекті қорғау, студенттердің өмірі мен денсаулығын сақтау, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету жөнінде оқыту мен нұсқамалық жүргізеді.
7.1.2. Колледж қызметкерлерінің таза және қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықтарын, өндірістік жарақат пен қызметкерлердің кәсіби ауруларының пайда болуын ескертетін еңбек қауіпсіздігінің қазіргі заманғы құралдарын енгізуді қамтамасыз етеді.
7.1.3. Кәсіподақ комитетімен бірге еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қосатын еңбекті қорғау жөніндегі келісімді, оның орындалу мерзімін, орындауға жауапты лауазымдық тұлғаны әзірлейді. еңбекті қорғау және еңбек жағдайына бақылауды жүзеге асыруға (№ 12 қосымша).
7.1.4. Колледждің қаражаты есебінен белгіленген нормаларға сәйкес арнайы киімді, жеке қорғану құралдарын, жуу және зарарсыздандыру құралдарын алуды және беруді қамтамасыз етеді (№ 9, 10, 11 қосымшалар).
Жеке қорғану құралдарын, арнайы киімдер және аяқ киімді жұмыс берушінің есебінен сақтауды, жууды, кептіруді және дезинфекциялауды қамтамасыз етуге.
7.1.5. Колледж қызметкерлерін еңбекті қорғау жөнінде уақытында оқытуды, нұсқамалықты және білімдерін тексеруді жүргізеді.
7.1.6. Белгіленген тәртіпте қызметкерлермен болған жазатайым оқиғаларға тексеру жүргізеді.
7.1.7. Электр қондырғылары мен компьютерлері оқшаулау кедергісін және тұйықтауды өлшеуді қамтамасыз етеді.
7.1.8. Санитарлық нормалармен белгіленген үй-жайлардағы жылу режимін қамтамасыз етеді.
Жыл маусымы кезінде кезінде температураның 17°С дейін және одан төмендеуі кәсіподақ комитетінің ұсынысымен қызметкерлерді жалақыларын сақтай отырып қысқартылған жұмыс күніне ауыстырады. Үй-жайлардағы температураның 14°С дейін және одан төмендеуі кезінде сабақтар тоқтатылады.
7.1.9. Қызметкерлерге олардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайы мен еңбекті қорғау, оларға тиесілі өтемақылар мен жеке қорғану құралдары туралы ақпарат береді.
7.1.10. Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттармен, нұсқаулықтармен, колледждің еңбекті қорғау жағдайына жауапты тұлғаның нұсқама журналымен қамтамасыз етеді.
7.1.11. Колледждің кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып, әрбір жұмыс орнында еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді.
Қызметкерлердің еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды, ережелер мен нұсқаулықтарды қадағалауын қамтамасыз етеді.
7.1.12. Еңбекті қорғау талаптарына сәйкес қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық және емдеу-алдын алу қызметімен қамтамасыз етеді.
7.1.13. Колледж қаражаты есебінен қызметкерлердің міндетті жыл сайынғы (еңбек қызметі кезінде) медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз етеді.
7.1.14. Кәсіподақ комитетімен бірге тепе-теңдік негізде еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі өндірістік кеңесті құрады (№ 13 қосымша).
7.1.15. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспектордың қоғамдық бақылауды жүзеге асыруына жәрдемдеседі (№ 14 қосымша).
7.1.16. Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының қызметкердің кінәсінен болмаған еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан еңбек заңнамасын қадағалауға жұмысты тоқтату кезінде, қызметкерлердің жұмыс орны (лауазымын) мен орташа жалақысын сақтайды.
7.1.17. Жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарын орындамауы салдарынан қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде оның жұмыстан бас тарту жағдайында, қызметкерге ондай қауіпсіздікті жою уақытына басқа жұмысты ұсыннады немесе осы себептен бос тұрып қалған уақытына орташа жалақысы мөлшерінде ақы төлейді.
7.2. Кәсіподақ:
7.2.1. Колледж әкімшілігі тарапынан еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың қадағалануына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
7.2.2. Белгіленген нормаларға сәйкес қызметкерлерге арнайы киімнің, жеке қорғану құралдарының, жуу құралдарының уақытында берілуіне бақылау жүргізеді.
7.2.3. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторды сайлайды.
7.2.4. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі жөніндегі өндірістік кеңесті құруға және оның жұмысына қатысады.
7.2.5. Колледж қызметкерлермен өндірістегі жазатайым оқиғаларға тексеру жүргізуге қатысады.
7.2.6. Жұмыс берушіге еңбекті қорғау талаптарын бұзған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс білдіреді.
7.2.7. Еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманың, ұжымдық шартпен көзделген міндеттемелердің бұзылуымен байланысты еңбек дауларын қарауға қатысады.
7.2.8. Еңбек шартының талаптарын өрескел бұзған жағдайда (қалыпты жарық пен ауа тазартудың болмауы, үй-жайлардағы төмен температура, көтеріңкі шу және т.б.), әкімшіліктен анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін жұмысты тоқтатуды талап етеді. Жұмысты тоқтату әкімшілікке ресми ескертілгеннен кейін жүзеге асырылады.
7.2.9. Колледж әкімшілігімен бірге кәсіподақ мүшелері – қызметкерлер мен олардың балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруды жүзеге асырады.
VIII. Әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақылар
8. Тараптар Жұмыс беруші :
8.1. Жергілікті өкілетті билік органдарының колледждің педагогикалық және медициналық қызметкерлеріне отын мен коммуналдық қызмет шығыстары үшін өтемақыларын ең жоғары мөлшерде (ауылдық ұйымдар үшін) тағайындауларына қол жеткізуге;
8.2. Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде, лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеуді қамтамасыз етуге келісті. Оқытушылардың, қосымша білім беру педагогтарының сауықтыру жәрдемақыларының мөлшері еңбек демалысын беру күніне олардың нақты оқу жүктемесінен есептеледі. Лауазымды қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға жәрдемақы жалпы негіздемеде тағайындалады және төленеді.
8.3. Қоғамдық тамақтануды ұйымдастырады (асханалар, буфеттер, тамақтану бөлмелері (орындары).
8.4. Қызметкерлерге ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерді орындау кезінде;
- медициналық тексеруге жіберу кезінде;
- қызметтік іссапарларға жіберу кезінде;
- донор болып табылатын қызметкерлер үшін;
- жұмысынан айырылған жағдайда;
- заңнамамен көзделген басқа да жағдайларда кепілдіктер мен жәрдемақылар ұсынады.
8.5. Қызметкерді зейнетақы жасына жетуіне байланысты жұмыстан шығарған кезде бір лауазымдық айлық (тарифтік ставка) мөлшерінде жұмыстан шығару бойынша жәрдемақы төлеуді жүргізеді.
8.6. Қызметкерлерді қызметтік мақсатта білім беру ұйымдарының кітапхана қорымен тегін қамтамасыз етеді.
8.7. Азаматтық қызметшілерді және білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерін лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны үшін, жұмысты өте сапалы орындағаны үшін, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі, жұмыстағы жетістіктері үшін:
1) азаматтық қызмет бабында көтерілумен;
2) ақшалай сыйақымен;
3) алғыс жариялаумен;
4) Грамотамен марапаттаумен ынталандырады.
IХ. Жастардың еңбек жағдайы және әлеуметтік кепілдіктері
9.1. Тараптар:
9.1.1. Жас қызметкерлерге заңмен көзделген кепілдіктер мен әлеуметтік жеңілдіктердің берілуіне кепілдік береді.
9.1.2. Колледжде жас педагогтар мектебінің құрылуына ықпал етеді.
9.2. Тараптар:
9.2.1. Жас мамандардың аттестациядан ойдағыдай өтуіне жәрдемдесуге;
9.2.2. Еңбекте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және колледж бен кәсіподақ ұйымының қызметіне белсенді қатысатын жас қызметкерлерді ынталандырудың түрлі нысандарын енгізуге;
9.2.3. Жастардың спортпен, көркемөнер және техникалық шығармашылықпен айналысуларына қол жетімділікті, шығармашылық мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге;
9.2.4. Жас оқытушыларға олардың ойдағыдай психологиялық-педагогикалық бейімделулері үшін жағдай жасау, кәсіби көтерілулері үшін уақыт босату мақсатында жұмыс режимдерін реттеу жөнінде жұмыс жүргізуге келісті.
Достарыңызбен бөлісу: |