«Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша атқарушы биліктің жұмысы туралы» ақпарат



жүктеу 134,73 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі134,73 Kb.
#10227

«Мемлекеттік жастар саясатын іске

асыру бойынша атқарушы

биліктің жұмысы туралы» ақпарат

Қазақстан Республикасында 2012 жылы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдасы қабылданды, біз осы тұжырымдаға сәйкес жұмыс істейміз.

Жастар өз білімдерімен, жасампаз еңбегімен және күш-қуатпен өз болашақтарын құруға жаңа мүмкіндіктер алуы тиіс. Дамыған бәсекеге қабілетті және әлемдегі құрметті мемлекет – ХХI ғасырдағы Жаңа Қазақстан белсенді қалыптасуын жалғастыруы қажет. Бұл мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдасының борышы.

Тұждырымдаманың біздің алдымызға қойған мақсаты: жас қазақстандықты табысты, өзін-өзі жеткілікті, патриотты және бәсекеге қабілетті қалыптастыру.

Тұждырымдаманың мақсатына жету үшін үш бағыттағы міндеттерді шешу қарастырылады:

Бірінші – «Жастардың патриоттық құндылықтарын қалыптастыру»;

Екінші – «Жастардың экономикалық, әлеуметтік, инновациялық және шығармашылық әлеуетін дамыту»;

Үшінші – «Мемлекеттік жастар саясатын институционалдық қолдау».

Тұжырымдаманы іске асыру келесі кезеңдерге бөлінді:

1) 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезең;

2) 2016 жылдан 2020 жылға дейінгі кезең.

Қазір бірінші кезең өтіп жатыр.

11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы: «Мен әрқашанда жастарды – біздің болашағымыздың тірегі деп айтамын. Жаңа ұрпақ алдында Мемлекет барлық есіктерді және барлық жолдарды ашты! «Нұрлы жол» - мұнда біздің шығармашылық динамикалық жастардың күш-жігерін жұмсауға мүмкіндік болады.

Қала аумағында 14 жастан 29 жасқа дейін 3030 жастар тұрады (14 жастан 18 жасқа дейін – 500 адам, 18 жастан 29 жасқа дейін – 2530 адам).

Саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және азаматтық қалыптасудың ұйымдастыру шарттарын және әлеуметтік бейімделуін жасау, сондай-ақ жастардың өзін-өзі іске асыру мақсатымен қалада 2015 жылға мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жоспары әзірленді.

Жоспарды ішкі саясат бөлімі, жастар орталығы, жас қоғамдық бірлестіктері, білім беру мекемелелері, қала кәсіпорындарының және ұйымдарының жастар кеңесі, сондай-ақ қызығушылық бойынша жастар топтары мен бірлестіктер жүзеге асырады.

Бақылау және үйлестіру жұмыстарын Курчатов қаласының әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес жүзеге асырады.

Жоспар шеңберінде жастар бастамаларын жүзеге асыруына, сондай-ақ жастар бірлестіктерінің қызметін жандандыруына бағытталған әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өткізіледі, сонымен бұл мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруында жас ҮЕҰ-мен жергілікті атқарушы билік органдарының позитивті ынтымақтастық тәжірибесі болып табылады.

Қалада Курчатов қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ жұмыс істейді (штат саны – 8 адам).
Жастар орталығы 2015 жылда 49 іс-шара өткізді:

Діни ағарту мен құқықтық тәрбие – 9

Патриоттық тәрбие беру бойынша – 7

Насихаттау, Ұлттық мәдениет, Отбасылық құндылықтар-6

ЗОЖ бойынша-8

Бос уақыта ұйымдастыру – 7

Психологиялық тренингтер -4

Заң кеңесі бойынша – 8

Жалпы қатысушылар саны - 2050 адам

Шығармашыл жастарды қолдау мақсатымен жұмыс істейтін және студенттік жастар белсенді қатысқан РЕТРО стиліндегі би кеші, «Таза жағалау» экологиялық акциясы, қала әкімінің кубыгына КВН фестивалі, «Қауіпсіздік белдігін тақ!» атты акциясы жолда өткізілді. Сондай-ақ полиция бөлімі мен бірлесіп жастар орталығы қызметкерлері «Нақорлыққа қарсы күрес күніне» және «Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күніне» арналған іс-шаралар жүргізді.

Жастармен жұмыста ерекше iлтипат салауатты өмiр салтын қалыптастыруына бөлiнедi. Жастар орталығымен футбол, волейбол, жас қызметкерлердің арасында көңілді эстафета жарыстары ұйымдастырылып және өткiзiлді.

Жастар орталығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған автошеру өткізді. Автошеру қатысушыларын жұмыс ұжымдары, оқушылар мен мемлекеттік қызметкерлер қарсы алды. Автошеру қатысушыларын қарсы алғандарға мемлекеттік рәміздер күніне арналған құттықтаулармен ақпараттық буклеттер таратылды.

Жастар орталығының заң кеңесшісі мен қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттау мақсатымен қолайсыз отбасылары бойынша рейдтер өткізеді. Бұл бағытта психолог та жұмыс істейді: әңгімелесу және жеке тренингтер өткізеді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектелген балалары тәрбиеленетін отбасылары да ілтипатсыз қалмайды.

Орталықтың қызметкерлерімен неке және отбасы жайлы танымдық және ағартушылық мінезді жадынамалар мен ақпараттық буклеттер дайындалып, таратылады.

«Курчатов қаласының жастар одағы» жастар бірлестігі, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты жұмыс істейді.

Жас лидерлер құрамына енгізілген Жастар істері жөніндегі кеңесі жастардың, жас мамандардың өзекті мәселелеріне байланысты сұрақтарды қарастырады және оларды шешу жолдарын қабылдайды, бос уақытын ұйымдастыру сұрақтарын талқылайды. Бірінші тоқсанда 2 кеңес отырысы өткізілді.

Жыл сайын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелерін дайындау және өткізу шеңберінде Қазақстан халқы арасында ұлтаралық келісім мен достықты, саяси-идеологиялық бірлігін қамтамасыз ету мақсатында, қазақстандық барабарлықты қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі: дөңгелек үстелдер, тақырыптық сағаттар мен дәрістер, сұхбаттар, ақпараттық сағаттар, экскурсиялар, эссе мен мақалалар байқаулары және т.б.

«Курчатов көкжиегі», «Спектр - резонанс» қала газеттерінің беттерінде жастар саясаты сұрақтары бойынша 12 мақала жарияланды.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға қолдау жасау бойынша жұмыстары жүргізіледі. Жас кәсіпкерлікті дамыту – бұл қаладағы микроклиматты жақсарту үшін қажетті құрал болып табылады. Жас кәсіпкерлер саны – 9.

Жастардың денсаулығы мен олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруын қамтамасыз ету үшін белгілі бір жұмыстар жүргізіледі. Бұл үшін қалада 26 спорт ғимараты: 11 спорттық залдар (БЖСМ-да 4), 3 футбол алаңы, 3 спорттық алаңы, 3 хоккей корты, 1 көпфункционалды алаңы, сонымен қатар 3 тренажер залы бар.

Біздің Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Еліміздің жаңару алдында үлкен міндеттер тұр. Күшті және гүлденген Қазақстан – бұл Елбасының жобасы және ең алдымен Қазақстан жастарына жүктелген Президентінің жоспарларын іске асыруда басты рөлі болып табылады. Өйткені, жастар - мемлекеттің стратегиялық ресурсы, адам әлеуеті, қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамыту үшін негіз болып табылады.

Сондықтан, біз қол жеткізген табыстарға тоқтамауымыз қажет. Жағдайлар монитогингісін жүргізіп, шешім қажет еткен мәселелерді анықтап және оларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуіміз тиіс.

Менің баяндамамды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді: «Жастар – біздің болашаққа арналған барлық үміт негізі, біздің жастар күнделікті өмірде білім мен технологияны тиімді пайдалануға, меңгеру, жаңа білім алуға және жаңа дағдыларды иеленуі тиіс. Біз бұл үшін ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз, қолдан келгеннің бәрін істеуіміз қажет».
«Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша атқарушы биліктің жұмысы туралы» ақпарат
Қазақстан Республикасында 2012 жылы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдасы қабылданды, біз осы тұжырымдаға сәйкес жұмыс істейміз.

Жастар өз білімдерімен, жасампаз еңбегімен және күш-қуатпен өз болашақтарын құруға жаңа мүмкіндіктер алуы тиіс. Дамыған бәсекеге қабілетті және әлемдегі құрметті мемлекет – ХХI ғасырдағы Жаңа Қазақстан белсенді қалыптасуын жалғастыруы қажет. Бұл мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдасының борышы.

Тұждырымдаманың біздің алдымызға қойған мақсаты: жас қазақстандықты табысты, өзін-өзі жеткілікті, патриотты және бәсекеге қабілетті қалыптастыру.

Қала аумағында 14 жастан 29 жасқа дейін 3030 жастар тұрады (14 жастан 18 жасқа дейін – 500 адам, 18 жастан 29 жасқа дейін – 2530 адам).

Саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және азаматтық қалыптасудың ұйымдастыру шарттарын және әлеуметтік бейімделуін жасау, сондай-ақ жастардың өзін-өзі іске асыру мақсатымен қалада 2015 жылға мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жоспары әзірленді.

Жоспарды ішкі саясат бөлімі, жастар орталығы, жас қоғамдық бірлестіктері, білім беру мекемелелері, қала кәсіпорындарының және ұйымдарының жастар кеңесі, сондай-ақ қызығушылық бойынша жастар топтары мен бірлестіктер жүзеге асырады.

Қала әкімі Н.Ж. Нұрғалиевтың тапсырмасы бойынша Жастар орталығымен қызығушылық бойынша қала жастарын сегменттеу жұмыстары жүргізілді. Сегменттеудің қорытындысы бойынша 2015 жылдың жұмыс жоспары құрастырылып, бекітілді.

Жоспар шеңберінде жастар бастамаларын жүзеге асыруына, сондай-ақ жастар бірлестіктерінің қызметін жандандыруына бағытталған әр түрлі қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өткізіледі, сонымен бұл мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруында жас ҮЕҰ-мен жергілікті атқарушы билік органдарының позитивті ынтымақтастық тәжірибесі болып табылады.

Қалада Курчатов қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ жұмыс істейді (штат саны – 8 адам).

2015 жылдың 8 ай ішінде Жастар орталығымен – 34 іс-шара өткізілді.

Діни жіне құқықтық білім беру бойынша – 8

Патриоттық тәрбие беру бойынша – 5

Ұлттық мәдениет пен отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша – 8

СӨЗ бойынша – 6

Бос уақытты ұйымдастыру бойынша - 7

Шаралармен жалпы қамтылған жастар – 1050 адам.


Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдектерді қамтамасыз ету. Жұмыспен қамту деңгейін арттыру мақсатында жұмыссық азаматтарға қала аумағын дамыту бағдарламасы бойынша кәсіби оқыту, 2020 - жұмыспен қамту жол картасының бағдарламасы бойынша қайта оқыту, сондай-ақ, 2020 - жұмыспен қамту жол картасының бағдарламасы бойынша шағын кредиттер беру ұсынылады. Жұмыспен қамту және бағдарламар бөліміне 50 жұмыссыз жастары барды, олардың ішінен 41 адамы жұмысқа орналастырылды. Еңбекпен қамту орталығымен 10 – адам жұмысқа орналастырылды, жас тәжірибеге – 8 адам. «2020 - жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының қатысушылары – 28 адам болды.

Жастар арасында жұмыссыздықтың негізгі себептері жұмыс тәжірибенің жеткіліксіздігі болып табылады.



Билікті атқарушы органдарының жұмысындағы приоритеттерінің бірі жас кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Қалада әр түрлі салада жұмыс істейтін 9 жас кәсіпкер тіркелген. Жас кәсіпкерлерді қолдауда кәсіпкерлік бөлімі мен кәсіпкерлік палатасы көмек көрсетеді. Бизнесті дамыту үшін нисие алу, өз ісін ашу бойынша семинарлар өтеді. Бизнес жоспарларды жасау бойынша көптеген әдістемелік көмек беріледі. Көптеген жас кәсіпкерлер облыстық көрмелердің қатысушылары болып, өзінің өнімдерін таныстырып ұсынды.

«Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» ММ жас кәсіпкерлерді қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін 16 адам жүгінді. Қазіргі уақытта олармен қажетті құжаттар дайындалды.


Салауатты өмір салтын қалыптастыру және отбасылық құндылықтарын насихаттау. Жастармен жұмыста ерекше iлтипат салауатты өмiр салтын қалыптастыруына бөлiнедi. Жастар орталығымен футбол, волейбол, жас қызметкерлердің арасында көңілді эстафета жарыстары ұйымдастырылып және өткiзiлді. Жастардың денсаулығы мен олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруын қамтамасыз ету үшін белгілі бір жұмыстар жүргізіледі. Бұл үшін қалада 26 спорт ғимараты: 11 спорттық залдар (БЖСМ-да 4), 3 футбол алаңы, 3 спорттық алаңы, 3 хоккей корты, 1 көпфункционалды алаңы, сонымен қатар 3 тренажер залы бар.

Жастар орталығының заң кеңесшісі мен қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттау мақсатымен қолайсыз отбасылары бойынша рейдтер өткізеді. Бұл бағытта психолог та жұмыс істейді: әңгімелесу және жеке тренингтер өткізеді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектелген балалары тәрбиеленетін отбасылары да ілтипатсыз қалмайды. Орталықтың қызметкерлерімен неке және отбасы жайлы танымдық және ағартушылық мінезді жадынамалар мен ақпараттық буклеттер дайындалып, таратылады. Сонымен қатар «Нашақорлыққа қарсы күрес күні» атты акциясы, «Қауіпсіздік белдігін тақ!» атты акциясы, «Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күні» атты акциясы, отбасы командалары арасында спорттық жарыстар, «Таза жағалау» экологиялық акциясы, «Өз шырағын жақ!» акциясы өткізілді.

Сондай-ақ, Жастар орталығының психологы психологиялық мәдениеті мен отбасылық қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін арттыру, есірткі, ішімдік және темекі тарту, нашақорлықтың алдын алу салауатты өмір салтынын дағдыларына оқыту мақсатында тренингтер, семинарлар өткізеді. 35/14 әскери бөлімімінің психологымен, қала мектептерінің психологтарымен, салауатты өмір салты жөніндегі орынбасары Ж. Қ. Байжановамен белсенді жұмыс жүргізіледі.
Азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу. Жастар саясатын іске асырудағы маңызды бағыты жастарға азаматтық-патриоттық тәрбие беру болып табылады. Қала жастарының тікелей қатысуымен «Елдің болашағы жастардың қолында» атты дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты егеменді елмізді одан әрі нығайту, реформаларды жетілдіру, жас ұрпақты жан-жақты дамыған, қазіргі уақыттағы талаптарға сай, жоғары кәсіби білімді кадрлы тұлға, өз елінің және халықтың адал азаматы ретінде тәрбиелеу болып табылады.

Курчатов қаласында деструктивті жастар анықталмаған.

Соңғы 5 жылдары Курчатов қаласында наразылықтар, митингтер, демонстрациялар, шерулер өткізілмеген.

Жастар саясаты бойынша әлеуметтік зерттеулер тұрақты негізінде жүргізіледі. Соңғы әлеуметтік зерттеуге сәйкес қала жастары өзіне ең маңызды құндылықтарға отбасы мен зор денсаулықты жатқызады. Жастар елдің әлеуметттік-саяси және экономикалық курсына, билікті атқарушы органдарымен өткізілетін жұмыстарына қанағаттанады. Қала жастары өздерін Қазақстан Республикасының патриоттары деп санайды. Сұраққа: «Сізге патриот болу деген нені білдіреді?», «ҚР заңдарын құрметтеу және сақтау, өз Елің сүю, ел игілігі үшін адал жұмыс істеу» деп жауап береді.

Әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша қала жастары мынадай мәселелермен кезігеді:

27 % - баспанамен қамтамасыз ету

25 % - жұмысқа орналастыру

23 % - білім беру

10 % - отбасылық құндылықтар

10 % - СӨЗ

5 % - басқалары.
Ақпараттық-қасихаттау жұмысында негізінде жастарға көп көңіл бөлінеді. Түсіндірме жұмысына Жастар орталығының қызметкерлері де қатысады.

2015 жылы акциялар өткізілді. Тұрғындармен кездесулер барысында «Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары! Қазақстан Республикасында діни саласына қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат, сондай-ақ деструктивті діни қызметінен құрбан болғандарға кеңес беру және психологиялық көмек көрсетуге азаматтарды және ұйымдарды қабылдау үшін «Горячая линия 114» республикалық ақпараттық-кеңес беру ортылығы ашылғаның сіздердің мәліметтеріңізге жеткіземіз. Кеңес беруді жасырын түрде заңгерлер, теологтар, дінтану және психолог мамандары тәулік бойы жүргізеді. Қазақстанның кез-келген жерлерінен қоңырау шалулар тегін қабылданады.» деген мәтінімен 500-ден астам жадынамалар таратылды.

Сондай-ақ Жастар орталығы жастар арасында радикалды көріністерін төмендету бойынша кешенді жұмыстар өткізеді:

1) Экстремизм және лаңкемстіктің қоғамдық қауіпсіздігі мен реакциялық сипат туралы 9-11 сынып оқушыларымен тақырыптық дәрістер мен әңгімелесулер, сонымен қатар мектеп түлектерімен «Түлек абай бол!» атты акциясы аясында «Деструктивті культтер мен олардың қаупі» дәрісі өтті.

2) Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және қала имамның қатысуымен жұмысшы және жұмыссыз жастармен «Лаңкестік: сипаты және шешу жолдары», «Діни экстремизмді алдын-алу», «Қазақстан және конфессияаралық келісім» атты тақырыптарымен дөңгелек үстелдер жүргізілді.

3) Тұрғындармен кездесу: «Жастар арасында діни ағымдардың қызметін түсіндіру мақсатында дін мәселелері бойынша кездесу», «Қазақстандағы жаңа діни ағымдар».

4) «Бейбітшілік пен келісімге рухани жол» атты акциясы.

Жас лидерлер құрамына енгізілген Жастар істері жөніндегі кеңесі жастардың, жас мамандардың өзекті мәселелеріне байланысты сұрақтарды қарастырады және оларды шешу жолдарын қабылдайды, бос уақытын ұйымдастыру сұрақтарын талқылайды.

Жастар орталығы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша Ұлттық Ядролық Орталығының жас ғалымдар кеңесімен, «Нұр Отан» партиясымен, Достық Үйімен, «Скала» БДК, «Горизонт» БЖК және қала кәсіпорындарымен бірге жұмыс істейді.

Қазіргі күндежастарға ақпаратты жеткізуде барлық бар бұлақтар пайдаланылады:

Курчатов қаласының әкім сайты;

«Спектор резонанс» және «Курчатов Көкжиегі» газеттерінде мақалалар жарияланады;

(Вконтакте, Facebook, Мой мир және т.б.) әлеуметтік желілерде ақпараттар таратылады.

Жастар үшін барлық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі, және жастардың қалауын ескере отырып демалыс күндері өткізіледі.

Қызметкерлер республикалық, облыстық семинарларға, тренингтерге, Семей, Өскемен, Қарағанды және Талдықорған қалаларында өткізілген шараларға белсенді қатысты.
Дарынды жастарды мемлекеттік қолдау. Жастардың шығармашылық қабілеттерін іске асыруға жәрдемдесу маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Шығармашыл жастарды қолдау мақсатымен жұмыс істейтін және студенттік жастары белсенді қатысқан ретро стиліндегі би кеші, қала әкімінің кубыгына КВН фестивалі, ҚР ҰЯО жас ғалымдар кеңесімен бірге «Жас ғалымдар» байқауы, «МИСС Курчатов – 2015» байқауы өткізілді.

Жас дарындардың және жас ғалымдардың деректер базасы дайындалды. Тұрақты түрде қала кәсіпорындары мен ұйымдары бойынша 29 жасқа дейінгі жастардың саны бақыланады.

Жастар арасында перспективті кадрлық резервін қалыптастыру бойынша жұмыстары жүргізіледі. Лидерлік және ұйымдастырушылық қабілеттері бар, басқару қызметін жүргізе алатын 18 ең петспективті жұмысшылар құрамының кадрлық резерві жасалды. Кәсіпорындарының жас қызметкерлеріне жан-жақты қолдау жасалады: жыл сайын жас ғалымдар байқауы өткізіледі, ҚР ҰЯО РМК жас ғалымдар кеңесі құрылды, ғылыми басылымдарды жас қызметкерлердің жұмыстары жарияланады, ТМД және шет елдерде оқыту және тағылымдаманы өту ұйымдастырылады.

Қалалық мәдениет үйінде 16 жастан 20 жасқа дейінгі 12 адам кіретін «Ақ көгершін» үлгілі ұжымы жұмыс істейді. Осы ұжымды қолдау мақсатымен костюмдерді тігу және сатып алу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді, ұжым облыстық және республикалық байқауларға қатысу үшін жолданады.

Темирбекова Айнаш Мадениятқызы «Тіл мерейі» облыстық байқауының жүлдегері болғаннан кейін республикалық байқауына қатысты. № 3 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Паскарь Ирина «Тіл – халықтың байлығы» байқауында үшінді орынға ие болды.

2015 жылдың мерзіміне Курчатов қаласының спортсмендері 16 жарысқа қатысты, олардың ішінен 2 – республикалық. Медалдер саны – 36, олардың ішінен 8 – алтын, 17 – күміс, 11- қола.

Біздің Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Еліміздің жаңару алдында үлкен міндеттер тұр. Күшті және гүлденген Қазақстан – бұл Елбасының жобасы және ең алдымен Қазақстан жастарына жүктелген Президентінің жоспарларын іске асыруда басты рөлі болып табылады. Өйткені, жастар - мемлекеттің стратегиялық ресурсы, адам әлеуеті, қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамыту үшін негіз болып табылады.



Сондықтан, біз қол жеткізген табыстарға тоқтамауымыз қажет. Жағдайлар монитогингісін жүргізіп, шешім қажет еткен мәселелерді анықтап және оларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуіміз тиіс.
жүктеу 134,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау