Мемлекеттік қызметшінің қызметі мемлекеттің функциялары мен міндеттерінің әралуандылығына байланысты



жүктеу 38,67 Kb.
бет1/2
Дата18.10.2022
өлшемі38,67 Kb.
#39709
  1   2
СТАТУС ГОССЛУЖАЩЕГО


Мемлекеттік қызметшілердің қызмет ету нысандары мен қызмет аясы әралуан: ол жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың, атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметшілері. Сонымен қатар, аталған салада қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер фактыларды анықтап, көрсетумен, конфессиялар мен этностар арасындағы өзара қарым – қатынастарды зерттеумен айналысатын, дәстүрлі емес және мемлекеттің саясатына қайшы қызметті жүзеге асыратын, тіркелмеген діни бірлесіктердің қызметтерін айқындайтын қызметкершілер.
Алайда жоғарыда аталған ведомстволарда қызмет ететін барлық мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік маңызы зор, ауқымды әрі ортақ бір мақсаты бар; ол – елімізде конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды егемен мемлекет ретінде сақтаудың басты шарты — қазақтар мен орыстарың және басқа да этнос өкілдерінін достығын нығайту, Орталық Азия халықтарынын бірлігін сақтау, аймақтың тең құқылы негізде әлемдік қауымдастыққа енуінің куатты факторы ретінде бірлікті нығайту деп біледі [13].
Ал осы бірлікке қол жеткізудің маңызды шарты – мемлекеттік қызметті тиімді жүзеге асыру арқылы мемлекеттік идеологияны, мәдени факторларды дұрыс қалыптастыра білу. Осының барлығы мемлекеттік қызметшілердің міндеттері. Яғни, елімізде төзімділікті нығайту ісінде мемлекеттік қызметтің, атап айтқанда осы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің үлесі зор.
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы [14].
Мемлекеттік қызметшінің қызметі мемлекеттің функциялары мен міндеттерінің әралуандылығына байланысты.
Мемлекеттің бүкіл ішкі саясатының ахуалы аталған салада сауатты негізде жөнге келтілірген өзара қарым-қатынастарға байланысты; өз кезегінде бүкіл мемлекеттің ауқаттылығы - ішкі саясаттың жағдайына байланысты. Сонымен қатар, мемлекеттің халықаралық қоғамдастықтағы беделі республиканың ауқаттылығы мен экономикалық даму деңгейіне байланысты. Тек іштей берік әрі мықты мемлекет қана сыртқы саяси өзара қарым-қатынастарда да мықты болып, ойлаған жетістіктер мен беделге ие бола алады. Осы салада қателіктер орын алатын болса, мемлекеттің тіршілік әрекетінің барлық басқа салаларына: елдің экономикасына да, ішкі саясатына да, сыртқы қарым – қатынастарына да және т.т. кері әсерін тигізуі мүмкін.
Этносаралық және конфессияаралық қарым – қатынастар саласындағы саясат мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына әрі мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне жауапты мемлекеттік механизмнің сансыз буыны - мемлекеттік қызметшілердің қызметі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілер - бүкіл мемлекеттің бейнесі. Сондықтан да, қазіргі кезде, Қазақстан екінші онжылдыққа жуық Орталыққа есеп беретін, КСРО деп аталатын ірі мемлекеттің «еншілес» республикасы емес, тәуелсіз, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін әрі халықаралық қоғамдастықтың белсенді мүше-мемлекетіне айналғандыққа байланысты қызмет нысаны этносаралық және конфессияаралық қарым – қатынастар болып табылатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің моральды – психология лық бейнесі мен кәсіби қасиеттерінің маңызы ерекше. Өйткені мемлекеттік қызметші қызметінің нәтижесі – бүкіл мемлекеттің нәтижесіне айналып, оның қызметте жіберілген олқылықтары – бүкіл мемлекеттің кемшілігіне айналып кетуі мүмкін. Атап айтсақ, этносаралық және конфессияаралық қарым – қатынастар саласында қызмет ететін мемлекеттік қызметшінің негізгі кәсіби қасиеті – оның толеранттылығы, яғни бөгде пікірлер мен әрекеттерге деген төзімді қарым – қатынасы, басқа біреулермен, әсіресе өзге ұлт, этнос, конфессия өкілдерімен өзара қарым – қатынас барысында наразылық білдірмей, абыржымау. Толерантты, төзімді адам өзінің ерекше бір дұрыстығын дәлелдеуге ұмтылмай, басқалардың нанымдарын құрметтей алады. Ол адамның белгілі бір деңгейдегі өте сирек кездесетін мінез ерекшелігі, бірақ мемлекеттік қызметші аталған қасиеттерді иеленуі тиіс: өзіне қойылған міндеттерді орындау барысында да, аталған қасиетті қазақстандықтардың санасына енгізу кезінде де.
Әртүрлі нанымдардың, әртүрлі мәдениеттердің бір қоғамда мәдениета ралық түсіністік арқылы бейбіт әрі үйлесімді қатар өмір сүруі, мүдделердің өзара келісіміне негізделген үндесу жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілер қызметінің қағидасына айналуы тиіс. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметшінің жаңа бейнесін, яғни мемлекеттік қызметшінің жаңа үлгісін қалыптастыру үрдісі орын алуда. Және де мемлекеттік қызметші қызметінің төзімділік қағидаты, яғни адам құқықтарының үстемдігіне, елде демократия мен құқықтық тәртіптің орнатылуына ықпал ету міндеті мемлекеттік қызметшінің бейнесін қалыптастыру барысындағы негізгі қағидаға айналуы тиіс. Төзімсіздік көріністері – басқа адамдарға қатысты құрмет сезімінің жеткіліксіздігі. Аталған сезімнің бастауы – кейбір адамдардың тек өз көзқарастары мен өздерінің өмір бейнесі қана басқалардан артық деген ойда. Төзімсіздік көріністері кез келген мөлшер мен деңгейде болуы мүмкін: қарапайым өркениеттіліктің жеткіліксіздігінен, басқалармен есептеспеушіліктен бастап адамдарды елемеушілікке, адам болмысының іргелі құндылықтарын мойындаудан бас тартуға және адамдарды әдейі кемсітуге дейін.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде өз қызметінің барысында міндетті түрде халықаралық деңгейде бекітіліп, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізі болып табылатын төзімділік қағидаларын сақтауы тиіс және діни конфессиялар өкілдерімен, өзге этнос өкілдерімен өзара әрекеттесу барысында оларға да өздерінің өмірлік іс-әрекеттері барысында аталған қағидаларды сақтауды аманат етуі тиіс. Өйткені қазіргі кезде конфессияларық қарым-қатынастар саласында қабылданған көптеген құжаттар, мемлекеттік маңызы бар стратегиялар мен бағдарламалар әрбір адамның басқа ұлт, басқа этностар өкілдерімен өзара қарым-қатынастарда төзімділік, өзара түсіністік пен сыйластықты орнатуды талап етеді, ал аталған құжаттардың мән-мағынасын көпшілікке жеткізу міндеті мемлекеттік қызметшілерге жүктелген.
Қазақстан тәуелсіздігінің нық болашағын қалыптастыру, еліміздің өсіп-өркендеуі мен нығаюы үшін қазақтың – өзіміздің ұлттың бірлігі талап етіледі. Ал мемлекеттік қызметшілер - осындай бірлікті қамтамасыз етуші мызғымас күш.
Ұлтаралық қарым-қатынастардағы мемлекеттік қызметшілер мәдениетінің негізгі қағидаттары: іс-әрекет бірлігі, халықтардың ауызбірлігіне, конфессиялар мен этностардың өзара ынтымақтастығына ықпал ету, олардың мүдделері мен құқықтарын құрметтеу
Мемлекеттік қызмет ежелден бері мемлекеттің басты институтта рының бірі болған, қазіргі кезде ол мемлекеттің басты институттарының бірі және де келешекте мемлекеттің басты институттары болып қалады. Мемлекеттік қызметті атқару – тұлғаның мемлекет пен қоғам алдындағы зор жауапкершілік, зор міндет. Өз ісін жоғары кәсіби деңгейде атқаруы үшін мемлекеттік қызметшінің көптеген рухани – моральдік қасиеттері бар болуы керек, олардың бастысы – басқа адамдармен өзара қарым – қатынас ету барысындағы төзімділік [20].
Қазіргі кезде Қазақстанда «ХХІ ғасырдың мемлекеттік қызметі қандай болмақ?» деген сұрақ көкейкесті мәселелердің қатарында. Ғылымның, техниканың, технологиялардың дамуы, қоғамдық қатынастардың жетілуі міндетті түрде қоғамды және мемлекетті басқару жүйесінің өзгертілуін әкеліп соқтырады.
Кез келген басқару жүйесін реформалау барысында жүйенің өз тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар тәжірибені қалыптастыруға ықпал ететін сыртқы жағдайларға да назар аударған жөн. Сол себептен қазақс тандық мемлекеттік қызметшінің оң моделін қалыптастыру үшін шетелдік мемлекеттік қызметшілер төзімділігін арттыру ісін де зерттеу керек.
Қазіргі уақытта әлемдік қоғамдастықта төзімділік мәселесіне деген назар күн сайын арта түсуде. 1995 жылы Париж қаласында Бас конфеде рацияның жиырма сегізінші сессиясында Білім, ғылым мен мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) мүшелері Төзімділік қағидаларының декларациясын қабылдады. Осы құжат әлемнің көптеген тілдеріне аударылған және Германия, Ресей, Франция, Испания, Ұлыбритания, Болгария, Түрік елі және т.т. елдерді қоса санағанда елуден астам елдерде бекітілген. Құжатта төзімділік ұғымы келесідей: «төзімділік – біздің әлем мәдениеттерінің, біздің өзін - өзі білдіру нысандарының және адамның жеке даралығына қатысты көріністер әдістерінің әр алуанды лығын құрметтеу, қабылдау мен дұрыс түсіну».
Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік аппаратты жасақтау үрдісі негізгі екі жүйеге жіктеледі: табу жүйесі (Spoils system) және еңбек сіңіру жүйесі (Меrit system). Табу жүйесінің мәні сайлауда жеңіске жеткен ел басшысы немесе мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде билікке иеленген басып алған адам барлық жоғары мемлекеттік лауазымдарға өз жақтаушы ларын қоюға әбден болады деп есептейтіндігінен тұрады. Бірақ бұл жүйе әртүрлі лауазымдарға біліктілігі және қабілеттіліктері төмен адамдардын келуіне орай мемлекеттік аппараттын қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмайды. Еңбек сіңіру жүйесі, керісінше, лауазымдарға білікті және қабілетті адамдарды олардың тәуелсіз әрі ашык конкурстан өтуі арқылы тағайындауды көздейді.
Бүгінде әлемнін көптеген дамыған елдері еңбек сіңіру жүйесіне көшті, өйткені ол қазіргі кезде мемлекеттік аппаратты жасақтаудың ең тиімді жүйелерінің бірі болып табылады. АҚШ - та табу жүйесінен және Ұлыбританияда патронаж жүйесінің осы жүйеге көшуі АҚШ -та сайланған Президент Д.А. Гартфилдті оның жақтаушысының өзі алған лауазымына риза болмауынан өлтіруі және қоғамдық теріс пікір салдарынан 1883 жылы арнайы заң қабылдау, ал Ұлыбританияда 1854 жылғы белгілі Норткот-Тревельян баяндамасына және 1968 жылғы Фултон баяндамасына байланысты реформалар нәтижесі секілді бірқатар объективті мән-жайлар түрткі болды. Пэндлтон Заңы АҚШ-та мемлекеттік азаматтық қызмет жүйесін түбегейлі реформалады [21].
АҚШ пен Ұлыбританияда еңбек сіңіру жүйесінің сырткы көріністері мыналар болды:
- АҚШ-та Азаматтық қызмет комиссиясы деген атаққа ие болған, мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеуге арналған мемлекеттік мамандандырылған органның құрылуы; бұл Комиссия АҚШ тарихындағы алғашқы тәуелсіз агенттігі болып табылады, ол Кадр кызметі басқармасы (КҚБ) деген атпен әлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатыр. Ешқандай да бір министрлік КҚБ-н айналып өтіп, өзінше кадрларды іріктей алмайды;
- мемлекеттік лауазымдарға үміткерлер лауазымдық талаптармен таны суға, мемлекеттік лауазымға сәйкес келетіндігіне жазбаша және басқа да емтихандар тапсыруға тиіс болды (Ұлыбританияда үміткерден «пышақ пен шанышқы конкурсы» деп аталатын емтихан қабылдауы, ал АҚШ-та қызметшіні ас ішу кезінде тексеру, «іскерлік ленч» емтиханы мәлім);
- үміткердің мемлекеттік қызметке жарамдылығын КҚБ кон курстык жүйесі айқындайды;
- конкурстык іріктеудің рәсімі мен мәні бойынша даулар кез келген үміткердің конкурстық іс жүргізу материалдарымен танысуға мүмкін дік бере отырып, мамандандырылган әкімшілік соттарда және жалпы құқық соттарында шешіледі. АҚШ-та Еңбек сініру жүйесін қорғау жөнін дегі кеңес құрамы (Меrrit System Protection Board) конгресспен келісу арқылы АҚШ Президентіі 7 жыл мерзімге тағайындайды;
- мемлекеттік қызметшіге өздігінше өз біліктілігін арттыру мен қызмет бойынша алға жылжуы үшін ынталандыру болып табылатын принциптер бойынша құрылған мемлекеттік лауазымдар жіктелімі белгіленді, бұған қызмет өтілі, еңбекақы деңгейі бойынша қызметшілер дәрежелерінің ара-жігін айқын ажырату, алға жылжусыз атқару мерзімі бойынша лауазымда болуды шектеу арқылы қол жеткізіледі.
Алайда осындай еңбек сіңіру жүйесін ендірумен, барлық мемле кеттік лауазымдарға конкурс аркылы алынады деп айтуға болмайды. Мысалы, АҚШ-та жалпы шедула (Sһеdule) лауазымдарының жіктелімі бойынша 1-ден 15-ке дейінгі сатыдағы лауазымдар ғана конкурста жеңіске жеткендер атқаратын конкурстық лауазымдар болып табылады, ал 16-дан 18-ге дейінгі бұрынғы лауазымдар әлі күнге дейін сайлауда жеңіске жеткен АҚШ Президенті жеке өзі тағайындайтын лауазымдар, яғни табу жүйесінің лауазымдары болып табылады. Бұл уақытта АҚШ-та 1978 жылғы Азаматтық қызмет реформасы туралы занның 3-тарауы, АҚШ Заңдары жинағынын 2301 параграфы, «енбек сіңіру жүйесі» принцип терін басшылыққа алуға міндеттейді және осы принциптерді реттеп отырады.
Декларация «адамдар өз болмысына сәйкес сыртқы пішіні, жағдайы, сөйлеген сөздері, мінез- құлықтары мен құндылықтары бойынша өзгеше ленеді және олардың бейбіт өмір сүріп, жеке даралығын сақтау құқықтары бар» деген ұстанымда жария етеді.
2005 жылғы Бүкіләлемдік саммиттің қорытынды құжаты мемлекет пен үкімет басшыларының адамның әл – ауқатын, қай жерде болмасын еркіндік пен прогрессті жақсартуға, сондай-ақ кез келген мәдениеттер, өркениеттер мен халықтар арасындағы төзімділікке, құрметтеуге, өзара әрекеттесуге деген ниетін білдіреді. Негізінен төзімділік (толеранттылық) ұғымы көпшілік мақұлдаған көзқарастарды ұстанбайтын адамдармен ортақтықты орнатуға деген ынта мен талап.
Шетелдік заңнамада қолданылатын анықтамаға сәйкес мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік орган дарда, мекемелерде, кәсіпорындарда мемлекеттің тапсырмасы бойынша, мем лекетпен төленетін қызметті жүзеге асыру.
Шетелде мемлекеттік қызметті ұйымдастырумен қызмет ету тәжіри бесін зерттеу өзектілігі Қазақстанда, сонымен қатар көптеген дамып келе жатқан елдерде әлеуметтік – демократиялық өзгерістерді жүзеге асыру бары сындағы мемлекеттік басқару ролінің арта түсуіне байланысты.
Қазіргі кезде әлемде мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың кез келген дәстүрлері қалыптасқан. Сондықтан да мемлекеттік қызметі аса тиімді қызмет ететін және қоғамда мемлекеттік қызметшілердің беделі жоғары болып табылатын елдердің тәжірибесін зерттеу теориялық және тәжірибелік қызығушылық тудырады. Қазіргі кезде әлемде мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен қызмет етуге қатысты жоғарыда аталған талаптарға сай келетін келесі елдерді атап өтуге болады: АҚШ, ГФР, Ұлыбритания мен Франция болып табылады [22, 49 б.].
Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік қызметтің екі үлгідегі моделін жеке – жеке қарастыруға болады; олар: баспалдақтық мемлекеттік қызмет моделі мен позициялық мемлекеттік қызмет үлгілері.
Мемлекеттік қызметке кіру мен оны атқару тәртібіне қатысты осы модельдердегі айырмашылықтарға қарамастан, оларға мемлекеттік қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін бірқатар жалпы шарттар тән.
Біріншісі – мемлекеттік қызметшілерді саяси «тағайындалатындар» мен кәсіби «орындаушылар» деп бөлу. Екіншісі – мемлекеттік қызметке конкурстық негізде қабылдау, бұл мемлекеттік қызметке білікті әрі құзыретті мамандарды іріктеп алуға мүмкіндік береді және кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың патронаждық жүйесі үшін мүмкіндіктерді азайтады.
Мемлекеттік қызметтің жоғары беделі мен мәртебесі шетелдегі мемлекеттік қызмет жүйесінің маңызды ерекшелігі болып табылады.
Қазіргі кезде, көптеген елдер мемлекеттік басқарудың ұлттық жүйесі нің ерекшелектерін ескеретін мемлекеттік қызметтің аралас моделін құруды жөн көреді.
Мемлекеттік қызметтің көптеген тиімді модельдерінде (Нидерланды, Сингапур, АҚШ, Италия) жоғары мемлекеттік қызмет институты қолданы лады, ол саяси шешімдер қабылдау үрдісін шешімдерді іске асыру үрдісінен ажыратуға бағытталған. Жоғары мемлекеттік қызметтің функция лары жалпы мемлекеттік саясатқа сәйкес басқару талаптарын әзірлеу және әкімшілік қызметті жүргізу болып табылады.
Озық әлемдік тәжірибеге (Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Сингапур, Малайзия және т.б.), мемлекеттік қызмет саласындағы кадр саясатын тиімді іске асыру, оның ішінде жоғары мемлекеттік әкімшілік қызметшілер корпусына қатысты іске асыру мемлекеттік қызмет персоналын басқару дың біртұтас жүйесіне және оны автоматтандыруға негізделген.
Халықаралық тәжірибеде әкімшілік этика сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды тәсілдерінің бірі болып есептеледі. Бірқатар елдерде арнайы заңдар мемлекеттік қызмет этикасы мәселелерін реттейді және мемлекеттік басқару жүйесінің моральдық климатын жақсартуға бағытталған [23, 87 б.]. .
Мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық стандарттары «мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық кодекстері» деген жалпы атауға ие болған арнайы нормативтік құқықтық актілерде қамтылған.
Нормативтік құқықтық актілерде бекітілген мемлекеттік қызметші лердің мінез-құлық стандарттары мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін атқаруы кезіндегі мінез-құлқының негізгі бағыттарын айқын дауға арналған.
АҚШ-да мемлекеттік қызметшілердің құрамына лауазымды тұлғалар мен қоса мемлекеттік-билік өкілдіктердің жүзеге асырылуымен байла нысты көмекші – техникалық қызметкерлер құрамы, сонымен қатар жалдан балы қызметкерлер де (соның ішінде мемлекеттік оқу орындарының оқыту шылары, мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық қызмет көрсету саласы ның қызметкерлері) енгізілген.
АҚШ мемлекеттік қызметті реформалау барысында оны жеке сектор мен салыстырғанда неғұрлым ашық және бәсекеге қабілетті ету мақсаты қойылған. Сондықтан да, мемлекеттік қызметке орналасау үшін үміткер конкурстық емтихандар тапсырып, басқа үміткерлер арасында өткізілетін ашық конкурста жеңіп шығуы тиіс. Конкурсты жеңіп шығып, мемлекеттік қызметке орналасқан тұлғаларға мемлекеттік қызметшінің қабілеттерін, білімін, оның мықты және әлсіз жақтарын жанжақты бағалауға мүмкіндік беретін бір жылдық сынақ мерзімі орнатылады.
АҚШ мемлекеттік қызметшілер төзімділігін арттыру мақсатында атқарушы билік жүйесінде этикалық бағдарлама енгізілген. Әкімшілік этика тұрғысынан қарастырғанда адамгершілік жеке адалдық ретінде қарастырылады, ал әкімшілік мінез – құлықта – көпшілік лауазым жеке пайдақор мақсаттарда пайдаланыла алмайтын әмбебап норма ретінде қарастырылады.
АҚШ басқарудың «этикалық» мемлекеттік құрылымы қызмет етеді. Оның негізі – арнайы «этикалық заңнама». Басқарудың «этикалық» мемлекеттік құрылымы мемлекеттік қызметшілердің этикалық емес іс - әрекеттерін реттеуге және тергеуге және де мемлекеттік қызметшілер тарапынан этикалық емес іс - әрекеттер орын алған жағдайда аталған іс - әрекеттер қудаланады. «Этикалық» істерді қарастыру мен шешудің арнайы рәсімдері мен этикалық нормаларды мәжбүрлеп қолдану механизм дері әзірленіп, енгізілуде.
АҚШ 1978 жылы қабылданған мемлекеттік басқару туралы заңда сыбайлас жемқорлықпен күрес және үкіметтік мекемелер қызметінің жеделдігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі іс – шаралар көзделген. Осы заңға сәйкес мемлекеттік қызметті конкурстық негізде иелену үшін қажет еті летін әрі жеткілікті болып табылатын қасиеттер – жеткілікті тәжірибе, біліктілік дейгейі мен адалдық.
1989 жылы АҚШ конгрессі атқарушы билік жүйесіндегі жеке мекеме ретінде мемлекеттік этика басқармасын ұйымдастырған. Оны 5 жылдық мер зімге Сенат кеңесі жөніндегі президент тағайындайтын (немесе президент пен келісіп) директор басқарады. Басқармада 85 адам қызмет етеді. Мемлекеттік этика басқармасы атқарушы билікте этикалық бағдар ламаны басқаруды қаматамасыз етеді. Басқарма жүйелі түрде бөлімелер мен мекемелерде этика мәселелерімен айналысатындар үшін оқу – тренинг тік бағдарламаларды жүргізеді, арнайы газетті шығарады және де кез келген мәселелер бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды басып шығарады.
Ұлыбританиядағы мемлекеттік қызмет институтының қазіргі кездегі нысанын қалыптастыруға 70-80-ші жылдары өткізілген ірі әкімшілік реформалар негіз болды. Аталған реформаларады өткізу үшін Мемлекеттік қызметті реформалау жөніндегі комитет ұйымдастырылған (Фултон Комитеті). Аталмыш комитет үкіметке Ұлыбританияның мемлекеттік қызметінің жаңа моделін – атап айтқанда, «менеджерлік» моделін ұсынған. Дәл осы, американдық модельге барынша ұқсас модель Ұлыбританияның мемле кеттік қызметінің негізі болды.
Ұлыбританияда мемлекетік қызметшілер төзімділігін арттыру мақса тында мемлекеттік қызметте «билік үнемі оған бақылау жасалынатын дығын сезінуі тиіс» деген басты қағида жүзеге асырылуда. Үкімет үшін қызмет ететін тұлғаға зор қоғамдық сенім арттырылады, өйткені дәл осы мемлекеттік қызмет теріс пайдаланушылыққа зор мүмкіндіктер береді. Мемлекеттік қызметке жаңадан түскен қызметкер саналы таңдау жасайды және де көпшілік алдындағы әрі жеке қызметтегі қатаң шектеулерге келісім береді. Лауазым неғұрлым жоғары болса, шектеулер де соған орай көбірек кездеседі.
Ұлыбританияда қызмет бойынша көтеру шенеуніктердің негізгі топтарында әр түрлі жүзеге асырылады. Әкімшілік және саяси басшыларды Мемлекеттік істер жөніндегі министрлік тағайындайды. Министрліктің жанынан азаматтық қызметтің басшылық құрамын ағайындау жөніндегі арнайы іріктеу комитеті қызмет етуде. Комитетте компьютерлік техни каның жетістіктерін пайдаланумен әзірленген жоғары әкімшілердің бүкіл штатының жасырын тізімі бар. Осы тізімге мемлекеттік қызметшілердің білімі, кәсібі, қызмет өтілі және т.б. мәліметтер енгізілген. Комитеттің жанынан жоғары әкімшілерді жылжыту мәселесін қарастырумен айналы сатын арнайы топ қызмет етуде.
Басқа шенеуніктер үшін жекелеген министрліктер деңгейінде жыл сайынғы есеп берушілік тәжірибесі жүзеге асырылуда. Әрбір есепті есептің ішіне енгізілетін мәліметтер иесі болып табылатын тұлғадан 1-2 саты жоғары тұрған лауазым иесі әзірлейді. Есептер министрліктің қызмет бабы бойынша жылжыту кеңесіне тапсырылады. Оның мүшелерін шенеуніктерді ңқызмет бабы бойынша жылжыту туралы түпкілікті шешімді қабылдайтын министр тағайындайды.
Қызмет бойынша жылжытудың ағылшын жүйесі барлық деңгейлердегі қаталдықпен ерекшеленеді. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес шенеуніктердің кәсіби тұрғыдан сіңірген еңбектеріне емес, жасы мен қызмет бабындағы төзімділік қасиеттеріне басты назар аударылады. Мемлекеттік қызметке қабылдау, оқыту мен қызмет бойынша жоғарылатудың бүкіл жүйесі кәсіби басқарушының, кең ауқымды әкімші тұлғасын қалыптастыруға бағыт талған. Белгілі ағылшын саясаттанушысы Д.Стилдің пікірінше, «табыстан табысқа жететін әкімші нақты өзекті мәселеге бейтарап болуы тиіс, алайда білім мен жұмыс тәжірибесінің бар болуына орай кез келген мүдделер арасында ортақ шешімді таба білу қасиетіне ие болуы тиіс. Министрлік тердің саяси басшылары аталған сипаттамаларға ие кәсіби басқарушы ларды (британдық терминологияға сәйкес оларды «дженералисттер» деп атайды) ерекше бағалайды».
Жақын шетел елдерінің бірі болып табылатын көршілес Ресей Федера циясында 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметшінің төзімділігін артты руға бағытталған кең ауқымды жұмыс жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, Ресей Федерациясында Мемлекеттік қызметшісінің этикалық кодексі қабылданған. Аталған құаттың 5 бабында «Мемлекеттік қыз метші адамдарға олардың ұлтына, діни нанымына, саяси бағдарына байла ныссыз төзімділік танытып, Ресей халықтарының әдет ғұрыптары мен дәстүр леріне құрмет білдіріп, кез келген этникалық, әлеуметтік топтар мен конфес сиялардың мәдени және басқа да ерекшеліктерін есепке алуы тиіс» деген қағидалар жазылған. Ресей Федерациясында тиімді басқару командаларды қалыптастыру – аса маңызды және өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Кадр мәселелерін зерттеу барысында көптеген ғалым дар, сарашылар мен саясаткерлер іс жүзінде кадрларды сапалы деңгейде іріктеп, оларды мемлекетті қызметшілердің әлеуметтік болмысын, адамгер шілік бағдарларын, сананың ізгілік қасиеттерін, төзімділік деңгейін есепке алып тиімді орналастырып қоюға мүмкіндік беретін механизмдердің жоқтың қасы екендігіне назар аударуда.
Аталған кемшілікті жою мақсаттағы іс – шаралардың бірі ретінде 2002 ж. Мәскеу үкіметі «Мәскеу әлем мәдениетіне қарай бағыт алды: төзімді сана нұсқамаларын қалыптастыру, экстремизмнің алдын алу, әлем мәдениетін тәрбиелеу (2002-2004 жылдар)» орта мерзімдік қалалық мақ сатты бағдар ламасын қабылдаған. Бағдарлама 2001 жылғы 25 тамыздағы Ресей Федерациясы Үкіметінің «Ресей қоғамында төзімді сана нұсқамаларын қалыптас тыру және экстремизмнің алдын алу (2001-2005 жылдар)» № 629 қаулысын орындау мақсатында қабылданған және астаналық қоғамдастықты әлеуметтік – мәдени дамыту саласындағы басым бағыттағы міндеттерді шешу үшін әзірленген.
Қалалық бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін қайта даярлау бағдарламалары әзірленіп саралаудан өткізілді. Атап айтқанда, қалалық Білім беру департаменті ашық білім беру институтында мамандарды қысқа мерзімді маманды рылған курстарда «Бейбітшілік пен төзімділік мәдениеттері» тақырыбы бойынша оқыту жұмысы жүргізілді. Мәскеу қ. аймақаралық байланыстар мен ұлтты саясат комитеті «Атмосфера» коммерциялық емес ұйыммен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкер лерінің төзімділік мәселелері жөніндегі біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып, өткізілді.
Ресей Федерациясымен көршілес Украинада да мемлекеттік қызметшілердің төзімділігін арттыру мақсатында қабылданған құжаттар бар. Олардың ішінде 2011 жылғы 19 шілдедегі Украина елінің Мемлекеттік қызметі басқармасының № 176 бұйрығының негізінде әзірленген Мемлекеттік қызметші мінез – құлқының жалпы ережелерін атап өтуге болады. Осы құжаттың ІІ тарауының 2.6 тармағында «Мемлекеттік қызметші кез келген діни ұйымдарға төзімділік пен құрмет көрсетуге, халықтық әдет – ғұрыптарды құрметтеуге міндетті» деп жазылған. Осын дайда Украиналық мемлекеттік қызметшілерге өздерінің қызметтік міндет терін атқару барысында өз діни нанымдарын немесе артық көрушіліктерін көрсетуге тыйым салынған.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы өзінің әлеуметтік-эко номикалық, мәдени және саяси дамуында айқын жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында кәсіби мемлекетті құру маңызды ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып белгіленген. Қазақстан Республикасында демократиялық үрдістердің дамуы мен қазіргі заманға сай жағдайларда қазақстандық қоғамды жаңғырту қоғамдық санада азаматтық бейбіт өмірді сақтауға, этносаралық және конфессияларалық өзара қарым – қатынастарды үйлестіруге, әлеуметтік – саяси тұрақтылықты нығай туға ықпал ететін төзімділік мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға байланысты болып табылады. Аталған міндеттерді жүзеге асыру көптеген жағдайларда мемлекеттік қызметшінің мінез – құлқында, қоршаған ортамен өзара әрекеттесу барысында төзімділіктің бар болуына және де төзімді сананы қоғамға орнату жөніндегі іс - әрекеттеріне байланысты болып табылады.
Әлеуметтік – құқықтық институт болып табылатын мемлекеттік қызмет жалпы ұлттық идеяларға қол жеткізуде ерекше орын алады және мемлекетті басқару механизмінде маңызды роль атқарады. Өзінің кәсіби міндеттерін орындау үшін мемлекеттік қызметшіде кәсіби біліммен қатар кәсіби қызметті жүзеге асыруға қажетті жеке қасиеттер мен мінез – құлықты ерекшеліктерде бар болуы тиіс. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығы ның өзекті мәселесін оңтайландырады. Қазіргі кезде мемлекеттік қызмет сала сында қызмет ететін мамандардың кәсіби қасиеттерін қалыптастыру мен дамыту жөніндегі іс - шараларды құрып, жүзеге асыру міндеті орын алуда. Мемлекеттік қызметшінің мінез құлқында бар болуы тиісті негізгі өлшем дерді сипаттау оның қызметінің кәсіби қызметінің негізін құрайды. Мемлекеттік қызметшінің кәсіби жетістігінің негізін қамтамасыз ететін кәсіби тұрғы дан маңызды қасиеттерді екі топқа бөлуге болады: тиімді әрі нәтижелі кәсіби қызметінің жүзеге асырылуына жауап беретін қасиеттер мен төзімділікке негізделетін тұлғалар арасындағы тиімді қарым – қатынасқа ықпал ететін қасиеттер. Дәл осы төзімділік қасиеті мемлекеттік қызметшілерге басқа адам дармен теңдік негізінде өзара әрекет етуге және субъект пен субъект арасын дағы қарым қатынастарды толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Басқарудың тиімді және оңтайлы құрылымына негізделген мемле кеттік қызмет абыройды жоғары деңгейде ұстай алу мен мемлекетке қызмет етудің беделін түсірмей қызмет ету, аталған міндеттерді адал әрі сапалы орындау жауапкершілігіне иеленетін кәсіби кадрларды қажетсінеді. Осындай қоғам дық қажеттілікті қамтамасыз ету көптеген үрдістердің қызмет етуіне де байланысты болып табылады. Олардың ішінде мемлекет тік қызметші тұлғасының азамат пен кәсіпқор түрінде қалыптасу мен дамуына қатысты басты әлеуметтік үрдістердің бірі болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтендірілуі ерекше орын алады.
Кәсіби мемлекеттік қызмет әрдайым және барлық жерлерде қоғамның сәтті дамуының, кез келген мемлекеттің гүлденуін қамтамасыз ететін негізгі ұйымдастырушылық буыны, маңызды шартарының бірі болған. «Жаңа ұрпақтың шешеунігі – патриот сезімі дамыған әрі әділетті, өз ісіне берілген әрі кәсіпқой ұлттың қызметшісі болып табылады. Мемлекеттік қызметтің жоғары беделін қалыптастыру әрі оны тиісті деңгейде ұстау - біздің таяу жылдары шешімін табуы тиіс стратегиялық міндетіміз» - деп атап өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Аталған міндеттерге қол жеткізу үшін мемлекеттік қызметшіде кәсіби білімдермен қатар жеке бас психологиялық қасиеттері, атап айтқанда өз қызметінде басқа адамдармен, әріптестерімен және тұрғын халықпен өзара әрекеттесу барысындағы төзімділігі де жоғары деңгейде болуы тиіс [24, 37 б.].
Қазақстанда төзімділік деңгейін арттыру маңыздылығы мен қажеттілігі мемлекеттік деңгейде танылады. Алайда ресми құжаттарда бекітілген төзім ділік өзара қарым – қатынастардың көпшілік мақұлдаған қағида деп есептеуге болмайды. Мемлекеттік органдар аппаратында қызмет ететін адам – мемлекеттік ниеттерді, бағдарламалар мен қабыл данған заң актілерін ақи қатқа айналдырудың басты қозғаушы күші болып табылады. Мемлекеттік қызметшінің өзі қоғамға төзімділікті орнату жөнінлегі «менеджері» болуы тиіс, яғни аталған қасиет бірінші кезекте оның өзінде бар болуы шарт.
Бүгінгі күні төзімділікке қатысты бірқатар қайшы көзқарастар орын алуда. Атап айтқанда, қоғамда өзара қарым – қатынастарда төзімділікті артты руға қатысты қажеттілік бар, алайда іс жүзінде төзімділік деңгейі әлі де болса төмен болып қалуда. Мемлекеттік деңгейде қоғамдағы төзімділікті дамытудың маңыздылығы мойындалған, алайда оның мемлекеттік бағдарламалар дың жүзеге асырылуына жауапты әрі іске асырудың қозғаушы күші болып табылатын мемлекеттік қызметшілер қызметіндегі жүзеге асыры луы әлі күнге дейін орын алмаған.
Сонымен қатар, біліктілікті арттыру, қайта даяр лау курстарда оқып жүрген кезде мемлекеттік қызметшілерде өз төзімділігін дамытуға әлеуетті мүмкіндіктері бар, алайда қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілердің төзіміділігін арттыру жөніндегі арнайы әзірленген бағдарла малар жоқ.
Мемлекеттік қызметшілер төзімділігін арттыруға қатысты ережелер мен нақты көзқарастар мемлекеттік қызметшілердің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы, «Қазақстан Республи касының мемлекеттік қызметшілерінің ар – намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, «Мемлекеттік қызметті өту тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың ереже лерін бекіту туралы» Қазақстан Респуб ликасының Заңы сынды нормативтік – құқықтық актілерде көрініс тапқан.
Тұлғаның маңызды интегралды қасиеті болып табылатын төзімділіктің мемлекеттік қызметшілерде көрсеткіштер, даму деңгейлері мен құры лымды құрауыш бөліктердің өзара байланысының деңгейіне қатысты басқа ұқсас кәсіп иелерінің, мысалы, жоғары оқу орындарының оқытушы ларының төзімділігінен өзгеше болып табылатын өзіндік ерекшеліктері бар.
Бүкіл әлемде мемлекеттік секторға ұдайы көңіл аударылады, ол қоғам өмірінің назарында. Бірақ, шешуші фигуралардың бірі – мемлекеттік қызметші – қоғам алдында кәсібилігі төмен, бюрократизм, сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз келбетте көрінетін болса, басқару құры лымын нығайту, жетілдіру, мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар жеткілікті емес. Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев мемлекетке басшылық ету үшін қажет, мемлекеттік қызметшіге тән негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – жоғары моральды жауапкершілік, кәсіби білімін тәжірибеде қолдана алу, адалдық, таза ниеттілік, белсенді өмірлік ұстаным. Мемлекеттік қызмет тегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезіне отырып өз елінің патриоты болуы тиіс.
Төзімділік көптеген құрамдас бөліктерден тұрады; және де ол жеке басқа қатысты қасиет. Ол басқа адамдармен өзара әрекеттестікке қатысты саналы негіздегі ашықтыққа, олардың жеке – психологиялық ерекшелік терін, мінез – құлық үлгілерін өзіндік «Мен» сезімін жоғалтпай қабылдауында, сонымен қатар сындар лы үндесуді жүргізуге дайын болуда көрініс табады.
«Мемлекеттік қызметшінің төзімділігі» ұғымы біріншіден, «әрекет тестік» пен «қарым - қатынас» ұғымдарымен тығыз байланысты, екіншіден, «ізгілік» пен «рухани жауапкершілік» ұғымдарымен тығыз байланысты болып табылады. Негізінен «мемлекеттік қызметшінің төзімділігі» дегеніміз басқаларды олардың қандай болса солай қабылдай алуға дайын болу және олармен келісім негізінде әрекеттесе алу, қалыптан тыс шығатын, «деструктивті» жанжалды жағдайларды түсіністік орната білу мен басқа пікірді қабылдай алу қабілеттілігі. Төзімділіктің психологиялық мәні адамдар мен әлеуметтік топтар арасындағы, саяси, экономикалық, ұлттық (этностық) айырмашылықтардың бар болуына, конфессиялық және басқа да қайшылықтардың, сондай – ақ жанжалдардың пайда болу мүмкін дігіне байланысты. Төзімділік аталған жанжалдардың пайда болуы мүмкіндігін жоққа шығара алады немесе аталған келіспеушіліктер мен жанжалдарды күштемей шешу құралдары арқылы, пайда болып келе жатқан жанжал тараптары үшін оң нәтижемен жүзеге асырыла алады.
Мемлекеттік қызметші төзімділігінің құрылымы үш құрауыш бөліктер ден тұрады:

  • когнитивті құрауыш бөлік – төзімділік туралы білім, төзімділік тің өзара әрекеттесу үрдісіндегі маңыздылығын ұғыну, меншікті төзімділік тің ұйымдастырылғандық деңгейі туралы көрініс;

  • эмоционалды – қарым – қатынасты құрауыш бөлік - өзін өзі қабылдау, өз өзіне баға беру, эмоционалдық тұрақтылық, өзін өзі ұстай білушілік, эмпатия, психологиялық бағыттылық (басқа адамға деген назар аударушылық);

  • мінез – құлықты – реттейтін құрамдас бөлік – мінез – құлықты икемділік, мінез – құлықтық стратегия (өзін өзі сындарлы таныту стратегиясы төзімділігінің дамуына ықпал етеді, ал басқа стратегиялар, керісінше, оған кедергі туғызады).

Жоғарыда аталған әрбір құрамдас бөліктердің өзіндік өлшемдері, тиісті көрсеткіштері бар.
Мемлекеттік қызметші төзімділігі құрылымының теориялық үлгісі келесідей: төзімділіктің интрапсихологиялық жағының (толерантты сананың) қалыптастырылуы мен дамуына келесі жеке сипаттамалар негіз болады: сананың, атап айтқанда ойлау үрдісінің үндесуге дайын болуы, алдын ала бейімделгенділік жүйесі (өзекті мәселелерге, түсіністікке, түсін діруге, өзара байланысқа, рефлексияға, шығармашылыққа, тапқырлыққа бағытталынуы); ішкі бақылаудың бар болуы, өмір мағынасының жүзеге асырылуымен қана ғаттанушылық сезімі; дамыған өзіндік сана, басқа адамға (басқа адамдарға) деген қарым – қатынастар құнды қатынастар ретінде басты орын алатын толық қалыптасқан құндылықты – уәжді сала.
Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастырудың идеологиялық, саяси және мәдени аспектілері бар. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру – күрделі және ұзақ үрдіс. Мемлекеттік қызметшінің оң имид жін қалыптастыру үрдісі атқаруы биліктің имидждік саясатымен тығыз байланысқан.
Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне қойылатын негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің Ар-намыс кодек сінде белгіленген: «мемлекеттiк қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапы нан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды».
Мемлекеттік қызмет кадрларының біліктілігін арттыру жүйесіне төзімділік үрдісін оңтайландыратын және белсендеттіретін әдістердің арнайы кешенін енгізу мемлекеттік қызметшілердің осы жеке қасиеттің қалыптастырылуына деген құндылықты – уәжді (мотивациялық) қарым – қатынасына, төзімділіктің даму үрдісінің іс жүзінде белсендетілуіне және оңтайлан дырылуына оң әсер етеді, мемлекеттік қызметшілермен өз жеке мүмкіндік тері, кәсібжәни е әлеуметтік ортаның қорларын пайдалануының тиімділігін арттырады.
Төзімділіктің тағы да бір қыры – интерпсихологиялық тұрғыдан қарастырылатын төзімділік. Ол мінез-құлықтың, қызметтің, өзара ара қаты настың белгілі бір стилінде көрініс табады әрі коммуникативті төзімділік ретінде белгіленеді. Төзімділіктің аталған түрінде икемділік тің үш тобы шоғырланған. Талдап, болжау жасай алуға қатысты икемділіктер нақты әлеу меттік ортада және нақты серіктестермен оқиғалар дамуының қисынын белгі леуге, өз мінез – құлқын жоспарлауға, болашақ өзара ара – қатынастарға деген әзірлігін даярлауға мүмкіндік береді. Коммуникативті икемділіктер нақты жағдайларда өзара әрекеттесу міндеттерін сындарлы шешуге, әріптес пен оның эмоционалдық жағдайы мен пікірлердегі, көзқарастардағы келіспеу шіліктерге байланыссыз оңтайлы эмоционалдық ара қатынасты орнатуға мүмкіндік береді, Өзін өзі реттей алу икемді ліктері өз белсенділігінің шығармашылық сипаттамасын айқындай отырып өзара қарым-қатынастың тиімді стратегиясы мен тактикасын әзірлеуге мүмкіндік береді де өз мінез – құлқын немесе қызметін басқару және өзінің күйін реттей алу негізінде тиімді стратегияны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

жүктеу 38,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау