Мемлекеттік бағдарламасы


-диаграмма. Қазақстан Республикасы аумағында жекелеген карантиндік объектілердің таралу серпіні, гектар



жүктеу 5,5 Mb.
бет6/18
Дата22.05.2018
өлшемі5,5 Mb.
#16247
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

10-диаграмма. Қазақстан Республикасы аумағында жекелеген карантиндік объектілердің таралу серпіні, гектар

Салада мынадай проблемалар бар:

1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандырудың жеткіліксіз қарқыны.

2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымсыз пайдаланылуы.

3. Ұсынылатын ғылыми негізделген ауыспалы егістердің сақталмауы.

4. Тұқым шаруашылығының жеткіліксіз дамуы.

5. АШТӨ-нің химиялау құралдарын (тыңайтқыштар, пестицидтер және т.б.) жеткіліксіз қолдануы.

6. АШТӨ-нің техникалық және технологиялық жарақтандырылу деңгейінің төмендігі.

7. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары емес түсімділігі.

8. Қолданылатын технологиялардың, стандарттардың, сертификаттау мен сапаны басқару жүйелерінің талаптарға сәйкес келмеуі.

9. Өңірлерге байланыстыра отырып, бақшаға жарамды аумақтарды айқындау бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігі.

10. Аса қауіпті зиянды организмдерді есепке алудың, бақылаудың әлсіздігінен және олардың елге енуінен барлық дақылдық сорттардың арғы тегі жабайы алманың гендік қорын жоғалтып алу қатерінің болуы.

11. Фитосанитариялық заңнамада тыйымдар мен шектеулер енгізу тетігінің, фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу нормаларының жоқтығы.

12. Зиянды, аса қауіпті организмдермен күресу жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды және карантиндік объектілерді оқшаулау мен жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу бойынша АШТӨ-нің фитосанитариялық сауаттылығы деңгейінің төмендігі.

13. ЕАЭО мен ДСҰ-ға мүшелік шеңберінде сауда әріптестері мен тауар айналымының кеңеюіне байланысты ҚР-да бұрын тіркелмеген карантиндік объектілердің интродукциялану және таралу тәуекелінің артуы.

14. Көптеген АШТӨ үшін субсидиялардың қолжетімділігі дәрежесінің төмендігі.

15. Субсидиялаудың түпкілікті нәтиже мен өңірлердің мамандануына байланысының болмауы.

16. Гектарлық субсидия тиімділігінің төмендігі.
3.3. Мал шаруашылығы
Жалпы мал шаруашылығы өнімінің көлемі 2015 жылы 1,5 трлн. теңгені құрады, бұл нақты мәнде 2011 жылдың деңгейінен 5,1%-ға жоғары. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы құрылымындағы саланың үлесі 44,4%-ды құрады.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ірі қара мал басының саны 2011 жылмен салыстырғанда 8,3%-ға, жылқы – 28,7%-ға, қой – 1,5%-ға, құс – 8,3%-ға ұлғайған.

2015 жылы мал шаруашылығы өнімдері өндірісінде жеке қосалқы шаруашылықтардың (бұдан әрі – ЖҚШ) үлесіне жалпы өндіріс көлемінің ет бойынша 62%-ы, сүт бойынша 80%-ы, жұмыртқа бойынша 26%-ы тиесілі болды.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еттің барлық түрінің өндірісі 931,0 мың тоннаны құрады, бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда


0,9%-ға төмендеген.
11-диаграмма. Мал басының саны, млн бас

2015 жылдың қорытындылары бойынша тұтыну құрылымында сиыр етінің импорты 3,7%-ды, шошқа еті бойынша – 3,9%-ды, жылқы еті бойынша – 3%-ды, қой еті бойынша – 0,01%-ды құрады, бұл аталған өнім түрлерінің жоғары экспорттық әлеуетін білдіреді. Құс еті өндірісінің өсуіне қарамастан аталған өнім бойынша импортқа тәуелділік дәрежесі жоғары (54%) күйінде қалып отыр.

Барлық түрдегі сүт өндірісі 2015 жылы 5182,4 мың тоннаны құрады. Сүтті қайта өңдеу өнімдерін тұтыну құрылымында импорттың үлесі 10%-дан 40%-ға дейін құрайды.

Жұмыртқаның ішкі өндірісі ішкі нарықтың қажеттілігін толық жабады. Тауарлы жұмыртқаның экспорты жалпы өндірістің шамамен 2%-ын құрайды. (осы Бағдарламаға 16-қосымшаны қараңыз).

Мал шаруашылығы өнімі өндірістік шығындарының құрылымында азықтар 65-70%-ды құрайды. Сиыр етінің өнеркәсіптік негіздегі өндірісінің өзіндік құнының 1 килограмы 870-930 теңгені, сүттің 1 литрі 70-75 теңгені, құс етінің 1 килограмы 430-450 теңгені, жұмыртқаның 1 данасы 15-15,5 теңгені, қой етінің 1 килограмы 690-720 теңгені, шошқа етінің 1 килограмы 610-620 теңгені, жылқы етінің 1 килограмы 550 теңгені құрайды.

Соңғы бес жыл ішінде отандық АШТӨ-дегі ауыл шаруашылығы жануарларының орташа өнімділігі артты, бірақ дамыған елдер деңгейінен төмен күйінде қалып отыр. Мысалы, елдегі орташа сүт сауылымы бір сауын сиырға 2200 кг құрайды, ал Канадада бұл көрсеткіш 4 есеге жоғары (осы Бағдарламаға 17-қосымшаны қараңыз).

Қазіргі уақытта бір шартты басқа 14 центнер азықтық бірлік өндіріледі, бұл зоотехникалық нормалардан 2 есеге төмен. 2015 жылғы құрама жем өндірісі кәсіпорындардың жиынтық қуаттылығы 2,5 млн тонна болғанда


1,2 млн тоннаны құрады.

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері мен құстың асыл тұқымды басының үлесі айтарлықтай ұлғайды және 2015 жылдың қорытындылары бойынша: ірі қара мал (бұдан әрі – ІҚМ) –10,6%-ға, қой –


15,1%-ға, шошқа – 19,9%-ға, жылқы – 7,9%-ға, түйе – 13,1%-ға және құс –
17,1%-ға ұлғайған (осы Бағдарламаға 18-қосымшаны қараңыз).

Мал шаруашылығындағы субсидиялау құралдары сатып алынған асыл тұқымды жануарлардың құнын, селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге, ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыруға арналған шығындарды арзандатуға, мал шаруашылығы өнімім өндіру құнын арзандатуға бағытталған (осы Бағдарламаға 19-қосымшаны қараңыз).



Мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі 2015 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге ұлғайды. Мемлекеттік қолдау шараларымен мал шаруашылығының барлық бағыттары қамтылды.

12-диаграмма. Мал шаруашылығы салаларын субсидиялау серпіні, млрд теңге

Жалпы сиыр етін өндіру көлемінің 6%-ы субсидиялаумен қамтылды. Бұл ретте сиыр етін өндіру көлемінің 70%-дан астамы ЖҚШ-ға тиесілі, ол субсидияланбайды.




13-диаграмма. 2015 жылы мал шаруашылығы өнімдерін субсидиялаумен қамту, мың тонна

Жалпы сүт өндіру көлемінің 4,7%-ы субсиздиялаумен қамтылды. Бұл ретте сүт өндіру көлемінің 80%-ы ЖҚШ-ға тиесілі (осы Бағдарламаға 20-қосымшаны қараңыз).



2015 жылы жіті инфекциялық аурулардың 248 ошағы тіркелді, нәтижесінде Қазақстанның бірқатар облыстары үшін мал шаруашылығы өнімінің экспортына тыйым салынды (осы Бағдарламаға 21 және
22-қосымшаларды қараңыз).
14-диаграмма.Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық ахуал (жағдайлар саны)



жүктеу 5,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау