Мемлекеттік бағдарламасы


-диаграмма. Жануарлардың созылмалы аурулары бойынша эпизоотиялық ахуал (жағдайлар саны)



жүктеу 5,5 Mb.
бет7/18
Дата22.05.2018
өлшемі5,5 Mb.
#16247
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

15-диаграмма. Жануарлардың созылмалы аурулары бойынша эпизоотиялық ахуал (жағдайлар саны)


Салада мынадай проблемалар бар:

1. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстың төмен өнімділігі.

2. Азықтық базамен жеткіліксіз қамтамасыз етілу.

3. Жануарлар мен құстың асыл тұқымды басының төмен үлесі.

4. Азықтық және жемдік дақылдар себілетін егіс алаңдарының жеткіліксіздігі.

5. Жайылымдық алқаптарды ұтымсыз пайдалану.

6. Құрама жем кәсіпорындарында айналым қаражатының жеткіліксіздігі.

7. Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық-санитариялық
іс-шаралармен толық қамтымау.

8. Ветеринария заңнамасының халықаралық талаптармен үйлестіру бөлігінде жетілдірілмеуі.

9. Өңірлердің жануарларды бірдейлендіруге арналған құралдармен (бұйымдармен) және атрибуттармен уақтылы қамтамасыз етілмеуі.

10. Ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты, сапалы интернет байланысымен толық қамтымау.

11. Көптеген АШТӨ үшін субсидиялардың қолжетімділігі дәрежесінің төмендігі.

12. Субсидиялаудың түпкілікті нәтиже мен өңірлердің мамандануына байланысты болмауы.

13. Мал шаруашылығы салаларының ішінде өнімдердің басымдылық тәртібінің болмауы.
3.4. Акваөсіру
Бүгінде Қазақстанда негізгі балық ресурстары табиғи су айдындарынан ауланады, бұл ретте акваөсіру әлсіз дамыған. Айталық, 2015 жылы балық өсіру көлемі 0,7 мың тоннаны, ал табиғи су айдындарынан балық және басқа да су жануарларын аулау 41,5 мың тоннаны құрады.

Балық өсіруді 75-тен астам балық өсіру шаруашылығы жүзеге асырады, оның ішінде: 42 көлді-тауарлы балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – КТБӨШ), 17 тоғандық, 10 тұйықталған сумен қамтамасыз ету қондырғылары (бұдан әрі – ТСҚЕҚ) бар индустриялық балық өсіру шаруашылығы,


3 бассейндік және 3 шарбақты балық өсіру шаруашылығы.

Дегенмен салада мынадай проблемалар бар:

1. Жеке балық өсіру шаруашылықтарының арнайы азықтармен қамтамасыз етілмеуі.

2. Кәсіпкерлерді балық өсірудің заманауи технологияларымен ақпараттық-консультациялық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.

4. Акваөсірудің нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық базасының жетілдірілмеуі.
3.5. Органикалық ауыл шаруашылығы

өнімдерінің өндірісі
Қарқынды ауыл шаруашылығын жүргізуге өту, генетикалық-түрлендірілген организмдерді (бұдан әрі – ГТО), улы химикаттарды, минералды тыңайтқыштарды, антибиотиктерді және жануарлар өнімділігінің жеделдеткіштерін кеңінен пайдалану қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына ғана емес, жалпы қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа кері әсерін тигізеді. Топырақтың биоәлеуетін, өсімдіктерді, жануарларды барынша пайдаланудың көмегімен органикалық ауыл шаруашылығы экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тәуекелдерді барынша төмендетуге ықпал етеді, сондай-ақ ауыл тұрғындарына өз кірістерінің деңгейін арттыруға, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақстандық ауыл шаруашылығы еңбеккерлері үшін экоөнім өндірісі перспективалы, бірақ әлі жеткілікті дәрежеде дамымаған болып табылады, бұл оларға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл инновациялық бағыт және оның негізгі міндеттердің бірі – аға ұрпақтан мұра болып қалған жергілікті дәстүр мен мәдениетті сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығын жүргізудің оң тәжірибесін пайдалану.

Бұдан басқа, органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі және оны өткізу Қазақстан АӨК-сінің объективті, ұлттық бәсекелестік артықшылығы болып табылады.

«Органикалық өнім өндіру туралы» ҚР Заңы пестицидтерді, синтетикалық минералды тыңайтқыштарды, өсімді реттегіштерді, жасанды тамақ қоспаларын пайдаланудан бас тартуды көздейді, сондай-ақ ГТО-ны пайдалануға тыйым салады. Органикалық өнімді алу топырақты, табиғи экожүйелерді дұрыс жағдайда ұстаумен және жақсартумен бірге жүреді, дамудың тұрақты болмауына байланысты қатерді барынша азайтады, халықтың денсаулығы және саламаттылығы үшін жағдай жасайды.

Органикалық өнім өндірісінің және айналымының ұлттық жүйесі халықаралық жүйемен сәйкес болуы және Қазақстандағы ауыл шаруашылығының ерекшелігін есепке алуы тиіс.

Органикалық ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесін қалыптастыру индустриялық ауыл шаруашылығы өндірісінен бас тартуды білдірмейді: ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің органикалық және индустриялық жүйесі ішкі және халықаралық нарықтардағы органикалық өнімге деген ағымдағы және мүмкін болатын қажеттіліктерді қанағаттандыратын, аграрлық технологияға біртіндеп трансформациялана отырып, бір-біріне параллель тиімді жұмыс істей алады.

Ресми статистика 2016 жылғы жағдай бойынша органикалық өнім өндірісін жүзеге асыратын кәсіпорындардың есебін жүргізбейді.

Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша республика аумағында
29 органикалық өнім өндіруші және қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және органикалық өніммен байланысты басқа да операциялар үшін сертификатталған 19 компания жұмыс істейді. 2015 жылы органикалық өнім өндірісі шамамен 300 мың тоннаны құрады, оның ішінде шашамен 10 млн АҚШ доллары сомасына 62 мың тонна өнім Ұлыбританияға, Италияға, Германияға, Францияға, Бельгияға, Нидерландыға, Польшаға, Ресейге, Украинаға және басқа да елдерге экспортталды (осы Бағдарламаға
23-қосымшаны қараңыз.)

Органикалық өнім өндірісінің дамуын мынадай проблемалар тежейді:

1. Органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы нормативтік құқықтық базаның жетілдірілмеуі.

2. Елімізде өзіндік органикалық өнім өндірісін сертификаттау жүйесінің жоқтығы.

3. Елімізде өнім сапасын айқындайтын мамандандырылған зертхананың жоқтығы.

4. АШТӨ-нің және халықтың органикалық өнім өндірісі мен оны тұтынудың басымдықтары туралы аз хабардар етілуі.

5. Қазақстан АӨК-сіндегі қалдықтарды барынша азайтудың және қайта пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі.
3.6. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті
Қазақстанның географиялық орналасуын, ауыл шаруашылығы өнімдері нарығының сыйымдылығын, көліктік қолжетімділігін талдау негізінде ЕАЭО, ТМД елдері, Қытай, Иран, Ауғанстан және БАӘ әлеуетті өткізу нарықтары болып қалады деген қорытынды жасауға болады.

2015 жылдың қорытындылары бойынша экспортталған өнім көлемі бойынша көшбасшы мыналар болып табылады:

өсімдік шаруашылығы өнімі – бидай, арпа, жүгері, майлы тұқым;

мал шаруашылығы өнімі – сиыр еті, шошқа еті, қой еті, құс еті.

Тұтас алғанда Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты елдер импортының құрылымында өсімдік шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлері бойынша Қазақстаннан жеткізілген өнім 86%-дан асады. Айталық, 2015 жылы Ресейдің импортталған бидайының барлық көлемінде Қазақстан бидайының үлесі 86,6%-ды құрады. Өзбекстанның астық, ұн және майлы тұқымдар бойынша импортында Қазақстан өнімінің үлесі тиісінше 100%,
99,2% және 98,7%-ды құрайды.

Мал шаруашылығы өнімі бойынша ішкі тұтынудың отандық өндіріспен қамтамасыз етілгенін ескерсек, сиыр еті, шошқа еті және қой еті экспорттық әлеуетке ие. Аталған өнімдердің айтарлықтай көлемдегі импорты Қытай, Ресей, Иран және БАӘ сияқты елдерде байқалады (осы Бағдарламаға 24-қосымшаны қараңыз).


3.7. Су шаруашылығы
Қазақстандағы су ресурстарының негізгі көлемін жерүсті сулары орташа жылдық 101 км3 көлемінде қамтамасыз етеді. Оның ішінде 56%-ы оқшау, ал қалған 44%-ы Қытайдан, Өзбекстаннан, Ресей мен Қырғызстаннан келетін трансшекаралық өзендер ағысы есебінен қалыптасады (осы Бағдарламаға
25-қосымшаны қараңыз).

Тұщы судың қосымша көзі пайдалануға бекітілген қоры 15,4 км3 (оның ішінде қазіргі уақытта жылына 1,2 км3 өндіріледі) құрайтын жерасты сулары, тұщыландырылған теңіз сулары мен өзге де көздер болып табылады.

Кепілді су ресурстарының жалпы көлемі табиғатты қорғау мақсатында пайдалануға, шектес мемлекеттерге міндетті ағынды қамтамасыз етуге қажетті көлемді қоспағанда, жылына 23,2 км3 құрайды.

Қолайсыз климаттық және трансшекаралық гидрологиялық жағдайлар кезінде перспективада 2040 жылға қарай Қазақстан бойынша жерүсті ағыстарының жылына 11,4 км3 азаюы болжануда. Трансшекаралық өзендер бойынша су ағынының 2040 жылға қарай болжамды азаюы екі сценарий бойынша байқалады: бірінші – көршілес елдер келісімдерге сәйкес немесе су ресурстарын тең бөлу кезінде өз лимиттерін толық алады, екінші – көршілес елдердің белгіленген квотаны арттыра отырып, су алуды ұлғайту бойынша қазіргі заманғы қарқыны сақталады (осы Бағдарламаға 26-қосымшаны қараңыз).


16-диаграмма. Қазақстанның су бассейндерінің қамтамасыз етілуі, км3

2015 жылы жалпы алынған су көлемі 22,8 км3 құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін жылына 15,5 км3, оның жылына 12,2 км3
1,35 млн гектар алаңды тұрақты суару мұқтаждығы үшін бұрып алынған, ал қалған жылына 3,3 км3 ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, көлтабандап суару, шабындықтарға су жайылту және жайылымдарды суландыру арасында бөлінген.

Ауыл шаруашылығы тұтынушылары үшін суды тасымалдау кезіндегі шығындар ирригациялық жүйелердегі пайдалы әсер коэффициенті (бұдан әрі – ПӘК) төмендігімен (0,6-дан 0,65-ке дейін) түсіндіріледі. Ауыл шаруашылығында су беру мен суарудың су үнемдегіш технологияларын қолдану пайдаланылатын суармалы жерлердің кемінде 7%-ын немесе


95,8 мың гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығының мұқтаждарына су алудың болжамды орташа көлемі жылына 21 км3.

Соңғы тұтынушы үшін су беру жөніндегі қызметтер құнының төмендігі АШТӨ-нің су ресурстарын тиімсіз тұтынуына әкеледі және су үнемдеу тұрғысынан тиімсіз технологияларды және ауыл шаруашылығы дақылдарын пайдалануға итермелейді, су шаруашылығы және ирригациялық жүйелерге техникалық қызмет көрсетуге, оларды пайдалануға және жөндеуге мүмкіндік бермейді.

Өнеркәсіптің қажеттілігіне су тарту көлемі жылына 3,8 км3 құрайды, оның ішінде жылына 3,2 км3 пайдалануды және 0,6 км3 қайтарымсыз су тұтынуды құрайды. 2040 жылға қарай өнеркәсіптің суды қайтарымсыз тұтынуын жылына 2,6 км3-ге дейін (жылына орта есеппен 1,1%-ға) ұлғайту күтілуде, бұл өндірістің жылына 4%-ға және өнеркәсіптің қолда бар қуаттылықтар бойынша суды пайдалану тиімділігін жыл сайын жылына 0,5%-ға арттыру шартымен, сондай-ақ жаңа қуаттылықтардың тиімділігін қолда барымен салыстырғанда 30%-ға жақсартумен байланысты болады. Өсім, негізінен, мынадай салалармен қамтамасыз етілді: газды, мұнайды өндіру және қайта өңдеу, тау-кен өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі.
Су ресурстарының сапасын бағалау
Су объектілерінің ластануы себебінен судың сапасы қанағаттанарлықсыз болып табылады. 2012 жылы 88 су айдынының 13-і ғана ластану көрсеткіші бойынша «таза» сыныптамасына жатқызылған. Оның үстіне, деректер уақыт өткен сайын судың ластану деңгейі өсетіндігін көрсетіп отыр (2006 жылдан бастап судың ластану көрсеткіші 8 ірі су айдынында өскен).

Республиканың жерүсті су объектілерін тау-кен өндіру, металлургия және химиялық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, коммуналдық қызметтер қарқынды ластауда. Ластаушы салалар жыл сайын 50%-ға жуық суды тазалаусыз төгеді, бұл жылына тазартылмаған 1,5-2 млрд. км3 ағындыны білдіреді. Су бұру жүйелерінің қолжетімділігі жөнінен кейін қалу себебінен Қазақстанда елді мекендердің сарқынды суларының небәрі 29%-ы төгу алдында қайталама тазалаудан өтеді (Ұлыбританияда 94%, Израиль мен Сингапурде 100%). Өндіріс пен тұтыну қалдықтары орналасқан учаскелерде жерасты сулары да ластануға ұшырайды.

Сонымен бірге, өзендер суларының сапасы тұрақты бақылау жүргізілетін сарқынды суларды төгудің ұйымдастырылуынан ғана емес, сонымен қатар едәуір шамада елді мекендер аумағынан түрлі қалдықтардың (аршынды жыныстар үйінділері, күл үйінділері), далалық жерден ілесетін химикаттардың су көздеріне алаңдық шайылуына да байланысты болады.

Су объектілеріне антропогендік жүктемелер және оның қалпына келу қабілеті арасындағы теңгерімсіздік экологиялық қолайсыздықтың іс жүзінде барлық ірі өзендер бассейндеріне тән болуына және шын мәнінде экологиялық қатер тудыруына әкелді.


Судың зиянды әсер етуін болдырмау
Климаттық жағдай әдеттегідей жылдарда су объектілері халықтың тіршілігінде және ел экономикасында ерекше проблема туындатпайды. Су ағысының қалыптасу жағдайы бойынша экстремалды немесе соған жақын жылдарда тіпті жазда құрғап қалатын су ағыстарының өзі төтенше жағдай туындау қатерін төндіреді.

Көктемгі немесе көктемгі-жазғы судың толуына байланысты туындаған су тасқындары іс жүзінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі өзендерде кездеседі. Мұндай ахуалдардың туындау ықтималдылығы Оңтүстік Қазақстандағы өзендерде ақпан-маусымға, Оңтүстік-Шығыс пен Шығыс Қазақстанның таулы өзендерінде наурыз-шілдеге, тегіс жерлердегі өзендерде – наурыз-шілдеге келеді.

Судың зиянды әсер етуіне байланысты төтенше жағдайлар сутежегіш және суреттегіш гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайының нашарлауы нәтижесінде туындауы мүмкін (2010 жылғы Қызылағаш су қоймасындағы апат).

Қазақстанда түрлі ведомстволық қатыстылығы және меншік түрі бар


643 гидротехникалық құрылыс есепке алынған.

Ұзақ пайдалану мен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының аз көлемде жүргізілуіне байланысты су шаруашылығы объектілеріндегі құрылыстардың негізгі конструкциясы бұзылады, су қоймаларының лайлануына әкеліп, әсіресе көктемгі судың толуы мен тасуы кезінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жоғарғы ықтималдылығы туындайды.

Сумен қамтамасыз етудің су тапшылығы циклі еліміздің экономикасына да, әсіресе ауыл шаруашылығына едәуір залал келтіреді.

Судың зиянды әсер етуіне байланысты төтенше жағдайларды болдырмау үшін соңғы жылдары: Сырдария өзеніндегі Көксарай суреттегішін салу, Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (І фаза) сияқты ірі су шаруашылығы жобалары іске асырылды.


Су саласындағы қазіргі мемлекеттік саясатты талдау
Қазақстанда нарықтық қатынастар жағдайында басқару және шаруашылық функцияларын бөле отырып, су саласын дамытудың негізі жасалды. Су ресурстарын басқарудың бассейндік қағидаты енгізілді.

Су саласын дамытудың, жер қойнауын, оның ішінде жерасты суларының ресурстарын ұтымды және кешенді зерттеу мен пайдаланудың заңнамалық базасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексі, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», сондай-ақ тиісті заңға тәуелді актілер қабылданды.


Басқару және реттеу саласында
Су ресурстарын басқару саласында мыналар байқалуда:

Мүдделі мемлекеттік органдардың түрлі функциялары арасындағы қажетті үйлестірудің, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар, коммуналдық қызметтер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, су пайдаланушылар тарапынан нормативтік талаптарды сақтау жүйесінде ашықтықтың, жеткілікті мониторинг пен бақылау жүйесінің болмауы.

Су шаруашылығы инфрақұрылымы объектілерінде меншіктің болуы және инвестицияларға қатысты шешімдер қабылдау схемасының нақты болмауы барлық салалар мүддесі ескеріле отырып, су саласындағы іс-шараларды жоспарлау мен жобалау кезінде жүйелі әрі кешенді тәсілдің болмауына әкеледі.

Барлық деңгейдегі инфрақұрылым объектілерін жеткілікті түгендемеу жоспарлау мен инвестициялау саласында шешімдер қабылдаудың тиісті негіздемелерінің болмауына, сондай-ақ су шаруашылығы объектілерінің тозуына байланысты пайда болатын сумен жабдықтау мен су ресурстары сапасының тәуекелдерін жете түсінбеушілікке әкеп соғады.

Су ресурстарын басқару саласында қажетті дағдысы мен біліктілігі бар кадрлардың, сондай-ақ инспекциялық қызметтегі персоналдың жеткіліксіздігі.
Тариф белгілеу саласында
Ауыл шаруашылығы мен коммуналдық шаруашылықта, өнеркәсіпте тарифтердің ағымдағы деңгейі мен құрылымы кезінде суды үнемдеуді ынталандыру жөнінде елеулі шаралардың болмауы су тұтыну тиімділігі төмендігінің себебі болып табылады. Қазіргі кезде суға жұмсалатын шығын негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары құнының кемінде 1%-ын құрайды
(бидай үшін 0,9%, мақта үшін 0,1%), бұл басқа елдерге қарағанда анағұрлым аз (Үндістан, ҚХР, Австралия, ОАР, АҚШ және Израиль сияқты елдерде бидай үшін – 4-13%, мақта – 2-10%). Абсолютті мәнде ауыл шаруашылығы саласындағы судың ағымдағы тариф деңгейі әлемдегі ең төмен тарифтердің қатарына жатады, мысалы Австралия, Ұлыбритания, ҚХР, Греция сияқты елдерден 2-10 есе аз, ал Израильден 20 есе аз. Түпкі тұтынушы үшін судың тарифі өте төмен болғанына қарамастан (ауыл шаруашылығында орташа тариф 0,5 тенге/м3 құрайды), ол су ресурстарын тиімді пайдалануды ынталандырмайды. Сұраныстың ұлғаю шамасына қарай немесе суландыру технологияларына байланысты өсе түсетін тарифтермен салыстырғанда ағымдағы тарифтер бірыңғай мөлшерлемені көздейді және тиімді су тұтынуды қандай да бір ынталандыруды көздемейді. Бұдан басқа, кейбір тарифтік субсидиялар жағымсыз ынталандыруға итермелейді, ол су үнемдеу тұрғысынан тиімсіз технологиялар мен ауыл шаруашылығы дақылдарын пайдалануға итермелейді (мысалы, күріш егістігін суландыруға 50% субсидия).

Өнеркәсіп тұтынушылары үшін тарифтер деңгейі текше метріне


120-260 теңге аралығында құбылып отырады, осылайша басқа елдерде қолданылатын тарифтер деңгейімен салыстыруға болады. Пайдаланылатын тарифтік деңгей сумен қамтамасыз етудің толық құнын жабады (күрделі шығыстар және операциялық шығындар). Өнеркәсіптік тұтынушылар сумен жабдықтау құнын жабумен қатар коммуналдық тұтынушыларды субсидиялауға мәжбүр: Семей қаласында өнеркәсіптік тұтынушыларға арналған тариф жалпы құнның 186%-ын жабады (оның ішінде операциялық шығындарды және күрделі шығыстарды қоса алғанда, бірақ қажетті жаңғыртуға кететін инвестицияларды қоспағанда), алайда коммуналдық тұтынушыларға арналған тарифтер толық құнның 62%-ын ғана өтейді. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған ағымдағы тарифтер су тұтыну деңгейімен ғана байланысты, бұл қайта су тұтыну мен айналма су тұтынуды пайдалану үшін іс жүзінде ынта тудырмайды.

Коммуналдық тұтынушыларға арналған тарифтер деңгейі айтарлықтай төмен әрі әдетте операциялық шығындарды толығымен жаба алмайды (мысалы, Семей қаласында операциялық шығындарды жабу 78%-ды құрайды). Қазақстанда тарифтердің орташа деңгейі басқа елдерге қарағанда төмен (Қазақстанда орташа тариф деңгейі 0,5 АҚШ долларын, ол Ресей, Украина, ҚХР, Австралия сияқты бірқатар елдерде 1,2 долларды құрайды). Қазіргі уақытта шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау қызметтерін төлеу жөніндегі есепшоттың орташа сомасы – үй шаруашылығының орташа табысының бар-жоғы 0,2%-ын ғана құрайды, басқа елдерде орташа көрсеткіш 0,8%-ды құрайды (Ресейде – 0,5%, Германияда – 1,1%).

Тарифтер деңгейінің төмен болуы нәтижесінде су тегін ресурс ретінде қабылданып, тұтынушылардың көбі суды үнемді пайдалануға тырыспайды. Бұл түпкі тұтынушылардың су ресурстарын пайдалану тиімділігінің төмендігіне және ауыл шаруашылығы тұтынушылары мен халықтың суды үнемсіз шығындауына әкеп соқтырады. Өнеркәсіп секторындағы су пайдалануға арналған ағымды тарифтер су үнемдеу технологияларына қаражат инвестициялау үшін елеусіз ғана экономикалық ынталандыруды көздейді.

Су бұру қызметтеріне арналған тарифтер де сарқынды сулардың ластану деңгейін төмендету мен су тазалауды тиісінше ынталандыруды қамтамасыз етпейді. Өнеркәсіптер үшін сарқынды суға арналған тарифтер су сапасы мен оны тазалау деңгейіне тәуелді емес. Қазақстанда егжей-тегжейлі әзірленген әдістемелердің болуына қарамастан, олардың пайдаланылуы, су сапасын ұдайы әрі жер-жерде мониторингтеудің болмауына және залалды өтеу тетігінің әлсіздігіне байланысты қиындатылған. Қазақстандағы сарқынды су сапасын реттейтін нормативтік база басқа елдерге қарағанда анағұрлым артта қалған.

Ауыл шаруашылығында сарқынды суға арналған тарифтер қолданылмайды, соның салдарынан кәріздеу жүйелерін қолдау үшін қандай да болмасын ынталандыру шаралары жоқ.

Суды тұтынуды бақылау жүйесін қалыптастыру үшін ұлттық ауқымда жоспарлау мен басқаруды жүзеге асыру мақсатында жаппай есепке алу аспаптарымен қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күні коммуналдық сектор онымен 80%-ға ғана (қосылулар санының) қамтамасыз етілген, оның үстіне, олардың көп бөлігі тозған (10 жылдан артық пайдаланылуда), ал оларға қызмет көрсету мен оны ауыстыру жеткілікті жиі өткізілмейді.

Жеке есепке алу аспаптарымен қамтамасыз ету 30%-дан кем, ол тарифтер көмегімен түпкі тұтынушылар арасында су үнемдеуді ынталандыру үшін қосымша кедергілер келтіреді.

Ауыл шаруашылығында есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етудің ағымдағы деңгейі 60%-дан кем, бұл ретте өлшеулерді өткізу технологиясының көп бөлігі тозған, нәтижесінде су тұтынудың жалпы көлемінің 30%-ынан астамы өлшенбейді. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығында су тұтынуды есепке алу толық емес, өлшеу көбінесе қолмен жүзеге асырылады, ал деректер жергілікті деңгейде сақталады. Бұл су шаруашылығын басқару жүйесінің дамыған елдер қолданатын «пайдалан да төле» қағидатымен жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді.


Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі тұрғысынан

трансшекаралық ынтымақтастық


Қазақстан Республикасының географиялық орналасуына сәйкес оның
8 өзен бассейнінің 7-еуінің ағыны көршілес мемлекеттерде қалыптасады (ҚХР, Орталық Азия елдері, Ресей) және трансшекаралық сипатқа ие.

Су қорының 44%-ы сыртқы көздер есебінен толығатынын ескерсек, су қауіпсіздігі тұрғысынан Қазақстан Республикасының трансшекаралық ынтымақтастығы мәселесі өте маңызды болып табылады және стратегиялық әрі кешенді көзқарасты қажет етеді.

Осыған байланысты, су ресурстарын басқарудың ішкі мәселелерін шешумен қатар, ҚХР-мен, Ресеймен, Қырғызстанмен, Тәжікстанмен және Өзбекстанмен трансшекаралық өзендерді пайдалану, қорғау және су бөлу саласында, сондай-ақ БҰҰ жүйесі ұйымдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен су ресурстарын басқару, суды үнемдеу және су заңнамалары, алдыңғы қатарлы технологияларды тарту және енгізу тәжірибесін алмасу саласында тиімді өзара іс-қимыл аса маңызды болып табылады.

Шу мен Талас өзендері бойынша Қазақстанның ынтымақтастығы оң үрдіс болып табылады: 2006 жылы құрылған Шу-Талас комиссиясы екіжақты келісім аясында жұмыс істейтін бірлескен органның үлгісі болды.


Шу-Талас комиссиясы модельдік құралға айналды, оның көмегімен өзендердің төменгі ағысында орналасқан елдер ағыс бойынша жоғары орналасқан елдер аумағындағы бөгеттер мен басқа да гидротехникалық құрылыстарды басқаруға қатыса алады.

Трансшекаралық ынтымақтастықтың тағы бір оңды мысалы ретінде


2011 жылы қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендердің су сапасын қорғау туралы екіжақты келісімді атауға болады.

Қазақстан бірқатар шекаралас мемлекеттермен жасалған халықаралық келісімдердің, сондай-ақ халықаралық конвенциялардың тарапы болып табылады. Шекаралас елдермен жасалған келісімдердің нормаларын іске асыру үкіметаралық комиссиялар шеңберінде жүзеге асырылады.

Су шаруашылығы саласында мынадай проблемалар бар:

1. Су қоймаларының, су шаруашылығы және гидромелиорациялық маңызы бар магистральдық және таратушы каналдардың қанағаттанғысыз техникалық жай-күйі.

2. Су үнемдеуге қойылатын нормативтік талаптар мен су ресурстарын пайдалану жөніндегі бақылаудың жетілдірілмегендігі.

3. Су беру жөніндегі қызметтердің ағымдағы құны (тариф) су шаруашылығы жүйелерін тиімді ұстау, оған техникалық қызмет көрсету және оны дамыту талаптарына сай келмейді.

4. Суды есепке алудың қанағаттанғысыз жай-күйі және су үнемдеудің жеткіліксіз ынталандырылуы.

5. Ирригациялық инфрақұрылымның бір суарылатын алап шегінде теңгерімді бөлшектенуі.

6. Қар суларын жинақтауға арналған су қоймаларының жетіспеушілігі.

7. Тасқындар, су басу, су объектілері жағалауларының өзгеруі, аумақтарды жер асты суларының басуы, жерлердің батпақтануы және сортаңдануы, су эрозиясы, судың аздығы салдарынан судың зиянды әсер етуінен болатын материалдық залалдың өсу үрдісі.

8. Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі кәсіпорындардың әлсіз материалдық-техникалық жарақталуы.

9. Өнеркәсіптегі қайталама және айналымды суды тұтыну тиімділігінің төмендігі.


жүктеу 5,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау