Мемлекеттік бағдарламасы



жүктеу 5,5 Mb.
бет9/18
Дата22.05.2018
өлшемі5,5 Mb.
#16247
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18



Салық саясаты
Заңнамада АӨК субъектілері үшін арнайы салықтық режимдер көзделген:

1. Шаруа және фермер қожалықтары үшін – бірыңғай жер салығы (бұдан әрі – БЖЗ). Салық органдарының деректері бойынша 2014 жылы БЖС төлеуші субъектілер саны 125,4 мың бірлікті, шаруа (фермер) қожалықтарында (бұдан әрі – Ш(Ф)Қ) жұмыс істейтін адамдар саны 476,2 мыңды құрап, бюджетке


4,1 млрд теңге төленген.

2. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін. Салық органдарының деректері бойынша 2014 жылы осы режимді пайдаланушы субъектілер саны 1,9 мыңды, онда жұмыс істейтін адамдар саны 117,4 мыңды құрап, бюджетке 12,1 млрд теңге салық және өзге де төлем төленген.

Салықтар құрылымында анағұрлым жоғары үлесті ҚҚС (орта есеппен
5 жылда 53,5%) иеленеді.

Ауыл шаруашылығы түсімдерінің жалпы құрылымындағы, тұтас алғанда экономиканың барлық салалары бойынша түсімдер құрылымындағы елеулі үлесіне қарамастан, ҚҚС бар болғаны 1,6%-ды құрайды (осы Бағдарламаға


32-қосымшаны қараңыз).

ҚҚС бойынша жеңілдік – есептелген ҚҚС сомасын 70%-ға азайту көзделген. Осы жеңілдікті пайдаланатын субъектілердің жалпы саны –1147, жеңілдік сомасы 5 899 млн теңгені құрайды:

ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар бойынша – 3 117 млн теңге;

ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері бойынша – 2 782 млн теңге.

Шығындар сомасындағы салықтардың үлестік салмағы ауыл шаруашылығында 6%-ды құрайды.

2015 жылы саланың рентабельділігі шығынды болуына байланысты минус 11%-ды құрады.


Көліктік-логистикалық инфрақұрылым
Қазіргі уақытта азық-түлік тауарларының өндірушіден тұтынушыға дейінгі қозғалысы стихиялы режимде жүзеге асырылуда. Мысалы, жеміс-көкөніс өнімін делдалдар тікелей фермерлер мен ЖҚШ танабынан сатып алады. Ет өнімдері нарықтарында да осыған ұқсас жағдай, онда еліміздің көптеген ұсақ тауар өндірушілері дербес, санитариялық талаптарды сақтамастан мал союды жүзеге асырады және етті базарға көтерме бағамен өткізу үшін тасымалдайды.

Бұдан басқа, әрі жүк машиналарының иелері де болып табылатын делдалдар ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге таңдап барады. Біріншіден, сатушыны таңдаудағы негізгі өлшемшарт өнім көлемі болып табылады, яғни өнім көлемі автомашинаны толықтай тиеу үшін жеткіліксіз болса, онда мәміле жасалмайды. Екіншіден, тасымалдау нарығындағы автопарк тасымалдау кезінде жеміс-көкөніс өнімінің сапасын айтарлықтай нашарлататын (кему, азаю, бұзылу) негізінен моральдық және техникалық жағынан тозған автомобильдерден тұрады. Үшіншіден, делдалдар барлық өндірістік және күтілмеген шығындарды жабу, сондай-ақ барынша пайда алу мақсатында АШТӨ өнімінің құнына екі-үш есе үстеме қосуды жүзеге асырады, бұл өз кезегінде тұтынушылар үшін негізсіз баға өсіміне алып келеді. Төртіншіден, делдалдар шығындар тәуекелін өзіне алады, өйткені олар ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінен сатып алатын өнімнің өткізілуіне қандай да бір кепілдік жоқ. Мысалы, жүретін жолында ЖКО, апара жатқан тауардың межелі пунктте сұранысқа ие болмай қалу немесе бағасының күрт төмендеу тәуекелі бар. Бесіншіден, тасымалдау нарығында ұйымдастырушылықтың болмауы мемлекеттік органдардың өңірлер арасындағы тауар ағынын реттеуді жүзеге асыруына мүмкіндік бермейді.

Осы проблемаларды шешу үшін елімізде көліктік логистика мен қоймалық инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Айталық, Қазақстан аумағында 21 көліктік-логистикалық орталық (бұдан әрі – КЛО) жұмыс істейді. Сонымен бірге, қолданыстағы заманауи инфрақұрылымның қуаты проблемаларды толықтай жою үшін жеткіліксіз.

Логистикалық тізбектегі әлсіз буын сауда болып табылады. Азық-түлік тауарларының ішкі және сыртқы ағыны негізінен шағын кәсіпорындарға тиесілі – 80% (орташа – 17%, ірі – 3%).

Көтерме сауда негізінен әртүрлі жерлерде орындалады және көптеген бөлшек базары таңертең ерте көтерме базарлардың функциясын орындайды. Бұл ретте, Қазақстанның әрбір қаласында азық-түлік жеткізудің ескі орталықтандырылған жүйесі мұраға қалған, ескі азық-түлік қоймаларында орналасқан мамандандырылған көтерме базарлар бар.

Сөз жеміс-көкөніс өнімдері, сондай-ақ ет пен басқа да тез бүлінетін азық-түлік өнімдері, шұжық өнімдері және т.б. сатылатын айтарлықтай үлкен емес ғимараттар туралы болып отыр.

Жалпы, барлық көтерме базарларды жеке кәсіпорындар басқарады, олар осы ғимараттар мен жер учаскесінің иелері немесе оны жалға алушылар болып табылады. Бірақ көбінесе көтерме базарларды жергілікті атқарушы билік береді.

Бұл базарлар өнімді автомобильдермен өткізуші көтерме бағамен сатушыларды және сауда пункттерін (келесі тарауда базардағы операторлардың екі санаты сипатталады) қабылдауға арналған әртүрлі бөлімдерден тұрады. Сатып алушылар көтерме және бөлшек сауда қызметі араласып жатқан көтерме базарларға кіре алады.

Тиісінше базарлар сауданы ұйымдастыру бойынша өз функцияларын осы деңгейде орындайды. Сонымен бірге, өнімді өткізу шарттары, атап айтқанда, тез бұзылатын өнімдерді өткізу шарттары гигиеналық-санитариялық талаптарға сәйкес келмейді.

Бұл жоғары баға, маусымаралық кезеңде бағаның тұрақтамауы, ірі партияларды қалыптастырудағы қиындық, азық-түлік тауарларын тұрақты жеткізудің қамтамасыз етілмеуі сияқты салдарларға алып келеді.

Проблемалар:

1. Сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамымағандығы.

2. Делдалдар буындарының бақыланбайтын санының болуы.

3. Бөлшек сауда кәсіпорындары мен АШТӨ арасында байланыстың жоқтығы.

4. Республиканың өңірлері арасында жылжыту кезінде азық-түлік тауарларын тарату жүйесінде шығындар мен шығыстардың болуы.

5. Шағын және орта АШТӨ үшін кепілді өткізу нарықтарының жоқтығы.

6. Экспорт үшін ірі, тұрақты партиялар қалыптастыруға ұйымдастырушылық, техникалық және технологиялық мүмкіндіктердің жоқтығы.
Ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету
Қазақстанның АӨК-сінде ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етумен өтеусіз негізде мынадай мамандандырылған ұйымдар айналысты: «ҚазАгроМаркетинг» АҚ және ғылыми-зерттеу институттары (бұдан әрі – ҒЗИ) мен тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтар (бұдан әрі – ТӨШ) базасында құрылған білім тарату орталықтары. 2016 жылы аталған қызмет «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – «Атамекен» ҚР ҰКП) қарауына берілген болатын. Ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етумен жыл сайын барлығы 60 мыңнан астам АӨК субъектісі қамтылған.

Сондай-ақ «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KAZNEX INVEST» АҚ) жыл сайын шет елдердегі көрмелерге қазақстандық өндірушілердің қатысуын, байланыстар орнатуды, көрмелер өткізу мен экспортты ілгерілетуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеу арқылы экспортты қолдайды.

Бұдан басқа, өткізу, деректерді жинау және тарату мәселелерінде салалық кәсіпкерлер қауымдастықтары ақпараттық және маркетингтік қолдау көрсетеді.

Проблемалар:

1. АӨК субъектілерінің сапалы ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етумен жеткілікті түрде қамтылмауы.

2. Экономиканың аграрлық секторында біліктілікті арттыру, консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсету жүйелері үшін дамымаған инфрақұрылым.


Тиімді шетелдік технологиялар трансферті
Қазіргі уақытта тиімді шетелдік технологиялардың трансферті жекелеген инвестициялық жобалар шеңберінде бытыраңқы түрде жүзеге асырылады. Оңтайлы технологиялық шешімдерді  іріктеудің, оларды байқаудан өткізу мен таратудың жүйелі тәсілі жоқ.

Технологиялардың трансферті саласындағы негізгі проблемалар мыналар болып табылады:

1. Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін шарттары сәйкес келетін, технологиялық көшбасшы болып табылатын елдердегі неғұрлым өзекті технологиялық міндеттер, технологиялар, оларды шешу тәсілдері туралы құрылымдалған, объективті ақпараттың болмауы.

2. Ресурстарды перспективалық міндеттерге шоғырландыруға және қажетті құзыреттердің иесі болып табылатын шетелдік ұйымдармен әріптестікте оларды шешуге алдын ала кірісуге мүмкіндік беретін, АӨК-дегі технологиялық болжамдау жүзеге асырылмайды.


Ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасында АӨК саласындағы ғылыми зерттеулермен «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-ның (бұдан әрі – «ҰАҒББО» КЕАҚ) ҒЗИ-лары мен ТӨШ-тері, басқа да ҒЗИ, ТӨШ және жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) айналысады. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың жалпы көлемі 2015 жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 0,15%-ын құрады, бұл орта есеппен технологиялық көшбасшы елдерге қарағанда шамамен 10 есеге төмен.

Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің басымдықтары білім, ғылым және өндірістің біртұтастығы, сондай-ақ университеттер мен бизнес-құрылымдардың интеграциясын күшейту болып табылады.

«Назарбаев Университеті» ДББҰ-ның тәжірибесін пайдалана отырып, «Қазақ ұлттық аграрлық университеті (бұдан әрі – ҚазҰАУ) мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін (бұдан әрі – ҚазАТУ) зерттеу университеттеріне кезең-кезеңімен трансформациялау жүргізілуде. ҚазҰАУ және ҚазАТУ Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ) жобаларын іске асыру үшін кадрлар даярлауға екінші жыл қатысуда.

Өңірлік қағидатты және аграрлық кадрлар даярлау саласындағы көп жылдық тәжірибесін, кәсіби ғылыми-педагогикалық әлеуетінің барын, сондай-ақ жетекші шетел университеттерімен және озық отандық агроқұрылымдармен тығыз байланысын ескере отырып, жетекші үш аграрлық ЖОО-ның күш-жігері АӨК үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауға бағытталады.

«Ауыл шаруашылығы ғылымдары, көрсетілетін қызметтер және ветеринария» мамандығы бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауды
23 ЖОО (оның ішінде 7 ЖОО жеке меншікте), оның ішінде:

ҚР-ның үш жоғары білім беру мекемесі. ҚазҰАУ-да 14, ҚазАТУ-да 13 және Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде (бұдан әрі – БҚАТУ) 11 аграрлық мамандық бойынша даярлау жүргізіледі;

мамандандырылған аграрлық факультеттері бар тоғыз ЖОО;

аграрлық мамандықтар бойынша даярлау жүргізілетінбейіндік емес 11 ЖОО жүзеге асырады.

Жоғарыда көрсетілген ЖОО-ларда халықаралық аккредиттеу агенттіктерінің институционалды және мамандандырылған аккредитациясы бар екенін айта кету қажет.

ҚазҰАУ:

институционалдық аккредиттеу 2014 жылы алынды (БСҚТҚА агенттігі);

мамандандырылған аккредиттеу 13 білім беру бағдарламасы бойынша 2015 жылы (ACQUIN жәнеАРТА) және 3 білім беру бағдарламасы бойынша 2016 жылы (АРТА) алынды.

ҚазАТУ:

институционалдық аккредиттеу 2014 жылы алынды (АРТА);

мамандандырылған аккредиттеу 79 білім беру бағдарламасы бойынша 2015 жылы алынды (АРТА).

БҚАТУ:

институционалдық аккредиттеу 2014 жылы алынды (БСҚТҚА агенттігі);

мамандандырылған аккредиттеу 38 білім беру бағдарламасы бойынша 2014 жылы және 19 білім беру бағдарламасы бойынша 2015 жылы (БСҚТҚА) алынды.

Бұл ретте, ауыл шаруашылығы мамандығына гранттардың айтарлықтай саны бөлінетіндігіне қарамастан сала жоғары білімі бар кадрларға тапшылықты сезініп отыр. 2014 – 2016 жылдары АӨК үшін мамандарға және ғылыми кадрларға деген жалпы қажеттілік 6 456 адамды, оның ішінде 2014 жылы 1575 адамды, 2015 жылы 2 240 адамды, 2016 жылы 2641 адамды құрады. Кадрлар тапшылығы негізінен ғалым-агрономдар, ветеринар дәрігерлер, зооинженерлер, ауыл шаруашылығы өндірісінің инженер-механиктері, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуші инженер-технологтар, экономистер, бухгалтерлер және т.с.с. сияқты мамандықтар бойынша сезіледі. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша АӨК субъектілерінің шамамен


80%-ы мамандарға деген қажеттілікті бастан кешіп отыр. 13 мыңнан аса АШТӨ-заңды тұлғаның басшылық құрамының тек 12%-ның аграрлық бейінді жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар. ЖОО-ны ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша бітірген түлектердің тек 55%-ы бейіні бойынша жұмысқа тұрған, оның ішінде 43%-ы – ауылдық квотамен оқығандар.

Ауыл шаруашылығын жаппай кадрлармен қамтамасыз етуде арнайы орта білім маңызды рөл атқарады. Қазақстанда табиғи-климаттық жағдайларды және өңірлердің қалыптасқан мамандануын ескере отырып, 2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 807 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 462 мемлекеттік колледж. Техникалық және кәсіптік оқыту (бұдан әрі – ТжКО) шеңберінде АӨК үшін кадрлар даярлау 21 мамандық бойынша жүргізіледі. Орта арнайы білімі бар аграрлық саладағы кадрларды даярлауды Маңғыстау облысынан басқа еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 62 колледж жүргізеді. Олардың бар-жоғы 20%-ы ауылдық жерде орналасқан.



Оқыту бағдарламаларының практикалық-бағдарлану деңгейі кадрларды даярлаудың заманауи талаптарына сай келмейді, практикалық сағаттардың үлес салмағы шамамен 20-25%-ды құрайды. Бұл ретте аграрлық мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтын ТжКО мекемелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы байқалады. ЖОО мен ТжКО мекемелерінің озық шаруашылықтармен және кәсіпорындармен әлсіз интеграциясы және толық емес өзара іс-қимылы байқалады. Ел халқының 22%-ы ғана ТжКО престижді деп санайды.

Ал АӨК субъектілерінің 80%-ын бейінді мамандарға мұқтаж ұсақ шаруа және фермер қожалықтары құрайды. Бұл ретте өндірісте агрономдар, зоотехниктер, веттехниктер, реттеуші-шеберлер және т.б. жетіспейді.

Бұдан бұрын әр ауданда кәсіби-техникалық училищелер (лицейлер, мектептер) жұмыс істеген, олар ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисті, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын реттеуші, дәнекерлеуші-жөндеуші, машинамен сауу операторлары, жеміс-көкөніс өсірушілер, жануарларды ветеринариялық өңдеу жөніндегі оператор, құс өсірушілер, жылқы өсірушілер, мал шаруашылығы кешенінің операторы, балық өсіруші және т.б. сияқты бұқаралық жұмысшы мамандарын дайындаған. Бұл ретте оқыту 10 айдан (орта білімі базасында) 36 айға дейін (толық емес орта білімі базасында – 8-9 сынып түлектері) жүргізілген.

ЖОО қызметінің негізгі бағыты бизнестің өндірістік проблемаларын шешуге және білім алушылардың практикалық дағдыларын баулуға нашар бағдарланған. АШТӨ-нің салалық бірлестіктермен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кадрларға деген қажеттіліктің мониторингі, «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде жас мамандарды тарту және әртүрлі қоғамдық жобаларға ауыл жастарын тарту бойынша жұмыс нашар жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы кәсіптерінің беделін арттыру жөніндегі жұмыс тиісінше жүргізілмейді.

Проблемалар:

1. Отандық ғылыми әзірлемелердің бәсекеге қабілеттігінің төмендігі.

2. Ғылыми зерттеулердің анағұрлым өзекті міндеттерге жеткілікті түрде бағытталмауы.

3. Ғылыми зерттеулерге қаржыландыруды бөлудің тиімсіз жүйесі.

4. Аграрлық ғылымның жеткіліксіз қаржыландырылуы.

5. Ғылыми нәтижелерді өндіріске беру тетігінің дамымағандығы.

6. Бұқаралық жұмысшы мамандықтарды даярлау жүйесінің жоқтығы.

7. Жоғары және арнайы орта білімі бар мамандарды даярлау сапасының өндіріс талаптарына сәйкес келмеуі.

8. Аграрлық бейіндегі оқу орны түлектерінің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына жұмысқа тұру үлесінің төмендігі.

9. Көптеген оқу орындарының әлсіз материалдық-техникалық базасы.

10. Жас мамандарды ауылда жұмыс істеуге ынталандыру дәрежесінің төмендігі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен ақпараттық

технологияларды дамыту
Ауыл шаруашылығы саласында 101 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 38 мемлекеттік қызмет халыққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы көрсетіледі.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 52,3%-ына оңтайландыру жүргізілді. «Электрондық үкімет» порталы арқылы 73 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бәсекелес ортаға


2 мемлекеттік қызмет берілді.

ҚР ауыл шаруашылығында ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі кезінде сандық технологияларды қолданатын АШТӨ үлесі болмашы, бұл ауыл шаруашылығын жүргізу кезіндегі түсімділіктің өсіміне және шығыстарды қысқартуға кері әсерін тигізеді.

Сондай-ақ мемлекеттік саясаттың тиімділігі Қазақстанның Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Бәсекеге қабiлеттiлiктің жаһандық индексі рейтингісіндегi «Аграрлық саясаттың ауыртпалығы» көрсеткіші бойынша позициясымен айқындалады. Анықтама ретінде: 2011 жылы – 49 орын; 2012 жылы – 48 орын; 2013 жылы – 40 орын, 2014 жылы – 57 орын, ал 2015 жылы – 70 орын.

Проблемалар:

1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны сұраныс деңгейіне сәйкес келмейді.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру рәсімдері жаңғыртуды және кеңейтуді талап етеді.

3. Мемлекеттік органдарға тән емес мемлекеттік қызметтерді көрсету.

4. Мыналарды:

субсидиялау және мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары;

ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу;

мал шаруашылығы өнімінің қадағалануы (ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі);

өсімдік шаруашылығы өнімінің қадағалануы (фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі);

балық өнімінің қадағалануы (балық өнімінің көлеңкелі айналымы, тамақ қауіпсіздігі);

жер ресурстарының мониторингі және оларды басқару;

орман қорының мониторингі және оны есепке алу мен орман өрттерін болдырмау;

су ресурстарының мониторингі және оларды есепке алупроцестерін автоматтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі.



Сертификаттар мен сынақ хаттамаларын тану
Қазақстан Тынық мұхит аккредиттеу жөніндегі ынтымақтастығы (РАС), Еуропалық аккредиттеу жөніндегі ұйым (EA), Халықаралық аккредиттеу форумы (IAF), Халықаралық зертханаларды аккредиттеу ынтымақтастығы (ILAC) сияқты аккредиттеу саласындағы халықаралық және өңірлік ұйымдардың қатысушысы болып табылады. Аталған ұйымдарға қатысу жүйелерді, өнімді, персоналды және сәйкестікті бағалау жөніндегі басқа да бағдарламаларды сертификаттауды немесе тіркеуді халықаралық тануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні әлемнің 76 елінің аккредиттеу жөніндегі 84 органы және


3 өңірлік топ, оның ішінде ЕО, Иран, ҚХР, РФ және басқалары Өзара тану туралы келісімге (ILAC MRA) қол қоюшылар болып табылады. Бұл қол қоюшылардың өз саласының шегінде аккредиттеу нәтижелерін өзара тануын және тиісінше олар аккредиттеген субъектілердің сәйкестігін бағалау бойынша жұмыстардың нәтижелерін мойындай алатынын білдіреді. Осы жұмыстарды тану жөніндегі соңғы шешімді аталған елдердің үкіметтері қабылдайды.

Қазақстан Республикасының аккредиттеу жөніндегі органының (ҰАО) ILAC-қа мүшелік етуінің арқасында, республиканың аккредиттелген зертханалары берілетін сынақ хаттамаларында Біріктірілген ILAC MRA зертханалық белгісін пайдалана алады. Мұндай хаттамалар Өзара тану туралы келісімге (ILAC MRA) қол қойған елдерде импорттаушы елде регламенттелген жеке көрсеткіштер бойынша қосымша сынақтар жүргізу арқылы оларды жалпы немесе ішінара тану үшін негіз ретінде қарастырылады. Осылайша, Біріктірілген ILAC MRA зертханалық белгісі бар сынақ хаттамаларын алу отандық экспорттаушылар үшін тауардың сәйкестігін растау жөніндегі қосымша рәсімдерге кететін шығыстар мен уақытты төмендетуге ықпал етеді.

2016 жылдың есептік деректеріне сәйкес, республиканың 187, оның ішінде 9 калибрлеу зертханасы Біріктірілген ILAC MRA белгісін пайдаланады. Аталған зертханалар ҚР заңды тұлғаларына 521 419 сынақ хаттамасын, соның ішінде 9 626 сынақ хаттамасын – ҚР-дан тысқары жерлерге берген. Хаттамалар балық, ет, сүт, астық өнімдеріне, сондай-ақ балға, табиғи, минералды емдік-асханалық суға, ұнға, күнбағысқа, қой жүніне, былғары шикізатқа, ІҚМ терісіне берілген.

Осылайша, бизнес қоғамдастық экспортталған өнімді Қырғызстанға, Тәжікстанға, Өзбекстанға, Ауғанстанға, Қытайға, Жапонияға, Иранға, Сербияға, Испанияға, Ресейге, Беларусьқа, Әзірбайжанға, Грузияға, Польшаға халықаралық деңгейде ILAC MRA белгісімен мойындалған сынақ хаттамаларымен сүйемелдеуге мүмкіндік алды.

Бұдан басқа, ҰАО өнім бойынша Тану туралы көпжақты келісімнің (IAF MLA) қол қоюшысы болып табылады, бұл аккредиттелген органдарға сәйкестікті растау жөніндегі ISO/IEC 17065 стандарты бойынша өнімді, оның ішінде экспортқа сүйемелдейтін сәйкестік сертификаттарында біріктірілген IAF MLA белгісін қолдануға мүмкіндік береді. ҚР ИДМ ТРМК-нің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 270-од бұйрығымен ағылшын тілінде сәйкестік сертификаттарына қосымшалардың нысандары бекітілген.

2016 жылғы 30 желтоқсандағы жай-күй бойынша 54 орган (оның ішінде 19 филиал) шартқа қол қойған және біріктірілген IAF MLA белгісін пайдалану құқығын алған және 1700 сәйкестік сертификатын берген.

2015 жылғы 29 мамырда ЕАЭО мен Вьетнам арасында еркін сауда аймағы туралы келісім жасалды. Аталған келісім элементтерінің бірі шамадан тыс кедергілерді жою, тауарлардың халықаралық саудаға шығуын және стандарттарды, техникалық регламенттерді әзірлеу, қабылдау және қолдану кезіндегі транспаренттілікті және сәйкестікті бағалау рәсімдерін жақсарту болып табылады.

4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне жүргізілген талдауға, анықталған проблемалар мен оның жоғары тұрған құжаттарына сүйенсек, Бағдарламаның мақсаты нарықтарда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті АӨК өнімін өндіруді қамтамасыз ету болып табылады.

Өнімнің сұранысқа ие болуы ішкі нарық қажеттіліктерін қамтамасыз ету және АӨК-нің экспорттық әлеуетін іске асыру үшін өндірілуі қажет басым тауар топтарының айқындалатынын болжайды.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ресурспен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту және АӨК-дегі ынталандырушы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерін шешуді болжайды.

Мақсатқа қол жеткізу мынадай нысаналы индикаторлармен1 өлшенетін болады:


Р/с



Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Ақпарат көздері

Орындауға жауаптылар

2015 (нақты)

2016 (бағалау)

2017

2018

2019

2020

20

21


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Ауыл шаруашылығында-ғы еңбек өнімділігінің индексі

%

стат-деректер

АШМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері

100

109

112

118

124

132

138

2.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) нақты көлем индексі

%

стат-деректер

АШМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері

100

105,6

108

113

118

125

130

3.

Азық-түлік тауарлары экспорты көлемінің өсімі3

млн. АҚШ долл.

стат-деректер

АШМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері

814

1 204

920

1 077

1 168

1 329

1 481

4.

Азық-түлік тауарлары импортының көлеміның төмендеуі 2

млн. АҚШ долл.

стат-деректер

АШМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері

2 511

3 064

2 466

2 377

2 288

2 196

2 105



Азық-түлік тауарларымен көтерме сауданың нақты көлем индексі

%

стат-деректер

АШМ, ҰЭМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері

100

102

106

113

118

123

129



Суаруға арналған су шығысы

текше км/га

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, облыстар әкімдіктері

9180

9036

8608

8223

7873

7548

7348



Жерүсті су ресурстарын ұлғайту

текше. км

АШМ-ның есептік деректері

АШМ

-

-

-

-

-

0,9

1,0



Өнеркәсіпте сумен жабдықтау жүйелеріндегі су көлемі:


текше км

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, ИДМ






















қайталама сумен жабдықтау

0,69

0,69

0,70

0,71

0,73

0,75

0,77


айналымды сумен жабдықтау

7,30

7,30

7,33

7,38

7,46

7,54

7,62


Қойылған міндеттерге қол жеткізудің индикативті параметрлері


33-қосымшада көрсетілген.
4.1. Ұсақ және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту
Аталған міндетті орындау мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:


Р/с №

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Ақпарат көздері

Орындауға жауаптылар

2015 (нақ-ты)

2016 (баға-лау)

20

17


20

18


20

19


20

20


2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1. 

Ауыл шаруашылығы кооперативтері (шаруа және үй қожалықтары) мүшелерінің саны

мың бірл.

стат-деректер

АШМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері





135

267

353

434

500

2. 

Жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны

бірл.

ЖАО-ның есептік деректері

АШМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері



150

326

644

851

1046

1204

3.

Кооперативтер дайындаған ет көлемі

мың тонна

стат-деректер

АШМ, облыстар әкімдіктері





13,2

34,2

49,7

66,2

81,7

4.

Кооперативтер дайындаған сүт көлемі

мың тонна

стат-деректер

АШМ, облыстар әкімдіктері





258,0

378,0

432,6

477,0

500,4

5.

Кооперативтер дайындаған жеміс көлемі

мың тонна

стат-деректер

АШМ, облыстар әкімдіктері





7,5

16,5

19,5

19,5

19,5

6.

Кооперативтер дайындаған көкөністер көлемі

мың тонна

стат-деректер

АШМ, облыстар әкімдіктері





15

33

39

39

39



4.2. Ішкі нарықты молықтыру және отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту
Азық-түлікке деген ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін мынадай басым өнім түрлерінің өндірісін дамыту қажет: құс еті, ет өнімдері, сүт өнімдері, балық, өсімдік майы, жеміс-көкөніс өнімдері және қант.

Ең жоғары экспорттық әлеует ішкі тұтынылуы қазіргі уақытта өз өндірісімізбен толықтай қамтамасыз етіліп отырған басым өнім түрлері – сиыр еті, қой еті, шошқа еті бойынша, сондай-ақ сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие өнімдер – астық, майлы тұқымдар, картоп және олардың қайта өңделген өнімдері (органикалық өнімді қоса алғанда) бойынша байқалады.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі салаларын дамыту ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен молықтыру, мал шаруашылығының құрама азықтарға деген қажеттілігін және экспорттық әлеуетті іске асыруды қамтамасыз ету үшін басым өнім түрлерін өндіруге бағытталатын болады.

Өндірісті қауіпсіз өңделген ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз ету мен ішкі және сыртқы нарықтарда отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау үшін ЕАЭО-ның техникалық регламенттері АӨК-нің даму деңгейі мен техникалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып әзірленетін болады.

Аталған міндеттің орындалуы мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:


Р/с №

Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Ақпарат көздері

Орындауға жауаптылар

2015 (нақ-ты)

2016 (баға-лау)

20

17


20

18


20

19


20

20


20

21


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Арпа

өндіру көлемі



мың тонна

стат-деректер


АШМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері


2675

2969

2813

3038

3267

3786

4004

2.

Сұлы

өндіру көлемі



244

314

287

341

392

483

517

3.

Азыққа арналған жүгері өндіру көлемі

734

744

779

842

917

1067

1097

4.

Күріш өндіру көлемі

422

442

398

395

389

385

387

5.

Майлы тұқымдар өндіру көлемі

1548

1870

1868

2018

2131

2754

3046

6.

Азықтық дақылдар өндіру көлемі

5643

6150

7798

8630

9634

11617

12688

7.

Қант қызылшасын өндіру көлемі

174

322

425

550

720

896

1120

8.

Мақта өндіру көлемі

274

274

275

280

285

290

300

9.

Картоп өндіру көлемі

3521

3464

3615

3738

3856

3921

3992

10.

Көкөністер өндіру көлемі

3497

3565

3752

3893

4020

4080

4132

11.

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзім өндіру көлемі

280

315

335

355

380

400

421

12.

Құс етін өндіру көлемі

146

160

187

230

268

286

298

13.

Сиыр етін өндіру көлемі

416

425

427

441

455

470

491

14.

Қой етін өндіру көлемі

144

145

148

151

154

158

161

15.

Шошқа етін өндіру көлемі

95

113

129

128

132

132

133

16.

Сүт өндіру көлемі

5182

4891

5124

5265

5397

5517

5665

17.

Бекіре тұқымдастарды өсіру көлемі

тонналар

106

215

268

482

622

667

720

18.

Албырт тұқымдастарды өсіру көлемі

172

242

260

382

473

574

915

19.

Ақсақа тұқымдастарды өсіру көлемі

100

518

229

350

555

880

1163

20.

Өсімдік қоректілерді өсіру көлемі

46

65

71

77

179

289

489

21.

Тұқы тұқымдастарды өсіру көлемі

306

384

744

931

1141

1548

1713

22.

Өсімдік майын өндіру көлемі

мың тонна

АШМ, ИДМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері


290

285

309

341

447

505

505

23.

Жеміс-көкөніс консервілерін өндіру көлемі

21

24

27

33

41

48

56

24.

Қант өндіру көлемі

14

30

46

59

78

97

121

25.

Картопты қайта өңдеу өнімдерін өндіру көлемі

0,5

0,5

0,5

101

200

260

261

26.

Құрама азық өндіру көлемі

1200

1300

1446

1692

1905

2138

2371

27.

Шұжық өнімдерін өндіру көлемі

40,2

37,2

40

41,2

42,4

43,7

45

28.

Ет және ет-өсімдік консервілерін өндіру көлемі

10,4

10,7

11,1

11,5

12

12,5

13,5

29.

Сары май өндіру көлемі

17,1

15

15,6

16,1

17,2

18

20

30.

Қатты ірімшік өндіру көлемі

2,9

3,0

3,0

3,2

3,3

4,0

4,5

31.

Сүтті қайта өңдеу үлесі

%

АШМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері


28

30

30

31

32

33

37

32.

Етті қайта өңдеу үлесі

30,6

31

32

32

32

32,6

34

33.

Жеміс-көкөністерді қайта өңдеу үлесі

4,2

4,7

5,2

6,2

7,3

8,4

9,7




Азық-түлік тауарларының импорты, о.і.

млн. АҚШ долл.


стат-деректер

АШМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері























34.

Құс еті

143,2

160,1

124,5

120,1

115,6

106,7

97,8

35.

Өсімдік майы

129,5

133,9

124,7

100,5

76,4

66,8

55,5

36.

Жеміс-көкөніс консервілері

163,5

142,1

137,9

125,0

113,8

107,4

99,4

37.

Қант

104,0

43,9

89,9

81,5

73,1

61,8

42,2




Азық-түлік тауарларының экспорты, о.і.






















38.

Ұн

343,6

479,7

398,5

404,0

409,4

414,9

414,9

39.

Өсімдік майы

39,5

77,7

117,6

162,4

243,1

284,0

339,8

40.

Астық

648,8

729,7

628,2

667,0

701,9

709,8

714,7

41.

Майлы тұқым

111,5

171,3

175,0

246,3

253,3

310,8

382,6

42.

Сиыр еті

АШМ-ның есептік деректері

15,6

13,8

55,2

82,9

110,5

138,1

193,3

43.

Енгізілген тұрақты суарылатын жерлерде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі

млрд. теңге

облыстар әкімдіктерінің есептік деректері

Облыстар әкімдіктері

-

-

14,7

78,6

200,3

384

599


4.3. Мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану
Мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану инвестициялар тарту мақсатында, оның ішінде алушыларды қамтуды ұлғайту есебінен субсидияларды тиімсіздеу субсидиялардан тиімдірек субсидияларға қайта бөлуге бағытталатын болады.

Аталған мақсаттың орындалуы мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:




Р/с



Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем

бірлігі


Ақпарат көздері

Орындау-ға жауапты-лар

2015 (нақ-ты)

2016 (баға-лау)

20

17


20

18


20

19


20

20


2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынатын инвестициялардың нақты көлем индексі

%

стат-

деректер


АШМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері

100

149

159

185

213

243

268

2.

Тамақ өнімдері өндірісіндегі

негізгі капиталға салынатын инвестициялардың нақты көлем индексі



%

стат-деректер

АШМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері

100

85

102

122

130

153

177


4.4. Су ресурстарын тиімді пайдалану
Су ресурстарын тиімді пайдалану тұрақты және көлтабандап суарылатын жерлерді ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті суару суымен қамтамасыз етуде, мелиорациялық жай-күйді жақсарту мен ирригациялық инфрақұрылымды қалпына келтіруде, өнеркәсіпте су тұтыну тиімділігін арттыруда көрініс табатын болады.

Аталған міндеттің орындалуы мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:




Р/с



Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем

бірлігі


Ақпарат көздері

Орындауға жауаптылар

2015 (нақты)

2016 (бағалау)

2017

2018

2019

2020

2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Су қоймаларының жалпы сыйымдылығы

текше. км

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, облыстар әкімдіктері

97,9

97,9

97,9

97,9

97,9

98,8

99,8

2.

Тұрақты суару кезінде ауыл шаруашылығы мұқтаждарына арналған жерүсті су ресурстарын алу көлемі

текше. км

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, облыстар әкімдіктері

12,2

12,65

12,18

12,17

12,63

13,52

14,77

3.

Көлтабандап суару кезінде ауыл шаруашылығы мұқтаждарына арналған же үсті су ресурстарын алу көлемі

текше. км

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, облыстар әкімдіктері

0,35

0,35

0,37

0,43

0,52

0,70

0,90

4.

Ауыл шаруашылығы мұқтаждарына арналған жерүсті су ресурстарын тасымалдау кезіндегі шығасылар көлемі

текше. км

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, облыстар әкімдіктері

5,10

4,93

4,39

4,02

3,79

3,65

3,69


4.5. Жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін жағдайлар жасау
АӨК-де жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының сандық және сапалық сипаттамалары туралы өзекті және шынайы ақпараттың болуы негізгі мәнге ие, ол МЖК мәліметтерін және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы деректер банкін қалыптастырудан көрініс табады.

Бұдан басқа, тұрақты және көлтабандап суарылатын жерлерді ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті суаратын суымен қамтамасыз ету де айтарлықтай рөл атқарады.

Аталған міндеттің орындалуы мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:


Р/с



Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Ақпарат көздері

Орындауға жауаптылар

2015 (нақ-ты)

2016 (баға-лау)

20

17


20

18


20

19


20

20


2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Жер ресурстарын ұтымды пайдалану үшін мемлекеттік жер кадастрының жаңартылған деректерімен қамтамасыз етілу

үдей отырып, зерттеп-қаралуға жататын алаңның %-ы

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, АКМ, облыстар әкімдіктері

15,5

15,8

17,4

19,7

22,1

24,6

27,5

2.

Топырақтық зерттеп-қараумен қамтылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер алаңы

мың гектар

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, АКМ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ

2300

1650

4500

7000

7100

7200

7200

3.

Геоботаникалық зерттеп-қараумен қамтылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер алаңы

мың гектар

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, АКМ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

2500

1600

3800

7300

7300

7300

7300

4.

Сапалы бағалаумен қамтылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер алаңы

мың гектар

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, АКМ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ

1300

780

3000

5500

6500

7500

7500

5.

Электрондық түрде жасалған топырақтық карталардың алаңы

мың гектар

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, АКМ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ







4500

7000

7100

7200

7200

6.

Электрондық түрде жасалған геоботаникалық карталардың алаңы

мың гектар

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, АКМ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ







3800

7300

7300

7300

7300

7.

Агрохимиялық зерттеп-қараумен қамтылған жыртылған жерлер алаңы

млн гектар

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, АКМ, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ

3,7

3,5

3,5

3,5

3,5

3,5

3,5

8.

Сумен жабдықталған тұрақты суарылатын жерлер алаңы

мың га

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, облыстар әкімдіктері

1350

1400

1415

1480

1604

1791

2010

9.

Сумен жабдықталған көлтабандап суарылатын жерлер алаңы

мың га

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, облыстар әкімдіктері

229

229

239

279

344

462

597


4.6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникамен және химияландыру құралдарымен қамтамасыз етілуін арттыру
АӨК-дегі техникалық жарақталу деңгейін жақсарту сатып алынатын техника санын ұлғайту және өндірісті локализациялау деңгейін біртіндеп арттыра отырып, отандық ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамыту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Аталған міндеттің орындалуы мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:




Р/с



Нәтижелер көрсеткіштері

Өл-шем бірлі-гі

Ақпарат көздері

Орындау-ға жауапты-лар

2015 (нақ-ты)

2016 (баға-лау)

2017

20

18


20

19


20

20


2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Машина-трактор паркін (тракторлар, комбайндар, сепкіштер, аспалы жабдық) жаңартудың орташа деңгейі

%

АШМ-ның есептік деректері

ИДМ, АШМ, облыстар әкімдіктері

1,4

1,6

1,9

2,1

2,4

2,6

2,9

2.

Ауыл шаруашылығы техникасын (тракторлар, комбайндар, аспалы жабдық) өндіру көлемі

бірл.

стат-

деректер


ИДМ, АШМ,

ҰКП (келісім бойынша)




2371

2110

4200

4830

5413

6003

6613

3.

Ауыл шаруашылығы техникасының (трактор, комбайн) өндірісі бойынша локализациялаудың деңгейі

%

ИДМ-ның есептік деректері

25

31

32

35

37

41

43

4.

Азотты тыңайтқыштарды өндіру көлемі

мың тонна

стат-

деректер


ИДМ, АШМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері

311,4

317,4

323,4

325,0

370,0

400,0

400,0

5.

Фосфорлы тыңайтқыштарды өндіру көлемі

90,1

96,4

225,0

500,0

720,0

800,0

1000,0

6.

Күрделі тыңайтқыштарды өндіру көлемі

0

0

0

0

2,6

5,2

7,9


4.7. Сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту
Ауыл шаруашылығы өнімін және қайта өңделген өнімді өткізу жөніндегі мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында азық-түліктің ірі партияларын қалыптастыру және оларды ішкі нарыққа және экспортқа бөлу үшін көтерме-тарату орталықтары желісі құрылатын болады.

Аталған міндеттің орындалуы мынадай нәтиже көрсеткішімен өлшенетін болады:




Р/с



Нәтиже көрсеткіші

Өл-шем бірлігі

Ақпарат көздері

Орындауға жауапты-лар

2015 (нақ-ты)

2016 (баға-лау)

20

17


20

18


20

19


20

20


2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Көтерме-тарату орталықтарының саны

бірл.

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, ҰЭМ, ИДМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері

0

0

3

6

9

12

16


4.8. Ғылыми-технологиялық, кадрлық және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету
Аталған міндеттің орындалуы мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Р/с



Нәтиже көрсеткіші

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Орындауға жауапты-лар

2015 (нақ-ты)

2016 (баға-лау)

20

17


20

18


20

19


20

20


2021

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Әзірленген үлгілік технологиялық жобалар саны


бірл.

АШМ-ның есептік деректері

АШМ

-

-

-

-

-

4

4

2.

АӨК субъектілерін білім тарату жүйесінің көрсетілетін қызметтерімен қамту

%

АШМ-ның есептік деректері

АШМ, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдіктері,

ҰКП (келісім бойынша)



1,5

5,4

2,5

2,5

2,5

5

5,5

3.

Қаржыландыру-дың жалпы көлемінен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) бағдарламалары мен жобаларын бизнестің бірлесіп қаржыландыру үлесі

%

АШМ-ның есептік деректері

БҒМ








2

4

6

10



5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
АӨК-ні дамыту ұзақ мерзімді перспективаға арналған стратегиялық жоспарлауды қажет етеді және осыған байланысты, аталған Бағдарламаның төртінші бөлімінде көрсетілген 2017 – 2021 жылдарға арналған индикаторлар мен көрсеткіштерді орындау үшін негізгі бағыттар, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар әзірленді.

Көзделген шараларды іске асыру еңбек өнімділігін ұлғайту және өндірістік шығындарды төмендету негізінде АӨК өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.


5.1. Ұсақ және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту
АШТӨ-нің сәтті жұмыс істеуіне, өнімді өндіру мен өткізу кезіндегі АШТӨ-нің шығасыларын төмендетуге, ауыл шаруашылығының және жалпы АӨК-нің теңгерімді дамуына ауыл шаруашылығы кооперациясы ықпал ететін болады.

Бүгінгі таңда ҚР-да ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өткізу, қайта өңдеу, АШТӨ-ні материалдық-техникалық жарақтау, оған кредиттік, сервистік және ақпараттық-маркетингтік қызмет көрсету ең маңызды бағыт болып табылады.

Өндірістік кооперативтер жерді бірлесіп өңдеу, ауыспалы егістің бірыңғай жүйесін, өсімдік шаруашылығы өнімін өсірудің және жануарлар өсірудің прогрессивті технологияларын пайдалану, ауыл шаруашылығы техникасын бірлесіп пайдалану және т.б. жолмен ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын болады.

Өткізу кооперативтері кооператив мүшелері өндіретін өнімді өткізумен, сондай-ақ шикізатты балғын немесе қайта өңделген түрінде жинаумен, сақтаумен, сұрыптаумен, кептірумен, көтерме немесе бөлшек сатумен және кооператив мүшелерінің өнімін тасымалдаумен айналысатын болады.

Қайта өңдеуші кооперативтер ауыл шаруашылығы өнімін ірі қайта өңдеуші кәсіпорындар мен көтерме-бөлшек желілерге кейіннен өткізе отырып, оны бастапқы қайта өңдеуді ұйымдастыру мақсатында құрылатын болады.

Материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі кооперативтер АШТӨ-ні өндірістік процеске қажетті ресурстармен және материалдармен – жанар-жағар май материалдарымен, тұқымдармен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, азықтармен, қосалқы бөлшектермен, ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті құрылыс және басқа да ілеспе материалдармен қамтамасыз ететін болады.

Кредиттік кооперативтер өз мүшелеріне ауыл шаруашылығы мақсатындағы өндірістік мақсаттарға, бизнестің ауыл шаруашылығымен қатысы жоқ түрлеріне де, тұтынушылық мақсаттарға да кредит берумен айналысатын болады.

Сервистік кооперативтер өз мүшелеріне ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу процесімен, сондай-ақ басқа салалардағы (агрохимиялық, ветеринариялық, техникалық қызмет көрсету, сумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау, техниканы жөндеу және оған қызмет көрсету, телефондандыру, асыл тұқымдық және селекциялық қызмет, мал шаруашылығында және өсімдік шаруашылығында зерттеулер жүргізу және басқалар) жалпы қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты көрсетілетін қызметтер ұсынатын болады.



Ақпараттық-маркетингтік кооперативтер өз мүшелерін жаңа технологиялар, сорттар, тұқымдар, нарықтардағы ахуал туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктірудің артықшылығына мыналар жатады:

өткізуші, қайта өңдеуші, жарақтандырушы және қызмет көрсетуші кооперативтердің басқа да түрлерін құру кезінде кооператив мүшелерінің өздерінің заңды және экономикалық дербестігін сақтауы, яғни, олар жердің, ауыл шаруашылығы жануарларының, өндірілген өнімнің, қолда бар ауыл шаруашылығы техникасының иелері болып қалады;

жер, өндірістік, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, өндірістік кооператив құру кезінде өнім өндірудің прогрессивті технологияларын, ауыл шаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықтарды бірлесіп пайдалану мүмкіндігі;

АШТӨ өндірген өнімді делдалдарсыз, тікелей қайта өңдеуге, сауда желісіне тұрақты өткізу;

өзара есептесуді кооператив мүшелерінің (жеке қосалқы, шаруа қожалықтары және т.б.) шоттарына аудару жолымен жүзеге асыру;

өнімнің аса ірі партияларын қалыптастыру есебінен кооператив мүшелерінің шикізатты қайта өңдеу мен өткізуге дейінгі тасымалдауға, жеткізуге арналған шығындарын қысқарту;

кооператив мүшелерінің мүдделерін қорғау және кооперативтің жалпы жиналысында өндірістік, ұйымдастыру және экономикалық сипаттағы шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде дауыс беру құқығының болуы;

кооперативті басқару аппаратының құжаттарды орталықтандырылған дайындау жолымен кооператив үшін мемлекеттік субсидияларды, жеңілдікпен кредит беруді, салық салуды алу мүмкіндігі;

кооператив мамандарынан ақпараттық-консультациялық көмекті өтеусіз алу мүмкіндігі;

суаратын сумен және ауыз сумен қамтамасыз етілу;

өз мүшелеріне өндірістік және тұтынушылық кредит беру;

ауылдық елді мекендерді абаттандыру бойынша қызмет көрсету;

агрохимиялық, ветеринариялық, техникалық қамтамасыз етуге, техниканы жөндеуге және оған қызмет көрсетуге, селекциялық-асыл тұқымдық жұмысқа арналған шығындарды азайту;

тұрақты жұмыспен (тұрақты және маусымдағы қосымша жұмыспен) қамту.

Кооперативтің тиімді жұмыс істеуінің маңызды факторы оның мүшелері мен кооператив арасында жалпы жиналыс, басқару органдарының сайлауын өткізу, кооперативтің пайдасын бөлу және т.б. кіретін шаруашылық ішіндегі экономикалық өзара қатынастар тетігі болып табылады.

Кооперативтерді ұйымдастыру кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Бірінші кезеңде ауыл шаруашылығы кооперативтеріне бірігуге дайын АШТӨ-нің бастамашыл тобы айқындалады, кооперативті ұйымдастыру қажеттілігі, қызмет түрлері, оның негізгі функциялары, құрылтайшылар құрамы негізделеді.

Екінші кезеңде кооперативтің құрылтай жиналысы өткізіледі, басқарма, ревизиялық комиссия мүшелері, төраға таңдалады, кооперативке кіру және одан шығу қағидалары, құрылтай құжаттары (жарғы, құрылтай шарты және т.б.) бекітіледі.

Үшінші кезеңде кооперативті аудандық әділет органында мемлекеттік тіркеу жүргізіледі, кооперативтің мүлкін қалыптастыру көздері, пайлық жарналар мөлшері бекітіледі, қорлар құру және кооператив қызметінің басқа да шаруашылықішіндегі мәселелері шешіледі.

Төртінші кезеңде алдын ала есептеу негізінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеудің ықтимал көлемдері айқындалады, өткізу нарықтары, тұтынушылар, олардың экономикалық жағдайы, қаржыландыру мөлшері мен көздері айқындалады, яғни, кооперативтің өндірістік қызметінің техникалық-экономикалық негіздемесі бар бизнес-жоспар әзірленеді, кооперативтің негізгі бөлімшелері, олардың құрамы мен функциялары айқындалады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіден тұтынушыға дейін ілгерілету процесінде ҚР АӨК-сінің әртүрлі салаларында (сүт, ет, көкөніс-жеміс, мақта шаруашылығы, май-тоң май және т.б.) құрылатын болады. Кооперативтерді қалыптастыру кезінде ауыл шаруашылығы өнімінің, шикізатының, азық-түліктің жекелеген түрлерінің өздеріне тән ерекшеліктерін және олардың нарықтарын ескеру қажет.

Ет және сүт нарығында кооперативтер құру өнімнің тез бұзылу сипаты, жеке қосалқы және шаруа қожалықтарында мал басының және өнім өндірісінің жоғары үлесі, мал басының төмен шоғырлануы, азықтық базаға тәуелділіктің жоғары болуы сияқты факторлардың ықпалында болады.

Картоп және жеміс-көкөніс нарығында өткізу жүйесі оның жекелеген түрлерін (жылу сүйетін көкөністер мен жемістер, ерте пісетін өнім) ел аумағы бойынша, негізгі көлемді қала маңы аймағында мамандандырылған ірі ұжымдық кәсіпорындар мен жылыжай шаруашылығы болған жағдайда халық шаруашылықтарында оқшау өндіру, өнімнің тез бұзылатын көлемдік сипаты, маусымдылық және уақыт бойынша тұрақты тұтыну, баламалы өнім түрлері – кептірілген, мұздатылған, консервіленген өнімдердің, оның ішінде шырындардың болуы сияқты факторлардың әсерінен қалыптасады. Бұл факторлар оның жекелеген түрлерін жылдам өткізуді ұйымдастыру қажеттілігін айқындайды.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын ұйымдастыру кезінде өнімді қайта өңдеу бойынша қолда бар өндірістік қуаттылықтар барынша жұмылдырылатын болады. Қайта өңдеуші кәсіпорындары жоқ аудандар аумағында жаңа қуаттылықтарды салу кезінде қайта өңделетін ауыл шаруашылығы өнімінің ерекшеліктерін – масса бірлігіндегі көліктік шығындарды, капитал сыйымдылығын, шикізаттың ықтимал көлемін және келіп түсу маусымдылығын ескерген жөн.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жолындағы басты кедергілердің бірі коммерциялық банктердің кредиттік ресурстарына қолжетімділік деңгейінің төмен болуы және айтарлықтай мемлекеттік қолдаудың болмауы жағдайында, кооперативтің әлеуетті мүшелерінде техника мен жабдық сатып алу үшін бастапқы капиталдың жетіспеуі болып табылады. Сондықтан, ҚР-да ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту тиімділігін арттырудың ұсынылып отырған тетігінің негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттік қаражат, бюджеттен тыс қорлар, жеке және заңды тұлғалар, отандық және шетелдік донорлық ұйымдар қаражаты есебінен кооперативтік құрылымдарды қаржылық қолдаудың нарыққа барабар көпарналы жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Әр өңірдің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірленетін болады, оған түсіндіру жұмысы, құрылған кооперативтерге қаржылық, ұйымдастырушылық, насихаттау, консультациялық, ақпараттық көмек көрсету кіреді. Оларды әзірлеу кезінде өзара байланысты міндеттер кешенін, пайдаланылатын ресурстарды, оларды алу көздерін көрсете отырып, әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық, өндірістік сипаттағы атаулы іс-шаралар, қол жеткізілетін нәтижелер мен ауыл шаруашылығы кооперацияларының таралу және даму тетігі ескерілетін болады.

Өңірлік бағдарламалар оң тәжірибені таратуға, кооперативтердің өткізу нарықтарына, материалдық-техникалық ресурстармен жарақтандырылуына, аграрлық-сервистік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталатын болады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың тиімділігі туралы дұрыс ақпарат алу мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дамуын статистикалық қадағалау жүйесі енгізіледі, қызмет түрлері мен нысандары бойынша «Ауыл шаруашылығы кооперативтері» тіркелімі жасалатын, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне мерзімді ішінара зерттеп қарау жүргізілетін болады.

Консультациялық және ұйымдастырушылық жұмыс:

қажет етілетін жерлерде жаңа кооперативтер құруға;

жұмыс істеп тұрған кооперативтер мүшелерінің санын кеңейтуге;

кооператив мүшелерінің кооперативтердің шешімдерін қабылдау және істерін басқару процесіне белсенді қатысуына көмек көрсетуге;

кооперативтер мүшелері мен жұмыскерлеріне кооперативтік құндылықтар мен қағидаттарға негізделген, қазіргі заманғы экономикалық жүйеге барабар шаруашылық тетігін құруда көмек көрсетуге бағытталатын болады.

Ауылда ауыл шаруашылығы кооперативтерін сәтті дамыту шарттарының бірі ауыл шаруашылығы кооперативтерінің бірыңғай жүйесін құру болып табылады, ол мемлекеттік, өңірлік және аудандық деңгейлерге біріккен, ұйымдық-құқықтық және функционалдық қатынастардағы, әртүрлі түрлер мен деңгейлердегі кооперативтердің жиынтығын білдіреді. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту тиімділігін арттыру тетігі ауыл шаруашылығы кооперацияларының аудандық деңгейдегі нысандарын ұйымдастыру мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесін және консультанттардың жұмыс топтарын құру жолымен мемлекеттік (жергілікті) органдармен өзара байланыста қызмет ететін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің көпдеңгейлі жүйесін кезең-кезеңмен қалыптастыруды, сондай-ақ олардың қаржылық, қоғамдық және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылын көздейді.

Республикада ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың тиімділігін арттыру мақсатында әр аудан деңгейінде үйлестіру кеңестері құрылатын болады. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті аудандық деңгейдегі ауыл шаруашылығы кооперативтері жүйесін дамыту жөніндегі іс-шаралармен қамтамасыз ету болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан АШК үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде (жер учаскелері: оның ішінде азық дайындау, базарлардағы сауда орындары, мал сою пункттері, қажетті коммуникациялар үшін) жәрдем көрсетілетін болады.

Бұдан басқа қайта өңдеуші кәсіпорындармен жеткізу шарттарын жасасу, бизнес жоспарлар құру мен кредит алуға құжаттар жинауды қамтамасыз ету түрінде көмек көрсетілетін болады

Сонымен қатар ветеринариялық қызметтер тарапынан кооперативтердегі қауіпсіз эпизоотиялық ахуалды қамтамасыз ету бойынша көмек көрсетіледі.

Кооперативтерді ауыл шаруашылығы өнімін дайындау және бастапқы қайта өңдеу, сервистік және кредиттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік қолдау шеңберінде қаржылық және қаржылық емес сипаттағы шаралар қолданылатын болады.

Қаржылық қолдау шаралары – ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы лизингі, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын сатып алу жөніндегі шығындарды инвестициялық субсидиялау, АӨК субъектілеріне кредит беру, ауыл шаруашылығы техникасы мен жануарларының, технологиялық жабдықтың лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, ауыл шаруашылығы кооперативтері ревизиялық одақтарының кооперативтерге ішкі аудит жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау, сондай-ақ кредит бойынша бастапқы төлемді (бірлесіп қаржыландыру) инвестициялық субсидиялар және кейіннен өз мүшелеріне кредит беру үшін кредиттер беру есебінен өтей отырып, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компанияларының шарттары бойынша кредиттер мен лизинг беру рәсімдерін жеңілдету.

Қаржылық емес қолдау шаралары – кооперативтердің басшылары мен мамандарын даярлауға арналған ауыл шаруашылығы оқу орындарына және олардың біліктілігін арттыру орталықтарына арналған оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, ауыл шаруашылығы ЖОО-лары мен колледждерінде міндетті пән ретінде ауыл шаруашылығы кооперациясының экономикасы және ұйымдастырылуы жөніндегі курсты жүргізу, сондай-ақ жеке қосалқы және шаруа қожалықтары иелерін біліктілікті арттыру курстары мен семинарларының қатысушылары ретінде АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету бағдарламасына өтеусіз негізде қосу және ауыл шаруашылығы оқу орындары, жалпы мақсаттағы университеттер және білім тарату орталықтары жанынан біліктілікті арттыру жүйесі арқылы аграрлық құралымдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен мамандарының ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша біліктілігін арттыру.


5.2. АӨК өніміне қатысты ішкі және сыртқы сауда саясатын оңтайландыру
Ішкі сауданы дамыту үшін өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдаланудың қолданыстағы тетіктерінің тиімділігін арттыру, оларды реттеу жөніндегі функцияларды жергілікті атқарушы органдарға беру, нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарының жолын кесу бойынша шаралар қабылданатын болады.

Сыртқы сауданы дамыту үшін ҚР АШМ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, ҚР АШМ-ның басқа ведомстволық бағынысты ұйымдары сайттарында АӨК субъектілеріне өткізу нарықтары бойынша ашық салалық деректер беру, сондай-ақ, «Атамекен» ҚР ҰКП-ның кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары тарапынан маркетингтік қызметтер көрсету бойынша шаралар қабылданатын болады.

Бүкіл Еуразия құрлығында астық өндіру бойынша «нан себеті» болу және шикізат өндірісінен сапалы қайта өңделген өнім шығаруға көшу үшін ауыл шаруашылығы өнімінің шикізаттық түрлерін ғана емес, оның қайта өңделген өнімдерін (ұн, макарондар, жарма, глютен) де экспорттау көлемі өсірілетін болады.

2021 жылға қарай дәстүрлі түрде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімін импорттаушы елдерге (Орта Азия елдері, Ауғанстан, Әзірбайжан) олардың халқының өсімін ескере отырып, астық баламасында 6,8 млн. тонна ұн экспорттау көзделуде.

Сондай-ақ 2021 жылға қарай макарон мен жарма өнімдерін өндіру көлемін 630 мың тоннаға дейін, сондай-ақ олардың экспортқа шығару көлемін 2016 жылғы 77,0 мың тоннаға қарағанда, 180 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Перспективалы нарықтар Қытай, Ауғанстан, Грузия, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан болып табылады.

2016 жылы 3,3 мың тонна глютен өндірілді, 0,2 мың тонна экспортқа өткізілді (Қырғызстан – 0,1 мың тонна, Өзбекстан – 0,1 мың тонна). Песпективада жаңа қуаттылықтар енгізуді ескере отырып, глютен өндіруді 5,0 тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Бекіре тұқымдас балықтардың көлеңкелі айналымын төмендету мақсатында генетикалық паспорттандыру жүйесін енгізу үшін заңнамалық негіз жасалатын болады.

Бұдан басқа, қазақстандық өндірушілер үшін Қазақстанның ішінде және шет елдерде салалық көрмелер өткізуде қолдау көрсетілетін болады.

АШТӨ-нің сауда алаңдарына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында республиканың барлық ірі қалаларында көтерме-тарату орталықтары (КТО) желісін құруға жәрдем көрсетілетін болады. КТО қоймалардан, павильондар мен ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме саудасына арналған басқа үй-жайлардан тұратын болады, онда ауыл шаруашылығы және тамақ өнімін сақтау, орау, өткізу және тасымалдау жөніндегі технологиялық операциялар генерацияланатын болады. Қажет болған жағдайда, кедендік, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік, санитариялық-эпидемиологиялық және өзге де операциялар көзделетін болады.

КТО тарту үшін заттай гранттар бөлу және тағы сол сияқты қолайлы жағдайлар жасалатын жеке инвесторлардың, оның ішінде шетелдік инвесторлардың қаражаты есебінен құрылады. Бұдан басқа, КТО-ны дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде сатып алынған техника мен жабдықтың құнын өтеуге инвестициялық субсидиялар беру түріндегі шараларды кеңейту үшін нормативтік құқықтық негізді жетілдіру мәселесі пысықталатын болады.

КТО-ны мемлекеттік қолдау олардың құрылысы үшін жер учаскесін бөлуден, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылым тартудан, тауар сапасының сәйкестігіне мемлекеттік сертификаттар беруден және т.б. тұратын болады.

Бірінші сатыда 2017 жылға дейін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында 3 КТО құрылатын болады.

Екінші сатыда 2018 – 2021 жылдары республиканың қалған ірі қалаларында, оның ішінде шекара маңындағы қалаларда КТО құрылатын болады.

КТО базасында дайындалып, экспортқа жөнелтілетін ауыл шаруашылығы өнімінің ірі партиялары құрылатын болады.

Тамақ өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі басым сектор үшін сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту ИИДМБ шеңберіндегі жүйелі және атаулы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін болады.

Экспорттық саясат өнімді әлеуетті өткізу нарықтарына ілгерілетуді мақсатты түрде қолдау негізінде жүргізілетін болады. Осы мақсаттар үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның өз қаражаты есебінен «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ «ҚазАгроКепіл» АҚ-мен және «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-мен, сондай-ақ ҚР-ның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерімен өзара тығыз іс-қимылда АӨК-нің экспорттық орталығы рөлін атқарады. Орталық:

1) сыртқы нарықтарды талдауды және перспективалы өткізу елдері үшін өнімді ілгерілетудің жол карталарын жасауды;

2) АШТӨ-ден өнімді форвардтық сатып алуды және ірі экспорттық партияларды қалыптастыруды;

3) сыртқы нарықта сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнімі үшін өткізудің экспорттық арналарын құруды;

4) АШТӨ-нің экспорттық келісімшарттарын сақтандыруды және кепілдендіруді ұсынуды;

5) «KZ ORGANIC FOOD»-ты қоса алғанда, шатырлы брендтерді ілгерілетуді;

6) өнімді экспорттау бойынша, оның ішінде келісімшарттарды сүйемелдеу бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын болады.

Сондай-ақ, инвесторлар үшін ауыл шаруашылығы саласының тартымдылығын арттыру мақсатында Үкімет Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Бәсекеге қабiлеттiлiктің жаһандық индексі рейтингісіндегi «Аграрлық саясаттың ауыртпалығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасының позициясын жақсарту, сондай-ақ, Қазақстанды Дүниежүзілік банктің «Enabling the Business of Agriculture» («Агробизнесті дамыту») есебіне енгізу бойынша шаралар қабылдайтын болады.
5.3. АӨК-ні мемлекеттік реттеу шараларын жетілдіру
Өсімдік шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығы өнімін тиімді дамыту, оның өнімінің өндірістік шығындарын төмендету мақсатында өнімді қайта өңдеу және өткізу инфрақұрылымына байланыстыра отырып, өндірістерді өңірлік мамандандыру қамтамасыз етілетін болады.

Бұл үшін кооперация негізінде өнімді сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және өткізу инфрақұрылымын салу, минералды тыңайтқыштарды және пестицидтерді пайдалану, сондай-ақ жоғары репродукциялы тұқымдарды өндіру мен пайдалану ынталандырылатын болады. Бұл шаралар жоғары түсім мен сапалы өнім алуға мүмікіндік береді.

Тұқым шаруашылығын техникалық және технологиялық жаңғырту инвестициялық шығындарды субсидиялау және тұқым шаруашылығы бойынша технологиялық платформа құру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Басым тәртіппен АӨК субъектілерінің техникасы мен жабдығын жаңарту үшін жағдайлар жасалатын болады.

Егіс алаңдары құрылымын әртараптандыруды, құрама жем өндіруді және сұранысқа ие өнім экспортын өсіру мақсатында арпа, сұлы, астыққа арналған жүгері өндіруді ынталандыру қамтамасыз етілетін болады.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды жүктеу және сұранысқа ие өнім экспортын ұлғайту үшін майлы дақылдарды, оның ішінде күнбағысты, рапсты, зығырды, сояны өндіру және осы өнімдерді қайта өңдеуші кәсіпорындардың сатып алуын ынталандыру қамтамасыз етілетін болады.

Жеміс-көкөніс шаруашылығын, жүзім шаруашылығын дамыту мақсатында инвестициялық шығындарды субсидиялау есебінен жеміс-жидек дақылдары мен жүзім отырғызу, маусымаралық кезеңде жылыжай кешендерінде көкөніс өнімін өндіру, су үнемдегіш технологияларды қолдану ынталандырылатын болады, сондай-ақ, «Апорт» сортты алма ағашы бақтарын отырғызу және өсіру шығындарын өтеу қамтамасыз етілетін болады. Кооперация негізінде өндірудің, дайындаудың, сақтаудың, қайта өңдеу мен өткізудің толық циклі инфрақұрылымы жасалатын болады.

Картоп шаруашылығында картоптың вируссыз тұқымдарын пайдалануды ынталандыру, картоп сақтау қоймаларын салуды қолдау есебінен өндірістің сапасы мен қарқындылығын арттыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады.

Қант қызылшасын өндіру мен қайта өңдеу көлемін арттыру мақсатында қант қызылшасын өндіруді және қайта өңдеуші кәсіпорындардың қант қызылшасын сатып алуын ынталандыру, шағын зауыттар салу және жұмыс істеп тұрған қант зауыттарын инвестициялық шығындарды субсидиялау және су үнемдегіш технологияларды енгізу жолымен реконструкциялау бойынша шаралар қабылданатын болады.

Күріш шаруашылығы мен мақта шаруашылығын қолдау күріш шаруашылығында су үнемдегіш технологиялар енгізуді ынталандыру, лазерлі жоспарлағыштарды пайдалану есебінен жүзеге асырылатын болады. Қосымша қолдау аумақтарды дамытудың, кредит беру мен лизингтің өңірлік бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Мал шаруашылығы саласының азықтарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында оларды өндіруге арналған шығындарды және мамандандырылған техника мен жабдық сатып алу кезіндегі инвестициялық шығындарды субсидиялау жолымен азықтық дақылдар өндірісінің өсімін ынталандыру қамтамасыз етілетін болады.


жүктеу 5,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау