Етті мал шаруашылығында неғұрлым сапалы және тиісінше неғұрлым қымбат асыл тұқымды өнімге сұранысты ұлғайту мақсатында асыл тұқымды өнім сапасына бақылау күшейтілетін болады, республикалық палаталар мен мемлекет тарапынан селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың сапасын бағалау тетіктері жетілдірілетін болады. Сондай-ақ материалдық-техникалық базасы бар және селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізуді тиісінше жүзеге асыратын асыл тұқымдық репродукторлар өнімінің сапасын арттыру есебінен асыл тұқымды жануарларды сатып алу ынталандырылатын болады.
Малды тұқымдық жақсарту, сондай-ақ бордақылау тиімділігін арттыру мақсатында жеке қосалқы және фермерлік шаруашылықтарда асыл тұқымды бұқалардың әлеуеті пайдаланылатын болады.
Малды сатып алу кезіндегі шығасыларды төмендету мақсатында жеке инвестициялар есебінен мал саудасы инфрақұрылымы жасалатын болады.
Сүтті мал шаруашылығында тауарлы сүт өндіру көлемін арттыру мақсатында отбасылық және өнеркәсіптік сүт-тауарлы фермалар құруға жәрдемдесу, өндірісті механикаландыру деңгейін арттыруды ынталандыру, ал селекциялық және асыл тұқымдық жұмыста асыл тұқымдық репродукторлар құруды және сапалы асыл тұқымды материалды пайдалануды ынталандыру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Қой шаруашылығында қозы еті мен биязы жүн өндірісі басым бағыты болады.
Қозы етін өндіру үшін қозыларды жыл бойы алу және өсіру технологиялары енгізілетін болады.
Биязы жүн өндіру мақсатында өңірлердің мамандану схемасын ескере отырып, биязы жүнді тұқымдық қошқарлар пайдаланылатын селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс ынталандырылатын болады. Бұл ауыл кооперациясын дамыту есебінен биязы жүнді бастапқы өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың қуаттылықтарын жүктеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жылқы шаруашылығы мен түйе шаруашылығында тауарлы өндіріске басты назар аударылатын болады. Бұл үшін сервистік қызметтер көрсету, жылқы шаруашылығы мен түйе шаруашылығы өнімін дайындау және қайта өңдеу жөніндегі ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылатын болады, сондай-ақ құдықтар орналастыруға және жайылымдарды жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған шығындарды субсидиялау жолымен жайылымдарды суландыру бағдарламасы жалғасатын болады.
Құс шаруашылығында салқындатылған құс етін өндіру мен тұтынуды, етті бағыттағы отбасылық және өнеркәсіптік құс фабрикаларын, сондай-ақ инкубаторлық станцияларды құруды, жұмыртқаны тереңдете қайта өңдеуді ынталандыру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Өңірлік бағдарламалар арқылы құс шаруашылығының дәстүрлі емес бағыттары (суда жүзетін құс және бөдене) ынталандырылатын болады.
Шошқа етін өндірудің тиімділігін арттыру үшін асыл тұқымды материалдың қолжетімділігі қамтамасыз етілетін және жұмыс істеп тұрған шошқа өсіру кешендері мен фермаларын жаңғыртуды ынталандыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Бал ара шаруашылығында балмен ішкі нарықты қамтамасыз ету және оның экспорттық әлеуетін пайдалану үшін бал аралардың өнімділігін арттыру мақсатында материалдық-техникалық базаны жаңғырту және селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты ынталандыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Бал тасушы азықтық конвейерлер құру мәселесі пысықталатын болады.
Бұдан басқа, халықаралық талаптарға сәйкес бал ара шаруашылығының нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық базасы өзектендірілетін және үндестірілетін болады.
Марал шаруашылығын, ешкі шаруашылығын және үй қояны шаруашылығын дамытуды қолдау аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламалары және жеке қосалқы және фермерлік шаруашылықтарға кредит беру шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың өнімділігін арттыру мақсатында жергілікті жердің мал шаруашылығы құрылымы бейімделуі тиіс аймақтық табиғи-климаттық жағдайлармен тығыз байланысты берік азықтық база құру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Бұл үшін елдің азықтық теңгерімі және табиғи-климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, өңірлік аспектіде ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандырудың базалық рациондарын жаңарту әзірленетін болады, сондай-ақ азықтық дақылдар егістерін орналастырудың оңтайлы құрылымы және оңтайлы аграрлық техникасы бар перспективалы азықтық және жайылымдық дақылдар айқындалатын болады.
Бұдан басқа, табиғи жайылымдарды түбегейлі және үстіртін жақсартуды ынталандыру, жайылымдарды қоршау және суару жүйелерін қалпына келтіру жолымен тыңайған және пайдаланылмаған жерлерді айналымға тарту бойынша шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ азықтар дайындау мен сақтау тәсілдерінің тиімділігін арттыру бойыншада шаралар қабылданатын болады.
Азық өндірісін және тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында құрама жем кәсіпорындарының жүктелуін қамтамасыз ету және құрама жемдерді пайдалануды ынталандыру тетігі әзірленетін және іске асырылатын болады.
Сондай-ақ басым сектор ретінде тамақ өнімдері өндірісі шетелдік инвесторларды тарту мен экспортты ілгерілетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүйелі және атаулы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін болады.
Органикалық өнім өндірісі мен айналымы
Экологиялық таза (органикалық) ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен айналымын реттеуді жетілдіру мақсатында органикалық өнімді өндіру, оның айналымы саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша, атап айтқанда, ұлттық және халықаралық нормалар бойынша экологиялық таза (органикалық) өнімнің сәйкес келуін растау және оны бақылау бойынша шаралар қабылданатын болады.
Экологиялық таза (органикалық) өнімнің эталоны «Made in Kazakhstan» бренді болады. Оның енгізу үшін жеке стандарт шеңберінде оны беру бойынша талаптар, тауар өндірушілерді іріктеудің өлшемшарттары әзірленетін болады.
Сондай-ақ экологиялық таза (органикалық) өнім өндіру, оның айналымы және оны сертификаттау қағидалары (стандарттары) халықаралық нормалармен және талаптармен, сондай-ақ Қазақстанның экологиялық таза (органикалық) өнімін импорттаушы елдердің заңнамасымен үндестірілетін болады және өсімдіктерді қорғаудың биологиялық құралдарын, топырақты жақсартқыштарды, өсімді ынталандырғыштарды және экологиялық таза (органикалық) өнім өндіру кезінде қолданылатын басқа да биопрепараттарды өндіру мен қолдану бойынша нормативтік-техникалық құжаттар әзірленетін болады.
Экологиялық таза (органикалық) өнімді өндіру, өткізу, экспорттау және импорттау туралы статистикалық есептілік енгізілетін болады.
Ішкі және сыртқы нарықтарда қазақстандық экологиялық таза (органикалық) өнімге деген сұранысты ынталандыру және экологиялық таза (органикалық) өндіріс өнімін танымал ету үшін ақпараттық-насихаттау іс-шаралары, қазақстандық экологиялық таза (органикалық) сектор мүдделерін халықаралық деңгейде, оның ішінде экологиялық таза (органикалық) өндіріс жөніндегі халықаралық көрмелерде, сауда алаңдары мен форумдарында білдіру және қорғау ұйымдастырылатын болады, сондай-ақ экологиялық таза (органикалық) өндіріс технологияларын, практикаларын, әдістерін таныстыруға арналған модельдік шаруашылықтарды және экологиялық таза (органикалық) өнім өндірушілерінің кооперациясын құруда жәрдем көрсетілетін болады.
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу
және тамақ өнеркәсібі
Қайта өңдеуші кәсіпорындарды барынша жүктеуді қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесін ұлғайту және ішкі және сыртқы нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында шаралар кешені қабылданатын болады.
Жеке қосалқы және ұсақ шаруа (фермер) қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімін дайындау және оларды ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы қайта өңдеуші кәсіпорындарға жеткізу жүйесі қалыптастырылатын болады.
Қазіргі заманғы жабдығы бар, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім шығаруға бағдарланған ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі жөніндегі кәсіпорындарды салу және жаңғырту кезіндегі инвестициялық шығындарды субсидиялау жалғасатын болады.
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі өнімінің отандық және экспорттық брендін жасау, қосылған құны жоғары қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі өнімінің экспортын басым тәртіппен қолдау ынталандырылатын болады.
Экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі жөніндегі кәсіпорындарды халықаралық талаптар бойынша сертификаттауды ұйымдастыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі жөніндегі кәсіпорындар басшылары мен мамандарын оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.
Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімін қадағалау жүйесі әзірленетін және енгізілетін болады.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау ИИДМБ шеңберінде мемлекеттік қолдаудың жүйелі және атаулы шараларымен қамтамасыз етілетін болады.
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту үшін локализациялау деңгейі жоғары ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының барынша сұранысқа ие түрлерін өндіру туралы келісімдер жасасу және олардың орындалуын мониторингтеу, ИИДМБ шеңберінде ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық инфрақұрылымды қамтамасыз ету, АШТӨ-нің инвестициялық шығындарын субсидиялау жолымен сұранысты ынталандыру, локализациялау деңгейі жоғары ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының барынша сұранысқа ие түрлерін өндіруді ұйымдастыру жөніндегі шараларды іске асыруды ескере отырып, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ желісі бойынша кредит пен лизинг беру секілді шаралар қабылданатын болады.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мәселелерін реттеу бөлігіндегі функцияларды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінен ҚР АШМ-ға беру мәселесі пысықталатын болады.
Агрохимиялық өнім өндірісі
Агрохимиялық өнім өндірісі басым сектор ретінде тыңайтқыштар өндіру жөніндегі өңірлік хаб құруды, шетелдік инвесторларды тартуды, озық аграрлық-химиялық технологияларды игеру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуды және ҒЗТКЖ-ны жандандыруды қоса алғанда, ИИДМБ шеңберінде мемлекеттік қолдаудың жүйелі және атаулы шараларымен қамтамасыз етілетін болады.
Субсидиялау жүйесін жетілдіру
Субсидиялар тиімділігін арттыру және АШТӨ-ні мемлекеттік қолдау шараларымен барынша қамту мақсатында субсидиялау өлшемшарттары мен нормативтерінің егжей-тегжейлі айқындамасы қолданылатын болады. Субсидиялар басым тәртіппен сұранысқа ие өнім өндірісін қолдауға, өндірістік шығындарды төмендетуге бағытталатын болады.
Субсидиялауды жетілдірудің жалпы шаралары. 2017 жылдан бастап субсидиялау жүйесіне мынадай өзгерістер енгізілетін болады:
салыстырмалы мәндегі, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнының пайызындағы субсидиялаудан абсолютті, құндық мәндегі субсидиялауға басым түрде көшу;
салада технологиялық процестерді жүргізу мерзімдеріне сәйкес субсидиялар беру мерзімдерін оңтайландыру;
мынадай басымдықтар бойынша басымдықпен субсидиялау: импортты алмастыру, экспортқа бағдарлану, өзге де бағыттар, ішкі тұтынуды қамтамасыз ету көрсеткішіне қол жеткізу бойынша субсидиялау деңгейі қысқаратын болады;
кредит беру мерзімі бір жылға дейінгі айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қоспағанда, мемлекеттің ұзақ мерзімді міндеттемелерінің шоғырлануын болдырмау үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудан инвестициялық шығындарды субсидиялауға көшу;
маңызды өңірлік мәні бар АӨК өнімінің жекелеген түрлерін субсидиялауды уәкілетті орган әзірлейтін қағидалар бойынша ЖБ қаражаты есебінен жүзеге асыру.
Бұдан әрі субсидиялау жүйесі мынадай түбегейлі өзгерістерге ұшырайды:
субсидиялауға арналған барлық өтінімдерді қараудың, мониторинг жүргізудің және деректерді алушылар бойынша топтастырудың автоматтандырылған жүйесін кезең-кезеңмен енгізу;
шығындардың жекелеген түрлерін субсидиялаудан кәсіпорынның өндірістік көрсеткіштері және төленетін субсидия тиімділігінің мониторингі негізінде оны кешенді субсидиялау саясатына көшу;
берілетін субсидия түрлерін және АӨК субъектілерінен сұралатын құжаттарды түбегейлі азайту;
субсидиялардың тиімділігін арттыру және АШТӨ-нің мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылуын кеңейту мақсатында субсидиялау нормативтері мен өлшемшарттарының барынша егжей-тегжейлі айқындамасы қолданылатын болады.
Бұдан басқа, оператордың функцияларын субсидиялаудың кейбір түрлері (қаржылық сауықтыру, инвестициялық субсидиялау) бойынша бәсекелес ортаға беру жергілікті атқарушы органдардың операторды таңдаудағы, олар көрсеткен қызметтер құнын айқындаудағы, оператор функцияларын орындаудағы түрлі тәсілдемесін көрсетті, осылайша, субсидиялау қағидаларында көзделген мониторинг сапасыз және алуан түрлі тәсілдемеде жүргізілген, есептілік ұсыну мерзімдері бұзылған.
Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға біркелкі тәсілдің қажеттілігін ескере отырып, субсидиялаудың кейбір түрлері (қаржылық сауықтыру, инвестициялық субсидиялау) бойынша жергілікті атқарушы органдар (көрсетілетін қызметті беруші) мамандандырылған ұйымдар ішінен бірыңғай оператор тарта алады. Субсидиялаудың кейбір түрлері бойынша оператордың функциялары алып тасталып, қаражат субсидиялау төлеуге арналған оның көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге қайта бағытталатын болады.
Өсімдік шаруашылығындағы және өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеудегі субсидиялауды өзгерту жаңа технологиялар енгізуді ынталандыруға, егіс кезінде сапасы жоғары тұқым материалын пайдалануға, минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын ауқымды қолдануға, өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын сатып алуға, яғни, өнімнің түсімділігін, сапасын және оның өзіндік құнын арттыруға, тиісінше, өндірістің барынша жоғары тиімділігіне қол жеткізуге тікелей әсер ететін факторларға бағытталатын болады. Бұл қайта өңдеуші қуаттылықтарды жүктеуді қамтамасыз етуге, экспортқа бағдарланған қосылған құны жоғары өнім өндіруді арттыруға, өсімдік майы мен қант бойынша импортты алмастыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді субсидиялау бойынша субсидиялар нормаларын пайыздық мәнде белгілеуден шыққан еліне қарамастан, теңгедегі абсолюттік нормативке көшу бөлігінде өлшемшарттар мен тетіктер өзгеретін болады. Бұдан басқа, гербицидтерді ғана емес, инсектицидтерді, фунгицидтерді, дефолианттарды және пестицидтердің басқа да түрлерін субсидиялау үшін заңнамалық негіз құрылатын болады. Абсолюттік нормативке көшу бағаның негізсіз артуы тәуекелдерін төмендетуге, қолданылатын тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алуды және олардың ассортиментін кеңейтуді ынталандыруға мүмкіндік береді.
Тұқым шаруашылығында бірегей және элиталық тұқымдарды субсидиялау жаңаратын болады, бірінші буын будандарын субсидиялау жалғастырылған жағдайда, бірінші репродукциялы тұқымды (ең аз нормаларсыз және тек басым дақылдар бойынша) және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерін (өткізудің орнына сатып алу) субсидиялау тетігі өзгеретін болады.
Дәнді дақылдар үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның көктемгі егіс жұмыстарына кредит беруіне және «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның форвардтық сатып алуына көше отырып, қолданыстағы гектарға арналған субсидиялау тәртібі алып тасталатын болады. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ кейіннен құрама жем зауыттарына не қайта өңдеуге өткізе отырып, дақылдардың нақты көлемі мен тізбесін алу үшін форвардтық сатып алу операторы ретінде қызмет етеді.
Азықтық дақылдар, мақта, күріш және жабық топырақ көкөністері үшін базалық субсидиялар (тұқымдар, минералды тыңайтқыштар, пестицидтер) сақтала отырып, 1 гектарға арналған субсидиялау жалғасатын болады.
Бұдан басқа, жылыжайлар үшін жылыжайларды пайдалануға енгізу жылына және қолданылатын технологияларға байланысты, субсидия төлеудің сараланған тәсілдемесі қолданыла отырып, гектарлық субсидиялау тетігі өзгеретін болады.
Өнім (жеміс, көкөніс, картоп) өндіруді ынталандыру үшін кооперативтерге бірігу арқылы субсидия алу мүмкіндігін беру жолымен өндірістің нақты көлемдерін ескере отырып, субсидиялау жүргізілетін болады.
Қайта өңдеуші кәсіпорындар қуаттылықтарын шикізатпен қамтамасыз ету және жүктеу мақсатында майлы тұқымдар мен қант қызылшасының 1 тоннасының құнын субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілетін болады.
Бұдан басқа, АШТӨ-ге су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жалғастырылатын болады.
Мал шаруашылығындағы субсидиялауды өзгерту басым бағыттар бойынша саланы мемлекеттік қолдау шараларының барынша тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Мал шаруашылығында аналық мал басын субсидиялаудан шығым пайызына байланыстыра отырып, төлі бар аналық мал басын субсидиялауға көшу орын алатын болады.
Өндірілген өнімді (сиыр еті, сүт, құс еті, тағамдық жұмыртқа, шошқа еті) субсидиялауға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін өндірістің нақты көлемдерін ескере отырып, өлшемшарттар қайта қаралатын, шекті мәндер төмендетілетін және нормативтер сараланатын, сондай-ақ коопоративтерге бірігу арқылы субсидиялар алу мүмкіндігі берілетін болады.
Сүтті бағыттағы асыл тұқымды төлдің, шошқалардың асыл тұқымды төлінің, тәуліктік балапандардың, ата-енелік және ата-тектік нысандағы асыл тұқымды жұмыртқаның қолжетімділігін арттыру үшін субсидиялау нормативтері ұлғайтылатын болады.
Қой шаруашылығының басым өнімді бағыттарын (биязы жүнді қой шаруашылығы) дамыту үшін селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты және асыл тұқымды төлді сатып алуды субсидиялау нормативтері сараланатын болады, сондай-ақ қой етін субсидиялаудан экспорттық әлеуетін ескере отырып, қозы етін субсидиялауға көшу жүзеге асырылатын болады.
Малды тұқымдық түрлендіру процестері бордақылау алаңдары арқылы реттелетін болады.
Өңірлік маңызы бар мал шаруашылығы салаларын (түйе шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, марал шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, ешкі шаруашылығы) субсидиялау өңірлердің мамандану схемасын ескере отырып, аумақтарды дамыту бағдарламаларын түзету негізінде ЖБ қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Акваөсірудің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жаңа балық шаруашылығы кәсіпорындарын ұйымдастыруға және қолданыстағыларының өндірістік қуаттылығын (көлдік-тауарлы балық өсіру шаруашылықтары, шарбақты балық шаруашылықтары, тұйық сумен жабдықтау қондырғылары қолданылатын балық өсіру шаруашылықтары) кеңейтуге инвестицияларды жүзеге асыруға арналған шығындарды субсидиялау және балық өсіру шаруашылықтарында (тоғандық, бассейндік, тұйық сумен жабдықтау қондырғылары қолданылатын шарбақты балық өсіру, көлдік-тауарлы балық өсіру шаруашылықтары) бекіре тұқымдас, албырт және тұқы тұқымдас балық түрлерін өсіру кезінде азыққа арналған шығындар құнын субсидиялау іске асырылатын болады.
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бұрын қабылданған міндеттемелер бойынша жүзеге асырылатын болады.
Бұдан басқа, АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларына қаржылық сауықтыру жоспарын орындауға қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады. Төлеу мерзімін 90 күннен астам өткізуге жол берген АӨК субъектілері қаржылық сауықтыру бағдарламасынан дереу алып тасталатын болады.
Практика көрсеткендей, айналым қаражатын толтыруға арналған кредиттерді қоспағанда, кредиттер және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау банк секторынан инвестициялардың күрт ағынына алып келді.
Айналым қаражатын толтыруға арналған кредиттерді қоспағанда, кредиттер және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
2014 – 2016 жылдары «Агробизнес – 2020» бағдарламасына қосылып қойған қарыз шарттары бойынша ғана жүзеге асырылатын болады. Кредиттік ресурстарды пайдалану, оның ішінде айналым қаражатын толтыру және лизинг мақсаттарына пайдалану «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымдары, кредиттік серіктестіктер мен кооперативтер, микроқаржылық ұйымдар, сондай-ақ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ іске асыратын қолдау бағдарламалары арқылы мүмкін болады.
Осыған байланысты, айналым қаражатын толтыруға арналған кредиттерді қоспағанда, 2017 жылдан бастап кредит беру мерзімдері 2 және одан да көп жылдарды құрайтын кредиттер және лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялаудан кредит беру мерзімі бір жылға дейінгі айналым қаражатын толтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін сақтай отырып, АӨК субъектілерінің инвестициялық шығындарын субсидиялауға көшу жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте босатылатын қаражат инвестициялық субсидиялауға бағытталатын болады, бұл инвесторлардың – АӨК субъектілерінің қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте инвестициялық субсидиялауға қатысатын АӨК субъектісі үшін бірінші кезекте техника мен технологиялық жабдықтың кредиті/лизингі бойынша негізгі борышты өтеу туралы міндетті норма белгіленетін болады, сондай-ақ АӨК субъектілері күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі өткен берешекке жол берген жағдайларда, сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды дереу тоқтату бөлігінде Субсидиялау қағидалары қатаңдатылатын болады.
Инвестициялық шығындарды субсидиялау инвестициялық шығындарды арзандатуға және инвестициялық жобалардың өзін-өзі ақтау мерзімдерін төмендетуге бағытталған мемлекеттік қолдаудың барынша тиімді және сұранысқа ие шараларын беруге бағдарланатын болады.
Инвестициялық субсидиялау бағдарламасын одан әрі іске асыру Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларының жаңа редакциясын әзірлеуге негізделетін болады, олар мыналарды көздейді:
орта және шағын АШТӨ-нің көпшілігін қамту мақсатында сүт қабылдау пункттері, мал сою пункттері, жемістерді, көкөністерді және картопты қабылдау және сақтау, құс шаруашылығы пункттері, шағын құрама жем зауыттары, СДО, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу және т.б. жөніндегі жобаларды іске асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтерін субсидиялау жағына қарай басымдықты қайта қарау;
ретроспективті инвестициялық жобаларды (2016 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырылған) субсидиялауды алып тастау;
салалық саясатты тиімді іске асыру, бюджет қаражатын тиімді бөлу мақсатында жаңа өндірістік қуаттылықтарды құру және қолданыстағыларын кеңейту жөніндегі ірі инвестициялық жобаларды субсидиялауды АШМ-мен міндетті түрде келісуді енгізу;
жобаны қуаттылықтарды құрудың немесе кеңейтудің орындылығы және өзін-өзі ақтауы тұрғысынан тексеруді көздейтін құру бойынша инвестициялық жобаларды субсидиялау кезінде жаңа технологиялық өлшемшарттарды (географиялық орналасуы, логистика, өндірілетін өнімге сұраныстың болуы, маңында арзан энергия көздерінің болуы, ветеринариялық/фитосанитариялық қауіпсіздік талаптарының сақталуы, шикізаттың және өткізу нарықтарының қолжетімділігі, инновацияларды енгізу және т.б.) енгізу;
шағын және орта АШТӨ-ні субсидиялауды неғұрлым кеңінен қамту үшін егістіктің/мал басының бар-жоғы туралы шекті өлшемшарттарды төмендету;
бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында субсидияланатын техника мен жабдық бойынша барынша жол берілген құнын саралау;
мақұлданған, бірақ бюджет қаражатымен қамтамасыз етілмеген жобалар бойынша комиссиялардың шешімдерін, олардың осы Бағдарламаның ережелеріне сәйкестігін қайта қарау.
Дайындаушы ұйымдар мен ауыл шаруашылығы кооперациясы жүйесін одан әрі дамыту үшін «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына, сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына:
ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен жиынтық жылдық кіріс үлесін анықтау кезінде субсидияны есепке алмау;
ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін дайындаушы қызметтен түсетін жыл сайынғы кірісі болуы қажеттігі туралы шарттарды 90-нан 50%-ға дейін төмендету;
субсидиялауға жататын ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады.
Жоғарыда аталған өзгерістерді іске асыру дайындаушы ұйымдарға және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне айналым қаражатын ұзақ уақыт кезеңіне оқшаулауды болдырмауға мүмкіндік береді, қайта өңдеуші өнеркәсіптің дамуына, ЖҚШ мен Ш(Ф)Қ-ның өз өнімін өндіруге және өткізуге мүдделі болуына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің импортын алмастыруға ықпал ететін болады.
Сақтандыру компаниялары мен кепілдік берушілердің субсидиялауға қатысуға мүдделілігінің төмен болуына байланысты, қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде «ҚазАгроКепіл» АҚ арқылы қаржы ұйымдарының қарыздарын кепілдендіру құралы енгізілетін болады. Кепілдік кепілдік берушінің шығыстарын РБ қаражатынан өтей отырып, кепілдік берушінің субсидиялық жауапкершілігі негізінде берілетін болады.
Кредит беру және міндеттемелерді кепілдендіру
жүйесін жетілдіру
Кредит беру және міндеттемелерді кепілдендіру жүйесін жетілдірудің негізгі шаралары бірінші кезекте клиенттерді қамтуды кеңейтуге, ұсақ және орта шаруашылықтарды, кооперативтерді тартуға бағытталатын болады.
Атап айтқанда, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қызметін АШТӨ-ні тікелей қолдау құралдарын іске асырудан ауылдық жерде қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру жөніндегі кешенді шараларды іске асыруға біртіндеп қайта бағдарлау жоспарлануда.
Кейіннен АӨК субъектілеріне кредит беруі үшін жеке қаржы институттарын, атап айтқанда, кредиттік серіктестіктер мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін қорландыру үшін капитал нарықтарынан қаражат тартылатын болады.
Сондай-ақ кредиттік серіктестіктер мен кооперативтердің қызмет стандарттары мен қағидаларын әзірлеу, кредиттік серіктестіктердің қызметін бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру функциялары бар өзін-өзі реттейтін ұйымдары құрылатын болады.
АШТӨ-ге түсімді неғұрлым жоғары баға маусымы кезеңінде өткізу мүмкіндігін беру мақсатында көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын бюджеттік қаржыландыру тетігі қайта қаралатын болады.
Кредиттік серіктестіктер мен кооперативтер желісін кеңейту және дамыту, сондай-ақ депозиттер қабылдауды кредиттік серіктестіктер жүзеге асыратын операциялар тізбесіне қосу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
«ҚазАгроКепіл» АҚ қаржы ұйымдарының қарыздары бойынша кепілдіктер беретін болады. Сондай-ақ «ҚазАгроКепіл» АҚ өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы сақтандыру жүйесіне қатысатын болады.
Аталған өзгерістер кредиттік кооперация жүйесіне АӨК-ні дамыту міндеттерін шешу үшін ауыл халқының қаражатын тартуға, кредиттік серіктестіктердің мемлекеттік қаржылық қолдауға тәуелділігін төмендетуге, ауыл халқының қалың жігіне кредиттік ресурстарға қолжетімділікті ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Тәуекелдерді сақтандыру жүйесін жетілдіру
Сақтандыру жүйесі қолда бар тәжірибені есепке ала отырып, өзіне міндетті және ерікті нысандарды қамту арқылы қалыптасатын болады. Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын әзірлеу қажет болады. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруда бірқатар проблемалардың болуы аталған сақтандыру түрін белгілі бір реформалауды қажет етеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығын сақтандырудың озық халықаралық тәжірибесін енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет. Балама ретінде ауыл шаруашылығы тәуекелдерін сақтандырудың сәтті модельдерін енгізу ұсынылады. ӨСҚ қызметі мәселесіне оларды тиісінше капиталдандыру, олардың қызметін мемлекеттік реттеушіні айқындау, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жүйесінен ӨСҚ-ны алып тастай отырып, жалған сақтандыруды жою бөлігінде ерекше көңіл бөлу қажет.
Аграрлық сақтандыру жүйесіндегі халықаралық практиканы ескере отырып, тәуекелдердің андеррайтингі мақсатында өңірлер бөлінісінде сақтандыру жөніндегі деректер базасы (электрондық карта) құрылатын болады, залалдарды реттеу мен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды әкімшілендіру тетіктері жеңілдетілетін болады.
Сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары қазіргі заманғы агротехнологияларды қолданатын, оның ішінде өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру тетігін пайдаланатын тиімді фермерлерге берілетін болады.
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін және қайта өңдеу өнімдерін өндіруге қажетті негізгі және айналым қаражатына арналған лизинг, субсидиялар, кредиттер алу кезінде ерікті сақтандырудың уақытша нысандарын қолдану әдістемесі әзірленетін болады.
Орта мерзімді жоспарда өндірістік процестер мен өнімді сақтандыруды қолдануды кезеңдеп кеңейте отырып, субсидия бөлу қағидаттары қайта қаралатын болады.
«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ны трансформациялау
«ҚазАгро»ҰБХ» АҚ компаниялар тобын трансформациялаудың мақсаты олардың қызметінің тиімділігін арттыру және Бағдарламаның басым міндеттеріне сәйкес ықшам холдинг қалыптастыру болып табылады.
Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес холдингтің мынадай үш еншілес ұйымы бәсекелес ортаға берілетін болады: «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ.
Қаржы институттарын қорландыру тетігін іске асыру «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ базасында жүзеге асырылатын болады, ол кейіннен АӨК субъектілерін тиімді шарттарда қаржыландыру үшін КС-ны, ШҚҰ-ны, лизингтік компанияларды, ЕДБ-ны және басқа да қаржы ұйымдарын қорландыратын болады.
Бұл ЭЫДҰ елдерінің, атап айтқанда, Германияның тәжірибесі бойынша ауылдық кредит беру жүйесін бірізді дамытуға мүмкіндік береді, онда мемлекеттік «Рентенбанк» үкіметтің қолдауымен капитал нарықтарынан қаражат тартады және кейіннен АӨК-ге кредит беру үшін жеке қаржы институттарын қорландырады. Бұл ретте «Рентенбанк» тікелей кредит бермейді, бұл фермерлерге бір мемлекеттік ұйымға тәуелді болмай, ұсынылатын шарттарға және көрсетілетін қызметтердің сапасына қарай қаржыландырудың түрлі көздерінің ішінен таңдау жасауға мүмкіндік бере отырып, ауылдық кредит беру нарығындағы бәсекелестікті ынталандырады.
Осы міндетке сәйкес «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жеке қаржы ұйымдарын қорландыруды ұлғайту арқылы түпкілікті қарыз алушыларға кредит берудің оң өсу серпінін сақтай отырып, тікелей кредит беруді жыл сайын кезең-кезеңмен қысқартатын болады.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның ішкі және сыртқы капитал нарықтарынан, халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан қорландыруды тартуы түпкілікті қарыз алушылар – АӨК субъектілері үшін қарыздар/лизинг бойынша валюталық тәуекелдердің қолжетімділігі және оларды хеджирлеу кезінде де жүзеге асырылатын болады. АӨК-ні дамытуға қаржыландыру тарту үшін ҚР Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдарының ынтымақтастығы бағдарламаларын кеңейту мәселесі пысықталатын болады.
АӨК-ні дамытудың басым салалық бағыттарын қаржыландыру мақсатында, сондай-ақ қарыз алу сыйымдылығын (кредиттік оралым) ұлғайту үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның жарғылық капиталын толықтыруды республикалық бюджеттен қаржыландыру жалғасатын болады. Бюджеттік қаржыландыру көлемі республикалық бюджеттің мүмкіндігі мен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қаржылық орнықтылық параметрлеріне сүйене отырып айқындалады.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын бизнесті және ауылдық кооперацияны дамытудың басым бағыттары шеңберінде шағын кредит беруді жүзеге асыратын болады.
«ҚазАгроКепіл» АҚ субсидиялық жауапкершілік негізінде қаржы ұйымдарының қарыздарын кепілдендіретін, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы салалық тәуекелдерді сақтандыру жүйесіне қатысатын болады.
Шетелдік инвестициялар тарту үшін Қазақстан-Мажарстан тікелей инвестициялар қорының тәжірибесін ескере отырып, жаңа инвестициялық қорлар құру мәселесі пысықталатын болады.
С хема. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компаниялар тобының жоспарланып отырған ықшам құрылымы
«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қызметі ауыл шаруашылығы өнімінің және оның қайта өңделген өнімінің экспортын дамытуға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бидайдың резервтік көлемін ұстап тұруға жұмылдырылатын болады. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) шеңберінде агент функцияларын іске асыруға қатысу мүмкіндігі зерделенетін болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілген еншілес және аффилирленген ұйымдарын бәсекелес ортаға беру және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ны трансформациялау жөніндегі шараларды іске асыру
4 еншілес компанияны («Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ), сондай-ақ инвестициялық қорларды қамтитын ықшам холдинг құруға алып келеді. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компаниялары тобы жеке бизнеспен өзара іс-қимылда АӨК-ні қолдаудың нысаналы шараларын іске асыратын болады.
Осылайша, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ активтерді стратегиялық басқаруды және АӨК-ні дамытудың мемлекеттік саясатын талдамалық қолдауды жүзеге асыратын көп бейінді салалық холдинг болады.
Трансформациялау жөніндегі шараларды іске асыру және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компаниялары тобының ұзақ мерзімді міндеттерін айқындау мақсатында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ны дамытудың 2017 – 2026 жылдарға арналған жаңа стратегиясы қабылданатын болады.
5.4. Су ресурстарын басқаруды жетілдіру
Су ресурстарын басқару саласындағы даму ұзақ мерзімді перспективаға арналған стратегиялық жоспарлауды қажет етеді, осыған байланысты
2040 жылға дейінгі болжамды мақсаттар әзірленді, оларды іске асыруды
2021 жылға арналған индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізген жағдайда қамтамасыз етуге болады.
Осыған байланысты, тұрақты және көлтабандап суарылатын сұранысқа ие жерлерді суару суымен қамтамасыз ету үшін ирригациялық және дренажды желілерді қалпына келтіру, суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін жақсарту, судың халыққа, қоршаған ортаға және экономикаға зиянды әсерінің залалын төмендету, табиғи объектілердің суға деген жыл сайынғы қажеттілігін қанағаттандыру, өнеркәсіптегі суды тұтыну тиімділігін арттыру басымдықтар болып табылады.
Бұл үшін су шаруашылығы саласына арналған инвестициялардың қайтарымдылығын қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.
Су ресурстарын мониторингтеу, оларды болжамдау және тиісінше бақылауды қамтамасыз ете отырып басқару және суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін және мелиорациялық іс-шаралардың орындалуын мониторингтеу жүйесін жетілдіру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Инфрақұрылымды тиісінше жұмысқа жарамды жай-күйде ұстап тұру тұрғысынан оны пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:
пайдаланушы су шаруашылығы ұйымдарын дамыту;
инфрақұрылымды қауіпсіз пайдалануды, сондай-ақ су ресурстарының тиісінше сапасы мен қажетті мөлшерін қамтамасыз ету үшін оны жаңғырту;
су берумен байланысты емес республикалық маңызы бар трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;
жаңа су шаруашылығы объектілерін салу және авариялық жағдайдағыларын реконструкциялау;
су шаруашылығы объектілерін көпфакторлы зерттеп қарау;
суару үшін коллекторлық-дренажды суларды пайдалану;
су өлшеу аспаптарын орнату, суды есепке алуды автоматтандыру және диспетчерлеу;
бөгеттер қауіпсіздігінің декларациясын әзірлеу және сараптау.
Су ресурстары тапшылығын ұлттық та, өңірлік те деңгейде қысқарту үшін трансшекаралық су ресурстары суларын бөлу, жерасты суларын пайдалану, жаңа инфрақұрылым салу, су объектілерінің су жинау алаңдарының ормандылығын ұлғайту және табиғат қорғау мақсатындағы су жіберуді жүзеге асыру, сондай-ақ су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын нақтылау және жаңарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
ҚР су ресурстары көлемінің ағымдағы болжамына сәйкес трансшекаралық сулар су теңгерімінің ең осал компоненті болып табылады. Бұл саладағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмыс мынадай шараларды іске асыру жолымен күшейтілетін болады:
шектес мемлекеттерден келетін су ресурстарының көлемі мен сапасын мониторингтеу бойынша инфрақұрылым, оның ішінде олармен бірлесіп олардың аумағында да инфрақұрылым құру;
егжей-тегжейлі компьютерлік модельдер негізінде болжамдар әзірлеу және трансшекаралық су құйылу өзгерісінің ықтимал сценарийлерін талдау;
келіссөз топтарын күшейту және су шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттарының сарапшыларын және біліктілігі жоғары мамандарды тарту жолымен тұрақты құрамын қамтамасыз ету және халықаралық келісімдерді дайындау және жасасу үшін шектес мемлекеттермен трансшекаралық суды бөлу жөніндегі келіссөздер процесін күшейту;
жиналған талдамалық ақпаратқа негізделген және халықаралық тәжірибені ескеретін кешенді келіссөздер стратегияларын әзірлеу;
Орталық Азия өңірінің су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі келісімді әзірлеу және оған қол қою;
трансшекаралық өзендердің суын бөлу жөніндегі ұзақ мерзімді келісімдерді пысықтау және оларды орындау жөніндегі тетіктерді жасау;
Халықаралық су бағалау орталығының қызметін қамтамасыз ету.
Жерасты суларымен қамтамасыз етілу мақсатында мыналар іске асырылатын болады:
ауыл шаруашылығы мұқтаждарына арналған жерасты суларын пайдалану әлеуетін зерделеу;
жерасты суларының кен орындарын жете барлау және қайта бағалау, су тапшылығы бар өңірлерден бастап, ҚР аумағындағы елді мекендерді, оның ішінде сумен жабдықтаудың баламалы көздері ретінде жерасты су қорларымен қамтамасыз ету бойынша іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу.
Су шаруашылығы және гидромелиорациялық инфрақұрылымды дамыту үшін мынадай шаралар іске асырылатын болады:
экологиялық ахуалға және суға деген қажеттілікке сүйене отырып, инфрақұрылымдық жобалардың басымдығын айқындау;
су ағынын бассейнаралық бұру есебінен орналасатын су ресурстарының ұлғаюын пысықтау;
жаңа су қоймаларын және оларды қолдану үшін ирригациялық жүйелер құру.
Өнеркәсіпте су тұтынудың тиімділігін арттыру үшін мынадай шаралар іске асырылатын болады:
өнеркәсіптік кәсіпорындардың озық су үнемдегіш технологияларды енгізуі;
қолжетімді технологиялар және олардың экономикалық тиімділігі туралы өнеркәсіптік кәсіпорындарды ақпараттандыру;
тазартылған суды қайталама және айналымды пайдалану.
Су объектілерін тиісті жай-күйде ұстап тұру үшін су қоры жерлерінің іргелес аумақтарының ормандылығы ұлғайтылатын болады.
Павлодар облысындағы Шідерті өзенінің төменгі сағаларындағы деградация және шөлейттену процестерін жою, Қызылорда облысының көлдері жүйесіне және Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік қорығының Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесіне су беру үшін табиғат қорғау мақсатындағы өтемдік су жіберу жүргізіледі.
Сондай-ақ биологиялық өнімділікті және санитариялық саламаттылықты ұстап тұру үшін табиғи режимге жақын режимді қамтамасыз ететін экологиялық су жіберу жүзеге асырылатын болады.
Өзендер бассейндері бойынша су ресурстары теңгерімінің ұзақ мерзімді болжамын құру су саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Қолжетімді су ресурстары көлемін өзгерту үрдісін ескеретін егжей-тегжейлі бассейндік схемалар және тұтыну болжамдары инфрақұрылымды дамытуды ұзақ мерзімді жоспарлау негізінде қалыптасатын болады. Тұрақты негізде бассейндік схеамаларды әзірлеу және оларды жаңарту жөніндегі, бастапқы материалдарды жинау жүйесін жетілдіру және оларды өңдеу, оның ішінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып өңдеу жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.
Су ресурстарын басқару саласында жаңа технологияларды енгізуді барынша жеделдету үшін барлық әлеуетті пайдаланушылар үшін бастапқы деректердің қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады. ҚР мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен жиналған деректер ашық қолжетімді түрде орналастырылатын болады.
Межелеген нысаналы индикаторлар мен міндеттерді ескере отырып, тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қолда бар су шаруашылығы инфрақұрылымын қалпына келтіруге, жаңасын салуға инвестициялар тарту қажет етіледі.
Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын қалпына келтіру жөніндегі капиталды көп қажет ететін жобаларды қаржыландыру және саланың өзін-өзі ақтауына және инвестициялық тартымдылығына біртіндеп көшу жөніндегі шараларды іске асыру үшін бюджет мүмкіндігі болмағандықтан, олардың өзін-өзі ақтауын ескере отырып, қолайлы шарттармен қайтарымды негізде халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты тартылатын болады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында жеке инвестициялар (ірі АШТӨ, басқа ұйымдар) тарту мүмкіндігі зерделенетін болады.
Сондай-ақ пайдалану шығыстарының өзін-өзі ақтауына және су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын ұстауға және үздіксіз жұмыс істетуге арналған ұзақ мерзімді перспективадағы тарифтердің инвестициялық тартымдылығына қол жеткізу, шетелдік тәжірибені ескере отырып, ауыл шаруашылығына арналған тарифтерді ұстап тұрудан біртіндеп кету жөніндегі шаралар пысықталатын болады.
Су ресурстарын реттеумен байланысты төтенше жағдайларды болдырмау үшін су тежегіш және су реттегіш құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негізі жасалатын болады.
Су шаруашылығы объектілерін қауіпсіз пайдалану қамтамасыз етілетін болады және автоматтандырудың, хабардар етудің, диспетчерлеудің, су ресурстары мен су шаруашылығы объектілерін басқарудың және оларды пайдаланудың қазіргі заманғы жүйелері енгізілетін болады.
Сумен қамтамасыз етудің су аздық циклы елдің экономикасына, әсіресе ауыл шаруашылығы өндірісіне айтарлықтай залал келтіреді. Мұндай құбылыстардың зардаптарын жұмсарту бойынша шаралар көзделетін болады.
Халықты және экономиканы тасқын судан (қар суынан) қорғау бойынша жыл сайын ұйымдастырушылық-техникалық шаралар көзделеді.
Су объектілерінің өткізу қабілетін ұлғайту мақсатында түп және жағалау нығайту жұмыстарын жүргізу үшін өзендердің табиғи гидрологиялық режиміне зерттеп қарау жүргізу көзделеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді іске асыру үшін елдің және әлемнің жетекші институттарын тарта отырып, Бағдарламаны іске асыруды ғылыми сүйемелдеу қамтамасыз етілетін болады.
Білім беру саласында:
болжамды қажеттілікке сәйкес су шаруашылығы секторы үшін білікті кадрлар даярлау және жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде су мамандықтары бойынша тиісті гранттар санын ұлғайту қамтамасыз етілетін болады;
ҚР Білім және ғылым министрлігі «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК-ның техникалық және технологиялық базасы күшейтілетін болады. Бейінді жоғары оқу орындары және «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында түрлі оқыту курстары ұйымдастырылатын болады;
барлық инженерлік мамандықтар бойынша оқу қоршаған ортаны қорғауға және ресурстардың өнімділігіне арналған пәндерді зерделеуді қамтитын болады (мәселен, ЭЫДҰ-ның көпшілік елдеріндегі секілді).
5.5. Жер қатынастарын жетілдіру
Жер қатынастарын жетілдіру және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану, олардың деградациясын болдырмау мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 33 млн гектар алаңында топырақтық іздестірулер жүргізу;
жайылымдық алқаптардың 33 млн гектар алаңында геботаникалық іздестірулер жүргізу;
30 млн гектар алаңдағы ауыл шаруашылығы жерлерінде топырақ бонитетін анықтау бойынша жұмыстар жүргізу;
қалалар мен ауылдық елді мекендер жерлеріндегі 1175 есептік орамға арналған электрондық жер-кадастрлық карталар дайындау;
66 млн гектар алаңда электрондық топырақтық және геоботаникалық карталар дайындау;
суаратын су көзінен түпкілікті АШТӨ-нің су бөлгіші шекарасына дейінгі тұрақты суарылатын жерлерге арналған ирригациялық және дренажды жүйені мемлекеттік, сол сияқты жеке бірыңғай теңгерім ұстаушыларға беру;
тұрақты суарылатын жерлерді қалпына келтіру үшін су шаруашылығы құрылыстарын республикалық меншікке беру;
су шығынын төмендету мақсатында тұрақты және көлтабандап суарылатын жерлер жүйесінің су шаруашылығы инфрақұрылымын, оның ішінде қазіргі заманғы технологияларды қолдану жолымен қалпына келтіру және реконструкциялау.
Бұдан басқа, жерлерді, жер учаскелері иелерін және жер пайдаланушыларды жер қорына дұрыс сандық есепке алу үшін оларға ревизия жүргізілетін болады, сондай-ақ, жердің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау кезінде оған ақы төлеудің базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін қолдану үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің сапалық сипаттамалары туралы өзекті деректер алынатын болады.
Сондай-ақ жерлерді су және жел эрозиясынан қорғау, микроклимат қалыптастыру, топырақтың құнарлылығын жақсарту, қар және ылғал ұстап тұру мақсатында ағаш-бұта екпелерін құру жөнінде шаралар әзірленетін болады.
5.6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін жетілдіру
Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуды жеңілдету үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға беру;
көрсетілетін қызметтердің бір бөлігін бәсекелес ортаға беру есебінен ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін оңтайландыру.
2020 жылға қарай оңтайландыру мен автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үлесі 100%-ды құрайды.
ИТ-технологияларды одан әрі енгізу
Ауыл шаруашылығы салаларына ақпараттық технологияларды енгізу және ақпараттық жүйелерді дамыту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ЕАЭО-ға мүше елдердің жүйелерімен интеграциялау мынадай процестер бойынша ұлттық шлюз арқылы жалғасатын болады:
субсидиялау және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары;
мал шаруашылығы өнімінің қадағалануы;
өсімдік шаруашылығы өнімінің қадағалануы;
балық және балық өнімдері айналымын мониторингтеу;
су ресурстарын басқару, мониторингтеу және есепке алу;
ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу, порталдық шешімді пайдалана отырып, жүргізуші куәліктерін кепілге қою, беру;
орман қорын мониторингтеу мен есепке алу және орман өрттерін болдырмау;
жер ресурстарын мониторингтеу және басқару;
АШТӨ, қайта өңдеу кәсіпорындары, кооперативтер үшін ауыл шаруашылығы өнімін есепке алу, өндіру, оның қозғалысы.
2-4-бағыттар «Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында көзделген.
Көрсетілген шаралардың арқасында:
мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық түрге ауыстыру;
мемлекеттік қызметтер көрсетудің ашықтығы мен жеделдігін арттыру;
саланың ақпараттық толықтығы деңгейін арттыру;
ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау үшін алғышарттар жасау қамтамасыз етілетін болады.
Жобалардың құны жобаларды талдау және жоспарлау сатысында айқындалатын болады.
Жобаларды қаржыландыру инвестор тарапынан да, қажет болған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетіктері шеңберінде мемлекет тарапынан да жүзеге асырылатын болады. Сондықтан, дамытудың негізгі параметрлері, талаптары мен нәтижелері МЖӘ-нің тиісті тұжырымдамаларында немесе ақпараттық жүйелерді әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаларда сипатталатын болады.
5.7. Бақылау, қадағалау, рұқсат беру, сәйкестікті бағалау жүйелерін оңтайландыру
Ветеринариялық қауіпсіздік
Аса қауіпті аурулардың туындауының және таралуының алдын алу үшін ауру қатері төнген ауыл шаруашылығы жануарларын иммунопрофилактикалық іс-шаралармен 100 пайыз қамту қамтамасыз етілетін болады. Бұл ретте, халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған иммунопрофилактикалық іс-шаралар кезінде қолданылатын аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық препараттардың үлесі 70%-дан, ал диагностикалық зерттеулер үшін пайдаланылатын ветеринариялық препараттардың үлесі 80%-дан төмен болмайды.
Ветеринариялық қауіпсіздік ел аумағын аймақтарға бөлуді есепке ала отырып, тәуекелдерді талдау, бағалау және басқару қағидаттарымен жүйелі диагностикалық, профилактикалық және жою іс-шараларын жүргізу; халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ветеринариялық диагностикалық және иммунопрофилактикалық препараттарды пайдалануды ұлғайту есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Сондай-ақ ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдарға ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдарды, құралдарды және атрибуттарды сатып алу жөніндегі функцияларды бекітіп беру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін енгізу бөлігінде заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға қойылатын ветеринариялық талаптар айқындалатын болады; Халықаралық эпизоотиялық бюро (бұдан әрі – ХЭБ) ұсынымдарын және ЕАЭО құжаттарын есепке ала отырып, ветеринариялық заңнама үндестірілетін болады; ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу кезінде жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік шаралар қабылдау мүмкіндігі заңнамалық түрде бекітіліп беріледі; ветеринариялық іс-шараларды жүргізу кезінде ауыл шаруашылығы құралымдарының жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне есеп беруі белгіленетін болады; мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін мониторингтеу күшейтіледі.
Сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектілердің орын ауыстыруы, шекаралас мемлекеттерде зооантропозооноздық аурулардың туындауы мен эпизоотиялық ахуалдың нашарлауы туралы уақтылы ақпараттандыруды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің үйлесуі күшейтілетін болады.
Бұдан басқа, аусылды бақылау, өңірлік деңгейде аусылға қарсы күрестің бірыңғай тәсілдемесі мен стратегиясын әзірлеу, ХЭБ-тің өңірлік және арнайы комиссияларымен бірлесіп, Орта Азия өңірінің ветеринариялық қызметтерінің аусылға қарсы күрес жөніндегі күш-жігерін біріктіру күшейтілетін болады.
Фитосанитариялық қауіпсіздік
Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында фитосанитариялық талаптар, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдермен күресу әдістері мен тәсілдемелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолымен қолайлы фитосанитариялық ахуалды сақтауға АШТӨ-ні ынталандыру жөніндегі шаралар кешені әзірленетін болады.
Жедел фитосанитариялық шаралар қабылдау мақсатында тиісті аумақтарда жергілікті атқарушы органдардың карантиндік режим жүргізіп немесе оны жоя отырып, карантиндік аймақты белгілеу мерзімдерін регламенттеу, АШТӨ-нің фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу және карантиндік объектілерді жою жөніндегі заңнама талаптарын сақтауы бойынша мониторинг жүргізу жауапкершілігін жергілікті атқарушы органдарға бекітіп беру, уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды жүргізу мен жою рәсімдерін, басқа мемлекеттердің фитосанитариялық шараларының баламалылығын мойындау тәртібін, фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидаларын регламенттеу көзделетін болады.
АШТӨ-ні ынталандыру үшін заңнамаға АШТӨ-нің арамшөптермен, зиянды және аса қауіпті зиянды организмдермен күресуге, саны экономикалық зияндылық шегінен (бұдан әрі – ЭЗШ) жоғары үйірлі және саяқ шегіртке тектес зиянкестер түрлерін, жеміс ағаштарының бактериялық күйігін, қауын шыбынын, оңтүстік америкалық қызанақ күйесін және мемлекеттік босалқы жерлердегі карантиндік арамшөптерді қоспағанда, карантиндік объектілерді оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтерді және биопрепараттарды (биоагенттерді) сатып алуға арналған шығындарын РБ қаражаты есебінен субсидиялауды, сондай-ақ АШТӨ-ні өз аумағында саламатты фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз етуге ынталандыру мақсатында бақтардың иелеріне жойған жеміс ағаштары үшін шығындарды өтеуді көздейтін өзгерістер енгізу қамтамасыз етілетін болады. Субсидиялау мен шығындарды өтеуді жүргізу аса қауіпті зиянды организмдермен және карантиндік объектілермен күресу үшін бюджетте тиісті кезеңге көзделген қаражатты қайта бөлу есебінен жүзеге асырылатын болады.
Саламатты фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету үшін әкімшілік құқық бұзушылық және жер қатынастары жөніндегі заңнамаға заңнаманың фитосанитариялық талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікті және оның АШТӨ үшін салдарын қатаңдату бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады, өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаға бұдан бұрын республика аумағында тіркелмеген карантиндік объектінің интродукциялануымен және таралуымен байланысты фитосанитариялық ахуал нашарлаған кезде шұғыл ден қою тетігін енгізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады, карантиндік зертханалардың, фитосанитариялық бақылау бекеттерінің және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын халықаралық талаптар деңгейіне дейін жеткізу, сондай-ақ өсімдіктер карантині мен оларды қорғау жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде карантиндік объектілердің, зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарын анықтау, республика аумағына әкелінетін тұқымдық және отырғызу материалына қатысты фитосанитариялық талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі зерттеп қарау іс-шараларын уақтылы жүргізу қамтамасыз етілетін болады.
Техникалық реттеу
Саланы техникалық реттеу шеңберінде дамудың қазіргі заманғы деңгейіне өтуді және оларды ЕАЭО шеңберінде үндестіруді қамтамасыз ететін стандарттар әзірленетін, нарықты бұрмаланған өнімнен қорғау үшін мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы күшейтілетін, сондай-ақ бұрмаланған өнімді анықтау үшін қолда бар бақылау әдістері (әдістемелер және стандарттар) жетілдірілетін немесе заманауи жаңалары әзірленетін болады.
Отандық тауар өндірушілердің әлеуетті өткізу, оның ішінде Қытай, Иран және БАӘ нарықтарына қол жеткізуін жеңілдету мақсатында шет елдердің техникалық реттеу саласындағы талаптарына талдау жүргізілетін болады. Оның қорытындылары бойынша тиісті ақпарат экспорттауға мүдделі өндірушілерге дейін жеткізілетін болады. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда аталған жұмыстарға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыра отырып, қолданыстағы стандарттар жақсартылатын немесе жаңа стандарттар әзірленетін болады.
ЕАЭО мен жекелеген елдердің арасында келісімдер жасау бойынша келіссөздер жүргізу кезінде саудадағы шамадан тыс техникалық кедергілерді жою және стандарттарды, техникалық регламенттерді әзірлеу, қабылдау және қолдану кезінде және сәйкестікті бағалау рәсімдерінің транспаренттілігін қамтамасыз ету мәселелерін қарау жоспарлануда.
5.8. Білім, ғылым және өндіріс интеграциясын қамтамасыз ету.
Тиімді шетелдік технологиялар трансферті
Қазақстан АӨК-сінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірістік шығындарды төмендету, дақылдардың шығымдылығы мен жануарлардың өнімділігін ұлғайту үшін өндірістің, білім мен ғылымның тығыз интеграциясы, отандық ғылыми зерттеулерді әзірлеу және енгізу, тиімді шетелдік технологиялар трансферті, елдің аграрлық нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау мен қайта даярлау негізінде АӨК-нің жедел инновациялық дамуын қамтамасыз ету қажет.
Мынадай мәселелер:
1) экономиканың аграрлық секторының ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға арналған озық технологияларға деген қажеттіліктерін зерделеу;
2) кадрларды даярлау және қайта даярлау кезінде АШТӨ сұранымдарын есепке алу;
3) ҒЗИ, университеттер, колледждер және АШТӨ күшімен ғылыми және білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу;
4) бизнес-құрылымдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында зерттеулер жүргізу немесе технологияларды трансферттеу үшін әлеуетті әріптестерді іздестіру;
5) өндіріске зерттеулер мен технологиялар трансфертінің нәтижелерін тікелей енгізуді ұйымдастыру бойынша аграрлық ғылымның, білім мен өндірістің өзара іс-қимылы, сондай-ақ үздік шетелдік әріптестермен ынтымақтастық қамтамасыз етілетін болады.
АӨК-ні ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету интеграциясы:
ғылыми-білім беру қызметін жүзеге асыру және консалтингтік қызметтер көрсету үшін барлық университеттердің, ҒЗИ-дің, ТӨШ-тің кадрлық, мүліктік, қаржылық, зияткерлік әлеуетін барынша тиімді пайдалануға;
университеттер мен колледждерде кадрлар даярлаудың, білім тарату орталықтарында қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың үйлесімді және бірыңғай жүйесін құруға;
ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің мерзімін қысқартуға;
салалық ҒЗИ үшін ғылыми кадрлар даярлауды қамтамасыз етуге;
ғылыми жұмыстарды ұйымастыруға және қаржыландыру проблемасын шешуге;
ҒЗИ-дің, ЖОО мен ТӨШ-тің ғимараттар, құрылыстар, жерлер, мал басы және т.б. түріндегі инфрақұрылымдық активтерін пайдалану тиімділігін арттыруға;
ТӨШ мүмкіндіктерін ғылыми әзірлемелерді енгізуге, шетелдік технологияларды байқаудан өткізуге және бейімдеуге, студенттердің өндірістік практикалардан өтуіне, білім тарату орталықтарының жұмыс істеуіне арналған база секілді ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Ғылым, білім және өндіріс интеграциясын қамтамасыз ету, саланы кадрлық қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ҒЗИ мен ЖОО-ны қаржыландырудан тек конкурстық негізде шығармашылық ұжымдарды қаржыландыруға көшу іске асырылатын болады, аграрлық өндірістің нақты сұранымдарын шешуге және практикалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған зерттеулерді басымдықпен қаржыландыру қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, «ҰАҒББО» КЕАҚ-ның жеке қаражаты есебінен ғылыми зерттеулер жүргізу, университеттердің, колледждердің және білім тарату орталықтарының оқу процесінде пайдалану, коммерциялық негізде бизнес-құрылымдардың тапсырыстарын орындау үшін ұжымдық пайдалануға арналған мамандандырылған сертификатталған ғылыми зертханалар құрылатын болады. Бұдан басқа, әлемдік технологияларды байқаудан өткізу және бейімдеу кезінде технологиялық көшбасшы шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерге басымдық берілетін болады.
Сонымен бірге, кейіннен АӨК субъектілері базасына енгізе және демонстрациялық учаскелер ұйымдастыра отырып, жоспарланатын нәтижелер тұтынушыларының – АӨК субъектілерінің және/немесе салалық қауымдастықтардың қолданбалы ҒЗТКЖ-ны міндетті бірлесіп қаржыландыруы туралы талаптар белгіленетін болады.
Бұдан басқа, авторлар, патент иеленушілер және нәтижелерді, селекциялық жетістіктерді пайдаланушылар арасында зияткерлік және (немесе) шығармашылық қызмет нәтижелерін пайдаланғаны үшін аударымдар төлеу тетігін енгізу мақсатында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар қабылданатын болады.
Ғылым, білім және өндірісті интеграциялауды қамтамасыз ету үшін Алматы қаласындағы ҚазҰАУ және Астана қаласындағы ҚазАТУ базасында АӨК саласындағы екі зерттеу университетін (агротехнологиялық хаб нысанында) құруды заңнамалық қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.
Аталған университеттердің әрқайсысы үшін 2017 жылы даму бағдарламалары бекітілетін болады, олар «Назарбаев Университеті» ДББҰ мысалында дербестікті кеңейтуді және ғылыми зерттеулер, шетелдік технологияларды трансферттеу мен бейімдеу және білім тарату бағытындағы функционалды кеңейтуді көздейді.
Университеттерді реформалау білім беру бағдарламаларын жаңғырту және сабақ беру үшін шетелдік профессорларды шақыра отырып, әлемдегі алдыңғы қатарлы аграрлық бейіндегі зерттеу университеттерімен әріптестікте жүзеге асырылатын болады.
Әділ бәсекелес орта құру және ресурстарды тиімді бөлу мақсатында:
1) ұлттық және басқа университеттер арасындағы білім гранттарының құнын теңестіру;
2) гранттарды ЖОО-дан кейінгі бағдарламаларға беруден қай университетте білім алатындығын өз бетінше таңдау мүмкіндігін бере отырып, тікелей оқуға түсетіндердің өздеріне беруге көшу мәселелері пысықталатын болады.
Ол үшін әр университеттің, ҒЗИ-дің және ТӨШ-тің реформалау бағдарламаларын әзірлей және іске асыра отырып, университеттердің, ҒЗИ-дің және ТӨШ-тің академиялық, әкімшілік және қаржылық дербестігін сатылап кеңейту жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ оқыту мерзімі орта мектеп бітірушілері үшін 10 ай және орта мектептің 9-сыныбын бітірушілер үшін 2-3 жыл болатын бұрынғы техникалық училищелер (бұдан әрі – ТУ) бағдарламалары бойынша бұқаралық жұмысшы кәсіптері кадрларын даярлау қалпына келтірілетін болады және аграрлық бейіндегі орта арнайы білімі бар кадрларды даярлау үшін колледждердегі орын сандары кеңейтілетін болады.
ҚР мамандықтар сыныптауышына жеке жолмен «Аграрлық сектордағы экономика және басқару», «Аграрлық сектордағы бухгалтерлік есеп және аудит» және «Аграрлық құқық» мамандықтары енгізілетін болады, бұл көрсетілген мамандықтар бойынша бакалаврлар даярлауға атаулы мемлекеттік білім гранттарын бөле отырып, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне мамандар даярлау, сондай-ақ көрсетілген мамандықтар бойынша магистратура арқылы жоғары оқу орынан кейінгі білім деңгейіне ие бейінді мамандарды жедел даярлау үшін қажет.
Сондай-ақ «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына қатысу үшін ауыл шаруашылығы мамандықтары тізбесін кеңейту мәселесі пысықталатын болады.
Аграрлық сектор жұмыскерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру, алдыңғы қатарлы шаруашылықтар, ҒЗИ және университеттер базасында білім тарату орталықтарын, консультациялық орталықтарды және барлық мүдделі АӨК субъектілерінің қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану практикасы бойынша көрсету алаңдарын, сондай-ақ шикізат жеткізушілер мен қайта өңдеушілер арасында тік кооперация қалыптастыру үшін қайта өңдеуші кәсіпорындар базасында білім тарату орталықтарын құру ұйымдастырылатын болады.
Барлық көрсетілген шаралар бір жағынан академиялық қоғамдастықпен ынтымақтастыққа АӨК субъектілерінің қызығушылығын арттырады, ғалымдарға объективті түрде міндеттер қоюға және алынған нәтижелердің сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, академиялық қоғамдастық үшін тек сапалы ғылыми әзірлемелерге ғана төлеуге мүдделі агробизнес субъектілері арқылы қосымша қаржыландыру көзі құрылатын болады.
Тұтас алғанда, бұл шаралар ғылым, білім және өндірісті тығыз интеграциялау, отандық ғылыми әзірлемелерді әзірлеу, шетелдік серпінді инновациялық жобаларды трансферттеу және оларды өндіріске жеделдетіп енгізу, елдің аграрлық нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлау және қайта даярлау сапасын арттыру арқылы аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Шетелдік технологиялар трансфертін қолдаудың тиімді жүйесін құру үшін жұмыс істеп тұрған Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығының (бұдан әрі – АТКО) базасында технологиялық міндеттерді мониторингтеу, болжамдау және технологияларды АӨК-ге трансферттеуді ұйымдастыру жөніндегі функционал ашылатын болады.
Осы мақсатта АТКО қызметі мына бағыттарға қайта бағдарланатын болады:
АӨК-дегі технологиялық сипаттағы перспективалық міндеттерді болжамдау және қолданыстағыларын мониторингтеу бөлігіндегі талдамалық зерттеулер;
АӨК-дегі қолданыстағы және перспективалық міндеттердің оңтайлы технологиялық шешімдерін жедел іздеу;
келіссөздер ұйымдастыру, инвесторлар тарту арқылы және басқа әдістермен оңтайлы технологиялық шешімдерді трансферттеуге ықпал ету;
АӨК саласындағы үздік әлемдік технологиялар дерекқорын қалыптастыру.
Қолданыстағы міндеттерді мониторингтеу және перспективалық міндеттерді болжамдау нәтижелерін АШМ ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру кезінде ғылыми зерттеулердің және АӨК-ні жаңғыртуға бағытталған басқа да іс-шаралардың басым бағыттары ретінде пайдаланатын болады.
ҚР-ның шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерімен, ҚР-дағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен, шетелдік трансферттеу офистерімен және технологияларды коммерцияландыру офистерімен бірге жұмыс жүргізілетін болады.
Ақпараттық қызметтерді өтеусіз негізде көрсету үшін АӨК субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынуға жататын ақпараттар мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне маманданған ұйымдар оңтайлы техникалық шешімдер іздеу және трансферттеуді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |