Тақырып 8. Шағын бизнесті дамыту және қолдау жүйесі.
Шағын кәсіпкерліктің эконоимкалық мазмұны
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты
Шағын кәсіпкерлік қоғамның экономикалық және әлеуметтік прогрессінің маңызды факторы болып табылады.
Шағын кәсіпорындар бастапқы ірі инвестицияны талап етпейді және ресурстардың айналымының жоғары жылдамдығына кепіл береді, экономиканың құрылымын өзгерту мәселелерін тез және тиімді шешуге қабілетті. Нарық конъюнктурасының өзгерісіне оперативті жауап беріп, шағын кәсіпкерлік экономикаға қажетті икемділік береді. Ол экономикадағы бәсекелестік ортасын қалыптастыруға елеулі үлес енгізуге қарағанда, сұраным мен ұсынымның өзгерісіне тез үн қосуға және осы есептен нарыққа қажет тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қабілетті.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту аралас экономикаға икемділік беріп, әртүрлі нысандағы меншікті және оларға тән шаруашылықтың баламалық үлгілерін үйлестіріп, жалпы әлемдік үрдіске жауап береді, онда бәсекелес нарық механизмін күрделі синтезі және ірі және ұсақ өндірісті мемлекеттік реттеу жүзеге асады.
Шағын кәсіпкерлік саласы – бұл көбіне эконоимкалық өсу қарқынын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымын және сапасын анықтайтын ұлттық эконоимканың жетекші салаларының бірі.
Ол әлеуметтік құбылыс белгілерін иеленеді, өйткені халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді және жұмыссыздық пен кедейлікті азайтады.
Нарық конъюнктурасы – нарықта қалыптасқан экономикалық жағдай: сұраным мен ұсыным, баға, сату көлемі, пайыз мөлшерлемесі, валюта курсының және т.б. деңгейі.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қаржы, материал құралдарына және табиғи ресурстарға ұқыпты қатынасты, шаруашлықы істегі жаңа ойлауды қалыптастыруға қабілетті.
Қазақстан Респубьликасында шағын кәсіпкерлікті дамытуға объективті қажеттілікке назар аударылады.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау үй-жай, жабдық беру, мемлекеттік тапсырыс тарату, кепіл зат ұсыну жолдарымен жүзеге асады.
Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік ынталандыруды, оның субъектіленрін несиелеудің бағдарламасын жасайтын және қолданатын коммерциялық банктер жүзеге асырады.
Шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдау мен ынталандыру шаралары қызметін лизинг пен франчайзинг атқарады.
Лизингтің дамуы рухани және табиғи тозған негізгі қорларды ауыстыру қажеттілігіне және шағын кәсіпорындарда жаңа техника мен технологияны сатып алу үшін жеткілікті қаржылардың шектеулігіне байланысты.
Франчайзинг – шағын кәсіпкерлікке белгілі уақыт ішінде және белгілі орында кәсіпкерлік қызметті жүргізуге берілген бас компанияның шағын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге берілген бас компанияның шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қаржыландыру құралы ретіндегі құқығы.
Шағын кәсіпорынның ұзақ мерзімді болашағаны, көптеген шешімдердің жүзеге асуын болжау қиын, әрекет бағытын бірнеше мүмкін нұсқадан таңдау қажет болған белгісіздік жағдайда қабылдауға тура келеді.
Шағын кәсіпкерлік теориясы мен практикасының мәні тәуекелдің зардабын мүмкіндігінше төмендету, тәуекелді алдын-ала есептей білу, болжанбаған шараларды азайту бойынша шараларды белгілеу. Тек табиғи ресурстарға сүйеніп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету, өте үнемсіз.
ҚР тұрақты экономикалық өсудің күрделі факторына инновацияны айналдырудағы маңызды рольді шағын кәсіпкерлік атқарады.
Шағын кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің ерекше әдісі ретінде шаруашылықтың көп түрлі нысандарын ынталандыруға, ішкі шаруашылықты дамытуды елеулі шамада күшейтуге, халықтың еңбекпен қамтылуын кеңейтуге және Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісі мен айырбаста салыстырмалы артықшылығын іске асыруға арналған.
Мемлекеттің шағын кәсіпкерлік қатынасындағы екі негізгі қызметін бөліп көрсетуге болады: реттеу және қолдау. Біріншісінің мәні шағын кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыруды ұйымдастыру, әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес міндеттердің орындалуын бақылауда.
Қолдау қызметтері шағын кәсіпорындарға материалдық, ақша, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды, оларға қызмет көрсетуді және т.б. жеткізу.
Мемлекеттің міндеті шағын кәсіпкерлікті көбейту емес, оның қалыптасуы мен табысты қызмет етуі үшін қолайлы эконоимкалық орта жасау.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатында іскерлік белсендікті ынталандыруға заңдық және нормативтік негіз жасау және жетілдіру, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылым қалыптастыру қарастырылады.
Шағын кәсіпкерлік ерекше тәсілді және оны қолдау шараларының арнайы кешенін жасауды талап етеді.
ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңында қарастырылады:
өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу кезеңінен бастап алғашқы үш жыл ішінде қозғалмайтын мүлікке тіркеу құқығына ақыдан босату;
өндірістік қызметпен айналысатын шағын субъектілеріне жер учаскелерін жерді пайдалану актісін беруге ақы алмай беру;
электрэнергиясы, жылу, сумен жабылдықтау және канализациясының қуатына қосылу, мемлекетік қатысуымен екінші деңгейдегі банкте есепшот ашу бойынша ақыдан босату;
шағын субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жылына бір реттен көп емес тексеруді белгілеу.
Шағын кәсіпкерлікті жеткіліксіз несиелеудің маңызды мәселелерінің бірі көптген кәсіпкерлердің кепіл затпен қамтамасыз етілмеуі.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына және оның аймақтық өкілдеріне шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды таратуға көмек көрсету қажет. Осы мақсатта қор мемлекеттік тапсырыс алуға өтініш беруге, келісім-шарт жасауға, сатып алумен айналысатын мемлекеттік қызметтерке шағын кәсіпорындардың мекен жайын таратуға, мемлекеттік тапсырысты алу үшін маркетинг саясатын жүргізуге көмектесу қажет.
Тақырып 9. Үкімет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас. Этикалық, институционалды және ұйымдастырушылық аспектілер.
Үкімет пен бизнес арасындағы қатынастың әртүрлі қоғамдық ғылымдардағы ролі, олардың мәні. Теориялық-дедуктивтік, сипатты-индуктивті, салыстырмалы және тарихи көзқарастар. Үкімет пен бизнес арасындағы қатынастардың этикалық аспектісі. Іскер адамдардың мәдениеті мен этикасы. Үкімет-бизнес арасындағы қатынастың институционалды және ұйымдастырушылық аспектілері.
Тақырып 10. Батыс Еуропа елдеріндегі мемлекеттік әкімшілік жүйесін талдау мысалындағы үкімет-бизнес қарым-қатынасындағы ұлттық және аймақ аралық ерекшеліктер
Австрияның саяси, әкімшілік институттары. Бельгияның мемлекеттік әкімшілік жүйесі. Данияның мемлекеттік әкімшілік жүйесі. Испанияның мемлекеттік әкімшілік жүйесі. Францияның саяси және әкімшілік ұйымдары. Мемлекеттік басқару функциялары. Германияның мемлекеттік басқару жүйесі. Нидерландының мемлекеттік әкімшілік жүйесі. Швецияның мемлекеттік әкімшілік жүйесі.
Тақырып 11. Құқықтық экономикалық талдау. Мемлекеттік келісім шарттар. Құқық және мемлекет.
1. Құқықтық экономикалық талдауының негізін қалағандар Гидо Калабрези және Рональд Коуз. Оны ары қарай дамытқан Гари Беккен болатын.
Құқықтық экономикалық талдауының қатарына жататындар өте көп. Мысалы, меншік иесі болу, еркін еңбек ету, қызмет саласы мен кәсіпті еркін таңдап алу және т.б. құқықтарды айтуға болады. Экономикалық құқықтардың ішіндегі ең маңыздысы меншік құқығына ие болу. Оның өзі адамның экономикалық жағынан тәуелсіз болуына әкеліп соғады. Сондықтан меншік құқығын адам мен азаматтың құқықтық жағдайының экономикалық негізі деп қарауға болады. Меншік құқығының мазмұнына субъектінің өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы кіреді.
Осы құқықтардың арасында ең бастысы жерді қосқанда жеке мпеншік құқығы, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығы аса маңызды болып табылады. Жеке меншік елдің экономикалық дамуындағы аса қуатты ынталандырушы жәйт болып табылады. Осыи құқықтарды белгілей отырып Қазақстан Республикасының Конституциясы оларға кепілдік береді.
Кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығы жеке меншік құқығымен тығыз байланысты. Мұндай құқық нарықтық экономиканың құқықтық базасы ретінде көрінеді. Мемлекет арам ниетті бәсекелестік пен монополияға жол бермеуге мүдделі. Арам ниетті бәсекелестік дегеніміз – бәсекелестік күресті заңсыз және әділетсіз жолдармен жүргізу. Алайда, бәсекелестіктің болмауы экономикалық және технологиялық процесті тежейді. Шағын және орта бизнес белсенділігін төмендетеді. Бағаның жоғары болуына итермелейді. Жосықсыз бәсекеге Конституция тыйым салады, өйткені ол азаматтар үшін баға туралы келісімдер жасаудан (жоғары бағаны ұстап тұру үшін), нарықты бөлісуден, нарықтан басқа кәсіпкерлерді тайдырудан теріс көрініс табады.
Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз – дербес ынталы қызмет, ол пайда алу немесе табыс үшін өз атынан жүргізіліп, қаупін өзі көтереді, сондай-ақөзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметті бір адам жеке немесе басқа адамдармен бірлесіп жалдамалы еңбекті қолданып та немесе қолданбай да жүргізе береді.
Азаматтардың құқық бұзушылықтың экономикалық талдауын екі түрде қарастыруға болады:
екі жақ келісім шарт бекітеді, бұл келісім шартта өнімді сақтау туралы шарттар тәуекелділіктің таратылуын бейнелейді
екі жақ келісім шартты бекітпейді, сондықтан да міндетті түрде құқықтық міндеттемелердің мінездемесіне және табиғатына қарау керек. Олар келесідей: ұқұқыпсыздық, қатал жауапкершілік, жалпы себептілік, қарама-қарсы кінә, салыстырмалы ұқыпсыздық.
Қазақстанның экономикалық заңдылықтары біршама өзгерістерді басынан кешірген болатын. 1991 жылдан бастап экономикаға байланысты 150-ден жоғары заңдар қабылданған болатын. Еліміздің маңызды оқиғалардың бірі – Азаматтық Кодексті қабылдау болып табылады. 1995 жылы Кедендік Кодекс қабылданған болатын. Қазақстанның экономикалық заңдылығының белсенді түрде қарастырылуы жүріп жатыр.
2. Келісім шарт – бұл арнайы бір міндетті орындау үшін келісім шартта бекітілген сатып алушы мен (біздің жағдайда ол мемлекет) сатушының арасындағы келісім болып табылады. Мұндай келісім шарттың көлемі бір беттен мың бетке дейін жетуі мүмкін. Мемлекеттік сатып алу келісім шарттың екі түрі бар:
Шығындарды өтеу
Бағалардың бекітілуі
Шығындарды өтеу келісім шарты бойынша, бекітілген уақыт мерзімінде келісім шартта көзделген барлық талаптарды орындауына өзінің күшін салуына міндеттейді. Бағалардың бекітілуі келісім шартты бекіткен кезде келісім шарт бойынша барлық міндеттерді орындайтынына кепіл береді. Ынталандырушы келісім шарттың негізгі екі түрін атап өтуге болады:
бағалардың бекітілуін қоздыратын келісім шарт
шығындар + ынталандырушы төлем
Келісім шарттың бекітілуінің алдында мемлекет пен орындаушы келесі элементтерді қарастырып алады:
жоспарлы шығындар
жоспарлы пайда – жоспарлы шығындардың орындаулы бойынша алған қаламақы
максималды баға – мемлекет төлеуіне кепілдік беретін сома
тарату формуласы – мемлекет пен фирма шығындарды тарататын келісім шарт.
Бағалардың бекітілу келісім шарты қайталама ретінде мынадай жағдайда жасалынады:
болашақта келісім шарттың шараларын орындау кезіндегі болжамдалатын өзгерістер
келісім шарттың орындалуы аяқталған кезде бағалардың өзгеруі кезінде.
Шығындарды өтеу үшін келісім шарттың мынадай негізгі төрт түрін бөліп көрсетуге болады:
құн + нақты пайда
пайдасыз құнды өтеу
бөлінген құн
құн + ынталандырушы пайда
Жоғарыда көрсетілген келісім шарт бойынша мемлекет барлық шығындардың өтеуіне кепілдеме береді.
Мемлекеттік сатып алулар төменде көрсетілген әдістердің біреуімен ғана жүзеге асады:
ресми жарнамалау арқылы
келіссөз жүргізу арқылы
Ең көп тараған әдістердің бірі ресми жарнамалау болып табылады.
Ресми жарнамалау 4 процедура бөлінеді:
келісім шарттың бекітілуіне шақыруларды дайындау
тапсырыстарды тарату және жариялау
тапсырыстарды тіркеу және оны бағалау
тапсырыстың ұтысын қамтамасыз ету
Ресми жарнамалаудың негізгі екі мақсаты бар:
толық және тәуелсіз бәсекелестен пайда табу
бәсекелестік мүмкіндігі тең қатысуға өтініш беретін субъектілерге көмек көрсету
Ресми жарнамалау процедурасы заңмен бекітіледі. Жарнамалаудың тиімді жұмысы бәсекеге байланысты болады. Келісім шарттың ең басты мақсаты, уақыт кезінде тиімді және ұйымдастырушылық айырбасты жеңілдеті. Келісім шарттар өздеріне хабарлар мен міндеттемелерді қосады. Келісім шарттың ең басты проблемасы, келісім шарт бекітілгеннен кейін жағдайлардың өзгеруі болып табылады. Барлық алдын-ала ескерілмеген жағдайлар алдын-ала ескерілуі мүмкін емес. Мұндай жағдайда мынадай шаралар жүзеге асады: келісім шарт қайта жасалады және заң келісім шарттың тиімді бұзылуы жүзеге асады. Сатып алулар мемлекетпен жүзеге асуы мүмкін, егер де ол төменде көрсетілген 17 санаттардың біреуін қанағаттандырса:
ұлттық масштабтағы төтенше оқиға;
қоғам үшін өте маңызды қажеттілік;
10000 доллардан аспайтын сатып алулар;
жеке немесе мамандырылған қызмет көрсетулер;
білім институттардың қызмет көрсетуі;
АҚШ-тан тыс жерлердегі сатып алулар;
медициналық тауарлар;
қайта сату үшін алынған тауарлар;
тез бұзылатын және тез бұзылмайтын азық-түлік өнімдері;
бәсекелестіктің жетістіктерін пайдалану тиімсіз тауарлар мен қызмет көрсетулер;
жаңа, тәжірибелік, зерттеу жұмыстары;
құпиялы сатып алулар;
қор бөліктерінің стандарттық ауысуын қажет ететін техникалық құрал-жабдықтар
өндіріске бастапқы капитал салымын қажет ететін техникалық немесе мамандандырылған тауарлар;
тендерді жариялап болғаннан кейін келіссөз жүргізу;
ұлттық қауіпсіздік пайдасына сатып алулар;
архитектуралық, инженерлік қызмет көрсетулер, ұшақтардың және басқа да да ауыр техниканың құрылысына қызмет көрсету.
Еркіндік келісім шартының институты – бұл мемлекеттік органдардың өздері шаруашылықтың пайдасын көздейтін субъектілерімен, фирмалармен, банктермен мемлекеттің делдалдылығымен немесе қатысуымен келісім шартқа отыру. Еркіндік келісім шарттың бірнеше:
мемлекеттік органдар мен жеке шаруашылық субъектілерінің арасындағы келісім шарт
әлеуметтік әріптестер арасындағы екі жақты келісім шарт. Бұл жерде мемлекет делдал рөлін атқарады немесе үш жақты келісім шарт, мемлекет бұл кезде толықтай құқыққа ие болған қатысушы болып табылады.
көп жақты келісім шарт. Бұл жерде мемлекет тең құқылы әріптестердің бірі ретінде орын алады.
3. Мемлекет пен құқық арасында өзара тығыз байланыс бар. Мемлекет өз құқығының шеңберінде қызметін жүзеге асырады. Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы функцияларын жүзеге асыруға құқылы, мемлекеттің азаматтарынан салық жинауға құқылы, мемлекеттік бюджетті еліміздің қарқынды дамуына тарату құқығы бар, еліміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени саласын дамыту мақсатында шет елдермен келісім шартқа отыруға құқылы. Құқықтық мемлекеттің белгілері:
Мемлекеттің іс-әрекетін құқық көлемінде шектеу (мемлекет құқық негізінде және құқық орнатқан шекте әрекет етеді);
Қоғам өмірінің барлық саласында заңның үстемдігі сақталуы;
Сот билігінің тәуелсіздігін қорғайтын заңдылықтың өкілетті сипатта болуы;
Құқық пен заңдылықтың қатаң тәртібі;
Мемлекеттің азаматтардың құқығы мен бостандығын, қоғам өмірінің демократиялық принциптерін тұрақты түрде қорғауы;
Жеке тұлғалар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, мемлекеттің қоғам алдында жауапкершілігі.
Құқықтық мемлекет – демократиялық мемлекет, онда құқық пен заңның, барлық адамдардың заң және тәуелсіз сот алдында теңдігі қамтамасыз етіледі, бүкіл билікті ұйымдастыру оны бөлуге негізделеді (заңдылық, атқарушылық және сот билігі).
1991-1996 жылдар Қзақстанның құқықтық жүйесінің түбегейлі өзгерістерге ұшыраған кезі болып саналады. Республиканың заңдылық сферасын реформалау келісілерге байланысты болды:
Мемлекетті кеңестік тоталитаризмнен тазарту қажеттілігі, яғни идеологиялық, саяси лозунгтардан және әлеуметтік құқықтың репрессиялық мінезінен тазарту.
Құқықтық инфрақұрылымның экономикалық және саяси жүйесінің жандануын жүзеге асыру үшін адекватті құрастыруды талап ету.
Құқықтық жүйені реформалаудың базалық құжаты болып, 1994 жылы қабылданған ҚР құқықтық реформасының мемлекеттік бағдарламасы табылады. Берілген құжат бойынша, заңдылықтың базалық саласын реформалаудың негізгі бағыттары болып келесілер табылады:
Констициялық заңдылықтардың шеңберінде: биліктің, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігін тарату;
Азаматтық құқық шеңберінде: жеке құқықтың дамуы, жеке меншік құқығын толығымен қалпына келтіру;
Еңбек құқығы шеңберінде: жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісім шарттың бұзылмауын және ол заңды түрде жүзеге асуын қадағалау;
Қаржылық, банктік, салықтық және басқа да заңдылықтардың салалары шеңберінде: кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік шаралар жүйесін тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету және мемлекеттің ешбір кедергісіз әлемдік нарыққа кіруіне жағдай жасау;
Қылмыстық заңдылық шеңберінде: азаматтарды қылмыстан қорғау және оның алдын алу үшін, жасаған қылмыстар үшін жазалау шараларын қолдану;
Әкімшілік заңдылық шеңберінде: әлеуметтік-экономикалық жағдайларына әсер ететін факторларды алдын алу, қоршаған ортаны, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айып пұлдарды салу.
1991-1997 жылдар аралығында республиканың заңдылық базасы біршама жаңартылған болатын.
Республикада тәртіпті жақтайтын және қылмыстық әрекетті жазалайтын билік орнады, құқықтық ережелер қалыптасты, олардың көмегімен мемлекет өз заңдарын іске асырады, олар жариялылық және айқын сипат алады.
Тақырып 12. Қазақстандағы және шет елдердегі стратегиялық және индикативті жоспарлау
Стратегиялық жоспарлау мәні. Стратегиялық жоспарлау стратегиялық басқару функциясы ретінде. Мемлекеттің әртүрлі салалар мен сфералардағы экономикалық стратегиялары. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары. Оның құрылымы және қысқа мазмұны. Жоспарлау әдістері.
Тақырып 13. Өндірістік сферадағы үкімет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас
Экономиканың өнеркәсіптік секторындағы детұрақтандырғыш факторлар. ҚР инвестициялық саясаты. Өнеркәсіптік сфераны мемлекеттік реттеу қағидалары. Қазақстандық өндіріс өнімдерінің бәсекелестік қабілетінің төмен болуы. Ауыл шаруашылығын реформалау мәселелері. Аграрлық сектор мемлекеттік ықпал етудің маңызды сфераларының бірі ретінде.
Тақырып 14. Қолдаушы салалардағы үкімет пен бизнес арасындағы қатынас
ҚР транспорттық кешені. «Транспорт пен байланыстың дамуы» мемлекеттік ұлттық бағдарламасы. Тәуелсіз Қазақстандағы ақпараттық ортаның дамуы.
Тақырып 15. Нарықтық жаңарудағы әлеуметтік мәселелер
Мемлекеттің патерналистік позициясы.ҚР әлеуметтік қорғау концепциясы. Экологиялық реттеу. Қоғамның экологиялық мәселелерін шешудегі мемлекеттің ролі. Шет елдердің тәжірибесі. Білім беру жүйесіндегі реформалар. Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформалар. Әлеуметтік сектордағы үкімет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас.
3. Практикалық сабақтар
Аудиториялық дәріс магистранттардың білімін қалыптастыруда басты орын алады.
Дәріс – жүргізілетін пән бойынша теориялық сұрақтарды қарастыруға арналған оқу үрдісіснің бір формасы.
Дәрісті жүргізудің мәні магистранттардың өздік жұмысы, барлық оқу үрдісінің түрлері мен типтері, ғылыми жұмыс типтерін қамтиды.
Кез келген пәнді жақсы игеру тәжірибелік сабақты ұйымдастырумен байланысты.
Тәжірибелік сабақ – бұл оқушылардың өз еркімен сабаққа дайындалу, игеру, дағдылау процесін қалыптастырады. Тәжірибелік сабақ пән бойынша магистранттардың өздік жұмысымен, ғылыми әдебиеттерімен танысуға мүмкіндік береді.
Тәжірибелік (семинар) сабақтар магистранттардың сабаққа әзірленуі, олардың жауаптары, теориялық сұрақтарды қорытындылау, мәселесі сұрақтарды шешуге арналған жүйелі түрде жүзеге асырылатын сабақ түрі.
Тәжірибелік сабақ магистранттардың өздік өздік жұмысын күрделендіріп өткізуге мүмкіндік береді. Дәл осы сабақ арқылы магистранттар өз білімдерін, өз ойларын жетік меңгере және көрсете алады. Осының барлығы қазіргі уақыттағы жас маманның білім игеруіне және дағдылануына септігін тигізеді.
Магистранттар берілген барлық тапсырмаларды белгіленген уақытта өткізуі тиіс. Өз уақытынан кешіктіріліп өткізілсе жұмысқа бір балл автоматты түрде төмендетіліп қойылады.
Тақырыптар бойынша магистранттар барлық әдебиеттер мен танысуы керек. Сонымен қатар магистрант қосымша материалдармен танысуы тиіс, атап өтетін болсақ: Транзитная экономика, Аль Пари, Ақпаратты бюллетень, Вестник Каз НУ имени Аль – Фараби және тағы басқалары.
Берілген тапсырманы орындау барысында келесі ережені сақтаған жөн:
Жұмыстың сұрақтары әдістемелік материалдарда көрсетілуі керек;
Берілген жұмыстарды оқу дәптеріне жүргізу керек;
Жұмысты бастамас бұрын ең басына кіріспе немесе жоспар құру қажет;
Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету;
Өткізілген жұмыс әдістемелік талаптарға сай келмесе қайта толықтыруларға қайтарылады.
Сұрақтар
1 модуль.Мемлекеттік экономика аспектілері.
1 тақырып:Мемлекеттегі экономика рөлі.
Сұрақтар:
«Мемлекет» ұғымы нені білдіреді?Неге мемлекеттің экономикалық рөлі өсуде?
Мемлекет функциясын және белгілерін тізіп беріңіз.
Экономикалық саясат дегеніміз не?
Қоғам татулығының негізі және рынок конспекциясы неге негізделеді?
Мемлекеттік экономикаға араласудың әдістері мен тәсілдерін атаңыз.
Экономикалық дерективтік және жанама мемлекетті реттеудің айырмашылығы.
2 тақырып. Мемлекет және бюроктатиялық нарық.
Сұрақтар:
Қазақстанда бюракратизм бар ма?Ол қалай көрініс табады?
Демократия мен бюракратизмнің айырмашылығы.
Бюракратизмнің негізгі тәсілдерін атаңыз.
Коммерциялық емеас ұйымдардың бюракратизациясының анықтайтын факторларға сипаттама беріңіз.
Ұжымдық әрекеттің логикасы дегеніміз не?
Жалпы сайлау теориясының басымдығын көрсетіңіз.
АҚШ және Қазақстандағы лоббирования нені білдіреді? Қалай көрініс табады?
3 тақырып.Мемлекет және рынокка трансформациялау кезіндегі бей берекет либеризациялау.
Сұрақтар:
Экономикалық жүйедегі бұйрықтың және бейберекет тәртіптің арақатынасын ашыңыз.
Өтімді экономикалардың моделдерін сипаттаңыз.
Тасымалды экономикадағы функциялардың модификациясы нені білдіреді?
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі қандай проблемаларды сәтсіз дет атаймыз?
Ресейлік және Қазақстандық саясаттың мемлекеттілігі нені білдіреді?
4 тақырып:Экономикалық госсекторлардың пайдасы.
Сұрақтар:
Қоғамдық қызмет деген не?
Фрирайдерстваның проблемасы неден тұрады?
Мемлекеттік көп саясаттың экономикасының басымдығы және оның нәтижесін анықтаңыз.
Демонополизация дегеніміз не?
Рынок құрылуы шартындағы мемлекет иешелігі деп нені айтамыз?
Мемлекеттік кәсіпкерліктің басымдылығын атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |