«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 127,27 Kb.
Дата07.02.2018
өлшемі127,27 Kb.
#8957


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы «27» наурыздағы

№ 272 бұйрығына

7-қосымша

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап - 3 (үш) жұмыс күні;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының бекітілген актісі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі;

2) ХҚКО - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейінгі жұмыс кестесіне сәйкес.

Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі; өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) көрсетілген қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын есептеген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілген қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілген қызметті берушіге - қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растаушы құжат пакетінің қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, кеңсеге тіркелгені туралы белгі соғылған көшірме болып табылады;

ХҚКО - көрсетілген қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

ХҚКО-да дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (не оның өкіліне нотариалды расталған сенімхаты) бойынша сенімхаттың негізінде жүзеге асырылады.

ХҚКО нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде ХҚКО-ның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін дайын құжаттарды ХҚКО-ға жібереді.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚКО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілген қызметті берушінің басшысының атына мына Министрліктің мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе оған ілеспе хатта қойылады) шағымның қабылдағанын растау болып табылады.

ХҚКО-ның қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚКО басшысының атына беріледі.

Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды ХҚКО кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша не порталда алуға болады.

Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Шағымда:


1) жеке тұлға үшін - оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚКО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Заңнамада белгіленген өздігінен жүріп-тұру, бағдарлай алу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарын қабылдау үшін ХҚКО-ның қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы өтініш жасау көмегімен тұрғылықты орнына барып жүзеге асырады.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) ХҚКО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

_______________________________________

басшысы________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

________________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

________________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жеке

________________________________________

басын куәландыратын құжаттың

________________________________________

деректемелері, байланыс телефоны,

____________________________________

мекенжайы)

Өтініш

____________________________________________________________ мекенжайы (жер учаскесінің орналасқан жері)

бойынша орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекітуді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Күні __________ Өтініш беруші________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның не

_______________­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_______________________

уәкілетті тұлғаның атауы, қолы)


«Мемлекет жеке меншікке сататын

нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі
1. Акті азамат (ша) ________________________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)

өтінішіне сәйкес ________________________________________________________________

(мақсатын көрсету)

_____________________ жер учаскесін бағалауға байланысты жасалды.

2. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі:__________________________________________

3. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _________________________________________

________________________________________________________________________________

4. Жер учаскесінің орналасқан жері: ____________________________________________

________________________________________________________________________________

5. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының есебі (жер пайдалану құқығы)


Аймақ нөмірі (елді мекендер жерлеріне), алқап түрлері, топырақтың үлгісі (ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жерлер үшін)

Ауданы

гектар, шаршы метр



Жерге төлемнің базалық мөлшерлемесі, теңге

Түзету коэффициенті

Кадастрлық (бағалау) құны, мың теңге































Жиыны













6. Жер учаскесінің (жерді пайдалану құқығының) кадастрлық (бағалау) құны _______________________________________________________________________ құрайды.

(жазбаша сомасы)

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны анықталды _________________________ ________________________________________________________________________________

(жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынның атауы)

М.О. ______________ ________________________________

(қолы) (басшының Т.А.Ә.)

________________________________________________________________________басшысы

(жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)

М.О. ____________________ ________________________________ (қолы ) (басшының Т.А.Ә.)

Күні «____» ____________


«Мемлекет жеке меншікке сататын

нақты жер учаскелерінің кадастрлық

(бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

(Тегі, аты, болған кезде әкесінің аты ( бұдан әрі – Т.А.Ә) немесе

көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)

________________________________________________

(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан

бас тарту туралы қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:



Жоқ құжаттардың атауы:

1)_______________________________;

2)_______________________________;

3)....


«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.


______________________________ _______________

(ХҚО қызметкерінің) Т.А.Ә. (қолы)


Орындаушы Т.А.Ә. _________

Телефон _________



Алдым: Т.А.Ә., көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «___» _________
жүктеу 127,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау