Утвержден приказом



жүктеу 49,22 Kb.
Дата29.01.2018
өлшемі49,22 Kb.
#8096
түріРегламент

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушысының

2015 жылғы «___ »_______________

№_______ бұйрығына

4-қосымша



«Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке,
қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер


  1. «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

  1. мерзімді баспасөз басылымын есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлiгі;

  2. мерзімді баспасөз басылымын есепке қою туралы куәліктің телнұсқасын беру;

  3. мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері ретінің сипаттамасы


  1. Мемлекеттік қызметті көрсетудің рәсімін (әрекетін) бастау үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан «Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке, қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 505-бұйрығымен бекітілген Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес өтінішті алу негіз болып табылады.

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету әрекетінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер), оның орындалуының ұзақтығы:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметшісімен өтінішті қабылдау және тіркеу, оны Лицензиялау және БАҚ есепке қою басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысына беру (15 минут);

  2. Басқарма басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға беру (2 сағат);

  3. жауапты орындаушымен өтінішке қоса берілген құжаттарды бекітілген квалификациялық талаптарға сәйкестігіне қарастыру. Құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы мен құжаттардың толықтығын сараптау жұмысын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (7 жұмыс күні) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу үшін құжаттарды дайындау (1 жұмыс күні);

  4. Басқарма басшысымен шешімге келісім алу (куәлік беру, куәлікті қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру) (4 сағат);

  5. Басқарма басшысымен немесе орынбасарымен куәлікке, қайта есепке қою куәлігіне, куәліктің телнұсқасына немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою (4 сағат);

  6. кеңсе қызметшісімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (2 сағат);

  1. Келесі рәсімге (әрекетке) негіз болып табылатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (әрекетінің) нәтижесі:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметшісімен өтінішті қабылдау және тіркеу және оны көрсетілетін қызмет берушінің Басқарма басшысына беру;

  2. Басқарма басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға беру;

  3. жауапты орындаушымен куәлікті (қайта есепке қою куәлігін, куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын) рәсімдеу және оны Басқарма басшысымен немесе орынбасарымен келістіру немесе қолын қойдыру;

  4. куәлікті (қайта есепке қою куәлігін, куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) беру.

Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш мына жағдайда түссе:

электрондық түрде – нәтижесі электрондық құжат түрінде рәсімделеді;

қағаз түрде – нәтижесі электрондық құжат түрінде рәсімделеді, басшымен немесе орынбасарымен қол қойылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттесулері ретінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті берушінің келесі құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) әрекет етуге қатысады:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

жауапты орындаушы;

Басқарма басшысы;

басшы немесе Басшының орынбасары;

8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:



  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметшісімен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті түскен күні қабылдау және тіркеу, оны Басқарма басшысына қарастыруға беру (15 минут);

  2. Басқарма басшысымен өтінішті қарастыру және оны жауапты орындаушыға қарастыруға беру (2 сағат);

  3. жауапты орындаушымен өтінішке қоса берілген құжаттарды бекітілген квалификациялық талаптарға сәйкестігіне қарастыру. Құжаттардың рәсімделуінің дұрыстығы мен құжаттардың толықтығын сараптау жұмысын жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (7 жұмыс күні) немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдеу үшін құжаттарды дайындау (1 жұмыс күні);

  4. Басқарма басшысымен шешімге келісім алу (куәлік беру, куәлікті қайта есепке қою, куәліктің телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру) (4 сағат);

  5. Басқарма басшысымен немесе орынбасарымен куәлікке, қайта есепке қою куәлігіне, куәліктің телнұсқасына немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою (4 сағат);

  6. кеңсе қызметшісімен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру (2 сағат);

9. Рәсімдер (әрекеттер) реттілігінің толық сипаттамасы, мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеті, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету барысындағы ақпараттық жүйелерді пайдаланудың сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес бизнес-процестер анықтамасында келтірілген. Бизнес-процестер анықтамасы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызмет берушінің интернет ресурсында орналастырылады.
жүктеу 49,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау