өңдеуге (сорпада, тұздықта қайнату, тандыр шкафында қуыру) жіберіледі;
7) пісірме жəне омлеттер бес-алты минут аралығында 220-250 °С
температурасында тандыр шкафта көміп пісіріледі;
8) ыстық плита үстінде бірінші жəне екінші тамақтар екі-үш сағат
тұруына болады;
9) ашыған сүт тек нан илегенге ғана жұмсалуы мүмкін;
10) айран, ірімшік жəне басқа сүт өнімдерін, ет қосылған құймақшалар,
флотша макарондар, зельцтерді, креммен жасалған кондитерлік өнімдерді;
сусындарды, морсты, фаршмактарды, фритюрдегі өнімдерді, сілікпелерді,
паштеттерді дайындауға; қайнатылмаған немесе
ыстық арқылы өңдеуден,
пастеризациядан өтпеген сүт, ірімшік жəне қаймақты, үйде дайындалған
консерві өнімдері мен жұмыртқа, суда жүзетін құстың етін қолдануға тиым
салынады. Сүтті қайта өңдеу ұйымдарда жекеше қаптамаларда өңделген
қаймақ пен ірімшіктер арнайы термикалық өңдеу жұмысын қажет етпейді.
114. Өнімдерді аспаздық өңдеу кезінде витаминдерді сақтау ережесін
білу қажет, олар: көкөністерді қабығын жұқа етіп аршу, аршу жұмысын
түнгі мезгілге
қалдырмау, қабығынан аршылған көкөністерді суда 1,5
сағаттан артық ұстамау, тамақ дайындар кезде қайнаған суға салу.
Дайын тағамды аскорбин қышқылымен витаминдеу С-витаминіне
берілген нұсқауға сай жүргізіледі. Нəрсудың витаминизациясын, оларды
сату кезінің алдында 12-15°С температураға дейін суытылғаннан кейін
ғана жүргізуге болады, киселдерге аскорбин қышқылының ерітіндісін
олардың араластыру негізінде болған жəне сатуға арнайы 30-35°С
температурасына дейін суытылғанда ғана қосылады. С – витаминінің
тəуліктік беру мөлшері - бөбекжайдағы балалар үшін - 50 миллиграмм,
мектеп жасына дейінгі балалар үшін– 70 миллиграмм.
115. Тағам өнімдерін тасымалдау жұмысын арнайы жабдықталған
автокөліктерде жүргізу керек. Автокөліктің санитарлық құжаты,
экспедитордың арнайы киімі, жеке медициналық кітапшасы болуы тиіс.
Өнімдерге арналған қаптар өз ретімен қолданылып, белгіленіп, жұмсалып
болғаннан кейін тазартылып, 2% кальцийленген сода ерітіндісі қосылған
ыстық сумен жуылып, соңынан кептіріліп сөрелерде сақталынуы керек.
116. Мектепке дейінгі ұйымдарда фаянстан, фарфордан жасалған
асханалық жəне шай ыдыстарын, таттанбайтын болаттан жасалынған
асхана құралдары пайдаланылуы тиіс. Əрбір топқа жеке ыдыстар
қарастырылуы керек, олар буфетте сақталынады. Шеті сынған,
пластмассадан жасалынған ыдыстарды жəне
алюминийден жасалынған
асханалық құралдарды пайдалануға жол берілмейді.
117. Буфеттерде асханалық ыдыстарды жуу үшін тиісті белгілермен
белгіленген екіұялы жуғыш ванналар орнатылады. Жуғыш ванналар мен
канализация қосылатын жерде ауа айырғыш болуға тиіс. Алдымен 50-60°С
температурада шай ыдыстары жуылып, оған бірінші ұяда рұқсат етілген
жуғыш заттар қосылады. Бұдан соң жуғыш ванна сумен шайылып, асхана
ыдыстары жуылады. Ыдыстарды жуған кезде, оларды тамақ
қалдықтарынан тазартып, бірінші ұяда температурасы 50-60°С жуғыш
заттар қосылған ыстық сумен жуады; екінші ұяда температурасы 65°С –
ден төмен емес
ағынды сумен шайып, торкөзді сөрелердің үстіне кептіруге
қойылады. Арнайы жуғыш орын жəне ағынды су болмаған жағдайда
асханалық ыдыс үш шарада рұқсат етілген жуғыш заттар қосылған ыстық
суда жуылады. Жуылған ыдыстар ыстық сумен шайылып, артынан
кептіріледі.
118. Асханалық құралдар: қасықтар, шанышқылар, рұқсат етілген
жуғыш заттар қосылған ыстық сумен жуылып, артынан температурасы
65°С-дағы сумен шайылады да, кептірілуге қойылады. Емізіктер əуелі
жуылып, 15 минут бойы қайнатылады да, қақпағы жабылатын шыны
ыдыста сақталады. Сүт қоспасына арналған кішкене
бөтелкелер жылы
ағынды сумен жуылып, қылдүрпі арқылы тазаланады. Майланудан қыша
жəне ас содасы арқылы тазаланып, соңынан 15 минут қайнатылып, белгі
салынған жабық эмальданған ыдыста сақталады. Асханалық ыдыстарды
жууға арналған шүберек тазалаудан соң жуылып, кептіріліп, эмальданған
ашық ыдыста сақталады.
Эпидемиологиялық жағдайларға байланысты əр топтағы ыдыстарды
зарарсыздандыру үшін құрғақтай қуыратын шкафтар немесе
зарарсыздандыру ерітіндісі қосылған, ыдыстарды суға салуға арналған
сыйымды ыдыстарға орнатылады.
119. Топтық үй-жайларда тамақ қалдықтарын жинау үшін арнайы
басқышы бар бочоктар бөлінуі тиіс. Əр
қабылданған тамақтан кейін
бочоктар тазартылып, кальцийленген сода ерітіндісімен жуылып, ыстық
сумен шайылып кептіріледі.
120. Ас блогының жұмыскерлері арнаулы жұмыс киімдерімен
жабдықталынып, жеке басының гигиенасын сақтайтын жағдайлар
жасалынуы керек.
Ас блогының жұмыскерлері жеке басының гигиенасының мынандай
ережелерін қатаң түрде орындауы керек:
1) жұмысқа кірісер алдында, сырт киімін шешіп, шкафқа іліп, қолын
сабындалған, ыстық сумен шөткелеп жуу керек;
2) асхананың ішінде тек арнайы киім киіп, оның кию ережелерін
сақтай отырып жұмыс
істеу керек;
3) асханадан сырқа шыққанда немесе дəретханаға барарда, арнайы
киімдерді шешіп, одан қайтқан соң қолын ыстық сабынды сумен шөткелеп
жуып, одан соң арнайы киімді киюі керек.
9. Балаларға жəне персоналдарға медициналық қызмет көрсету
кезінде қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
124. Медбике күн сайын ас блогының жұмыскерлерінде іріңделген
ауру жарақаттардың бар-жоқтығын тексеріп, оның қорытындысын арнайы
журналға тіркейді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда қызметкерлер ауырып қалған
жағдайларде немесе ауру-ау деп күмəнданған жағдайларда, жұмысқа
жіберілмейді немесе тез арада жұмыстан аластатылады.
10. Мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдаудың
санитарлық-эпидемиологиялық қабылдау ережелері
129. Мектепке дейінгі ұйымға бала қабылдағанда, дəрігер баланың
ата-анасынан баланың өсуі мен мінез-құлқының ерекшеліктері туралы
мəліметтер жинап, оның денсаулығы жағдайына, физикалық жəне
жүйкелік-психикалық дамуына баға береді жəне де қажет болған жағдайда
педагогпен бірге балаға арнайы күн тəртібін, тамақтануын жəне сауықтыру
шараларын белгілейді.
Баланың денсаулығы туралы мəліметті сырқатнамаға жазады.
11. Балалардың дене жəне гигиеналық тəрбиесі бойынша күн
тəртібін ұйымдастырудың санитарлық-эпидемиологиялық талаптары
134. Күн тəртібі ұйқының, дем алудың, таза
ауада болудың, оқу
сабақтарын жүргізудің, тиімді тамақтануды ұйымдастырудың, балалардың
жас ерекшелігін есепке ала отырып дене тəрбиесінің гигиеналық
нормасына сəйкес болуы тиіс.
Күні бойғы барлық жұмыстардың түрлері мен демалысты
ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тəрбиелеу жəне
дамуы бағдарламасының негізінде құрылады.
Мектепке дейінгі балалардың күн тəртібі осы санитарлық ережелерге
7 қосымшада келтірілген үлгіде қабылдануы қажет.