Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет74/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   100

4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
лицензиясы кері қайтарылады, және мектеп өз қызметін тоқтатады. Жергілікті білім беру 
органдары (аудандық және қалалық департаменттер) анықталған бұзушылықтарды жоюға 
қолдау көрсетеді деп күтіледі.   
2013  жылы  аттестаттау  процесі  жүргізілген  1 427  мектептің  тек  54%  ғана  алғашқы 
аттестаттауда оң шешім алған еді (Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің деректері 
бойынша) (4.3-кесте). Осы санның астарында бүкіл ел бойынша көрсеткіштердің арасында үлкен 
айырмашылық жатыр, Атырау облысындағы 12,2% бастап Алматы қаласындағы 83% дейін.  
4.3-
кесте Мектептерді аттестаттау, 2013 жыл 
Өңір   
Аттестаттау 
жүргізілген 
мектептердің саны 
Шешім   
 
Аттестаттау  
Аттестаттамау  
Аттестаттаудан 
өткен 
мектептердің 
үлесі  
Ақмола 
143 
100 
43 
69.9 
Ақтөбе  
65 
30 
35 
46.2 
Алматы  
138 
24 
114 
17.4 
Атырау  
41 

36 
12.2 
Шығыс Қазақстан  
129 
87 
42 
67.4 
Жамбыл  
86 
51 
35 
59.3 
Батыс Қазақстан  
75 
23 
52 
30.7 
Қарағанды 
91 
51 
40 
56.0 
Қостанай  
109 
38 
71 
34.9 
Қызылорда  
80 
48 
32 
60.0 
Маңғыстау 
22 
12 
10 
54.5 
Павлодар  
82 
60 
22 
73.2 
Солтүстік Қазақстан  
98 
55 
43 
56.1 
Оңтүстік Қазақстан  
191 
125 
66 
65.4 
Алматы қ. 
47 
39 

83.0 
Астана қ.  
30 
21 

70.0 
Барлығы  
1427 
769 
658 
53.9 
Дереккөз:Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің деректері 
Бағалау жүйесі 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  -  2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасына  қатысты  білім  беру  жүйесінің  тиімділік  мониторингі  үшін  бірқатар 
құралдар  қолданылады.  Білім  алушыларды  оқыту  нәтижелері  туралы  ақпараттың  жиналуы  9-
сыныптарда  төрт  пән  бойынша  (оқу  тілі,  тарих,  математика,  химия)  іріктеу  және  жоғары  оқу 
орнында оқуын жалғастырғысы келетін оқушылар тапсыратын (әртүрлі пәндер бойынша) Ұлттық 
бірыңғай  тестілеу  негізінде  өткізілетін  Оқу  жетістіктерін  сырттай  бағалау  көмегімен  іскеа 
сырылады.  Сондай-ақ  мониторинг  жүйесі  қалыпты  нысан  бойынша  мектептердің  тапсыратын 
деректеріне  негізделген  білім  беру  бойынша  бір  қатар  статистикалық  көрсеткіштерді  қамтиды. 
Одан  басқа,  PISA  және  TIMSS  сияқты  халықаралық  зерттеулер  төңірегінде  алынатын,  білім 
алушылар  үлгерімінің  халықаралық  көрсеткіштері  жүйе  деңгейінде  саясатты  әзірлеу  кезінде  де 
қолданылады.  Одан  басқа,  ҰБСБО  да  директорлардың,  мұғалімдердің,  ата-аналардың, 
оқушылардың  және  әлеуетті  жұмыс  берушілердің  көзқарастары  мен  пікірлерін  жинауды 
көздейтін,  білім  туралы қоғамдық  пікірді  бағалау  үшін  зерттеулерді жүргізеді.  Алайда  аудандық 
және  облыстық білім департаменттерінің  жұмысын  бағалау  жүйелері жоқ, тіпті егер  де  олардың 
жұмысының мониторингі білім алушылардың оқу жетістіктері негізінде іске асырылса да.     


4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
ҚР  БҒМ  және  ҰБСБО  жүйе  деңгейінде  талдауды  қамтитын  есептерді  жариялайды.  Осы 
есептердің  үлгісі  ретінде  мынадай  материалдарды  келтіруге  болады:  Білім  ахуалы  және  дамуы 
туралы  ұлттық  баяндама,  5  және  9-сыныптардағы  оқушылардың  үлгерімін  бағалау  туралы 
мониторингтік  зерттеудің  нәтижелері,  9-сыныптардағы  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
сырттай  бағалау  нәтижелерін  талдау,  2012  жылғы  Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  нәтижелерін 
талдау.  
Басқа мектептермен әріптестік және қоғамның қатысуы  
Мектептердің бір-бірінен ерекшеліктері аз. Мектеп басшыларының басқа мектептердегі өз 
әріптестерін  қолдауға  қатысу  үшін  (мысалы,  озық  тәжірибемен  алмасу,  жаңа  басшыларға 
тәлімгерлік  ету,  аз  тиімді  және  оқшауланған  мектептердегі  әріптестерін  қолдау)  ресми  схемалар 
жоқ және тек өз мектебін басқара алатын ғана емес, ал сонымен қатар, бүкіл жүйесін жақсартуға 
қатыса  алатын  жүйе  көшбасшысының  тұжырымдамасы  әлі  қалыптасу  үстінде.  Материалдық-
техникалық  базаны,  жабдықты  және  оқу  материлдарын  не  адами  ресурстарын  анағұрлым  тиімді 
пайдалану мақсатында мектеп ресурстарын бірлесіп пайдаланудың кейбір тетіктері бар.   
Қоғамның мектепті басқаруға ресми қатысуы үшін мүмкіндіктер қазіргі кезде құрылатын 
және  қалыптасып  жатқан  қамқоршылық  кеңестер  нысанында  дамып  жатыр.  Мектептен  тыс 
мүдделі тұлғалар қатыса алатын (мысалы, ата-аналар, жергілікті кәсіпкерлер), мектепті басқаруға 
қатысатын  алқалық  органның  ықтимал  нысаны  сияқты  қамқоршылық  кеңестер  білім  беру 
жүйесінде  шешімдерді  қабылдау  процесін  орталықсыздандыру  бойынша  саясатты  дамыту  және 
мектеп қауымдастығына оны басқаруға қатысу мүмкіндігін ұсыну мақсатында 2007 жылы заңды 
түрде бекітілген (2-бөлім).  
Қамқоршылық кеңестер болмаған уақытта, мектептер өз айналасындағы қауымдастықпен 
ынтымақтастықты  ынталандырудың  жеке  жолдарын  іздеуші  еді.  Жиі  кезде  мұндай 
ынтымақтастық  мектеп  ата-аналарының  жалпы  жиналысы  сайлайтын  ата-аналар  комитетінің 
нысанын қабылдайтын еді (2-бөлім).  PISA-2012 зерттеуі төңірегінде мектеп директорлары әртүрлі 
мектеп  шараларына  қатысқан  оқушылар  ата-аналарының  үлесін  көрсетуге  тиіс  еді.  4.3-суретте 
көріп  тұрғанымыздай,  Қазақстанда  әртүрлі  мектеп  шараларына  ЭЫДҰ  елдеріндегі  орта 
көрсеткішпен салыстырғанда көбірек ата-аналар қатысатын сияқты.  
4.3-
сурет Қазақстанда және жалпы ЭЫДҰ бойынша ата-аналардың қатысуын қабылдау, 2012 
 
Ескертпе: Бұл деректер директорлардың алдынғы оқу жылында мектеп шараларына қатысқан ата-аналардың үлесі туралы 
берген ақпаратын көрсетеді. 
Дереккөз:  ЭЫДҰ  (2013a),  PISA-2012  нәтижелері:  мектептердің  қалай  табысты  болатыны  (IV  том):  ресурстар,  саясат  және 
тәжірибе, PISA, ЭЫДҰPublishing, Париж, 
http://dx.doi.org/10.1787/9789264201156-en



жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау