Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет5/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100

ТҮЙІНДЕМЕ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Қазақстанда мектептегі білім беру жүйесі едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Бастауыш, негізгі 
және  орта  біліммен  жүз  пайыз  қамту  қамтамасыз  етілген,  бірақ  қабылданған  оқушылардың 
санында  географиялық  орналасқан  жері,  әлеуметтік-экономикалық  мәртебесі  мен  жынысы 
бойынша  айырмашылықтар  байқалады.  Елде  білім  алудың  жалпы  деңгейінің  жоғары  болуына 
қарамастан,  2012  PISA  15  жастағы  қатысушыларының  нәтижелері  оқыту  сапасын  жақсарту 
қажеттілігін  көрсетеді.  Математика  бойынша  қазақстандық  оқушылар  ЭЫДҰ  елдеріндегі 
өздерінің құрдастарынан орта есеппен 2 жылға артта қалуда және оқушылардың шамамен 45%-ға 
жуығы  сауаттылықтың  бастапқы  деңгейіне  жетпеген,  бұл  орта  есеппен  ЭЫДҰ  қарағанда  едәуір 
жоғары  (23%).  Оқыту  тілі,  мектептердің  орналасқан  жері  және  оқушылар  мен  мектептердің 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  оқушылардың  жетістіктерінде  рөл  атқарады.  Ұлттық  және 
халықаралық  бағалар  да  қалалық  және  ауылдық  мектептердің  оқушылары  арасындағы  едәуір 
айырмашылықтарды көрсетеді. 
Қазақстан білім беру жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар реформалар қабылдады және 
халықаралық  стандарттар  мен  озық  практикаға  жиі  жүгінеді.  Реформалау  бойынша  бастамалар 
мектепке дейінгі білім беру жүйесін кеңейтуді, мектепті қаржыландырудың жаңа тетіктерін (оның 
ішінде  жан  басылық  қаржыландырудың  жаңа  схемасын)  әзірлеуді,  шағын  жинақталған 
мектептерді  қолдаудың  ресурстық  орталықтарын  құруды,  мектеп  инфрақұрылымын  дамытуға 
одан  әрі  инвестицияларды  және  мектептерде  ақпараттық  технологияларды  кеңінен  қолдануды 
қамтиды.  Осы  реформалар  мәнмәтінінде  білім  беруге  бөлінетін  ресурстарды  ұлғайту  ниеті  анық 
болғанымен,  бір  оқушыға  жұмсалатын  шығын  ЭЫДҰ  елдері  мен  басқа  да  көршілес  елдерге 
қарағанда едәуір төмен болып қалуда; сектордың иімділігі мен оның жұту қабілетінен туындайтын 
сенімсіздікке байланысты білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығынды ұлғайтуға ниеттің жоқ 
екені байқалады. Осы баяндамада Қазақстанда мектептегі білім берудің тиімділігі талданады және 
тиімділікті арттыру әлеуеті бар немесе одан әі мемлекеттік инвестицияларды талап ететін саясат 
салалары анықталады.  
Келесі  саяси  басымдықтар  Қазақстанның  мектеп  жүйесіндегі  ресурстарды  пайдалану 
тиімділігін арттыру мақсатында анықталған.   
Сектордың жұту қабілетін ұлғайту және тиімсіздіктің негізгі себептерін шешу кезінде білім 
беруге жұмсалатын жалпы мемлекеттік шығыстарды ұлғайту  
Табысы  ұқсас  басқа  елдермен  салыстырғанда  Қазақстан  білім  беру  секторын  толық 
қаржыландырмайды.  Ресурстардың  жетіспеушілігі  әр  түрлі  деңгейлерде  байқалады,  мысалы, 
мектепке  дейінгі  білім  берумен  қамтудың  төмен  көрсеткіштері;  мұғалімдерге  жеткіліксіз  ақы 
төлеу;  қлалық  мектептердің  толық  болуы;  нашар  жарақтандырылған  шағын  жинақталған 
мектептер.  Сонымен  қатар,  мектеп  желісін  және  педагогикалық  құрамды  жақсарту  сияқты 
салаларда  ресурсарды  анағұрлым  тиімді  басқару  үшін  едәуір  мүмкіндіктер  бар.  Мемлекеттік 
кірістердің  біртіндеп  ұлғаюы  сектордың  стратегиялық  құжаттарында  қойылған  мақсаттарды 
қанағаттандыру  үшін  қажет.  Қосымша  ресурстар  олар  көбірек  әсер  етуі  мүмкін  басым 
мақсаттарға: ерте дамытуға және нашар мектептерді қолдауға бағытталуы тиіс.  
Тиімділікті едәуір арттыруға қол жеткізу және қосымша ресурстардың тиімді пайдаланылуын 
қамтамасыз  ету  үшін  басқару  құрылымдарында  өзгерістер  қажет.  Барлық  деңгейлерде 
ресурстардың пайдаланылуын тиімді басқару және бақылау үшін әлеуетті нығайту қажеттілігі бар. 


ТҮЙІНДЕМЕ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Атап  айтқанда,  жеткіліксіз  жергілікті  және  мектеп  дербестігі  ресурстардың  тиімді 
пайдаланылуына  кедергі  келтіреді.  Мектептер  мен  аудандарда  ондай  өзгерістер  қажет  болған 
кезде  адами  ресурстарға  көбірек  инвестициялау  (персонал  санын  ұлғайту  немесе  мұғалімдердің 
еңбекақысын  арттыру  есебінен)  немесе  саны  жеткіліксіз  болған  немесе  тозған  кезде  физикалық 
ресурстарға  (мектеп  ғимараттары,  смарт-тақталар  сияқты  мектеп  жабдығы)  балама  ретінде  ақша 
салу үшін жеткілікті икемділікке ие емес. Бұдан басқа, жергілікті және өңірлік билік органдары өз 
қарауы  бойынша  шығыстарды  бөлуде  жеткілікті  еркіндікке  ие  емес,  себебі  нормалар 
ресурстардың  бөлінуін  айқындайды,  ал  бюджетаралық  трансферттер  теңестірудің  шектеулі 
әсеріне  ие.  Есептілікпен  және  әлеуетті  нығайту  тетіктерімен  үйлесімдегі  дербестіктің  біртіндеп 
өсуі жергілікті және мектеп деңгейінде ресурстардың анағұрлым тиімді пайдаланылуына септігін 
тигізуі мүмкін. 
Қазіргі  уақытта  мектеп  ресурстарын  бөлу  жеке қарау  және  өсіп  келе  жатқан  негіз  бойынша 
орталық  нормаларды  ескере  отырып,  аудан  деңгейінде  шешіледі,  бірақ  мектептерді  жанбасылық 
қаржыландыру  схемасын  дамыту  бағытында  қадамдар  алдын  ала  қабылданды.  Белгілі  бір 
жағдайлар кезінде жақсы әзірленген қаржыландыру формуласы бар осы жақсы мысал мектептерді 
қаржыландырудың  анағұрлым  тиімді,  әділ,  тұрақты  және  ашық  әдісі  болуы  мүмкін.  Формуланы 
толық  ауқымды  енгізу  алдында  оқушылардың  барлық  қажеттіліктерін,  ел  бойынша  сынып 
көлемдеріндегі айырмашылықты және оның қарапайымдылығын ескере отырып жетілдіру қажет. 
Мектеп желісін ұйымдастыру мен мектеп күнін ұзартуды қайта қарау  
Мектеп  ұйымдары  желісін  шолу  демографиялық  қарқын  тұрғысында  мектептерді  ұлғайту 
немесе азайту мүмкіндігіне жарық беруі мүмкін еді. Ауылдағы білім беруді көрсету стратегиясы 
міндетті  білімге  жалпыға  ортақ  қолжетімділік  саясатының  нәтижесі  болып  табылатын  шағын 
жинақталған  мектептердегі  сапаны,  теңдік  пен  тиімділікті  жақсарту  мақсатында  әзірленген. 
Қазақстан  үш  ауысымды  мектептерді  жою  бойынша  өз  күшін  жалғастыруы  және  екі  ауысымды 
мектептердің  бастауыш  сынып  оқушыларына  әсерін  барынша  азайту  жолдарын  зерттеуі  тиіс.  
Сондай-ақ, ЭЫДҰ, атап айтқанда 1-4 сынып оқушылары үшін міндетті оқу жүктемесінің орташа 
көрсеткіштеріне  сәйкестігі  бойынша  оқу  жүктемесінің  нормалары  түзету  қажеттілігі  бар.  Оқу 
жүктемесі  тұрғысынан,  мектептегі  салыстырмалы  қысқа  күн  оқушылардың,  әсіресе  төмен 
отбасынан шыққан балалар мен оқуда қиналатын балалар үшін үлгерімнің нашарлауына әсер етуі 
мүмкін. 
Үлгерімі төмен оқушыларды және нашар мектептерді қолдау  
Оқушылардың  әр  түрлі  білім  қажеттіліктерін  ескере  және  оларды  қанағаттандыра  отырып, 
білім  берудегі  тең  мүмкіндіктерге  үлкен  көңіл  бөлінуі  тиіс.  Үлгерімі  төмен  оқушыларды  қолдау 
жөніндегі  жүйелі  саясат  жоқ.  Оқу  бағдарламасынан  артта  қалудың  алдын  алу  бойынша  ерте 
дербес және  қарқынды  қолдау  көрсету  қажеттілігі  бар.  Қазақстан  төмен  нәтижелерді жақсартуға 
назар  аударуы  тиіс.  Оқуда  артта  қалғандарды  ерте  анықтау  және  үлгерімі  жақсы  оқушыларға 
қарағанда  үлгерімі  төмен  оқушыларды  уақтылы  қолдауды қамтамасыз ету  бойынша  мектептерді 
көтермелеу қажет. Бұдан басқа, Қазақстандағы мектептер мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауда 
баяу дамуды көрсетеді.   
Мектептегі оқыту және басқару сапасын жақсарту  
Мектеп  мұғалімдері  мен  басшыларының  сапасын  арттыру  үшін  мүмкіндіктер  бар.  Кәсіптік 
стандарттар  қол  жеткізуі  тиіс  алғашқы  даярлау  және  біліктілікті  арттыру  жүйесінің  күтілетін 
нәтижелерін  дәл  анықтау  үшін  әзірленуі  мүмкін;  кәсіптік  стандарттар  үміткерлерді  жалдау 
процесінде,  олардың  біліктілігін  бағалауда,  біліктілікті  арттыруды  жоспарлау  кезінде  оларды 
іріктеу  критерийлері  ретінде  қызмет  етуі  және  қызмет  бабында  ілгері  жылжу  үшін  негізді 
қамтамасыз  етуі  мүмкін.  Мұғалімдерді  алғашқы  даярлау
1
  және  олардың  біліктілігін  арттыру 
мүмкіндіктері  мұғалімдер  үшін  берік  негізді  қамтамасыз  ету  және  олардың  қажеттіліктерін 
барабар  қанағаттандыру  шеңберінде  қайта  қаралуы  мүмкін.  Метеп  басшылары  жағдайында 
мектепті жақсарту  процесінде олардың  рөлін  күшейту  үшін  оларды  жалдау,  біліктілігін арттыру 
және аттестаттау процесін жетілдіру қажет.  


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау