Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет8/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   100

ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Мектеп мұғалімдері мен директорларын дайындау деңгейі бойынша қауіп бар  
Мектеп мұғалімдері мен директорларына арналған, олар білуі және жасай алуы тиіс нәрсенің 
нақты  әрі  қысқаша  сипаттамасын  қамтамасыз  ететін  ұлттық  стандарттардың  болмауы  олардың 
әлеуетіне  кедергі  келтіреді.  Кәсіптік  стандарттар  алғашқы  педагогикалық  даярлық  және 
біліктілікті  арттыру  жүйесімен  қол  жеткізілуі  тиіс  күтілетін  көрсеткіштердің  анағұрлым  дәл 
анықтамасының  тетіктері  ретінде  әзірленуі  тиіс;  стандарттар  жалдау  процесінде  үміткерлерді 
іріктеу  негізі,  олардың  біліктілігін  объективті  бағалау  үшін  (аттестаттау  кезінде)  критерийлер, 
біліктілікті арттыру кезінде нұсқаулық және қызмет бабында көтерілу үшін негіз ретінде қызмет 
етуі мүмкін. 
Мұғалімдерді  алғашқы  даярлау  сапа  және  тиімділік  мәселелері  бойынша  алаңдаушылық 
туғызады.  Бастауыш  сыныптарда  оқыту  үшін  талап  етілетін  деңгейді  орта  және  орта  білімнен 
кейінгі  жоғары  емес  білім  деңгейінде  алуға  болады  және  мұғалімдерді  алғашқы  педагогикалық 
даярлау  үшін  білім  беру  бағдарламаларының  артық  болуы  олардың  сапасына  қатысты 
алаңдаушылық  туғызады.  Сондай-ақ  деректер  түлектердің  артық  тым  көп  болуын  көрсетеді, 
олардың  саны  2013  жылы  мұғалімдердің  барлық  құрамының  11,4%-ына  сәйкес  келген.  Басқа 
проблемалар  мұғалімдердің  еңбек  нарығының  икемділігін  шектейтін  педагогикалық 
мамандықтарды  мамандандырудың  жоғары  деңгейімен;  оқыту  әлеуетін  анықтау  және 
педагогикалық  мамандыққа  түсу  үшін  кәсіпке  уәждеу  бойынша  бағалаудың  нақты  рәсімдерінің 
болмауымен;  олар  орталық  деңгейде  реттелетіндіктен  (мысалы,  мамандықтар  жіктеуіші,  білім 
беру  бағдарламалары,  бағдарламалар  құрылымдары)  педагогикалық  мамандықтардың  білім  беру 
бағдарламаларын әзірлеуде педагогикалық институттардың шектеулі дербестігімен байланысты.  
Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың қазіргі жүйесі олардың қажеттіліктеріне тиісті түрде 
жауап  бермейтінінің  белгілері  бар.  Біліктілікті  арттырудың  тұрақтылығы  күмәнді,  себебі 
мұғалімдер  мектептен  тыс  біліктілікті  арттыру  курстарынан  әрбір  бес  жыл  сайын  ғана  өтуге 
құқылы. Біліктілікті арттырудан өтуге ынталандыру оқыту практикасын нақты жақсартумен емес, 
еңбекақыны  көтерумен  және  қызмет  бабында  өсумен  байланысты  сияқты.  Осыған  қарамастан, 
Қазақстанда  өндірістен  бөлмей  мектеп  базасында  біліктілікті  арттырудың  тұрақтылығы  мен 
қарқындылығы аса маңызды және мектеп директорлары ЭЫДҰ елдеріне қарағанда оқу процесін 
басқаруға көбірек тартылған.  
Мектептерді  жақсарту  үшін  директорларды  даярлау  және  оларды  жалдау  процесін 
жақсарту мүмкіндігі бар  
Әкімшіліктің  бірнеше  өкілі  арасында  басқарушылық  міндеттерді  формалды  түрде  бөлу 
қазақстандық  мектеп  жүйесінің  күшті  жағы  болып  табылады,  себебі  стратегиялық  және 
педагогикалық  көшбасшылық  ұзақ  уақыт  бойы  бір  адамға  жүктелуі  мүмкін  емес.  Алайда, 
практикада бөлу нормалармен орындалады және өзара іс-қимыл мен жалпы болжам деңгейі сұрақ 
туғызады. Бұдан басқа, мектеп басшыларының барлығы бірдей мектепті жақсартуға дайын болуы 
және  оны  мақсат  етуі  мүмкін  емес.  Кадрларды  жалдау  кезінде  негізгі  көңіл  басқару  қабілетіне 
емес, білім беру біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне бағытталады. Біліктілікті арттырудың бірнеше 
мүмкіндігі бар және олардың көпшілігі мектептегі күнделікті жұмыстан алыс. Біліктілікті арттыру 
мүмкіндіктерінің болмауы қауіп туғызады, себебі мектеп басшыларының көп бөлігі жүйеде ұзақ 
уақыт болады және заманауи практикамен бірге жүруге қиналуы мүмкін.  
Педагогика қызметкерлерінің санын және олардың еңбекақысын қайта қарау қажет  
Сыныптар  көлемін  және  оқушы-мұғалім  арақатынасын,  сондай-ақ  Қазақстандағы  әкімшілік 
құрылымын  талдау  ЭЫДҰ  елдеріндегі  жағдаймен  салыстырғанда  мектеп  мұғалімдері  мен 
басшыларының артық болуын көрсетеді. Мектеп мұғалімдері мен басшыларының көп саны шағын 
жинақталған  мектептердің  көп  санынан  және  персоналды  регламенттеудің  қатаң  нормаларынан 
туындаған. Қызметкерлердің көп саны мктеп бюджеттерінің азаюына әкеледі, икемсіздік жасайды 
және  басқа  салалардағы  инвестицияларды  шығарады.  Ауыл  мектептеріндегі  шығыстардың 
шамамен  93%-ға  жуығы  мұғалімдердің  еңбекақыларын  төлеуге  бағытталған.  Бұл  бюджеттердің 
шектеулі  екенін  және  директорлардың  ресурстарды  анағұрлым  тиімді  тәсілмен  бөлу  немесе 


ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
оларды мектепті дамыту жөніндегі іс-шараларға инвестициялау мүмкіндіктері аз екенін білдіреді. 
Атап  айтқанда,  педагогика  қызметкерлерінің    көп  саны  Қазақстанда  төмен  болып  саналатын 
олардың  еңбекақысын  рттыруға  кедергі  келтіреді  және  мұғалімдердің  еңбекақы  жүйесінің 
күрделілігі оны талдауға кедергі жасайды. Сынып көлемін анықтау білім беру процесінің еңбекті 
қажет  ететініне  байланысты  шығыстарға  үлкен  әсер  ететін  кезекті  өзара  байланыс  болып 
табылады:  шағын  сыныптар  мұғалімдердің  көп  санын  талап  теді,  ал  үлкен  көлемді  сыныптар 
оқыту  сапасын  арттыру  үшін  ресурстарды  босатуы  мүмкін.  Зерттеулер  көрсеткендей,  оқытудың 
жоғары сапасы оқушылар саны аз сыныптарға қарағанда оқушылардың үлгеріміне үлкен әсер етуі 
мүмкін. Басқа мәселе мұғалімдер қызметінің тұжырымдамасына қатысты, ондағы негізгі жалақы 
оқу жүктемесімен байланысты (ставка жүйесі) және мұғалім сыныптан тыс орындайтын көптеген 
міндеттер  немесе  оның  мектеп  іс-шараларына  қатысуы  байқалмайды  (мысалы,  жеке  практика 
туралы  рефлексия,  жас  мұғалімдерге  тәлімгерлік  ету,  ата-аналармен  өзара  байланыс  жасау  және 
біліктілікті арттыру). 
Ресми оқу уақыты нашар отбасылардан шыққан оқушылар үшін жеткіліксіз болуы мүмкін  
Қазақстандық мектеп жүйесінде ресми оқу уақыты бірнеше үзіліспен беріледі және мектептен 
тыс  іс-шаралардың  ауқымды  спектрімен  толықтрылады.  Сабақтар  оқушылардың  мінез-құлқына 
немесе мұғалімдердың жоқтығына уақыт кетірмей тұрақты түрде өткізіледі. Алайда, оқу уақытын 
басқару  бойынша  кейбір  алаңдаушылық  бар:  Қазақстанда  басым  көп  ауысымдық  оқу  ресми  оқу 
уақытын  төмендетуі  мүмкін;  мектеп  күнтізбесі  жергілікті  жағдайлар  мен  қажеттіліктерге 
бейімделмеген; бастауыш сыныптардағы оқу уақыты төмен отбасылардан шыққан оқушылар үшін 
қолайсыз  болуы  мүмкін.  Алайда,  оқу  уақытын  көбейту  оқушылардың  үлгерімін  жақсартуға 
кепілдік бере алмайды, ерте оқуға қажетті жеткіліксіз уақыт төмен көрсеткіштерге әкелуі мүмкін.  
Мұғалімдер мен мектептерді аттестаттауды енгізу уақыт өте келе жетілдірілуі мүмкін оң 
қадам болып табылды  
Мұғалімдерді сертификаттаудың (аттестаттаудың) нақты белгіленген төрт сатылы құрылымы 
мұғалімдер үшін пайдалы. Аттестаттаудың қазіргі процесі қызмет бабында өсудің негізгі қағидаты 
сіңірген  еңбек  болып  табылатынын  білдіреді.  Аттестаттау  мұғалімдерды  жақсы  жұмыс  істеуге, 
тиімді мұғалімдерді айыра білуге, біліктілігін арттырып отыруға және сәтті практиканы айыру мен 
таратуға  көмектесуге  ынталандыруы  мүмкін.  Алайда,  мұғалімдерді  аттестаттаудың  бірыңғай 
процесінде  есептілік  пен  дамушы  функциялар  үйлесімі  бірқатар  проблемалар  туындатады. 
Есептілік  функциясы  жиі  басым  болады,  себебі  егер  ол  күрделі  салдарларға  әкелетін  болса 
мұғалімдер өз практикасының кемшіліктерін көрсеткісі келмейді. Бұдан басқа, аттестаттау процесі 
біліктілікті  арттыру  мүмкіндіктерімен  тікелей  байланысты  емес  және  нәтижесінде,  сенімсіздікке 
немесе  бейжайлыққа  әкелетін  маңызы  жоқ  сабақтар  ретінде  қабылдануы  мүмкін.  Оқытудың 
кәсіптік  стандарттарының  болмауы  мектептерде  мұғалімдерді  бағалаудың  ішкі  процестерінің 
біркелкілігін  және  жүйенің  мұндай  процестердің  сапасына  кепілдік  беру  қабілетін  қиындатуы 
мүмкін. 
Мектептерді аттестаттаудың тұрақты циклі бар есептілікк нақты бейімділік бар. Мектептерді 
аттестаттау  тәсілінің  кейбір  аспектілері  жақсы  әзірленген,  мысалы,  аттестаттаудың  құрылымдық 
тәсілі бар және ол жағдайды ауқымды қарайды (сыныптағы бақылауларды қоса алғанда). Алайда, 
одан әрі жетілдіру мүмкіндіктері бар, себебі аттестаттаудың дамып келе жатқан функциясы тиісті 
назарсыз  қалуда.  Мектептерді  сыртқы  бағалау  негізінен  құқықтық  талаптардың  қалай 
орындалғанын немесе білім беру стандарттарындағы талаптардың қалай орындалғанын тексерді. 
Мектептерді  жақсарту  стратегияларына  және  алғашқы  аттестаттаудан  өтпеген  мектептердің 
қосымша  іс-шараларына  жеткілікті  көңіл  бөлінбеген.  Оған  қоса,  мектептерді  өз  бетінше  бағалау 
мектептерді  жақсартудың  негізгі  құралы  ретінде  қаралмайды,  оның  мектеп  жүйесіне  енгізілуі 
дамудың ерте кезеңдерінде қалуда.  
Сондай-ақ  Қазақстандағы  проблемалық  жағдай  жекелеген  мұғалімдердің,  мектептердің, 
аудандар  мен  өңірлердің  қызметін  бағалау  және  салыстыру  үшін  «шикі»  деректерді  (ҰБТ 
нәтижелері,  олимпиадалардағы  және  басқа  жарыстардағы  орындар)  пайдалану  болып  табылады. 
ҰБТ  нәтижелері  немесе  олимпиадалардағы  жүлделі  орындар  белгілі  бір  мұғалімнің  оқытудағы 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау