Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет49/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   100

3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Мектептерді қаржыландырудың жаңа үлгісі әрі қарай дамытуды қажет етеді  
Басқару жүйесі 
Қаржыландырудың  жаңа  жүйесі  мектептерді  қаржыландырудың  бөлшекті  қайта 
орталықтандырылуын  қарастырады,  өйткені  білім  беруге  (білім  беру  үдерісіне  нақты  ақша 
құралдары)  жұмсалатын  шығынның  үлкен  бөлігі  орталық  деңгейде  анықталатын  болады,  және 
мектептерге құралдар Министрлікпен формула негізінде аударылатын болады.  Жергілікті атқару 
органдарында  жергілікті  қажеттіліктерге  сәйкес  құралдарды  бөлуде  түзету  үшін  мүмкіндік  аз 
болады.  Дегенмен  формула  негізінде  мектептердің  теориялық  қажеттіліктері  мен  нақты 
қажеттіліктері  арасындағы  айырмашылықты  есептеуге  арналған  механизм  жоқ.  Мәліметтер 
сапасы күмән келтіруі мүмкін Қазақстан контекстінде (5-тарауды қараңыз), мәліметтер негізіндегі 
тәсілді  қолдану,  мысалы,  мектептер  жұмыс  істейтін  әртүрлі  жағдайды  есепке  ала  отырып 
мүмкіндігі  шектеулі  түзетумен,  формула,  үлкен  қиындықтар  тудыруы  мүмкін.    Басқа  елдерде, 
мысалы,  Литвада,  гранттар  жергілікті  атқару  органдарына  аударылады,  олар  гранттың  шектеулі 
сомасын  (5%  дейін)  жекелеген  мектептер  арасында  қайта  бөлуге  құқылы  (3.А2  Қосымшасын 
қараңыз).  Бұл  үдеріс  формулаға  қажетті  мөлшерді  ұлғайтпай  кейбір  дәрежедегі  икемділікті 
ұсынады. 
Формула  дарынды  балаларға  арналған  мектептерге,  НЗМ  қоса  алғанда,  және  аз  жинақты 
мектептерге  қолданылмайды.  Осы  түрлер  бойынша  қымбат  мектептерді  қаржыландыру 
механизмы  әлі  анықталған  жоқ.  Осылайша,  дарынды  балаларға  арналған  және  аз  жинақты 
мектептер әрі қарай да қазіргі үлгі бойынша қаржыландырыла беру қаупі бар. Осымен қатар, елде 
НЗМ саны көп емес, ал жалпы білім беретін ұйымдардың жартысына жуығы шағын жинақталған 
мектептер  болып  табылады,  қазіргі  қаржыландырумен  оларды  қамту  өте  қиын,  өйткені,  бұл, 
жүйенің  тиімсіздігі  мен  әділетсіздікті  арттырады.  Сонымен  қатар,  қаржыландырудың  бірнеше 
механизмі басқаруға шығынды көбейтеді және қоғам алдындағы есеп беруге зиян келтіруі мүмкін.  
Егер  мектеп  бюджетінің  білім  беру  үдерісіне  жауап  беретін  бөлігі  үшін  бөлу  кестесі  ұлттық 
деңгейде  шағын  жинақталған  мектептерді  қоспай  жүзеге  асса,  онда  болашақта  мектептерді 
қаржыландыруды сәйкестендіру өте қиын болады.  
Үлгі құрылымы 
Мектептер  үшін  қаржыландыруды  бөлудің  типтік  формуласына  қарағанда,  Қазақстанда 
ұсынылатын үлгіде, жан басылық қаржыландырудың жеке сомасы қолданылуы қажетті оқушылар 
санаты  айқын  анықталмаған.  Онда  тек  оқушылар  (мысалы,  оқитын  сыныбы)  мен  мұғалімдердің  
(мысалы,  мектептің  орналасуы  бойынша  еңбек  ақыға  үстеме  ақы)  сипаты  ғана  беріледі, 
3.А1 Қосымшасын  қараңыз.  Осылайша,  оны  нақты  жан  басылық  формула  деп  айтуға  болмайды. 
Оның орнына ол сыныптар саны (оқушылар санының және болжанатын сынып өлшемі негізінде 
анықталатын) арқылы және әртүрлі міндетті үстемақылармен байланысты индекстардың көп саны 
мұғалімдердің еңбекақысын реттейтін коэффициенттердің қиын жиынтығын анықтайды.  
Формула тым қиын. Индекстер мен жағдайлар санының көптігі, формуланың әр мектеп үшін 
айрықшалықты  болатынын  көрсетеді,  бұл  оның  қолданылуын  қиындатады,  қымбаттатады  және 
айқындылығы  мәселелеріне  әкелуі  мүмкін.  Есептің  негізін  қалаушы  қағидаттан  шыға  отырып, 
формула  200-ден  астам  стандарттан
4
  тұратыны  туралы  қорытындыға  келуге  болады.  Бірақ,  бір 
оқушыға  (әртүрлі  өңірлер  мен  мектептер  үшін)  құралдарды  бөлу  формуласын  есептеген  кезде 
әртүрлі  мағыналар  қолданылады,  формуланың  өзі  жеке  берілген  стандарттарды  есептемейді. 
Стандарттардың  көп  санының  болуы,  формуланың  қымбат  болатынын,  сонымен  қатар 
тұрақтылығының кем болатындығын көрсетеді. Әр стандарт бойынша бағалық индекстарды ұстау 
өте  қымбатқа  түседі.  Сонымен  қатар,  жаңа  ережелер  мен  классификациялардың  енгізілуі 
формуланың қатты қайта құрылымдануын қажет етуі мүмкін. Сонымен қатар мектептерді жалпы 
қаржыландырудың көлемін болжау қиындап барады, өйткені кез-келген түзету қаржыландырудың 
бастапқы  көлемінен  жағымсыз  ауытқуға  әкелуі  мүмкін.  Тым  қиын  формула  да  қаржыландыру 
үдерісінің  айқындығын  және  мүдделі  барлық  тараптардың  ресурстардың  қалай  бөлінетіндігін 
түсінуін төмендетеді.  


3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Стандарттар  санының  көп  болуына  қарамастан,  формула  сыныптардың  нақты  өлшемдерін 
жеткілікті дәрежеде көрсете алмайды, олар Қазақстанда қатты өзгешеленеді және қызмет көрсету 
бағасына қатты әсерін тигізеді. Сыныптардың тек екі ғана нормативтік өлшемдері белгіленді: ауыл 
мектептері  үшін  20  және  қала  мектептері  үшін  24.  Бұдан  өзгеше,  құралдарды  бөлудің  литвалық 
формуласында  сыныптардың  өлшемінің  екі  есе  көп  нормативі  қолданылады  (10,  15,  20,  25),  ал 
Литва  сондай  үлкен  емес  және  көбіне  біртекті.  Сонымен  қатар,  ауылдық  мектептердегі 
сыныптардың  нормативтік  өлшемі  (сыныпта  20  оқушы)  өте  үлкен,  және  олардың  кейбіреуіне 
жеткіліксіз ресурстар саны бөлінуі мүмкін.  
Сұрақ  тудыратын  тағы  бір  ауыспалылық  –  сыныптың  максималды  өлшемінен  асып  кеткен 
кезде  бөлінетін  құралдардың  қысқаруы.  Бұл  қысқарту  қиын  қолданылады,  және  шағын  ұстап 
тұратын  әсері  бар.  Бұл  қысқартуды  қолдану  үшін  Министрлікке  елдегі  барлық  мектептер  мен 
барлық  сыныптардағы  оқушылар  саны  туралы  нақты  әрі  шынайы  мәлімет  қажет.  Бұндай 
мәліметтерді  жинау  мен  тексеру  өте  қиын  жұмыс  болады.  Ұстап  тұратын  әсер  беру  үшін 
қысқартудың өзі үлкен емес сияқты (сыныпта оқушы 40-тан асқан кезде қысқарту 6% көп емес). 
Шын  мәнінде,  сыныптардың  шамадан  тыс  өлшеміне  қарсы  қолданылатын  қатаң  тәсілдерді 
қарастыруға  болады,  мысалы,  белгіленген  шекті  мәннен  асқан  оқушыларға  құрал  бөлмеу.  Бұл 
құрамдасты формуладан алып тастау, және сыныптар тым үлкен болмауын қамтамасыз ету үшін 
мектептерге инспекция мен аттестация қолдану ең қарапайым әрі тиімді тәсіл болар еді.  
Жүзеге асыру  
Жаңа  үлгідегі  қаржыландыруды  жүзеге  асыру  мерзімі  бастапқы  кезде,  еш  күмәнсіз,  тым 
қысқа.  Басқарудың  жаңа  үдерісі  мен  қаржыландырудың  жаңа  механизмінің  әсерін  бағалау  мен 
бақылау үшін пилоттық жүзеге асыру мерзімі де тым қысқа. Оған қоса, нәтижесін ұлттық деңгейде 
экстраполяциялау  үшін  пилоттық  жобаға  таңдап  алынған  мектеп  тым  аз.  Сонымен  қатар, 
пилоттық  жүзеге  асыру  мерзімі  кең  ауқымды  түрде  жүзеге  асырудың  алдында  ғана  аяқталады. 
Нәтижелерді егжей-тегжейлі зерделеп және формуланы әрі қарай жетілдіру үшін уақыт жетіспеуі 
мүмкін. Қаржыландырудың жаңа үлгісі тағы да бюджетаралық трансферт жүйесіндегі өзгерістерді 
қажет етеді, және бұл,  республикалық, облыстық және жергілікті бюджетке әсерін тигізеді, олар 
пилоттық жүзеге асыру аяқталғанша талқыланады.  
Қаржыландырудың  жаңа  жүйесінің  егжей-тегжейлі  талдауы  жүргізілген  жоқ.  Бөлудің  жаңа 
механизмінің  әсерін  анықтау  бойынша  ел  деңгейінде  имитациялық  тәжірибелер  өткізілген  жоқ 
немесе  тіпті  жоспарланған  да  емес.  Бұндай  имитациялық  тәжірибелер  оларды  жүзеге  асырудың 
мектеп  бюджетіне,  жергілікті  бюджетке,  облыстық  бюджетке  және  республикалық  бюджетке  
әлеуетті  әсері  туралы  ақпарат  бере  алар  еді,  сонымен  бірге  мәліметтердің  барын,  нақтылығын 
және  сенімділігін  қамти  отырып  қосқандағы  нақты  есептеулерге  бөлулерді  дайындау.  Бұндай 
имитациялық  тәжірибелер,  жеке  алғанда,  қаржыландырудың  жаңа  тәсілінен    ұтатын  (өткен 
шығындарға  қарағанда  қаржыландыруды  көбірек  алар  еді)  немесе  ұтылатын  мектептер  мен 
аудандарды  анықтауға  мүмкіндік  алар  еді.  Бұл  өз  кезегінде  еш  зиянсыз  және  шағымсыз  өту 
қажеттілігін бағалау және барлық мүдделі тараптарды алдағы өзгерістерге дайындар еді. Кездесу 
кезінде  эксперттер  қаржыландырудың  жаңа  тәсілінен  ұтатын  немесе  ұтылатын  мектептерді 
үлгілеуге аз көңіл бөлінетіні, себебі білім беруге номиналды шығын ұлғаятыны туралы пікірлерді 
естіді. Барлық мектептер тым болмағанда, осы номиналды соманы алса да, кейбір мектептер нақты 
немесе  салыстармалы  түрде  тиімсіз  жағдайда  қалулары  мүмкін.  Мектептер  мен  аудандар 
бейімделіп үлгеруі үшін әдетте қорғаныс механизмі қолданылады (яғни зиянды қалпына келтіру 
туралы жағдай).  
Сонымен қатар, қаржыландырудың жаңа тәсілі туралы нақты ақпарат ұсыну бойынша мектеп 
директорларының  тырысуларына  қарамастан,  бір  жағынан  алып  қарағанда,  олардың  мектептері 
үшін нәтижесі түсінікті емес. Бұл, реформаны нақты жүзеге асыруға жауапты адамдардың, өздері 
жақын болашақта кездесетін қағидаттар мен тәжірибелік аспекттерді жете түсінбейтінін көрсетті. 
Осы жағдайда формуланы енгізумен байланысты қауіптер елеулі болып табылады.  


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау