Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет48/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   100

3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
ерекше балалар санын азайтуға немесе олар алатын білім сапасын жақсартуға қатысты шаралар аз 
қолданылады.  
Анаұрлым нәтижелі оқушыларға шамадан тыс көңіл бөлу  
Қазақстанның  білім  беру  жүйесінде  балаларды  академиялық  олимпиадаларға  қатысу  үшін 
дайындау көп көңіл бөлінеді, және жоғары басымдылық «дарынды балаларға» беріледі, осы кезде 
орташа  немесе  нашар  үлгерімді  балалар  дәл  сондай  ілтипатқа  ие  бола  алмайды.  2013-2015 
жылдарда білім берудің республикалық бюджетінің шамамен 17% дарынды балалардың оқуы мен 
біліміне,  олимпиадаларды  ұйымдастыруға,  «Назарбаев  зияткерлік  мектептері»  (НЗМ) 
қаржыландыруға  бағытталған.  Оқушылардың  олимпиадалардағы  табыстары  мектептің 
мақтанышы мен қанағатына айналады; жүлделі орындар алған оқушылардың суреттері дәліздерге 
ілініп, ал мұғалімдерге сыйақылар беріледі және мансаптық өсуде мүмкіндіктер туады.   
НЗМ мектептерінің аздаған желісі қарапайым мектептерге қарағанда едәуір жоғары деңгейде 
қаржыландырылады.  Егер  Қазақстанның  барлық  мектептері  НЗМ  деңгейінде  ресурстар  алатын 
болса,  онда  қазіргі  білім  берудің  жалпы  бюджеті  300%  аса  өсер  еді.  Бұндай  әділетсіздік  жүйеде 
ресурстардық  жалпы  бөлінуіне  аз  әсер  етсе  де,  ол  НЗМ  мектептерін  инновациялық  зертхана 
ретінде  негізделуін  шектейді,  өйткені  бұл  мектептердің  жағдайы  басқа  мектерге  қарағанда 
анағұрлым  жақсы.  Жеке  алғанда,  НЗМ  мектептерінің  қазіргі  саны  барлық  білім  беру  жүйесі 
бойынша  масштабты  әсерді  қамтамасыз  ету  үшін  жеткіліксіз,  ал  НЗМ  мектептерінің  нақты 
болашағы, олардың санын қоса, әлі қабылданған жоқ.   
НЗМ мектептері немесе дарынды балаларды оқытуға бағытталған басқа да ұқсас мектептер, 
балалар  үшін  олардың  отбасы  табысы  деңгейі  бойынша  тікелей  дискриминация  тудырмайды, 
экономикалық  нашар  оқушыларда,бәлкім,  осы  мектептерге  оқуға  түсу  үшін  қосымша  сабақтарға 
баруға  мүмкіндіктері  аз  шығар.  НЗМ  мектептері  немесе  жоғары  оқу  орындарына  түсу  үшін 
міндетті  болып  табылатын  пәндер  бойынша  қосымша  сабақтармен  байланысты  жылдық  шығын 
әжептәуір жоғары. Мысалы, Астана қаласында, бір қосымша білім беру ұйымы ұсынатын әр курс, 
айына  5000  теңге  немесе  жылына  шамамен  50 000  теңге  тұрады.  НЗМ  мектептерінің  2-6 
сыныптарына  түскісі  келетін  балалар,  математика,  қазақ  тілі,  орыс  және  ағылшын  тілдері 
бойынша  тестілеуден  өтеді;  бұл  ұйым  тек  қазақ  тілі  бойынша  сабақтарды  ғана  тегін  ұсынады. 
Сонымен  қатар,  НЗМ  мектептерінің  7-11  сыныптарына  түскісі  келетін  балалар,  олардың  оқу 
бағытымен  байланысты  ғылыми  пәндер  бойынша  тестілеуден  өтеді;  физика  бойынша  сабақ  та 
айына  5000  теңге  тұрады.  Осылайша.  Осы  қосымша  сабақтардың  жалпы  құны  жылына  200 000 
теңгеге  дейін  жетуі  мүмкін  (шамамен  1  100  АҚШ  доллары)  –  халықтың  жан  басына  шаққанда 
шамамен 10% ЖІӨ (АТО, 2014); бұл шығындар жоғары оқу орындарына беруге ниетті балалардың 
үлкен үлесімен төленеді (ҰБСБО, 2012). 
Ең  нәтижелі  балаларға  деген  қазақстандық  тәсіл  елдің  көлемі  тұрғысынан  алғанда  ерекше 
алаңдаушылық  туғызады,  және  ол  күтілген  нәтижені  бермейді.  Халық  санының  біршама  көп 
еместігімен,  альтернативтік  шығындар  өте  жоғары.  Адами  капиталдың  жеткіліксіз  дамуы 
өнімділіктің өсуіне кедергі келтіреді және ресурстарды тиімді және толық пайдалануды шектейді 
(Хекман,  2011).  Бағалаудың  халықаралық  бағдарламалары  бірыңғай  жоғары  нәтижелі  оқушылар 
санын көрсетпейді, бірақ басқа елдердегі өз құрдастарынан қалып қойған оқушылардың көп санын 
көрсетеді. Мысалы, 2010 жылы Қазақстан халыаралық ғылыми жарыстарда мектеп жасындағы 881 
жеңімпазды дайындағанымен (ЭЫДҰ, 2014b), 15 жас шамасындағы оқушылардың тек 0,2% 2012 
жылы  жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  PISA  бағалауының  жоғарғы  екі  деңгейінде 
нәтижелерге  жетті  (ЭЫДҰ  орташа  көрсеткішімен  салыстырғанда  8,4%).  Қазақстандық 
оқушылардың  42%  PISA  2012-де    жаратылыстану  ғылымдары  бойынша  негізгі  деңгейден  төмен 
балл алды (ЭЫДҰ орташа көрсеткішімен салыстырғанда 18%) (ЭЫДҰ, 2014d).  


3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
3.2-
сурет. 2003 және 2012 жылдары PISA-да орташа баллдың және ең жоғары және ең төмен нәтижелі 
оқушылар үлесінің өзгеруі 
 
Ескерту: шарлардың өлшемі  орташа баллдағы өзгерістерге сәйкес келеді. Көлбеу сызық төмен баллды оқушылардың 
азаюына  (яғни,  оң  өзгеріс  төмен  баллды  оқушылар  үлесінің  азайғанын  көрсетеді)  және  тік  сызық  жоғары  баллды 
оқушылардың өскеніне қатысты (яғни, оң өзгеріс жоғары баллды оқушылар үлесінің өскенін көрсетеді). 
Дереккөз:  ЭЫДҰ  (2014b),  PISA  2012  нәтижелері:  оқушылар  не  біледі  және  жасай  алады  (I  том,  қайта  қарастырылған 
редакция,  2014  ж.  ақпан):  Оқушылардың  математика,  оқу  және  ғылымдар  бойынша  нәтижелері,  PISA,  ЭЫДҰPublishing, 
Париж, 
http://dx.doi.org/10.1787/9789264208780-en.Data
 
Ең  жоғары  және  ең  төмен  нәтижелердің  жақсартылуы  бір  мезгілде  жүретінін,  бірақ  төмен 
нәтижелердің  қысқаруы  білім  беру  жүйесінің  жалпы  жақсаруына  әкелетінін  PISA  мәліметтері 
көрсетті. PISA зерттеулеріне 2003 және 2012 жылдары 39 ел қатысты,   ЭЫДҰ-на қарайтын және  
ЭЫДҰ-на  кірмейтін,  бағалаудың  басты  бағыты  математика  болды.  Таңдау  өлшеміндегі 
айырмашылықты  және  оқушылардың  әлеуметтік-экономикалық  құрылымындағы  түзетумен  ең 
жоғары  орташа  нәтижеге  ие  болған  елдердің  ондығына  кірді:  Бразилия  (35  балл),  Тунис  (29), 
Мексика (28), Польша (27), Түркия (25), Португалия (21), Италия (20), Индонезия (15), Ресей (14) 
және Корея (12) (ЭЫДҰ, 2014d) (3.3 суретін қараңыз). Орташа нәтижесі ең жақсы жақсартылған 
он  елдің  сегізі  төмен  нәтижесі  ең  көп  қысқарған  он  елдің  қатарына  енді.  Осы  елдердің  тек 
жартысы  орташа  нәтижесі  ең  жақсы  жақсартылған  елдердің  ондығына  кірді,  бірақ  барлығы  да 
осындай  жиырма  елдің  қатарына  енді.  Ең  төмен  баллды  оқушыларының  көрсеткіштерін 
жақсартып, бұл елдер ең жоғары және ең төмен нәтижелі оқушылар арасындағы айырмашылықты 
азайтты  және  кей  жағдайда  сонымен  бірге  әділеттілікті  жоғарылатты,  өйткені  төмен  нәтижелі 
көптеген оқушылар нашар санатқа жатады.  


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау