1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
(14), тәжік тілі болды (2) (АТО , 2014). Шамамен 2 113 мектепте оқыту бір тілден артық тілде
жүргізіледі.
Көші-қонның таза деңгейі (эмигранттар мен иммигранттар арасындағы айырмашылық) 2008-
2012 жылдар кезеңінде 6 990 адамды құрады. Иммигранттар мен эмигранттар құрылымында
айтарлықтай айырмашылық бар. Жоғарғы білім бар эмигранттар саны (5 829) иммигрантарға
қарағанда екі еседей көп (3 096) (АТО, 2014), бұл «білімді адамдардың кетуі» әлеуеттік
проблемасын көрсетеді. Шетелдік азаматтар халықтың 0,4% -ын ғана құрайды. Балалар еңбегіне
жол бермеу мақсатында, 2012 жылы Қазақстан маусымдық мигранттарды қоса алғанда, еңбек
мигранттарының балаларына да Қазақстан балалары сияқты оқу орындарына бару құқығын берді
(Антонович, 2013).
Экономикалық өсу және теңсіздік
Қазақстан соңғы онжылдықта айтарлықтай экономикалық өсуге қол жеткізді.
2000 жылдардағы тез өсу 2008 жылғы әлемдік дағдарыс басталған кезде шұғыл төмендеп кетті,
алайда, 2009 жылдың соңына қарай өсу қалпына келді. 2010 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсуі 7%-ды
құрады, осы ретте инфляция деңгейі тұрақты болып қалды. 2011жылы жан басына шаққандағы
ЖІӨ 11 358 АҚШ долларын құрады, ол соңғы он жыл ішінде екі есе өсті, сондықтан Қазақстан
табыс деңгейі орташа деңгейден жоғары елдерге жатады. Солай бола тұра, 1991 жылы Кеңес
Одағынан бөлінумен және нарықтық экономикаға көшумен байланысты қиындықтар білім беру
секторына ерекше қатты соққы берді. Шұғыл өзгерістер шамамен 3 668 жуық мектепке дейінгі
ұйым мен 590 мектептің жабылуын және мұғалімдердің еңбекақысының қатты қысқаруын
қамтыды (АДБ, 2004). 1.2-сурет 1993 және 2013 жылдар арасындағы мемлекеттік тұтынушылық
шығындарды және халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өсуін көрсетеді.
Қазақстандағы экономикалық қызмет және инвестициялар кен өндіру салалары айналасында
шоғырланған (мұнайгаз, кен өндіру саласы), ал экономикалық өсу әлемдік баға мен өндірістің
өсуімен күшейе түседі. Кен өндіру салаларына Қазақстан экспортының 65%-ы және 2009 жылғы
тікелей шетелдік инвестициялар ағымының 70%-ы келеді (ЭЫДҰ, 2012). Халықаралық валюта
қоры (ХВҚ) жуырда елде «голланд ауруы» болуын көрсететін индикаторларды анықтады (табиғи
ресурстардың экономикалық өсуінің артуы және өңдеу өнекәсібі немесе ауыл шаруашылығындағы
өндіріс көлемдерінің төмендеуі арасындағы елеулі байланыс) (ХВҚ, 2013). Көлік,
фармацевтикалық, телекоммуникациялық, мұнай-химиялық және тамақ салаларын дамыту
жолымен экономиканы әртараптандыру бойынша күш салуға қарамастан, бұл салалардың
өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі аз болып қалуда. Мұнай және басқа кен өндіру салаларына
артық тәуелділік мемлекеттік шығыстардың өндіріс шоктары мен әлемдік бағаларға қатты
ұшырайтынын білдіреді. Бұл 2014 жылы мұнай бағасының төмендеуінен байқалды. Қолда бар
бағалауға сәйкес, мұнай табыстарының салықтары 2006 жылы мемлекеттік кірістердің 37%-ын
құрады (Дали, 2008).
Табыстарды жеке және географиялық бөлуде үлкен айырмашылық сақталады. Джини
коэффиценті, 0-ден (мінсіз теңдік) 1-ге дейінгі (ең жоғары теңсіздік) шекте болатын, қоғамдағы
кірістердің теңсіздігі деңгейін өлшейтін көрсеткіш, соңғы он жыл ішінде 2001 жылғы 0,34-тен
2012 жылғы 0,28-ге дейін тұрақты жақсарып келген (АТО, 2014). Кедейлік шегінен төмен тұратын
халықтың үлесі 2012 жылы 3,8%-ға дейін төмендеді (АТО, 2014). Ауыл және қала халқы
арасындағы айырмашылық бұрынғыдай үлкен. Мысалы, қалаларға қарағанда, ауылды жерде
күніне 2,3 АҚШ долларына тең кедейлік шегінен төмен адамдар екі есе көп тұрады (Дүниежүзілік
банк, 2012). Қазақстан халқының денсаулығы мен әл-ауқатының индикаторлары адам дамуы
саласында айтарлықтай қиындықтар бар екенін көрсетеді. Табыс деңгейі ұқсас елдермен
салыстырғанда, өмір сүрудің орташа ұзақтығы төмен болып қалуда және соңғы он жыл ішіндегі
жақсаруға қарамастан, ана, нәресте және балалар (бес жасқа дейінгі) өлімі деңгейі бұрынғысынша
жоғары болып қалуда (ЭЫДҰ, 2014 ж).
Еңбек нарығы әйелдер қатысуының жоғары үлесімен, білікті кадрлармен және
жұмыссыздықтың төмен деңгейімен сипатталады. 2011 жылы 15 жастан жоғары адамдардың
жұмыспен қамтылу деңгейі 72%-ды құрады, бұл үлес 2000 жылдан бастап едәуір тұрақты болып
1. ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
қалды. Халықтың еңбеккеЯ қабілетті ер азаматтарының үлесі 77% (ЭЫДҰ бойынша орта есеппен
79%), ал әйелдердің үлесі – 67% (ЭЫДҰ бойынша орта есеппен 62%) құрайды (ЭЫДҰ, 2014а).
2010 жылы 25 жастағы және одан үлкен ересек халықтың төрттен бір бөлігігіне жуығының жоғары
білімі болды (АТО, 2014). Жұмыссыздық деңгейі 2000 жылғы 12,8%-дан 2012 жылғы 5,3%-ға
дейін төмендеді (АТО, 2014). 2011 жылы жұмыс істейтін халықтың көп бөлігі қызмет көрсету
саласында (55%), шамамен бестен бір бөлігі - өнеркәсіп секторында, 27%-ы ауыл
шаруашылығында жұмыс істеді, алайда, соңғысы ЖІӨ-нің 5%-ын ғана құрайды (Дүниежүзілік
банк, 2012). Қолда бар бағалауға сәйкес формалды емес экономика 2007жылы ЖІӨ-нің 38%-ын
құрады (Шнайдер және басқалары, 2010).
1.2-
сурет Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің динамикасы және мемелекеттік тұтынушылық
шығындар
Ескертулер: Соңғы тұтынуға арналған жалпы мелекеттік шығыстар (бұрын жалпы мемлекеттік тұтыну деп аталатын)
тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған барлық ағымдағы мемлекеттік шығыстарды (қызметкерлердің
еңбекақысын қоса алғанда) қамтиды. Олар, сондай-ақ, елдің қауіпсіздігі мен қорғанысына арналған шығыстардың көбін
қамтиды, бірақ мемлекеттік капиталдың бір бөлігі болып табылатын мемлекеттік әскери шығыстарды қамтымайды.
Дереккөз: Дүниежүзілік банк статистикасы (2014), Дүниежүзілік банктің ұлттық есепшотының деректері, Дүниежүзілік банк
деректерінің веб-сайты,
http://data.worldbank.org/indicator/NY.GDP.PCAP.CD
; UNDATA (2014), ЮНЕСКО Статистика
институтының веб-сайты,
https://data.un.org/Data.aspx?q=public+expenditure+per+capita+percentage+GDP&d=UNESCO&f=series%3aXUNIT_GDPCAP_F
SGOV
Ел әлімдік қоғамдастық өміріне белсенді қатысады және негізгі халықаралық ұйымдар мен
донорлардың барлығы Қазақстанда бар. Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі және Халықаралық
валюта қоры 1990 жылдардағы дамыту мақсаттары үшін Қазақстанға едәуір қарыз берген
халықаралық үкіметтік ұйымдар санына кіреді. 2000 жылдардың басында Қазақстан қарыздарды
төледі және бар болғаны бір онжылдық ішінде донорларды қолдаудан бас тартқан аздаған
елдердің бірі болып, халықаралық нарықтардан қарыз алуды жүзеге асыра алды. Азия даму банкі
және ЮНИСЕФ білім беру саласын қолдауға ерекше қатысты (АДБ, 2004 және ЮНИСЕФ, 2010).
Үкімет елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі бойынша жұмыс істеуде және дамыған
елдердің деңгейіне сәйкес келетін мемлекеттік саясат әзірлеу бойынша ЭЫДҰ-мен бұрынғыдан да
Достарыңызбен бөлісу: |