Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет11/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   100

ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
жүйелі  болуы  тиіс.  Осы  рәсімнің  басты  қорытындысы  қандай  да  бір  мұғалімнің  оқытуы  туралы 
кері  байланыс  болады,  оның  негізінде  әрбір  мұғалімнің  біліктілігін  арттырудың  жеке  жоспары 
әзірленетін болады. Сондай-ақ, мектептің тиісті нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін 
ішкі  процесті  сыртқы  бағалау  қажет.  Екіншіден,  барлық  мектеп  басшыларын  аттестаттаудың 
толық рәсімінен өтуге міндеттеу қажет. Бұл бағалау жүйесіндегі нақты критерийлерді, нұсқаулар 
мен  тәртіптік  шараларды  әзірлеуді  қамтиды.  Жүйе  жақсартуға  ықпал  ету,  жетістіктерді  белгілеу 
және  үлкен  қолдауды  қажет  ететіндерді  анықтау  үшін  мектеп  басшыларын  толық  пікірлермен 
қамтамасыз етуі тиіс. Тиімділігі көбірек болу үшін жүйе мектеп нәтижелілігіне ғана негізделмей, 
тұтас болуы тиіс. Сондай-ақ, мұғалімдерге біліктілігін арттыру мүмкіндігі туралы ақпарат берудің 
толық процесін енгізу қажет.  
Мектепті  бағалау  мектептерді  тұрақты  жақсарту  үшін  негізгі  иінтірек  болуы  тиіс.  Сыртқы 
бағалау  процестері  мектепті  дамытуға  күшейтілуі  және  ережелерді  сақтаудың  қазіргі  моделінен 
кетуі  тиіс.  Бұл  мектеп  аттестаттауын  ек  бөлек  процеске  бөлуді  қамтуы  мүмкін:  (I)  мектептегі 
оқыту  және  үйрету  процестеріне  негізделетін  сыртқы  бағалау;  және (II)  мектептің  ережелерді, 
оның  ішінде  қаржылық  ережелерді  сақтауын  бағалау  үшін  аудит  процесі.  Оқыту  және  үйрету 
процестеріне  бағытталған  сыртқы  бағалау  әрбір  мектепке  ашық,  ұлттық  еңгейд  келісілген 
критерийлер негізінде жақсарту бойынша консультациялар ұсынуды қамтитын болады. Комиссия 
мүшелерінің  санын  азайту,  бағалау  туралы  есептердің  мазмұны  мен  құрылымын  жеңілдету, 
құжатайналымды төмендету және өзін-өзі жетілдіру процесінде мектептердің өзін-өзі аттестаттау 
мүмкіндігін  қамтамасыз  ету  кезінде  сыртқы  бағалауды  ұйымдастыру  процестері  Қазақстандағы 
осы жағдаймен салыстырғанда анағұрлым тиімдірек болуы мүмкін. Озық тәжірибені анықтау мен 
тарату  және  мектептердің  өзін-өзі  аттестаттау  процесін  күшейту  –  бұл  Қазақстанды  ЭЫДҰ 
елдерінде қолданылатын практикаға жақындату үшін қайта қаралуы тиіс екі қосымша сала. 
Мектептер  туралы  мәнмәтіндік  ақпарат  әзірлеу  және  оқушылардың  нәтижелерімен  бірге 
барлық  жерде  жариялау  қажет.  ҰБТ  нәтижелерін  айырмашылықтарды,  мысалы,  әлеуметтік-
экономикалық  ережені  есепке  ла  отырып  шығару  ұсынылды.  Бұдан  басқа,  алғашында  ҰБТ 
жоғарғы  оқу  орнына  түсу  үшін  негізгі  емтихан  ретінде  мектептерді  бағалау  үшін  жасалмағанын 
растау қажет, себебі оқушылар ЖОО түскісі келгенде тестіні ерікті түрде тапсырады. Сондықтан, 
мұндай  тестілер  әрбір  мектептің  оқушылардың  білім  сапасын  дамытуға  қосатын  үлесін  шын 
мәнінде бағалай алады ма екені түсініксіз, бұл мектептер деңгейінде нәтижелерді жариялау туралы 
көптеге сұрақтар туғызады.   
Ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалану үшін ынталандыру енгізу  
Міндетті  нормалардың  қазіргі  жүйесінн  тиімділікті  көтермелейтін  ынталандыру  жүйесіне 
көшу күрделі процесс болып табылады. Дегенмен, құқықтық  нормаларға бағыну менталитетінен 
проблемаларды  креативті  шешу  мен  шешімдерді  қабылдаудағы  үлкен  дербестікті  көтермелеуге 
біртіндеп  көшу  қажет.  Нормалар  жүйесінің  біртіндеп  әлсіреуі  барлық  деңгейдегі  білім  беру 
басшыларын жергілікті жағдайларды ескере отырып, анағұрлым өзекті проблемаларды шешу үшін 
ресурстарды  пайдалануда  қолдауы  мүмкін.  Қысқа  мерзімді  келешекте  бұл  әрбір  мектептің  жеке 
басымдықтарына  сәйкес  пайдаланылатын  нақты  еркін  қолданылатын  бюджет  бөлу  арқылы 
көтермеленуі  мүмкін.  Алдыңғы  жылдары  үнемделген  кез  келген  қаражат  осы  еркін  бюджетке 
салым  ретінде  ауыстырылуы  мүмкін.  Ресурстарды  пайдалануда  көбірек  тиімділікті  көтермелеуді 
қамтамасыз  ететін  және  бюджетті  ұстаушыларға  олардың  нәтижелері  үшін  жауапкершілік 
жүктейтін нәтижелілікке негізделген бюджетті іске асыруда одан әрі күш қажет. 
Ақпаратты мониторингілеу мен жинау тетіктерін дамыту   
Мониторингтің  сыртқы  және  тәуелсіз  жүйелерін  дамыту  Қазақстанның  білім  беру 
секторындағы мониторингтің ағымдағы жағайын күшейтуге мүмкіндік береді. Осындай жүйелер 
енгізілгеннен  кейін  мектеп  ресурстарын  пайдалану  көрсеткіштерін  салыстырмалы  талдау  және 
мониторингілеу  ұлттық  органдарға  білім  беру  жүйесін  тез  бағалауға  мүмкіндік  береді,  бұл 
саясатты  жоспарлау  мен  жүзеге  асыруды  жақсартуға  әкеледі.  Сыртқы  және  тәуелсіз  органдар 
қазіргі мониторинг жүйелерімен генерацияланатын деректерді талдауды жақсартады.   


ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР 
 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
Сондай-ақ,  деректерді  жинау  жүйесі  мен  әдістерін  жақсарту  қажет.  Атап  айтқанда,  Білім 
беруді басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (Unified Education Management Information System) 
білім  беру  секторын  басқару  үшін  шешімдер  қабылдайтын  тұлғаларға  ресурстарды  бөлу  туралы 
шешімдерді  негіздеу  үшін  мектеп  деңгейінде  терең  талдау  жүргізуге  мүмкіндік  беруі  тиіс. 
Деректердің сапасын қамтамасыз ету рәсімдері олардың дұрыстығы мен сенімділігін арттыру үшін 
күшейтілуі тиіс. 
Билік деңгейлері арасында қаржылық есептілік тәртібін күшейту қажет. Уәкілетті білім беру 
органдарында білім беру секторына бөлінген мемлекеттік және жеке ресурстардың жалпы сомасы 
туралы нақты түсінік болуы тиіс. Бұл ақпарат кіші деңгейлер (яғни мектепке дейінгі, жалпы орта, 
кәсіптік-техникалық  білім  және  т.б.),  шығыстардың  түрлері  бойынша  және  ақшаны  бағыттау 
орнының  толық  географиялық  белгіленуімен  жеңіл  қолжетімді болуы  тиіс.  Білім беру  жүйесінің 
барлық  деңгейлерінде  Білім  және  ғылым  министрлігінің  аналитиктері  ресурстардың  тиімді 
бөлінуін  бағалау  үшін  бір  оқушыға  арналған  шығыс  сомаларын,  сынып  көлемдерін,  үкімет 
басымдықтары  қойған  кадрлық  және  басқа  тиісті  көрсеткіштерді  салыстыру  мүмкіндігіне  ие 
болуы тиіс. 
Ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау  
Күшті талдау әлеуеті үкіметтің әзірленген саясат өзгерістерін тиімді жүзеге асыруға жағдайы 
бар  екеніне  кепілдік  береді.  Бухгалтерлік  есепке  алу,  бюджеттендіру,  мониторинг  және  бақылау 
саласындағы  талдау  әлеуетін  арттыру  арқылы  Қазақстан  шешімдер  негізделетін  ресурстарды 
пайдалану  туралы  ақпаратты  жақсы  пайдалана  алады.  Білім  беру  саласын  дамытудың  2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасындағы  (БДМБ)  қазіргі  мониторинг  жүйесі  сандық 
көрсеткіштерге  негізделсе,  әтижелілікке  қатысты  ресурстарды  пайдалану  тиімділігін  өлшеу 
жолдары  назарсыз  қалуда.  Сондай-ақ,  өңірлік  деңгейде  нәтижелілік  негізінде  мониторинг  нашар 
жүруде.  Білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейлерінде  тиісті  нәтижелерді  қадағалайтын 
бюджеттендіру процесі ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға ықпал етеді. 
Ақпаратты белсенді тарату және ашықтықты арттыру  
Қазақстан  мектептер  мен  жергілікті  органдардың  қызметі  туралы  ақпарат,  оның  ішінде 
мектеп және білім беруге бөлінген жергілікті бюджет туралы ақпарат тарату жүйесін жақсартуды 
қажет етеді. Есептерді тарату есептілік процесінде қағаз жұмысын көбейту ретінде қарастырылуы 
мүмкін  болса,  мектеп  бақылау  органдары  ата-аналар  мен  сайлаушылар  олардың  қоғамындағы 
мектептердің қалай жұмыс істейтінін және мектеп ресурстарының қалай пайдаланылатынын білуі 
үшін  бірыңғай  ұлттық  форматты  пайдалану  мүмкіндігін  қарастыруы  тиіс.  Бұл  қоғам  үшін  қол 
жетімді  тілде  мектеп  аттестаттауы  есептерінің  (немесе  олардың  бөліктерінің)  басылымына 
енгізілуі  мүмкін.  Мұндай  басылымдарға  мектеп  аттестаттауы  туралы  есепте  көрсетілген 
бұзушылықтар  үшін  жауапты  тұлғаларды  сәйкестендіру  сияқты  жеке  ақпараттың  жариялануына 
жол  бермеу  қажет.  Дәл  солай,  мектептер  ашықтықты  ұлғайта  отырып,  Интернетте  немесе 
мектептердің  ақпарат  қабырғаларында  орналастыра  отырып,  қол  жетімді  тілде  олардың  қызметі 
және қаржылық жоспарлары туралы есептерді таратуы тиіс. 
Қамқорлық  кеңестерінің  практикалық  пайдасы  олардың  мүшелерін  ресурстарды  пайдалану 
мәселелері  бойынша  даярлау  арқылы  ұлғайтылуы  мүмкін.  Қамқорлық  кеңестері  ұлттық  және 
жергілікті  билік  органдарынан  олардың  міндеттеріне қатысты көбірек  нұсқаулар  алуы  тиіс және 
қажетті біліктілік бойынша Кеңес мүшелерін таңдау кезінде ерекше назар аудару қажет. Әлеуетті 
дамыту  бойынша  күш  (I)  есептіліктің  қазіргі  ашықтығы  мен  тетіктерін  түсіну;  (II)  мектеп 
ресурстарының мониторингі; (III) жергілікті билік органдарына тәуелсіз жұмыс жүргізу; және (IV) 
ресурстарды пайдалану тиімділігі мен әділдігі мәселелерін түсіну сияқты салаларда Кеңестің білім 
деңгейін арттыруға бағытталуы тиіс.  
Проблеманы шешу және сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін қысқарту  
Ресурстарды асыра пайдалану және сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді қысқарту даму 
процесінде  басым  мақсат  болуы  тиіс.  Тұтас  тәсіл  ресурстардың  пайдаланылуын  реттейтін 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау