5.
ҚОРЛАРДЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
Осы бөлімде мектеп білімі жүйесінің барлық деңгейлерінде ресурстарды тиімді басқару
мәселелері қаралады. Бұл жерде ресурстар менеджменті, ресурстарды пайдалану мониторингі
(мысалы, аудит жүйесі, әкімгерлердің ресурстарды бағалауы), айқындылық және есептілік,
ресурстарды тиімді қолдану үшін стимулдар саласындағы әлеуетті дамытуға ерекше назар
аударылды.
Мәнмәтін және сипаттамалар
Ресурстар менеджменті үшін әлеует және ынталандырулар
Мектептер
Мектеп басшыларының кәсіби даму бойынша шараларға қатысуға кейбір мүмкіндіктері бар
(4-бөлім). Дегенмен, мектеп ресурстарын басқару үшін дағдыларға, атап айтқанда, мектеп
бюджетін басқару дағдысына септік жасалады. Дәл сол уақытта мектеп басшыларының лауазымға
тағайындалғанға дейін оқудан өтуі туралы талап жоқ. Мектеп басшыларын әдетте олардың
мұғалім лауазымында жақсы қызметі негізінде сайлайды және олар, көбінесе әкімшілік
дағдыларды басшы функцияларын орындау барысында иеленеді. Мектеп менеджменті бойынша
курстардың болуы шектелген (4-бөлім). Одан басқа, аталған курстарға қатысу міндетті болып
табылмайды және еңбекақысына не бағалауға байланысты емес.
Әдеттегідей, мектеп ішінде ресурстарды пайдалану бойынша нормативтік талаптар егжей-
тегжейлі. Кейбір жағдайларда талаптардың жақсы түсінілуін қамтамасыз ету үшін нұқсаулықтар
әзірленеді, бірақ жиі кезде олар заңнамалық нысанда қабылданады. Мысалы, «Жан басына
шаққанда нормативтік қаржыландыру тетігін енгізу туралы әдістемелік нұсқаулық» құжаты
қаржыландырудың жаңа үлгісі аясында ресурстар менеджменті мәселелерінде мектеп
директорларын хабардар ету мен бағыттауға арналған. Құжат көлемі – 72 бет. Ол жан басына
шаққанда қаржыландыруды енгізу себептерінің, оның анықтамасының, қолданылу және жүзеге
асыру саласының сипаттамасымен жеті кіріспе бетін қамтиды. Құжаттың негізгі мәтіні (47 бет)
толық нормативтік-құқықтық ережелерді қамтиды. Сондай-ақ ол мектеп мұғалімдері
қаржыландырудың жаңа жүйесі аясында толтыруға тиіс есептіліктің бес нысанын қамтиды.
Қорытындыда жиі қойылатын сұрақтарға жауаптары бар қысқаша бөлім (5 бет) беріледі. Басқа,
үкіметтік емес ұйымдар да ресурстар менеджменті саласында мектеп басшыларының әлеуетін
арттыру үшін шараларды қабылдайды. «Мектеп директорларына қаржы құралы» (2013) мектеп
директорларының бюджет салауаттылығын арттыру мақсатында Қазақстанның Сорос қоры және
«Сандж» орталығы арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде дайындалды. Ол бюджетті
дайындауға және орындауға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді сатып алуға байланысты мектеп
директорларының міндеттерін толық сипаттайды.
Мемлекеттік басқару
Білім секторын басқару туралы құжаттар мен нақты мәлімет өте аз. Қазақстандағы
мемлекеттік басқарудың жалпы жүйесі туралы зерттеу көрсеткендей, соңғы жылдары анағұрлым
білікті және ұтымды етілген жұмыс күшінің қалыптасуына әкеп соққан үлкен реформалардың
жүргізілгеніне қарамастан, елге әлі мемлекеттік қызметті жаңғыртуға байланысты күрделі
міндеттерді шешуге тура келеді (Ибраева және Нежина, 2013). Елде бұрынғыдай кейбір бейресми
практикалар қызмет етеді: бос орындар тиісінше хабарланып, көпшілікке жарияланбайды және
халық жұмысты не жоғарылауды байланыстардың көмегімен алуды ұят көрмейді. Кадрлардың
ауысуы жоғары және оны жеке сектормен салыстырғанда, төмен еңбекақымен, кәсіби даму үшін
мүмкіндіктердің жетіспеушілігімен, мемлекеттік басқару жүйесінің төмен тиімділігіне
байланыстырады. Лауазымдық жалақы басқа қаржылай төлемдерін қамтымайды, мысалы,
сыйлықақы орталық атқарушы органдардың деңгейінде жалпы сыйақыдан 57% дейін және өңірлік
деңгейде 30% дейін болуы мүмкін, бірақ олар жиі кезде басшының қалауынша беріледі және
жұмыстың тиімділігін бағалаумен байланысты емес (Ибраева және Нежина, 2013). Ибраева және
Нежина (2013) жазғандай, қазақстандық мемлекеттік басқару жүйесінде жоғарыда
орталықтандырылған ұйымдастырушылық иерархиясы аясында қатаң бағыну, қарамағындағы
5. ҚОРЛАРДЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015
адамдардың тарапынан сыни пікірлер мен бастамалардың болмауы басым мәдениет болып
табылады.
Мемлекеттік қызметтің үлкен реформасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»
Жарлығы қабылданғаннан кейін жүргізілді. Реформа басты әкімшілік құндылықтарды және
онымен байланысты мақсаттарды айқындады. Олар тиімділікті, айқындылықты, есеп берушілікті,
клиент үшін қызмет көрсету, кәсіпқойлықты қамтыды. Реформа қызмет көрсету сапасын,
тиімділігін, нәтижелілігін арттыру және үйлестіру құралы сияқты тиімділікті басқарудың
енгізілуін қамтитын еді. Осыған орай, тиімділікті басқару мемлекеттік қызмет мақсаттары туралы
кәсіби хабардарлықты дамытуға, қызметтер стандарттарын белгілеуге, тиімділікті бағалауға,
тиімділік аудитін жүргізуге, жылдық есептілікті ұсынуға, халық арасында тұрақты
сауалнамаларды жүргізу арқылы клиенттердің пікірін білуге бағытталған (Ибраева және Нежина,
2013). Мемлекет автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру, білікті аудиторларды даярлау,
қызметшілерді тиімділікті басқару саласындағы оқумен қамтамасыз ету бойынша шараларды
қабылдады.
Ақпараттық деректер жүйесі
Осы уақытта Қазақстан деректердің электрондық жиналуына негізделген Бірыңғай білім беру
деректерінің базасын және деректерге ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін білім беру
порталын әзірлейді. Осы бастаманы жүзеге асырмас бұрын статистикалық ақпарат кейбір
мектептерде ғана жиналатын еді, олар көптеген қағаз нысандарын толтырып (2013 жылы 467-ден
162-ке дейін азайтылды), кейін біртіндеп аудандарға, облыстарға және Білім және ғылым
министрлігіне (және оның ведомстволарына) жіберуші еді. Бастауыш және орта мектептері 16 636
көрсеткішті қамтитын 82 нысанның толтырылуына жауап береді. Осы жұмысты Ұлттық білім
беру статистикасы және бағалау орталығы (ҰБСБО) үйлестіреді және жиналған статистиканы
білім жүйесінің жай-күйі туралы өз жылдық баяндамаларында пайдаланады.
Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан ұлттық білім беру деректерінің базасы білім туралы сан
алуан түрлі ақпарат көздерін біріктіруге, мектептерде ақпаратты жинау сенімділігін арттыруға
және жеңілдетуге, деректерді жариялау арқылы білім беру жүйесінің айқындылығын қамтамасыз
етуге бағытталған. Болжамдар бойынша, 2015 жылға қарай мектептерде деректерді жинау
электрондық нысанда іске асырылады және білім беру статистикасы бірыңғай платформаға
біріктірілмек. Мұндай платформа білім алушылар, мұғалімдер, мектептер және білім берудің
барлық деңгейлері бойынша білім беру қызметтерінің сапасы туралы ақпаратты беруге тиіс. Жеке
сәйкестендіру нөмірлерінің болуын ескере отырып, деректер жекелеген білім алушылар мен
мұғалімдер
деңгейінде
жиналады
деп
болжанады.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялармен айналысатын ұйым – «ҰАТ» АҚ-ы Ұлттық білім беру деректерінің базасын
әзірлеуші болып табылады, ал ҚР БҒМ және ҰБСБО тұжырымдама деңгейінде қатыстырылады
және олардың деректерге қолжетімділігі бар.
Ресурстардың тиімді менеджменті үшін ынталандырулар
Қазақстанда ресурстардың анағұрлым тиімді менеджментін көтермелеу үшін ынталандырулар
аз. Кең жоспарлау және реттеу жүйесінің талаптарын қатаң сақтау қазіргі өзінде жақсы нәтиже
беріп жатыр. Бұдан басқа, білім беру жүйесінде – жақсы жұмысты көтермелеу не мамандарды
ауылдық жерге тарту бойынша мүмкіндіктер сияқты қолданыстағы стимулдарды пайдалануда
икемділік аз. Мұндай мектептер аталған жылдың бюджетін тарата алмайды не оны келесі жылға
ауыстыра алмайды, оларға үнемділік пен нәтижелелік үшін шағын сыйақы береді.
Мониторинг және есептілік
Ең бастысы, мониторинг мақсаты қысқа мерзімді перспективада (2011-2015 жылдарға
арналған әрекеттер жоспары), қысқа мерзімде (2011-2020 жылдарға БДМБ ) және ұзақ мерзімді
перспективада («Қазақстан-2050» стратегиясы) білім беру мақсаттарын жүзеге асыру барысын
өлшеу болып табылады. Есеп мониторингі және бағалау бүкіл жүйе жөнінде, мемлекеттік
басқарудың ең жоғарғы деңгейіне дейін ұлттық мақсаттарды жүзеге асыруға қатысты толық және