Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет57/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   100

3. ҚОРЛАРДЫ БӨЛУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
3.4-
ендірме Ауылдық білім беру тәсілдері
 
Алдында  ауылдары  бір-бірінен  алыс  қашықтықта  орналасқан,  және  де    үлкен  қашықтық  пен 
автожолдар  желісінің  жеткіліксіздігі  үшін  көлік  түрлері  өте  шектеулі  үлкен  ауылдық  территорияларда 
сапалы  білім  беру  күрделі  мақсаты  тұрған  Қазақстан  жалғыз  ел  болып  табылмайды.  Осы  орайда, 
Қазақстанға  халықтарының  төмен  тығыдығы  және  кең  ауқымды  ауылдық  территориялары  тән  Канада, 
Австралия,  Швеция,  Португалия  және  Польша,  ЭЫДҰ  бес  мүше-елдерінің  тәсілдерін  зерттеуге  болады. 
Қазіргі  әдебиетке  сәйкес,  халықтың  төмен  тығыздығының  стратегиялық  салдарының  бірі  мектептердің 
жабылуы  және  бірігуі  болып  табылады  (Арес  Абальде, 2014).  Мектептердің  бірігу  шеңберінде  бір  немесе 
бірнеше мектептер жабылады, ал осы мекемелердің оқушылары басқа мекемелерге көшіріледі, кейін сол 
мектептерде  оқитын  балалардың  жалпы  саны  артады.  Елдер,  аумақтар  және  муниципалитеттер 
мектептерді  біріктіруді  түрлі  стимулдарды,  антистимулдарды  және  саясаттың  тікелей  араласуын  біріктіру 
көмегімен  ынталандырған  (Хоули  және  б.,  2011).  Алайда,  мектептерді  жабудың  және  біріктурудің  әсері 
мектептің  және  өңірдің  көлеміне  тәуелді.  Халқының  тығыздығы  төмен  ауылдық  аумақтарда  үлкен 
мектептер  құру  оқушыларды  көліктік  қамтамасыз  ету  шығындарын  күрт  жоғарлатуы  мүмкін,  бірақ  бқндай 
өосымша шығындар қалада туындай алмайды (Фокс, 1981). 
Канадада 1996 жылдан бастап 900-ден астам ұсақ ауылдық мектептер жабылған, бірақ бұл саясатқа 
қосымша ретінде көліктік қамтамасыз ету жүйесі (автобустарда) құрылған болатын. Бұл жүйе оқушылардың 
елді-мекендерінің  шекарасынан  тыс  жерде  орналасқан  ірі  мектептерге.үлкен  қашықтықта  оқитындардың 
өспелі  санын  көлікпен  қамтамасыз  еткен.  Қазіргі  уақытта  жұмыстарын  жалғастырып  жатқан  шағын 
жиынтықты  мектептер  көбінесе мектептерде  өте  аз  бала  оқитын  (көп  жағдайда  –  100  оқушыдан  аз)  және 
автобустық  қатынау  жүйесі  тиімсіз  болып  келетін  алшақ  өңірлерде  орналасқан.  Ауылдық  білім  беруде 
мектептерді  біріктуіру  тәсілі,  саясатты  құрастырушылардың  ойынша,  оқушылар  мектеп  автобусында 
қаншалықты алшақ және қаншалықты ұзақ жүре алуымен шектеледі (Мулкахи, 2009).  
Әдебиетте  ұсынылатын  тағы  бір  тәсіл,  -  шағын  жиынтықты  мектептерді  жабу  және  біріктіру 
қажеттілігінен  арылтатын  ірілеу  мектептермен  бірлесе  жұмыс  жасау.  Бұндай  ынтымақтастық  әдетте 
кішігірім мектептерден жақсырақ жабдықталған ірі мектеп нысандарын бірлесе пайдалануда шоғырланған. 
Шағын  жиынтықты  мектептер  бөлмелермен  және  оқулықтарды  қоспағанда  қымбат  тұратын  оқу 
құралдарымен  қамтамасыз  ету  кезінде  жиі  қыншылықтармен  бетпе-бет  келеді.  Ірі  мектептер  хаб  ретінде 
қызмет  етеді,  ал  шағын  жиынтықты  мектептер  «жеткізушілер»  немесе  «серіктер»  болып  табылады, 
бұндайды  Австралиядағы  Квинсленд  штатының  үлгісі  көрнекі  көрсетеді.  Шағын  жиынтықты  мектеп 
оқушылары ірі мектептерге дейін белгілі кесте бойынша көлікпен қамтамасыз етіледі. Нысандарды бірлесіп 
пайдалану  шыған  жиынтықты  мектеп  оқушыларына  би,  дене  шынықтыру,  информатика  және  бейнелеу 
өнері  сияқты  пәндерден  практикалық  пәндерді  қарастыратын  кеңірек  бағдарлама  бойынша  білім  алуға 
мүмкіндік береді. Бұндай тәсіл шағын жиынтықты мектептердің жабылуын болдырмауға мүмкіндік береді (О 
Слатара  және Морган, 2004).  
Жоғарыда  сипатталған  тәсілдерден  өзгеше  үшінші  тәсіл  Швецияда  қабылданған  және  кластерлі 
механизмді  қарастырады.  Бұл  механизм  тәуелсіз  мектептердің  белгілі  саны  өздерінің  бірегейлігін  және 
дербестігін жоғалтпай, барынша мүмкін дәрежеде бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасаған кезде туындайды (О 
Слатара    және  Морган,  2004).  Ауылдық  мектептер  «Rektorsomrade»  немесе  «директор  территориялары» 
шеңберінде  кластерлерге  топтастырылады  (О  Слатара    және  Морган,  2004).  Кластерлерді  құру  мақсаты 
шағын  жиынтықты  мектептер  бетпе-бет  келетін  мәселелерді,  нақтырақ  айтқанда  кәсіби  және  әлеуметтік 
оқшаулануды  төмендету  болып  табылады.  Директорлар  ресурстарды  және  сатып  алуларды  басқарумен 
байланысты  әкімшілік  жүктемені  төмендету  үшін  бір-бірімен  өзара  әрекет  жасайды.  Сондай-ақ  кластерлі 
тәсіл  озық  тәжірибемен  алмасуға  әсер  етеді,  бұл  кезде  мектептер  өздерінің  жеке  бірегейлктерін 
жоғалтпайды.  
Польшада  кішігірім ауыл  мектептерінің  одан  арғы  жұмысын  қамтамасыз  ету  үшін  «Małaszkoła»  (кіші 
мектеп)  арнайы  бағдарламасы  жасалған  болатын.  Осы  бағдарлама  аясында  ауылдық  мектептерді 
шығындарды  азайту  үшін  мемлекеттік  міндетті  нормативті  құжаттар  тізіміне  сәйкес  ата-аналар  бірлестігі 
басқара  алады.  Күшін  жойған  нормативті  құжаттар  немесе  олардың орнындағы  құжаттар  тізімі  білім  беру 
туралы  заңнамада  нақты  анықталған.  Осы  күшін  жойған  нормалардың  ішінде  –  тазалаушыларды  немесе 
бөлек  асхана  жұмысшыларын  жұмысқа  алу  туралы  талаптар  бар.  Осының  орнына,  бағдарлама  бұл 
қызметтерді  ата-аналарды  күшімен  ерікті  негізде  орындауға  мүмкіндік  береді,  бұл  өз  кезегінде  үлестік 
шығындарды  айтарлықтай  қысқартады.  Ата-аналардың  бұндай  ерікті  қатысуы  сондай-ақ  мектеп  пен 
жергілікті  халық  арасындағы  байланысты  күшейтеді  және  дау-жанжалдар  немесе  төмен  үлгерімді 
оқушылар жағдайында қосымша артықшылықтар береді. Бұдан басқа, білім беру туралы заңнама жерглікті 
атқару  органдарының  осы  бағдарлама  аясында  қызмет  атқаратын  мектептерді  қаржыландыру  бойынша 
міндеттерін,  жергілікті  атқару  органдарымен  аударылатын  қаражат  тұтастай,  олардың  (төмендетілген) 
шығындарын  жабуға  жеткілікті  болуын,  және  осы  уақытта  мектептің  шағын  мектептер  бағдарламасына 
қосылғанға дейінгі қамтамасыз ету құнына қарағанда, әлдеқайда төмен болуын анықтайды. Бұл жергілікті 
атқару органдарының осы бағдарламаға қатысуын мүдделілігін қамтамасыз етеді. Іс жүзінде, егер поселкі 
тұрғындары өз мектептерін өздерінің болашақтары үшін маңызды актив деп санаса, олар ұйымдасып және 
мектепті басқаруды өз мойындарына алуына болады. Соған қоса, олар жиі түрде өздерінің жергілікті атқару 
органдарынан  тікелей  қолдауалады,  мысалы,  жергілікті  атқару  органдарында  қызмет  істейтін  заңгерлер 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау