Мектептегі көшбасшылықты дамыту және кәсіби білім одақтарын құру



жүктеу 92,15 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі92,15 Kb.
#4138


Мектептегі көшбасшылықты дамыту және кәсіби білім одақтарын құру

«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі 
бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.
Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, 
патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін, 
мәдениетін, тілін, дінін, 
ділін құрметтейтін азамат
нағыз көшбасшы 
болуға лайық»
Н.Ә.Назарбаев      

 

Қайырлы күн, құрметті әріптестер!



ХХІ ғасыр-тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры. Қоғамның дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігін айқындайды. Қазіргі кездегі білім берудің негізгі мақсаты   жан -жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой - тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Осыдан барып жас ұрпаққа ХХІ ғасырда нені оқыту керектігі, ұстаздарымыздың оларды қалай дайындайтындығы, сондай-ақ оқушы бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу қажеттігі туындайды.  Бұл жерде қолданылатын заманауи әдіс - тәсілдердің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың жаңа білімді  жай ғана иеленіп қоймай, ол білімді қажетті жерде қолдана білуге үйрету басты мәселе болып табылады. ХХІ ғасырдағы бізден, мұғалімдер қауымынан, сұралатын дағдылардың өзі де осы болмақ. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.

Әрбір басшы өз мектебінің артықшылықтары,  өзіндік «келбеті» болғандығы,  жақсы білім бергендігін, балалар мен ата-аналар ортасында құрметке ие болғандығын, өз түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болғандығын қалайды. «Білімді ұрпақ- болашақтың кепілі» дегендей, бүгінгідей ел болашағы -  жас буынды  заманына лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру болса, бұл мақсатқа жету жолында мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екенін түсінеміз. 

Жас ұрпақты білім бәсекесіне әзірлеуіміз үшін өзіміз де талмай ізденіп, рухани биіктей түсуіміз - қажет . Сондықтан да болар, бүгінде оқыту тәжірибесін заман талабына сай өзгертуге ынталы  ұстаздарымыз сындарлы оқыту теориясына негізделген Кембридждік оқыту тәсіліне ерекше қызығушылық танытып отыр.

«Оқыту мен оқуда шәкірттеріміздің бойында ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес келетіндей дағдыларды дамытатын өзгерісті қалай енгізуге болады?» деген сауал төңірегінде  көп толғандық, іздендік, озық елдердің тәжірибелерін саралап, ойымызды жаңаладық. Ең басты мәселе «білу» деп қабылданған білім беру мазмұнын белсенді іс-әрекеті арқылы оқушының өздігінен меңгеруіне негізделген білімге өзгерту қажеттілігін біз санамызбен

ұғынғандаймыз.Еліміздің білім беру саласын қолдай отырып ,өз мектебіміздің жаңаруына бетбұрыс жасадық .(2-слайд)

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев білімді-әлем нарығында бәсекеге қабілетті, қажетті мамандарды дайындаудың еліміздегі басты стратегиясының бағыты ретінде айқындап берді.Сондықтан да, біздер, әрбір оқытушы еліміздің егемендігі еңселі, рухы биік болуы үшін көшбасшы болуымыз керек деп есептейміз. «Көшбасшы мұғалім қандай болуы керек?»,-деген сұрақ туындайды.

Мен Кембридж бағдарламасы бойынша курстан өткеніме өте ризамын. Бұл курстың да мақсаты-мұғалім іс-тәжірибесіне өзгерістер енгізу болса ,осы өзгерістерге біз қандай қадам жасадық.Бастысы ол өзгерістер мұғалімге де, оқушыға да оң нәтиже беру керек. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» деген құнды міндетті басты назарға ұстадық .(3-слайд)



Біздің көшбасшылық қызметіміз тек жекелеген мұғалімдер мен оқушылар үшін ғана емес, мектебіміздің жалпы мәдениетінің дамуы  үшін  пайдалы болуын көздедім. Сондықтан әуел бастан әріптестерімді жаңа бастамаға ынталандыра отырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақырдым. Бүгінгі таңда мектебімде  көзқарастарымыз бен ойларымыз ұштасатын берік команда бар деп толық сеніммен айта аламын. 1,2,3 деңгей бойынша сертификатталған 17 әріптестерім бар .Олармен   бірлесе құрылған мектепті дамыту жоспары әріптестеріміздің оқыту  тәжірибесі мен оқушылардың оқу тәжірибесін жақсартуға ықпал етуде. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруде әріптестерімізге қолдау көрсете отырып, тәжірибелерін жетілдіру үшін коучинг пен тәлімгерлік жұмыстары жүйелі жүргізілуде .Аз уақыт ішінде мектеп өмірінде жаһандық өзгеріс енгізе алмасақ та, мектепте мұғалімдердің ынтымақтастық ортасын құру арқылы  олардың оқыту мен оқу тәжірибелеріне жаңашыл көзқарас әкелдік деген ойдамын.(3-слайд)

Мектеп жағдайына терең үңілу қажет болды . Сондықтан мектептің бастапқы жағдайын сараладық .Біз нені өзгертуді қалаймыз? Қалай өзгертеміз ?Не үшін ? деген сұрақтарға жауап іздедік .Мектептің даму жоспары белгілі бір саланың болашақ үлгісі деуге болады.



Даму жоспарын жасақтау мақсатында мектептің бастапқы жағдайы жөнінде ізденіп, олардың оқу үдерісіне қатысты пікірлері мен көзқарастарын білу бағытында мектеп басшылығымен, мұғалімдермен, оқушылармен және ата - аналармен әңгіме, сұхбаттар, сауалнамалар өткізілді. Оларда мектеп әкімшілігінің жұмысы, мектеп мұғалімдерінің  көзқарастары мен ұстанымдары,  өз кәсіби міндеттерін атқару сапасы, оқушылардың білім алуы, олардың білім берудің әдіс - тәсілдерін өз бетінше талдауларына қаншалықты мүмкіндік берілген деген сияқты сұрақтар мен мәселелер төңірегінде ой қозғалды. Сауалнама қорытындысында мектеп мұғалімдерінің мектептегі ахуалға көзқарастары, жұмыстарының қаншалықты ынталандырылуы, қызметте кездесетін қиындықтар, олардың шешілу жайы мен жолдары, жаңа бастамаларға деген көзқарастары деген т.б. сауалдарға жауаптар алынды.Соның нәтижесінде оқушыларымыз сыни ойлауға үйрету әдіс -тәсілдері мен оқыту үшін бағалаудың жүргізілуінің қажеттілігін анықталды .Мектептің даму жоспарын осы басымдылықты негізге ала отырып жасадық .

Осындай жүйелі жоспардың аясында жүргізілген жұмыстар менің мектебімді қаншалықты өзгертті ? ( 4-слайд )

Кейінгі екі жылдың ішінде мектепте біршама өзгерістер болып жатыр, оның себебі, біріншіден, мұғалімдердің деңгейлік курстан өтуі, жаңа әдіс- тәсілдерді үйренуі мен тиімді қолдануы, екіншіден,мұғалімнің әрбір жағымды әрекетінің ескерілуі, үшіншіден, бірлескен жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігін түсінуі, төртіншіден,ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға ынта білдіруі деп айтуға болады. Сондай-ақ мектептегі оқу үрдісіне өзгеріс енгізудің бірден бір тетігі деп Коучинг, Тәлімгерлік, Lesson Study үдерістері мен Желілік қоғамдастықтың жұмысын атауға болады. Бұл үдерістердің әсерінің зор екені байқалды, демек мектепте белсенді өмірлік позиция ұстанатын мұғалімдердің саны басым екені, пікірталасқа қатыса алатыны, шығармашылық қабілеттері жоғары және өзгеріске бейім екені анықталды.  Мұғалімнің білім беру үрдісіне деген көзқарастың түбегейлі өзгергенін, дәстүрлі сабақ беру тәсілінен бас тартып, жаңа әдіс-тәсілдерді жан-жақты қолдану ісін мықтап қолға алғанынан, шығармашылық ізденіске бейім екендігін айқындайды. Оқушылар да топта бірлесіп жұмыс жасауды үйреніп жатыр .Олардың белсенділігі артты десем артық емес . (5-слайд)     
     Коучинг үдерісінен түйгенім - тақырыптар нақты әрі қысқа мерзімге жоспарланып, білім алушыларда нақты дағдыны қалыптастыруға бағытталды.Ұжым ұстаздары өз еріктерімен қатысып, жаңа үрдіске қызығушылық таныта білді. Мектеп өмірінде қандай да болса өзгеріс болғанын және ол өзгерістер мұғалімнің кәсіби дамуына жағымды ықпал еткенін, білім беру процесінің сәттілікке бағытталғанын, жағымды психологиялық ахуал қалыптасты деп айта аламын. Бұның айғағы ретінде мұғалімдерден, оқушылар мен олардың ата-аналарынан алынған сауалнамаларды, олармен бірге өткізілген іс-шаралардан кейінгі кері байланыстан байқауға болады. Әрбір коучингтен кейін ынталанушы мұғалімдер қызығушылық танытып ,сабақтарына өзгерістер әкеле бастады . Ата -аналар мен оқушылар мектептегі өзгерістерге қолдау көрсетіп отыр .

    Көшбасшы мұғалімдер мектебімізде түрлі жұмыстар жүргізіп келеді . Курстың 3- деңгейінен өткен мұғалімдер өз сабақтарын жаңа бағдарлама бойынша өткізіп, « ашық есік» күндерінде басқа мұғалімдерге  осы бағдарламаны насихаттайды. Облыстық, қалалық семинарларға қатысып, өз тәжірибелерін жетілдіреді.Мектеп ішінде жоғарғы сынып мұғалімдері мен бастауыш сыныптың мұғалімдері арасында қоғамдастық құрып, тобымыздың атын «Самғау» деп атадық. Бұл топқа Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер және мектептің көшбасшы мұғалімдері, тәжірибелі ұстаздар енді.

   «Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру» үшін мастер класс, коучинг ұйымдастыру, менторлық жүргізу арқылы шығармашылық топтардың жұмысын дамыту үшін  іс-тәжірибесімен бөлісу, тренингтер өткізу, мұғалімнің шығармашылық белсенділігін арттыру бағытында сауалнамалар,  сабақтарға қатысу, талдау, талқылау,  рефлексия жасау, кәсіби сайыстарға қатысу, жас мамандардың жұмысын басқару, оларға жан-жақты әдістемелік көмек беру, тәлімгерімен тығыз байланыс орнату, кәсіби сайыстар ұйымдастыру, апталықтар өткізу, жаңа үлгідегі жабдықталған кабинеттердің (мультимедиалық құрылғылар, интербелсенді тақтаны қолдану т.б.) мүмкіншіліктерін пайдалана білу сияқты жұмыстар атқарылуда . (6-слайд) 

2013-2014 оқу жылында бесінші сыныптың үлгірім сапасының төмендеуін нысанаға алып іс -әрекетті зерттеу жүргізілді Зертеудің нәтижесінде мұғалімдерге оқыту үшін бағалаудың тиімділігін қолдану қажеттілігі анықталды .Бұл мәселені шешу жолында үш деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдер үлкен үлес қосты .Олар осы мәселе төңірегінде коучинг ,практикалық сабақтар көрсетіп әріптестерінің тәжірибесінің өзгеруіне септігін тигізді .Себебі жылдам қорытынды бесінші сынып оқушыларының үлгірімін айтарлықтай жоғарлағанына дәлел болды .(7-слайд)

Сондай -ақ мектепте Ltsson stady зерттеу топтары құрылды. Зерттеу топтары фокус сыныптарын белгілеп ,оқушылардың оқу сапасын арттырудың әдіс-тәсілдерін қарастыру нәтижесінде кейбір сыныптардың С деңгейі В деңгейіне көтерілді .В деңгейіндегі оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасай бастады .Бұл біз үшін үлкен жетістіктердің бастауы болмақ .

Қазіргі таңда біздің мектепті үлгі тұтып тәжірибе бөлісуге келіп жатқан мектептер де бар .Олар мектептерін дамыту үшін бізбен бірлесіп жұмыс жасауды қолдайды .№62,№2 санаториялық мектеп интернаты желілік қоғамдастығымен бірлесе отырып аудандық "Сыни ойлай алатын ұрпақ -болашақ тірегі "атты семинар практикум өткіздік .Көпшіліктің жоғарғы баға беруіне қарап семинардың мақсатына жеткендігін білдік .Мектебімізде болып жатқан өзгерістен ата -аналар да бейхабар емес .Олардан сауалнамалар алынып ,сұхбаттасу ,дөңгелек үстел ,тренингтер жүргізілді .Олар дәстүрлі оқытудын гөрі жаңаша оқыту бағытын қолдайтынын білдірді .Осындай жұмыстардың барлығы "Самғау " желілік қоғамдастық мүшелерінің ынтымақтаса жұмыс істеуінің нәтижесінде жүргізіліп отыр .(7-слайд)

Мектептегі сертификатталған І деңгей бойынша көшбасшы мұғалімдер әр жұмыстың нәтижесін бақылап ,сараптап отырады. Қандай жетістікке жеттік?Нені жетілдіру керек ? Ол үшін не істеу керек ? деген сұрақтарға тынымсыз жауап іздеп отырады .Өткен жылғы жұмыстарды сараптай келе, биылғы қоғамдастық жұмысына өзгеріс енгіздік .Атап айтсақ тәлімгерлік ,зерттеу топтары пәндер бойынша топтастырылды .Оған І,ІІ деңгей мұғалімдері жетекшілік етеді .Олар өз топтарында проблемаларын анықтап ,кәсіби жетілуіне көмек береді .Әрине бұл топтасу өте тиімді .Себебі мәселені жан -жақты зерттеп ,оның шешімін табуға тереңірек бойлайды .

Мектептің даму жоспары болашақты болжамайды, бірақ ортақ ұстаным қалыптастырып, стратегияларды әзірлеп, қажетті өзгерістерді дер кезінде енгізудің тиімді саясатын құру мақсатында келешек дамудың түрлі әдістерін зерттеудің тиімді құралы болып табылады.



Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы педагогикалық қоғамдастық және көшбасшылықтың маңызы зор.Аз ғана уақытта, біз бағдарлама аясында жұмыстану барысында төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік.
Біріншіден, бұрын мұғалімдер қауымы жоғарыдан нұсқау күтіп, соны орындау арқылы ғана жұмыстанып, жетістіктерге жетсе, қазір өз бетімен, шығармашылықпен жұмыстану арқылы жетістікке жетуде;
Екіншіден, бағдарламаны дамытуда, өз іс-тәжірибесін таратуда желінің маңызын түсініп, өз іс-тәжірибелерін таратып, тәжірибе алмасуда;
Үшіншіден, жаңа форматтағы сабақтар өткізуде жеті модульді пайдаланып, кәсіби дамуда.
Өзгеріс-күрделі үдеріс екендігі белгілі.Дегенмен, біз, өз жұмысымыздың табысты нәтижесін көріп, бағдарламаның жан-жақты қолдау табатынына сенімдіміз. Осы мақаламды ұлы Абайдың мына бір сөзімен аяқтағым келеді, «Өзгеріс керегіне сену керек, қиынды тек жігермен жеңу керек!»

деген сөзін басшылыққа алып, барлық әріптестерімді ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын, өз бетімен білім алу мүмкіндігі мол ұрпақ тәрбиелеу үшін бар күш-жігерімізді жұмсайық . Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!
Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаз болайық құрметті ұстаздар қауымы .


жүктеу 92,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау