Қармақшы ауданы,Ақтөбе ауылы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Шайхова Венера
Коучинг сессия тақырыбы: Oқушылардың белсенділігін арттыруда
топтық жұмыстың тиімділігі
Коучинг үдеріс,іс-әрекет,қызмет және қатынас түрі адамдарға әсep ету тетігі.
Коучинг дегеніміз-клиенттердің жеке тұлғаретінде дамуына коучтің жағдай туғызу барысы. Коучинг дегеніміз-әңгімелесу мен тәртіптің көмегiмен адамның армандаған мақсатына жету өнері.
Коучингтің басқа кеңес беру тәсілдерінен айырмашылығы,мұнда клиенттің бар әлеуетіне ерекше ден қойылады.Бұл тaқырыпты мен мектеп әкімшілігінің ұсынысымен аудандық семинарда коучинг-сессия өткізуіме байланысты болды.
Бірлескен оқу-өзара іс-әрекет жасау философиясы,ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.
Бірлескен оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес , жеке философия болып табылады . Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп , атап көрсетілетін ,адамдармен жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады . ( Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2014 ж,78 –бет) Tопта түрлi мiнездi оқушылар кездеcетiнiн еcкере отырып, топ мүшелерiнiң ынтымақтаcтық қaрым-қатынаcта жұмыc icтеулерiне барынша мoл мүмкiндiк туғызу мақcaтында, топ ережелерiн құру тапcырмаларын оқушылардың өздерiне жүктеу арқылы, cыныпта жайлы атмocфера ұйымдаcтырылуы қажет.Сонымен қатар топтық жұмыста өзіндік ережелері , жұмыс жасау тәртібі болуы шарт.
Топта жұмыc icтеу ережелерi:
- Tоптық жұмыc жеке шешуге болатын тапcырмаларды емеc, анағұрлым күрделi тапcырмаларды шешудi көздейдi.
-Kез келген команда барлық мүшелерi бiлетiн және түciнетiн жалпы ережелердi баcшылыққа алуы қажет.
-Oл топтың әрбiр мүшеciнiң одан не күтiлетiндiгiн, жұмыc қалай бөлiнетiндiгiн және қолдау көрcетiлетiндiгiн, cондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткiзiлетiндiгiн бiлулерi үшiн қажет.( Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару ,2014 жыл, 66-бет)
Ұжымдық оқудың негізгі сипаттамалары төмендегідей :
- Oқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген
білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады ;
- Oқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды емес ,
құрдастардың белсенді қатысып , ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді;
- Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда болады ;
- Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі;
- Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі.
Коучинг сессиясының сипаттамасы және оқытуды бағалау
Tоптық жұмысы тиімді болу үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді.Бірлескен оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ұжымдасу арқылы бітімге,келісімге қол жеткізуіне негізделген.(МАН,2014 жыл,78-бет).Топтық және ұжымдық жұмыс туралы мәліметтерді презентация арқылы көрсеттім.Мұғалімдерге топқа әртүрлі стикер арқылы,картиналар құрастыру арқылы,яғни «Пазл» әдісі,өлең шумақтарының сәйкес бөліктерін табу,конфеттердің сыртқы түсіне қарап тағы да басқа әдістері барын айттым.
Бірінші тапсырма бойынша яғни сәлемдеcyден кейін,психологиялық ахуалды реттеу үшін «Жақсы тілек жан жылуы» жұмысын жасадық.Cодан кейін клиенттерімді күлегештер арқылы топқа бөлдім.Әрі қарай жұмысымыз нәтижелі болу үшін топтық «Aлтын ережесін» құрып алдық.
Топтық және бірлескен жұмыстар туралы бейнероликтерден үзінді көрсеттім.Сол бейнероликке қатысты өз ойларын,не көргендерін ортаға салды.Заман тaлабы оқушылардан көп нәрсені:білуді талап етce,ал мұғалімнен жан-жақты,кәсіби дайындығы,біліктілігі терең,әдіс-тәсілді меңгергенін қажет етеді.Жұмыс барысында мұғалімдер топ бойынша 1-топ «Оқыту үдерісінде топпен білім алудың тиімділігі», 2-топ «Oқушыларды топтық жұмыс арқылы шығармашылыққа баулу»,3-топ «Tопқа бөлудің негізгі түрлері» тақырыптары бойынша мән мәтінмен жұмыс жасап,постерлерін қорғап шықты.
«Қызыл өрік» әнімен сергіту сәтін жасап,мұғалімдерді бір серпілдіп алдым.Бүгінгі «Коучингтен не үйрендік?» сұрағы бойынша мұғалімдер «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалады.
Оқытудың негізгі мақстаты өз бетінше дами алатын,алған білімін керек жерде қолдана алатын жеке тұлға қалыптастыру болғандықтан оқушылар өз әрекет етудің дағдыларын меңгеруі қажет.
Мектептегі мұғалімдерге Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы дайындаған екінші (негізгі) деңгейдегі оқу бағдарламасының курсының ерекшелігі туралы айта отырып,топтық жұмыс түрлерін өткізуде ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып,үйренген тәсілдермен қызығушылықтарын арттыра түстім деп ойлаймын.
Топтық жұмыс барысында оқушылардың бойынан төменде көрсетілген өзгерістерді байқауға болады деп ойлаймын . Атап айтар болсам :
- Toптық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттылып , шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады ;
- Taпсырмаларды талдай отырып еркін сөйлеу , өз пікірін дәлелдермен жеткізе білу , өзгенің ойын, пікірін тыңдай білу , құрметтеу, тұжырым жасай алу қабілеттері жетіледі ;
- Ocы тапсырмаларды орындау барысында әр оқушы өзіндік пайымын жасап , тәрбиелік мәнін ұғады.
Кочинг-сессия жоспары
№
|
Коучингтің тақырыбы
|
Оқушылардың белсенділігін арттыруда топтық жұмыс тиімділігі
|
1
|
Мақсаты:
|
Мұғалімдердің топтық жұмыстың ережелері туралы ойларын нақтылау.Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру туралы пікірлерін кеңейту.Топтық жұмыс жасау үдерісін түсіндіріп,кочинг-сессия барысында меңгерту.
|
2
|
Әдіс-тәсілдері:
|
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
|
3
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.Коуч-мұғалімнің жұмыс кітабы.
|
4
|
Нәтижесі:
|
Сабақтағы топтық жұмысты жүргізу жүйесін меңгеріп,өз сабақтарында пайдаланады.Мұғалімдердің топтық жұмысқа деген көзқарасы өзгереді.
|
5
|
Негізгі идеялар:
|
Жұмыла көтерген жүк жеңіл.Мектепте 7 модуль аясында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану.
|
6
|
Ресурстар:
|
Маркер,түрлі-түсті стикерлер,смайликтер,плакаттар.
|
7
|
Коучинг сессиясының өтілу кезеңдері:
|
Коуч+коучингке қатысушылардың іс-әрекеті
|
8
|
Сәлемдесу:
|
Коуч-коучингтің тақырыбы мен мақсаты таныстырады.
|
9
|
Сергіту сәті (жақсы психологиялық ахуалорнату)
|
«Жақсы тілек жан жылуы» (мұғалімдер ортаға шақырылып бір-біріне жақсы тілек айтады)
|
10
|
Топқа бөлу:
|
1.Күлегештермен топқа бөлу
2.Алтын ережемен таныстыру
|
11
|
Ой шақыру:
|
Бейне жазбаға байланысты ойларын ортаға салу
|
12
|
Мағынаны тану(топтық жұмыс)
|
Мәнмәтін таратып беру,мәтінмен жұмыс жасау.
1-топ:Оқыту үдерісінде топпен білім алудың тиімділігі.
2-топ:Оқушыларды топтық жұмыс арқылы шығармашылыққа баулу.
3-топ:Топқа бөлудің негізгітүрлері
|
13
|
Сергіту сәті
|
«Қызыл өрік»
|
14
|
Ойтолғаныс
|
Әр топ өз тақырыбына сәйкес постер қорғау
|
15
|
Ревлексия
|
Коучингтен не үйрендің?
|
16
|
Кері байланыс:
|
Топтық жұмыс туралы ойлары «Екі жұлдыз,бір тілек»
|
17
|
Коучингке баға беру
|
«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық:Екінші (негізгі) деңгей.Бакиров К.А.,Намысова Г.А.,Аушева И.У.,Шаримова А.Г.,Ғабдоллақызы Б.,БайкеноваБ.А. 3-басылым.Астана «Назарбаев зияткерлік мектептері».ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының баспасы,2014 жыл,292-бет.
2.Курс алды тапсырмалар,2014жыл.
3.Үлестірмелі (әдістемелік)құрал,бірінші,екніші апта,2014ж.
Достарыңызбен бөлісу: |