5-тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)
1-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
86. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны - тіл дамыту, есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады.
2-параграф. Тіл дамыту
87. Ересектер тобында сөйлеу тілінқалыптастыру жұмыстары, олардың қызмет атқару жағдайына сәйкес түрлі формада жүргізіледі. Оқытудың барлық жылдарында дактилология қосалқы, көмекші құрал ретінде қолданылады (саналы сөйлеу, жазу, оқуды игеру үшін).
88. Тақырыптық топтамалар бойынша сөздік іс-қимыл, қасиеттері, сапа, кеңістікте орналасқан заттардың атауларының санын ұлғайту есебінен кеңейеді (сын есім, үстеу, етістіктің түрлері).
3-параграф. 1 - жартыжылдық
89. Қатынас:
1) тапсырмаға, оқиғаға, ойынға деген қатынасын білдіру;
2) сөйлеуде сұраулы, бұйрық сөйлемдерді қатынас міндеттерімен сәйкес қолдану;
3) өзі, өзінің отбасы, мүдделері, тілектері туралы ақпарат алмасу;
4) ақпаратты нақтылауға бағытталған сұрақтарға жауап беру;
5) балалар жасаған бұйымдарды, тапсырмаларды орындауды бағалау;
6) жағдайға байланысты сөйлеу этикет ережелерін сақтау;
7) болғаніс-әрекет, оқиға. туралы хабарлау.
90. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну:
1) бөлшектелген тапсырмаларды орындау;
2) екі-үш құрамды тапсырмаларды жеткізу, орындау;
3) жұмбақтарды шешу;
4) антонимдердің,септеуліктердіңмәнін түсіну;
5) "дыбыс", "әріп", "сөз", "буын" сөздерінің мәнін түсіну;
6) синонимдердің мәнін түсіну, сөздерді алмастыру;
7) балалардың айналасында орын алып жатқан жағдайды түсініп, бағалау;
8) зат есімнің көпще, жекеше түрде септік жалғауларыныңбарыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септігінде мәнін түсіну;
9) қалжың сөйлеуді түсіну;
10) өтінішті қайталау, түсіндіру, негіздеу;
11) сөздердің мағыналық реңкін ажырату;
12) жіктеу есімдігінің септіктерін тану;
13) заттарды танып, сипаттау.
91. Айтылым:
1) топтағы балалар алдында хабарлама жасау;
2) өлеңді мәнерлеп оқу;
3) зат есімді септеу;
4) сөйлеуде жалпылама сөздерді қолдану;сөйлеуде жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолдану;
5) сөзжасам тәсілдерінің кейбірін қолдану;
6) сезімді білдіретін сөздерді қолдану;
7) өткен шақта етістіктің жекеше, көпше түрлерін қолдану;
8) қысқа және толық жауаптар;
9) заттардың бөліктерін, жануарлардың дене мүшелерін атау;
10) қосымшаларды жалғау арқылы сөзжасау;
11) ойын барысында фильм,мультфильм, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін көрсету, шығарманың атын айту;
12) есімдіктерді дұрыс қолдану (мен, маған, менде);
13) сөзді өзгерту (түрлендіру), сөзжасам, сөйлем жиілілік моделдерімен тәжірибе жүзінде танысу;
14) фразаны толықтыруды ойластыру;
15) өз бетінше сөйлеу барысында қажетті жағдайға қатысты пікір айту түрлерін қолдану (сұрақтар, түрткі салу, хабарлама, келіспеу);
16) атау септікте зат есімнің жекеше, көпше түрін сын есіммен қиыстырып қолдану;
17) тәуелдеу есімдігін зат есіммен, сөздерді шақ, септіктермен қиыстырып қолдану;
18) сюжетті суреттер (сериясы) бойынша қысқа әңгіме құрастыру;
19) сюжетті суреттерге сипаттама беру(5- 6 сөйлем);
20) кестеде көрсетілген сұрақтар көмегімен берілген тақырып бойынша ілеспе (сюжетті) суреттерге қарап 5- 6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрау;
21) берілген тақырып бойынша мәтіндегі шашылған сөздерден әңгіме құрастыру (5-6 сөйлем);
22) адамдардың бір-бірімен заттарды, құбылыстарды іс-әрекетерді салыстыру білігі;
23) сөздердің антонимін табу білігі;
24) сөздердің синонимін табу білігі;
25) "бір" сан есімін атау септігінде жекеше, көпше түрде зат есіммен тіркестіру білігі;
26) атау септігінен басқа септіктерде зат есімдердің мәнін ашатын көмекші сөздерді қолданып берілген конструкциялар құру.
92. Оқылым және жазылым:
1) кітаптан қысқа мәтіндерді талдап (дактильдеп) оқу (жазылған суреттер);
2) тақырыптық топтамалардан суреттерге қатысты жазбаларды қима әріптерден құрастыру;
3) тақырыптық топтамалардан сөздерді сөздікке жазу;
4) мәтіннің мазмұны бойынша сурет салу;
5) өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазу (жасы, тегі, аты, мекен-жайы);
6) баспа әріптермен сұрақтарға жауап жазу;
7) оқылған мәтінге қатысты суреттерді таңдау (3- 4 сөйлем);
8) берілген әріпке байланысты сөздерді таңдау;
9) қысқа өлең шумақтарын жатқа оқу (ауызша сөйлеу тіліне қойылатын барлық талаптарға сай);
10) оқылған мәтін бойынша қойылымдарға қатысу (әңгіме, ертегі бойынша).
93. Күтілетін нәтижелер:
1) қима әріптерден сөздер мен сөйлемшелер құрастырады;
2) екі-үш құрамдас тапсырмаларды орындайды;
3) тапсырмаға, оқиғаға, ойынға, адамға және олардың әрекеттеріне деген қатынасын білдіреді;
4) өлеңді мәнерлеп оқиды;
5) сөздікке сөздерді тақырыптық топтама бойынша жазады;
6) зат есімдерді септейді;
7) мәтінді суреттеп, сипаттайды;
8) жалпылау сөздерді қолданады;
9) жеке сөздерге бөлмей толық фразаларды қолданады;
10) заттардың бөлшектерін, бөлімдерін атайды;
11) өзі, өзінің отбасы, мүдделері, тілектері туралы ақпаратпен алмасады;
12) жағдаяттарға байланысты қысқа, толық жауап береді;
13) ақпаратты нақтылауға бағытталған сұрақтарға жауап береді;
14) жұмбақтарды шешеді;
15) өзі туралы мәліметтерді баспа әріптермен жазады;
16) синонимдердің мәнін түсінеді, сөздерді алмастырады;
17) қалжың сөйлегенді түсінеді;
18) фразаны толықтыруды ойластырады;
19) өтінішті қайталауды, түсіндіруді, негіздеуді сұрайды;
20) шығарманың тақырыбын, кейіпкелерін атайды, мультфильм, фильм, ертегі желісін ойнатады;
21) өз бетінше сөйлеу барысында қажетті жағдайға қатысты пікір айтады;
22) жағдайға байланысты сөйлеу этикет ережелерін сақтауды біледі;
23) сөздерді септікте, жекеше, көпше түрде жіктейді;
24) берілген тақырыпта сюжетті суреттер, сюжетті суреттер сериясын суреттейді, әңгіме құрастырады;
25) заттарды, құбылыстарды, іс-әрекеттерді адамдарды бірімен-бірін салыстырады;
26) заттарды сипаттау бойынша таниды;
27) кітаптан, тақтадан, қағаз беттерінен мәтіндерді оқиды (жазылған суреттер).
Достарыңызбен бөлісу: |