«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет8/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   296
materialy resp chteniy

1941 ж. 

1945 ж. 

521 

705 

25711 

42972 

балабақша 

бала саны 


17 

 

жақсарту және жоғары сапалы тамақпен жабдықтау қарастырылды. Қаулы 1949 



жылғы  15  тамызға  дейін  13140  баланы  балабақшамен  және  22500  баланы 

яслимен  қамтамасыз  ету  жоспарын  орындауды  қойды.  Сонымен  бірге  бұрын 

алынған және мақсатты түрде пайдаланылмаған ғимараттарды босатып, жөндеп 

балабақшалар мен балалар яслилеріне беру тапсырылды.  

Ал 1956-1965 жылдары ірі әлеуметтік жобалар іске асырылды. Қазақстан 

үшін мұндағы маңыздысы тыңды (целинаны) игеру және Теміртауда Қазақстан 

магниткасы құрылысын салу, Қостанай облысында Соколов-Сарыбай темір кен 

орны  ашылуы  және  ауылды  жерлерде  біріккен  шауашылықтардың  (совхоз) 

ашылуы осы жерлерге халықтың соның ішінде жастардың жан-жақтан ағылып 

көшіп  келуіне,  сонымен  бірге  әйелдерді  халық  шараушылығына  жаппай 

тартуға,  нәтижесінде  ауылдар  мен  өнеркәсіпті  қалаларда  балабақшалардың 

жаппай ашылуына ықпал еткен.  

Осы жылдары халықтық білім беру саласында түбегейлі өзгерістер орын 

алған. 1958 жылдың желтоқсан айында СССР Жоғарғы Кеңесі одағы «Мектеп 

пен өмірдің байланысын нығайту және халықтық білім беру жүйесінің болашақ 

дамуы  туралы»  Заңды  қабылдаған.  Онда  кеңес  мектебінің  негізгі  мақсаты: 

өскелең  ұрпақты  өмірге,  қоғамдық-пайдалы  еңбекке  дайындау,  алдағы  жалпы 

және политехникалық білім беруді жетілдіру болды. 

 

Осыған  байланысты  баланы  өмірге  дайындаудың  алғашқы  қоғамдық-



педагогикалық  баспалдағы  ретінде  мектепке  дейінгі  білім  беруге  талаптар 

жоғарылай бастаған. Балабақшалар саны көбейіп, ондағы орындар саны артады. 

1958  жылдың  аяғында  75355  бала  контингентіне  1371  балабақша  ашылып, 

оның  ішінде  16  балабақша  мен  2  топ  қана  қазақ  тілінде  жұмыс  істеп,  олар 

барлығы  489  қазақ  балаларын  қамтыған.  Бұл  сол  кездері  қазақ  тілінде 

тәрбиелейтін балабақшаларға ғана қатысты мәселе емес сондай-ақ елдегі басқа 

да  неміс,  кәріс,  ұйғыр  және  т.б.  ұлттар  үшін  де  өз  ана  тіліндегі 

балабақшалардың 

болмауы, 

халықтың 

әлеуметтік-мәдени 

сұранысын 

қанағаттандырмағанын  және  өкінішке  орай  өзге  ұлттардың  өз  ана  тілінде 

балаларын тәрбиелеуіне мүмкіндік болмағанын көрсетеді. 

Сонымен 1958  жылы  типтік үлгідегі 100 балабақша құрылысы салынып, 

басқа мақсатта қолданылып келген ғимарттар пайдалануға беріліп, барлығы 182 

балабақша ашылған.  

Ал  тың  жерлерді  игеруде  ауылдық  жердерде  маусымдық  егін  егу,  оны 

жинау  кезінде  уақытша  балалар  алаңдары  құрылған.  Әрине  аталған 

мекемелерде  тәрбиелеу  жұмысының  деңгейі  жоғары  болмаған,  бірақ  сол 

жылдарда  колхоздар  мен  совхоздарда  аталған  уақытша  мектепке  дейінгі 

мекемелерді  ұйымдастыру  жас  балалары  бар  аналардың  ауыл  шаруашылығы 

жұмыстарына белсенді араласуына түрткі болған. 

50 жылдардың соңы мен 60 жылдардың аяғында балалар мектепке дейінгі 

мекемелері  жалпы  білім  беру  жүйесінде  орнықты  орын  алып,  қоғамдық 

тәрбиенің  тұрақты факторына айналған. Коммунистік партия орталық комитеті 

мен  СССР  Жоғарғы  Кеңесінің  1959  жылғы  21  мамырдағы  «Мектепке  дейінгі 

балалар мекемелерінің болашақ дамуы және мектеп жасына дейінгі балаларды 




18 

 

тәрбиелеу  мен  оларға  медициналық  қызмет  көрсетуді  жақсарту  бойынша 



шаралар  туралы»  қаулысы  сол  жылдардағы  болашақ  ұрпақты  оқыту  мен 

тәрбиелеу ісін алдағы жақсартуға бағытталған маңызды құжаттардың бірі.  

Балаларды  балалар  бақшалары  мен  яслилерде  тәрбиелеудің  біріңғай 

жүйесінің  болмауы  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  басты  кемшілігі  деп  ескерген, 

Үкімет  жергілікті  жерлердің  жағдайлары  мен  мүмкіндіктерін  ескеріп,  оларды 

мектепке  дейінгі  біріңғай  ясли-бақшаға  біріктіруді  ұсынды.  Оның  мақсаты: 

балаларды туғаннан бастап мектепке барғанға дейін тәрбиелеу мен дамыту. Бұл 

Қаулы  Кеңес  одағындағы  болашақ  ұрпақты  үздіксіз  оқыту  мен  тәрбиелеуді 

қалыптастыруға ұйытқы болған.  

Сонымен,  1960  жылы  Қазақ  ССР  Министрлер  Кеңесі  Қазақ  ССР  ағарту 

министрлігімен  ұсынылған  «Біріккен  мектепке  дейінгі  мекемелер  және  типтік 

штаттар  туралы  ережені»  бекітті.  Осы  Ережеге  сәйкес  ясли  бақшаларды  бірге 

ұйымдастыру  халықтық  білім  беру  бөлімдеріне,  өнеркәсіп  мекемелеріне, 

колхоздар мен совхоздарға жүктелді. Барлық ясли-бақшалардың ведомстволық 

бағыныштылығына  қарамастан  ондағы  тәрбиелеу-оқыту  жұмысына  басшылық 

және бақылау жасау халықтық білім беру бөлімдеріне жүктелді. Ясли-бақшалар 

әрбір  жас  топтары  үшін  оқшауланған  бөлмелері,  кемінде  екі  топқа  арналған 

кіріп- шығатын жеке есігі, медициналық және оқшаулау бөлмелерінің, музыка 

және дене шынықтыру залдарымен, балалардың ойындары мен сабақтары үшін 

жасыл желекке оранған, қоршалған жер телімдері бар арнайы салынған немесе 

бейімделген ғимараттарда ашылған. 

Осы  ясли  және  бақшаларды  біріктіру  ондағы  тәрбиелеу  жұмысының 

сапасын  жақсартып,  сол  жылдары  осы  жасалған  қадамның  дұрыстығын 

дәлелдеген, нәтижесінде педагогикалық  талаптардың  бірлігі  мен  тұрақтылығы 

сақталған, балаларды яслиден балабақшаға ауыстыруға байланысты мәселелер 

ығысып, тәрбиелеу жұмысының деңгейі артқан. 

Қазақстанда  мектепке  дейінгі  мекемелер  санының  қарқынды  өсуі 

белсенді  өнеркәсіп  құрылысы  аймақтарында  жүрген.  Оған  мысал,  1959  жылы 

Қарағанды  облысының  Теміртау  қаласында  ең  алғаш  рет  «Огонек» 

балабақшасы  ашылып,  1967  жылы  олардың  саны  республика  көлемінде  70-ке 

жеткен.  Осы  1967  жылы  Қарағанды  облысында  7600  орынға  30  ясли  бақша, 

Шығыс Қазақстан облысында 1340 орынға 14 ясли бақша, Алматы облысында 

4050 орыға 32 мектепке дейінгі мекеме ашылған.  

1975  жылғы  29  тамыздағы  Коммунистік  партия  орталық  комитеті  мен 

Қазақ  ССР  министрлер  кеңесі  «Республикадағы  балабақшалар  мен  яслилерде 

қоғамдық  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  және  дамытуды  жақсартудың  шаралары 

туралы»  қаулысы  республикадағы  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  дамуына  серпін 

берді.  Осы  қаулыға  сәйкес  ғимараттардың  жаңа  құрылысын,  қосымша 

ғимараттарды  беруді,  ведомстволық  мектепке  дейінгі  мекемелердің 

құрылысына  министрліктер  мен  ведомтволар,  өнеркәсіп  мекемелері  мен 

құрылыс  ұйымдарын  қосымша  қаражат  салуға  тарту  қарастырылған  нақты 

шаралар әзірленді.  




19 

 

Мұнан  басқа  мектепке  дейінгі  мекемелердің  қарқынды  дамуы  10-ыншы 



және  11-інші  бесжылдықтарда  байқалады.  Тек  1976-1980  жылдары  164256 

орынға  құрылыс  салынған,  оның  ішінде  мемлекеттік  қаражаттың  есебінен 

138911  орынға,  ал  28945  орынға  өздерінің  бастамалары  бойынша  құрылыс 

салынып  енгізілген.  Аталған  жылдары  мектепке  дейінгі  мекемелердің 

материалдық  жағдайына  аса  мән  берілген,  олар  жиһаздармен,  жұмсақ 

жиһаздармен,  ойыншықтармен,  еңбек  және  бейнелеу  әрекетіне  қажетті 

құралдармен және тб. жабдықталған. Осы 80-інші жылдары ауылдық жерлерде 

мектепке  дейінгі  мекемелердің  дамуы  шапшаң  қарқында  жүргізілген.  Осы 

жылдары  Қостанай  облысында  балаларды  мектепке  дейінгі  мекемелермен 

қамтудың  ең  жоғарғы  көрсеткіші  53,6  %  құрап,  мектепке  дейінгі  мекемелер 

желісі шапшаң қарқында дамыған.  

Сонымен: 

- 1970 жылы балабақша саны 4978 болса, ондағы бала саны 495 мың; 

- 1980 жылы балабақша саны 7186 болса, ондағы бала саны 890 мың; 

- 1988 жылы балабақша саны 8096 болса, ондағы бала саны 1млн астам; 

-  1991  жылы  балабақша  саны  8881  болса,  ондағы  бала  саны  865  мың 

болған. 

Мектепке  дейінгі  мекемелердің  дамуы,  қоғамдық  тәрбиенің  сапасы  тек 

қана  ондағы  материалдық-техникалық  қорға  ғана  байланысты  емес  сондай-ақ 

тәрбиеші  педагог  құрамының  саяси-идеялық,  психологиялық-педагогикалық 

және арнайы дайындықтарына байланысты болған. Мектепке дейінгі тәрбиенің 

түрлі  даму  кезеңдерінде  кадрларды  даярлау  және  қайта  даярлау  үйлесімділігі 

түрліше болған.  

1946-1980  жылдары  тәрбиешілерді  дайындау  облыстық  біліктілікті 

арттыру институттарынының, өнеркәсіпке оқыту мектептерінің педагогикалық 

кластарының айлық курстарында, медучилище мен пединститутардың күндізгі 

және  сырттай  бөлімдерінде  жүргізілген.  Ал  біліктілікті  арттыру  қалалық  

аудандық  әдістемелік  бірлестіктерінің,  облыстық  біліктілікті  арттыру 

институттарынының,  жанындағы  әдістемелік  бірлестіктерде,  ғылыми-

практикалық конференциялар, семинарлар, педоқулар және т.б. жүргізілген. 

1663-1664  оқу  жылынан  бастап  мектепке  дейінгі  мекемелер  ерте  және 

мектепке  дейінгі  балалармен  жұмысты  қарастыратын  кешенді  «Балабақшада 

тәрбиелеу  бағдарламасы»  бойынша  жұмыс  жүргізуге  көшкен.  Зерттеулерге 

сүйенсек, 

осы 

кезеңде 


жоспарлаудың 

жақсартылғаны, 

сабақтарды 

ұйымдастырудың нақтылығы, оқу процесінде оқытудың техникалық құралдары 

(ТСО) мен жабдықтарды қолдану, қарым-қатынас жасаудың, әрекеттің әр алуан 

түрлерін  қолдану  байқалады.  Мұның  барлығы  педагогикалық  ұжымның 

тәртіпті  жұмысын,  әрбір  тәрбиешінің  жоғары  біліктілігі  мен  теориялық  және 

практикалық дайындығын талап еткен. Бірақ педагогикалық оқу орындары бұл 

міндеттерді шешуге дайын болмаған. 

Республикада  жоғары  білікті  мамандарды  дайындау  мәселесі  соның 

ішінде  қазақ  тілінде  даярлау  өзекті  мәселе  болған.  1957  жылы  Орал  және 

Алматы  қыздар  педагогикалық  институттарында  мектепке  дейінгі  бөлімдер 




20 

 

ашылып,  нәтижесінде  қыздар  педагогикалық  институты  қазақ  қыздарын 



қабылдай бастаған.  

Орта  және  жоғары  біліммен  мамандарды  даярлау  кеңейтілгенмен, 

балабақша  кадрлеріне  сұраныстың  күннен-күнге  артуы  мәселені  түбегейлі 

шешуге  мүмкіндік  бермеген,  сондықтан  тәрбиешілерді  даярлауға  орта  және 

жоғарғы  оқу  орындарының  сырттай  бөлімдері  жұмылдырылған.  Орал  және 

Алматы  қыздар  педагогикалық  институттарында  Қарағанды,  Қызылорда  және 

т.б.  педучилищелерінде  мамандарды  сырттай  оқытып  даярлауға  бөлімдер 

ашылған. 

Мектепке  дейінгі  мекемелерге  педагогтарды  даярлауда  атқарылған 

ауқымды жұмыстар өз жемісін бере бастаған. Мысалы: 

-  1953  орта  білімі  жоқтар  2041  педагог  (ол  барлық  педагогтың  50,7  %), 

жалпы орта біліммен 942 (23,4 %), орта біліммен 853 (21,3%), жоғары біліммен 

18 (4,6%), барлығы 

3844

 педагог болса; 

-  1993  жылы орта біліммен 67928  (69,6%), жоғары  аяқталмаған біліммен 

3147(3,2%), жоғары біліммен 20075 (20,6%), ал барлығы 



97565

 педагог болған. 

Еліміздің  Тәуелсіздігіне  қол  жеткізген  алғашқы  жылдарында  мектепке 

дейінгі  білім  беру  саласы  еріксіз  «оңтайландыруға»  ұшырады:  Осы  1991-2002 

жылдар  аралығында  балабақшалар  желісі  8  есеге  қысқарған  (8881-ден  1095 

бірлікке  дейін).  Саладағы  саясат  сол  уақыттан  бері  ең  алдымен 

инфрақұрылымды  дамытуға  бағытталды.  Мектепке  дейінгі  білім  берумен 

қамтуды  түбегейлі  кеңейтуге  Елбасының  бастамасымен  2009  жылдан  бастап 

іске  асырыла  бастаған  «Балапан»  бағдарламасы  ықпал  етті.  Ал  бүгінде  6 

жылдан  кейін  біз  1991  жылғы  (8881  бірл.,  2015  жылы  -  8834  бірл.)  желі 

көрсеткішіне қол жеткізгенімізді қуанышпен айта аламыз.  

Қазіргі таңда республикада 




жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау