ҚАЗАҚСТАНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ
ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
М.Н.Ерманова
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы,
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны бөлімінің жетекшісі
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі ғасырлық тарихта күрделі жолдан
өтті. Елдің мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуымен бірге осы жүз
жылдың ішінде мектепке дейінгі білім беру саласы да үздіксіз дамып отырған.
Кеңес Үкіметі құрылғаннан кейін елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін
осы саланың дамып, өркендеуіне үлкен бетбұрыс жасалған.
Осы кезеңде Қазақстан үшін қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиені дамыту
мәселесінің маңызы зор болған, өйткені өмір бойы мал бағумен айналысып,
көшіп жүрген халықты отырықшылыққа көшіру жағдайында ең алдымен
әйелдерді азат ету және оларды қоғамдық өмірге, өнеркәсіптік жұмысқа
тартумен байланысты саяси маңызды жұмыстармен тұспа-тұс келген.
Деректерге сүйенсек, Қазақстанда алғашқы балалар бақшасы Верный
(қазіргі Алматы) қаласында, Семей, Орал, Қызылорда қалаларында балалар
алаңдары және мектепке дейінгі киіз үйлер түрінде 1917 жылдан бастап
ашылып, 1921 жылы олардың саны 115-ке жеткен.
Елдегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің қарқынды дамуы мектепке
дейінгі мекемелердің желісін кеңейтуге зор әсер еткен, себебі осы аталған
жұмыстарға балаға қарап үйде отырған әйелдерді тарту сол жергілікті жерлерде
мектепке дейінгі мекемелерге сұранысты арттырған. Екінші дүние жүзілік
соғыс жылдарында да елдегі балабақшалар саны артқан. Мысалы, 1941 жылы
балабақшалар саны 521 болса ондағы бала саны 25721, ал 1945 жылы
балабақша саны 705 болса, ондағы бала саны 42972 жеткен. Бұл сол
жылдардағы сұрапыл соғыс жағдайына қарамастан мемлекеттің балаларға
деген аялы алақаны мен ыстық қамқорлығын дәлелдейді. Әрине соғыс уақыты
болғандықтан қазіргідей жылы жай, жұмсақ төсек, уақытылы құнарлы тамақ
болмағаны белгілі, бірақ осы қолдан бейімделген, жұпыны жабдықталған,
балалар бақшасында балаларға қамқорлық пен күтім көрсетіліп, аналарының
соғыс жылдары елдің азаттығы мен болашағы үшін жұмыс істеуіне, ал
балаларға соғыс зардабынан қарны ашпай, аман қалуына ықпал еткен.
16
Соғыс жылдарынан кейін де мектепке дейінгі тәрбиенің даму
қарқынының артқанын зерттеулер көрсетіп отыр. Сол жылдардағы елдің өшпес
тарихына көз жүгіртетін болсақ, соғыс жылдарында ер азаматтардың соғысқа
кетуіне байланысты елде жұмысқа жарамды ана мен етекте оратылған жас
балалар қалған. Дәл осы кезеңде маңызды жұмыс күші ретінде елдегі аналарға
ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп тізгінін ұстауға тура келген.
Елдегі бұл әлеуметтік-экономикалық міндетті шешу, аналарды қоғамдық
өнеркәсіпке тарту мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жетіспеушілігіне
әкеп соқтырған. Бірақ ауылдағы қазақтар үшін бұл айтарлықтай өзекті мәселе
болды деп те айта алмаймыз. Өйткені анасы жұмысқа кеткенде үйдегі балаларға
атасы мен әжелері қарайтын болған.
Осы жылдары сұм соғыстың басталып кетуі және елдегі түскен
қаражаттың барлығы дерлік елді қорғауға жұмсалуына және халықтық білім
беруде балабақшалардың қызмет етуіне берілетін қажетті қаржының
жоқтығына байланысты өнеркәсіптің жанынан балабақшалардың салынуы
қарқынды дамыған.
1949 жылғы шілдедегі Қазақ ССР Министрлер Кеңесі «СССР
Министрлер Кеңесінің 1949 жылғы 18 мамырдағы №2004 қаулысын іске асыру
шаралары
туралы»
«Мектепке
дейінгі
балалар
мекемелері
мен
перзентханаларды кеңейту және олардың жағдайларын жақсарту шаралары
туралы» қаулыны қабылдады. Онда мектепке дейінгі мекемелердің санын
арттыру бойынша республикалық Министрліктер мен ведомстволардың
жұмыстарының нақты іс-шаралары анықталып, олардың материалдық базасын
Достарыңызбен бөлісу: |