400
ОТБАСЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР
Кабенова Жұмагүл Токаевна
«Балапан» балабақшасының тәрбиешісі
Қостанай облысы, Жітіқара қаласы
«Бала тәрбиелеу- болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге
осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек».
Н.Назарбаев
«Бала естігенін емес, көргенін көңіліне түйеді» деп, халық даңалығында
бекер айтылмаған.
Ұлттық білім беру жүйесін модернизациялау саясаты – дүниежүзілік білім
беру кеңістігіне енудің шарттарының бірі. Модернизация оқыту мен
тәрбиелеудің нәтижесі ретінде білім беру сапасына қойылатын жаңа
талаптарын
айқындайды.
Мектепке
дейінгі
білім
беру
жүйесін
модернизациялау
мектепке
дейінгі
ұйымның
іс-әрекетінің
сапалық
өзгерістеріне, даму тәртібіне көшуге ықпал ететін инновацияны меңгерген
жағдайда ғана мүмкін. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін модернизациялау
жағдайындағы жұмыс жасап жүрген педагогтар оқу-тәрбие материалының жаңа
мазмұнын шығармашыл ойлап түсіну, жан-жақты тәрбиенің аса тиімді
жолдарын, формалары мен әдістерін табу қажет. Кәсіби шеберліктің жоғары
деңгейін меңгеру жоғары дамыған кәсіби ойлауға, педагогтың шығармашылық
әлеуетін белсендіруге бағытталған. Жобалық әдіс – оқытудың қазіргі кездегі
инновациялық әдістердің бірі. Бұл әдісті қолдану балалардың негізгі
құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін Қазақстан Республикасы
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартын жүзеге асырудың бір бағыты болып келеді. Жеке тұлғалық
бағдарлы тәсіл –баланың тұлғасын, оны дамытудағы ыңғайлы, қауіпсіз,
қолайлы жағдайларын құрып, табиғи әлеуетін жүзеге асыруды қамтамасыз
етуін білім беру жүйесінің басты орнына қояды.
Инновациялық бағыттардың бірі: «Отбасылық педагогикалық жобалар»
Жобалық іс-әрекет мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ойын
тиімді дамытуы үшін балалардың танымдық белсенділік ерекшеліктерін түсіну
қажет. Жобалық іс-әрекетте бала қойылған міндеттердің орындалуына
байланысты түрлі мүмкіндіктерді зерттейді, өзінің анықтаған критерийлері
бойынша ұтымды тәсілін таңдайды. Мектепке дейінгі жастағы жобалық іс-
әрекеттің өзіндік ерекшелігі баланың түпкі ойының өзі ғана, оның техникалық
мүмкіндіктерінен озады. Осыған орай, баланың ойындағысын жүзеге асыруда
оған көмек беру маңызды. Басқа балалардың көмегіне сүйену қиын. Жобалық
іс-әрекетті жүзеге асыру үшін үлкендерді қатыстыру қажет, алдымен баланың
ата-анасын, себебі жалғыз өзі бұл іс-әрекетті орындай алмайды. Тәрбиеші
жобаның тақырыбы бойынша балаларға тапсырмалар ұсынады (орман
401
алаңқайының макетін жасау, өсімдіктердің суреттері салынған альбом, плакат,
дала гүлдерінің гербариі және т.б.).
Балалар ата-анасымен бірге өздерінің қалауы бойынша тапсырманы таңдап
алады. Тәрбиеші тапсырмаларды берудің алдында оларды мұқият ойластыруы
керек. Тапсырмалар тым қиын соқпайтын, «ниетпен және қуанышты»
орындалатындай, жеңілдеу болғаны дұрыс. Қажет болған жағдайда тәрбиеші
анықтамалық, практикалық материалды ұсынып немесе оны қайдан табуға
болатынына нұсқау жасайды.
Жобамен жүмыс жасау педагогтарды жаңа ізденіске, ата-аналарды
балаларымен отбасылық ынтымыққа, ал балаларды өз ойын толық дәлелдеп
қорғай білетін қөшбасшылыққа тәрбилейді. Балалар өз бетінше ойларын
жеткізуге, еркін пікір таластыруға, ақпарат көздерін жинауға үйренді.
Жобаның соңғы кезеңі – қорғау.
Ол әрқашан өте қызықты көрініс. Жобаны
қорғау үшін қонақтарды, ата-аналарды, балаларды шақыруға болады.
Эмоционалдық қызудың жоғары деңгейі дәл осы кезеңге келеді және оны
жобаның әлеуметтік маңыздылығымен күшейту қажет. Жоба кімге және не
үшін құрылғанын және не себепті қажет екенін түсіндіру керек. Жобаны қорғау
формасы қызықты да жарқын, әр баланың, ата-ананың, педагогтың жасаған
үлесін айқындап көрсете алатындай ойластыру керек. Баланың ата-анасымен
бірлесіп орындаған жұмысы бір-бірін жақсы түсініп, өзара қолдаушы қарым-
қатынас орнатуға септігін тигізері сөзсіз.
Жобалардың негізгі мақсаты – отбасын нығайту, балалар мен ата-аналарды
қатысушылардың нәтижелі қарым-қатынасы мен серіктестігі негізінде пайда
болатын шығармашылық процеске қатыстыру.
Жобалар не үшін керек?
Достарыңызбен бөлісу: