Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің тақырыптық перспективті жоспары



жүктеу 1,79 Mb.
бет5/9
Дата14.05.2018
өлшемі1,79 Mb.
#13526
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әр аңға тән музыканы ажырата, тани білулері керек.

Игереді: қыс қызығы туралы түсініктерді игереді.

Меңгереді: музыканы ести отырып, сол музыкаға лайық қимыл жасауды меңгереді.

35 - 36 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Аңдардың айтысы»

Мақсаты: әннің динамикалық реңкін жеткізіп орындауға, музыкаға сәйкес әр жануардың қимыл-қозғалысын келтіре білуге үйрету.

Көрнекілік: түлкінің, аюдың, кірпінің маскалары. Сөздік жұмыс: кәрі емен.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


Залдың іші қысқы орманның көрінісін бейнелейтіндей безендірілген. Балалар орман ішіне қойылған кедергілерден, қисық жолдардан өтіп, орындықтарға орналасады.

Халық «қу» деп,

Қылған күлкі,

Айласы көп,

Бұл не?

Жаңғақ жауған орманда

Күндіз қорек айырып,

Жатады кеш болғанда

Өз құйрығын жамылып.

Үстің толған ине,

Бірін берсең, шіркін,

Қадар едім түйме.


Балалар орман ішінде түрлі кедергілерден аттап, музыка әуенімен жүрді.

Шешуі: Түлкі

Шешуі: Тиін

Шешуі: Кірпі






- Балалар, біз жақында ғана жаңа жыл мерекесін тойладық.

Міне, қазір ескі жаңа жыл да келді. Өздерің білесіңдер, жаңа жыл ертегі ғажайыптарына толы. Бізде ертеңгілікке қандай аңдар, ертегі кейіпкерлері келді? Сол мерекені еске түсіріп, эрі қарай өзіміз аңдар болып айтысамыз, ойын ойнаймыз.



Музыка тыңдау: «Күлдіргіштер».

П. И. Чайковский - орыстың ұлы композиторы, балаларға арнап көптеген шығармалар жазған. «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару» балеттері бар. Өзіміз жиі тыңдайтын «Ойыншық» солдаттар маршын» осы кісі жазған. Адам өмірінде күлкінің де алар орны ерекше. Міне, айналасын күлдіріп жүретін күлдіргіштерге арнап осы музыканы шығарған.

- Музыканы тыңдағанда күлдіргіштердің іс-әрекетін елестете алдыңдар ма?




Балалар күлдіргіштер музыкасын тыңдай отырып, күлдіргіштердің іс-әрекетін елестетеді.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Осы көңілді күймен балаларды топқа бөліп, аңдардың айтысын бейнелеу. Ән айту: «Аңдардың айтысы» (Р.Наурызбаева, Ш.Құлманова). Түлкінің әнін үйретіп, қимылдарын көрсету. Келесі топ Аю әнін айтып, әнмен бірге қорбаңдап жүру. Тез, шапшаң қимылмен балаларға Кірпі жүрісін көрсетіп, әнін айтқызу. Аңдар хорын барлығы түгел айтады. Би: «Қасқыр мен қояндар». Өткен сабақта үйренген көрініс биді жалғастыру («Билеп үйренейік»). Ойын: «Аю мен қояндар». Қояндар жеңіл музыка әуенімен көңілді секіріп жүріп, ұйқыдан оянған аюдың музыкасы дыбысталғанда қаша жөнеледі.

Балалар топтарға бөлініп, әр аңның әуенін үйреніп, сол аңға тән қимылды жасауға талпынады.

Өткен іс-әрекет кезінде бастап'үйренген көрініс биді әрі қарай жалғастырып үйренеді.



Рефлексиялық - түзетушілік


- Бүгін бізде қандай аңдар қонақта болды?

- Қай аңдардың әнін орындадыңдар?

- Орманда өткен сабақ сендерге ұнады ма?

Қорытындылау, бағалау, аңдарды жақсы сомдаған балаларды марапаттау.



Балалар алған эсерлерін жауап беру арқылы жеткізеді. Көтеріңкі көңіл күймен топтарына тарайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуенге сай аңдардың музыкасын ажырата біледі.

Игереді: кәрі емен, бұлаң-бұлаң, балпаң-балпаң сөздерінің түсініктерін.

Меңгереді: әр аңға тән музыка бойынша қимыл-қозғалыс дағдыларын.

31 - 32 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: балаларды ертегіні түсіне отырып, кейіпкерді сомдауға үйрету.

Көрнекілік: «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлердің атрибуттары.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


Балаларды музыка әуенімен қарсы алады. Шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді.

Жан әжемнің жанында

Тіпті рахат секілді.

Айтады ұйықтар алдында

Ертегіні не түрлі.

- Сендер қандай ертегі білесіңдер?

- Оның ішінде қандай ертегіні жақсы көресіңдер?

- Ал енді сол ертегіні еске түсірейікші.

- Қандай кейіпкерлер бар? Балаларға әр кейіпкерді суреттейтін музыка тыңдатып, сол музыкаға сай қимылдар жасату.


Балалар музыка әуенімен жүреді, жүгіреді.

Ертегі туралы білгендерін айтуға тырысады. Музыка тыңдап, әр аңға тән музыканы атайды, жүрісін салады.






«Бауырсақ» ертегісін сахналауды ұсынады. Балалардың қалауы бойынша кейіпкерлерді рөлге бөлу.

- Баяғыда кемпір мен шал болыпты. Бірде шал кемпірінен бауырсақ пісіріп беруін сұрапты.

Күй ойналып, ата мен әже әрі-бері жүріп, әженің қамыр илегенін көрсетіп, бауырсақты терезе алдына келтіреді.

- Жата-жата шаршаған бауырсақ терезеден домалап түсіп, қашады. Музыка әуенімен секіреді, жүгіреді, қашады.

Қоян (әндете, белгілі бір әуенге салып): Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін. Бауырсақ (әндете):

Мен атамнан қаштым,

Апамнан да қаштымі

Ал сенен қашу, қоян,

Қиын емес маған. Бауырсақ қашып кетеді. Музыка жетекшісі:

- Балалар, бауырсақ қояннан қашып кетті ғой. Кәне, бәріміз қоянның көңілін көтеріп, «Қояндар биін» қосылып билейік.



Балалар өз қалаулары бойынша рөлдерді бөліп алады.

Әже рөлін сомдаған бала қамыр илеп, нан пісіріп, оны терезе алдына қояды. Бауырсақ жеңіл музыка әуеніне ілесіп домалайды. Қоян бауырсаққа қарсы жүріп, жейтінін байқатады.



Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Музыка ойналып, қасқыр шығады. Қасқыр (әндете): Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ (әндете): Сен мені жеме, мен өлең айтып беремін (әнін айтады). Қасқыр аңтарылып қалады. Музыка жетекшісі:

- Қасқыр, сен ренжіме, балалар сенімен ойын ойнап, көңіліңді көтермек. Ойын: «Қасқыр қақпан».

Қасқыр түсті қақпанға

Жортып келе жатқанда.

«Аяғым» деп шыңғырды,

Аяғымды сындырды. Осы кезде қорбаңдап Аю келеді, алдынан Бауырсақ кездеседі. Аю (әндете): Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ әнін айтып қашып кетеді, Аю аузын ашып қалады. Музыка жетекшісі:

- Аю, сен ренжіме, балалармен ойын ойнаймыз.

Ойын: «Аю мен қояндар».

Түлкі (әндете):



Мен сұлу түлкімін,

Жай өтпес бір күнім.

Ішінде жүремін,

Айғай-шу күлкінің. Алдынан Бауырсақ кездеседі. Түлкі: Амансың ба, Бауырсақ! (Әндете) Қандай эдемі болып кеткенсің! Бауырсақ әндетеді.

Түлкі: Құлағым естімейді, қайта айтшы Музыка жетекшісі:

- Балалар, бауырсақты түлкі жеп қоймақшы, кәне бәріміз құтқарайық. Қалай құтқаруға болады? Музыка жетекшісі:

- Түлкі, сен бауырсақты жеме, біз саған көңілді ән айтып береміз.



Ән: «Ертегілер».

Бауырсақ әнін айтып, қасқырдан қашып кетеді.

Балалар шеңберде жүріп өлеңді айтып, қасқыр ортада аяғын ұстап қимыл жасады.

Аю қорбаңдап әуенімен ән салады, бауырсақты кездестіреді.

Аю балалармен ойын ойнайды.

Түлкі қутыңдап келеді. Бауырсақ әнін айтады.

Балалар бауырсақты түлкіден құтқарады.



Рефлексиялық - түзетушілік


Қорытындылау, бағалау.


Балалар топтарына тарайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балалар ертегіні сомдай, сахналай білуі керек.

Игереді: рөлде ойнау дағдыларын.

Меңгереді: ертегіні сахналау дағдыларын.

3334 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Айнала ақша қар»

Мақсаты: музыка арқылы табиғат құбылыстарын сезінуге үйрету. Табиғатқа әсерлену, қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік: қыс көріністері салынған суреттер.

Сөздік жұмыс: зырлаймыз, тынбаймыз, төтеп беру.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


Балаларды музыка залында көтеріңкі

көңіл күймен қарсы алады.



Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір,

Ақ қанатты көбелек.

(3. Шүкіров)

Балалар көңілді әуенмен залға келеді.

Өлеңді тыңдап, не туралы айтылғанын түсінеді.




Ұйымдастырушылық - ізденушілік


- Балалар, айналаға көз салыңдаршы, қандай құбылысты байқадыңдар?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс сендерге несімен ұнайды?

Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезеңді торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды.


Балалар жұмбақ - өлеңге жауап айтады.

Қыс көріністері туралы түсініктерін жеткізеді.



- Балалар, бұл өлеңде жылдың қай мезгілі айтылып түр? Музыка тыңдау: «Бұл қай кезде болады? Қыс» (Б.Ерзакович) Бұл жұмбақ - өлең қыс көрінісін суреттеп отыр. Композитор жылдың төрт мезгіліне арнап жұмбақ өлең жазған. Әр мезгілді өлеңге қосып жұмбақтаған.

Ән айту: өткен әндерді еске түсіріп қайталау. Әнді айғайламай, бірін бірі тыңдап, дем алғанда иықты көтермей айту.



Жаңа ән: «Айнала ақша қар» (И. Мамақов, Қ. Ыдырысов). Музыка жетекшісі әнді орындайды. Балалардан әнде не туралы айтылғанын, әннің көңіл күйін, қандай жылдамдықта орындалғанын сұрайды. Кейбір сөздерге түсінік беру. Әуенді - ырғақты қимылдар: «Көңілді балалар» (Литва халқының әуені).

Балалар көңілді музыка әуенімен серіппе, екі қадам алға және артқа жүріп, аяқты 3 рет топылдатады. Қимылды ырғақпен бірге жасау. Әуенді бірнеше рет қайталап, қимылды есте сақтау.



Би: «Қояндар биі» («Билеп үйренейік»). Би қимылдарын жинақтағы түсініктеме бойынша жасау. Қоян қимылдарын аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп жасау.

Қыс мезгілі

Балалар өткен әндерді естеріне түсіріп айтады.

Ән туралы, қыс көріністерін әңгімелеуге тырысады.

Балалар әуенге ілесіп ырғақпен қимылдар жасауға талпынады.

Қояндардың қимылын естеріне түсіре отырып би үйренеді.


Рефлексиялық - түзетушілік


- Бүгінгі іс-әрекетімізде жылдың қай мезгілін айттық?

- Қандай ән үйрендік?

- Қандай әуенге қимылдар жасадық?

- Бидің аты қалай?

- Сендерге қай іс-әрекет бөлімі ұнады? Қорытындылау, бағалау.


Балалар қыс туралы білгендерінше жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс көріністерін суреттеп айта білулері керек.

Игереді: зырлаймыз, тыңдаймыз, төтеп беру сөздерін түсінеді.

Меңгереді: би қимылдарын, әуенге ілесіп ырғақпен қимыл жасау дағдыларын.

41 - 42 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Бесік жыры»

Мақсаты: лирикалық сипаттағы әндерді орташа екпінмен, күш түсірмей әндете айтуға баулу және тембрін, динамикасын қабылдап сезінуге, таныс шығармалар ырғағын сезіне, музыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауға дағдыландыру. Би қимылдарын мәнерлеп орындауды үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бесік, қуыршақ.

Қажетті құрал-жабдықтар: сылдырмақ, қоңырау, тұяқтас, металлофон.

Алдын ала орындалатын жұмыс: «Бесікке салу» дәстүрі туралы әңгімелеу.

Сөздік жұмыс: бесік жыры, әлди-әлди.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық - қозғаушылық


«Вальс» (Шуберт. «Билеп үйренейік» жинағынан) ырғағымен балаларға би қимылдарын қайталауды ұсынады. Аяқ ұшымен жеңіл жүгіру, қол ұстасып баяу тербетілу, айналу, орын ауыстыру қимылдарын бекітеді. Балаларды шеңбер бойымен отырғызады. Жұмбақ жасырып, шешулерін сұрайды.

Тұрады ол әр үйде, Жайлы орын сәбиге. Шаңғы табан үйшік ол, Тербететін, әрине.

Бұл не?


Балалар өздеріне таныс вальс қимылдарын еркін орындайды.

Ойлап тапқан би элементтерін қоса орындайды.

Балалар жұмбақты тыңдап, шешуін ойланып табады.

Шешуі: Бесік









- Балалар, Әмина әжеміз бүгін немересі Айдананы бесікке салу рәсімін жасайды екен. «Бесік тойына» біз де барайық.

Бесік жанында әже немересі (қуыршақ Айдананы) алдына алып отырады. Балаларды төрге шақырып, отыруды ұсынады.

Ортаға бесік әкеліп қояды. Бесікке қуыршақ «сәбиді» жатқызып, бөлейді.

- Біз қуыршақты бөлеп, бесікке салу рәсімін жасайық. Аршаның түтінімен бесікті аластап, тазарталық.



Алас, алас, баладан алас,

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас,

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас.

Бісіміллә, келді міне иесі, Көш пәлесі! -

деп, аластап, сәбиді бөлеуді көрсетеді.

Бесікті тербетеді.

Музыка тыңдау: «Бесік жыры»

(Қ.Өрісбаев, Ш.Мұхамеджанов) әнін

айтып, тыңдауды ұсынады.

- Бесік жыры қандай ән екен?

- Сендерге ұнады ма? «Әлди-әлди» халық әнін айтып, балаларға қосылып айтуды ұсынады. Баяу, жұмсақ әуенді сипатын өз эмоциялық сезімдерімен әндете жеткізуді ескереді.

- Кішкентай сәби ұйықтады. Оянып кетпесін, өте ақырын, жэй дауыспен айтайық, - деп ескертеді.

- Сәбиді ұйықтатар алдында «Бесік жырын» айтса, ұйқысы тәтті болады. Сәбиіміз тыныш ұйықтасын, - деп бесікті төрге апарып қояды.


Әмина әженің немересін бесікке салу рәсіміне бірге баруға қызығады.

Балалар әженің немересі Айдананы қалай бесікке салғанын көріп, тамашалайды.

Бесікке салу дәстүрін көріп, еске сақтауға тырысады.

Әженің айтқан сөздерін тыңдап, түсінуге тырысады.

Балалар «Бесік жырын» тыңдап, әннің сипаты туралы әңгімелейді.

«Әлди, әлди» халық әнін орындап, дауыстарын ашық, жарқын және баяу, ақырын шығарып айтуға тырысады.

Жаңа әннің лирикалық әуенін жеткізе әндетуге үйренеді.


Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Ән үйрену: «Бесік жыры»

(И.Нүсіпбаев, С.Жиенбаев). Әнді үйрете отырып, мазмұнын қысқаша таныстырады, лирикалық әуеніне мән береді. Орындау барысында балаларға қуыршақтарды алып, жұбатып, тербету қимылын ән ырғағымен бірге жасауды көрсетеді. Ойын: «Қандай аспап?» (Б.Дәлденбай, А.Асылбек). Ойынға сылдырмақ, ысқырық, қоңырау, бубен, үшбұрыш, металлофон аспаптары қолданылады. Әуеннің тембрін дұрыс ажыратуларын қадағалайды. Би: «Вальс» (Шуберт)



Қол ұстасып, жұптасып,

Шыркөбелек айналып,

Вальс биін билейік! - деп би элементтерін үйретеді («Билеп үйренейік»).

Ән авторларымен танысып, шығармалары туралы мәлімет алады. Балалар қуыршақтарды қолдарына алып, ән ырғағымен тербете әлдилейді.

Ойында айтылған әндерді естіп,

олардың дауыс тембрін ажыратады. Аспаптар атын атап айтып, сол аспаптарда қосыла ойнайды. Жұптасып билеудің қимылдарын жетік меңгергендерін көрсетеді.


Рефлексиялық - түзетушілік


Аспапта ойнау: «Сәулем-ай» (халық әні, өңдеген Б.Дәлденбай).

Кімде қандай аспап бар?

Тұяқтас пен қоңырау,

Асатаяқ, тоқылдақ,

Домбыра, сырнай тағы бар.

Металлофон бастайды,

Сырнайымыз қостайды,

Барлық аспап қосылса

Оркестр деп аталар - деп, ән әуеніне оркестр ұйымдастырылып, аспапта ойнап үйретеді. Ән әуеніне ілесе, ырғақты сезіне ойнауға дағдыландырады.

- «Бесік жырының» әуені қандай екен?

- Сәбиді ұйықтатарда қалай әндеткен дұрыс?

- Әмина әжеміз немересін бесікке қалай жатқызды?

- Әжеміз қандай ән айтты? Сұрақтар қою арқылы оқу іс-әрекетінде өткен, үйренген материалдарды пысықтайды.


Балалар өздеріне ұнаған аспаптарды таңдап алып, оркестрде ойнауға дайындалады.

Әуенге ілесе, әуен үндестігін сезіне көңілді ойнап,аспаптарды меңгереді.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп, көріп - үйренгендерін қайталайды.

Балалар көңілді қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуен динамикасын, тембрін ажыратуды, лирикалық сипаттағы әндерді нақышпен орындауды.

Игереді: ырғақты сезіне музыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауды, лирикалық әуенді тыңдап, сезінуді.

Меңгереді: дауысқа күш түсірмей әндетуді, динамикалық белгілерді ажыратуды.

35 - 36 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Менің туыстарым»

Мақсаты: музыкалық шығарманы тыңдап, қабылдауға, айырмашылықтарын ажыратуға үйрету. Әуенге әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке, үлкен-кішіге деген сыйластыққа баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: отбасындағы туыстар бейнеленген суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: алтыбақан, үшбұрыш, қоңырау, металлофон, бубен аспаптары.

Алдын ала орындалатын жұмыс: өз туыстары туралы әңгімелеу, өлең - тақпақтар жаттау, жылы лебіз тілектер айтуды үйрену. Туыстарына арнап қолдан сыйлықтар жасау.

Сөздік жұмысы: алтыбақан.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


«Кел, билейік» (В.Конорова) әуенінің ырғағына еркін би қимылдарын жасайды. Би барысында секіртпелі қимылды, орын ауыстыру, бір қырымен бір аяқты келесі аяққа соға секіру қимылдарын қадағалау (боковой галоп). Санамақ айтып, көңілденуге шақырады.


Балалар көтеріңкі көңіл күймен би қимылдарын еркін орындап, ырғақты сезіне билейді.


Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Кел, санайық санамақ,

Саусақтарды даралап.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым - атам,

Балаң үйрек - әжем,

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек — анам,

Титтей бөбек - мен. Отбасы туралы әңгімелесу. Туыстарына өлең - тақпақтар арнау.

Атам маған әманда,

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

(А. Асылбек)



Мейірімді апалар,

Балалар одан бата алар.

Қалтасына кәмпит can

Немереге апарар. Ойын: «Менің туыстарым». Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, бастаушы ортада тұрып, допты кез келген балаға лақтырады. Допты қағып алған бала отбасы немесе туыстары туралы өлең - тақпақ айтып, ән орындауына болады. Ойынға белсене қатысқан балаларды мадақтау.

Шеңбер бойына тұрып, санамақты саусақтарымен көрсете, сөздерін анықтап айтады.

Ойын барысында өздері үйренген, білетін тақпақтарын, әндерін орындайды.

Допты ептілікпен қағып алуға тырысады. Өз туыстары туралы білетін, жаттаған өлең - такпақтарын, әндерін айтып, ойынды қызықты өткізуге атсалысады.


Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күншуақ, Бізге қымбат анамыз. (Ф. Оңғарсынова)

- Ең сүйікті де, бізге ең жақын адам кім?

- Неліктен анамызды күнге теңейміз? Музыка тыңдау: «Жан анам» (Е.Өміров, Қ.Жәленова). Композитор Е.Өміров туралы әңгімелеу.


Ана

Рефлексиялық - түзетушілік


Шығармаларына тоқталу. Дауыс жаттығуы: «Әдемі ән». Жаттығуды орындағанда терең тыныс алып, дауыстарының бірқалыпты шығуын қадағалау.

«Анашым» жаттығуында «а» дауысты дыбысын ауызды «дөңгелете» айту тәсілімен айтқызу, таза айтуларына көңіл бөлу. Ән үйрену:



«Екеуміз әйбат баламыз» (И.Нүсіпбаев, О.Әубәкіров). Әнді орындап, сипаты мен көңіл күйі, мағынасы, мазмұны туралы сұрайды.

- Ән қалай орындалды?

- «Қаракөз» деген кім екен?

- Сендер аналарыңа қалай көмектесесіңдер?

Әннің мәтінін үйретіп, әуенін еске сақтау үшін ырғақты шапалақпен көрсетулерін сұрайды. Әуенді - қимылды ойын «Алтыбақан». Алтыбақанға қыздарды қошеметпен отырғызу, тербету ұлдарға тапсырылады. Ән - ойынды көңілді, жарқын дауыспен орындауды ұсынады.

Оркестрде ойнау: «Айгөлек». Музыкалық аспаптар дауыстарының анық шығуын, ұстау тәсілін бақылайды.


Әнді тыңдап, нәзік әуезді сипатын ажыратады. Ән авторлары туралы естіп, біледі. Дауыс жаттығуын орындайды. Дауысты дыбыстарды таза, анық айтуға тырысады. Әннің ойнақы, жүрдек екпінін сезініп, ән мазмұнын түсініп орындауға тырысады.

Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын жеткізеді. Ән әуенін үйреніп, сөзін жаттауға, ырғақпен әндетуге үйретеді. Ұлдар қыздарды алтыбақанға шақырып, отыруға көмектеседі. Тербетіп, «Еркем-ай» әуенімен әндетеді. «Айгөлек» әуеніне қосыла аспаптардың үндестігін сақтап, реттіліктерімен ойнайды.






Анаң - күнің, жүрегің,

Әкең - өмір тірегің,

Ағаң — қамқор асқарың,

Інің - мөлдір аспаның,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Туыстарына, ата-анасына арнаған жылы лебіздерін қайталайды.

Балалар өлең жолдарын қайталап, жаттап алуға талпынады.






Әжең — асыл ардағың,

Атаң - дана қорғаның,

Қарындасың - қанатың

Ел - Отаның - жәннатың.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

(М.Қуанышбеков) - Туыстарымызды, ата-анамызды сыйлап, ардақтайық, балалар!



Туыстарына

сыйлықтарын

дайындайды.


жүктеу 1,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау