Күтілетін нәтиже:
Біледі: әннің сипатын қабылдау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әуенге сай түрлі қимылдарды орындауды.
Игереді: музыка сипатына сай, әртүрлі әуенді ажыратуды, салыстыруды, жаңа әннің мәтіндік және музыкалық мағынасын түсінуді, «құс қанаты», «құс тұмсық» би элементтерін.
Меңгереді: өз беттерінше әуенге еркін қозғалуды, әнді нақышына келтіре орындауды, екі түрлі сипаттағы әуенді салыстыруды, тыңдап сезінуді, әңгімелеуді.
№ 55 - 56 технологиялық карталар
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Ән салып, би билейміз»
Мақсаты: музыкалық шығармалар сипатын анықтауды жалғастыру, дыбыстың ұзақтығын, биіктігін ажыратуды дамыту. Әнді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындауға баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: шертер суреті, композитор Б. Дәлденбайдың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: металлофон аспабы. «Етек-етек» ойынына қажетті атрибуттар.
Алдын ала орындалатын жұмыс: үйренген би, әндерін қайталау.
Сөздік жұмыс: регистр, шертер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық - қозғаушылық
|
«Марш» (Е.Брусиловский) ойналып, балалардың шеңбер бойымен жүріп келіп, бірнеше қатарға тұрып, түзу сызық бойымен жүруді үйретеді. Үйренеміз өнер біз, Шетімізден шеберміз. Ән де айтып көңілді, Би де билеп береміз, -деп, «Тату достар» (И.Штраус) полькасына биге шақырады. Балаларға әуенді тыңдап, өз ойларынан, таныс би қимылдарынан қарастыруға, еркін билеуге мүмкіндік береді.
- Кімнің қандай өнері бар?
- Кім билегенді ұнатады?
|
Марш екпінін сезіне, бірнеше қатарға бөлініп тұруды үйренеді.
Сап түзеп, қатарласа жүреді.
Көңілді полька биінің әуенін сезіне жеңіл қозғалады.
|
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
|
- Ал кім бізге қалаған әнін орындап береді? - деген сұрақтар қойып, балаларға өз шығармашылықтарын, өнерлерін көрсетуді ұсынады.
|
Өз ойларынан би құрастырып, мәнерлеп орындайды.
|
Домбырам күмбірлеп,
Күй шерте аламын.
Бұрала би билеп,
Суретme саламын. «Біз өнерпаз баламыз» атты шағын концерт ұйымдастырылады.
Ән тыңдау: «Балалығым - балғын шағым» (Т.Қажыбаев) атты әнді орындап, мұқият тыңдауларын сұрайды. Әннің мазмұнына ерекше тоқталу. Әннің орындалуына мән беріп, көңіл күйін сезіне әңгімелеуді ұсынады. Ұлттық музыкалық аспап - шертермен таныстыру. Аспаптың суретін көрсетіп, дыбысталуын үнтаспада тыңдату. Дауыс ерекшелігін еске сақтауға, ажыратуға үйрету. Дауыс жаттығулары: «Дабыл», «Шертер» орындалады. «Дабыл» әніндегі «дұң-дұң» буындарын дауысқа салмақ түсіре анық айтуға үйрету. «Шертер» ән жаттығуында нүктелі нотаның орындалу ерекшелігіне, регистріне көңіл аудару. Дыбыс ұзақтықтарын көрсетуді қадағалау.
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз,
Біз тату достармыз,
Біз үнемі біргеміз! Ән үйрену: «Балдырғандар әні» (Б.Дәлденбай, Н.Жанаев). Авторлардың балаларға арнап жазған көптеген әндерін орындап, айтып жүргендерін ескертеді. Көңілді, ойнақы сипатына көңіл бөліп, мазмұнын қысқаша түсіндіреді.
Әннің әуенін үйретіп, бірге қосыла айтуға икемдейді.
|
Өз өнерлерін ұсынған балалар ән салып, би билеп, өлең - тақпақтарын айтады. Концерт көрермендері қошемет көрсетіп, өнерпаздарға қол шапалақтайды. Әнді ынталана тыңдап, мағынасына мән береді. Әннің
сипатын ажыратады.
Шертер аспабымен танысып, дыбысталуын еске сақтайды.
Дауыс жаттығуларын анық, таза орындайды. Дыбыс ұзақтығын шапалақтап көрсетеді.
Жаңа әнді тыңдап, әуенін үйренеді. Сөздерін қайталап, мағынасын түсінеді.
Ән авторлары туралы мәлімет алады. Әннің ойнақы, көңілді сипатын сезініп, «ля» буынына қосыла айтады.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Аспапта ойнау: «Полька». Бірнеше металлофон аспабында оркестрде ойнауға үйрету. Әуенді анық, таза ойнап, ырғақты сезінуге дағдыландырады.
Ойна, ойна, ойнайық,
Биле, биле, билейік.
Ойын ойнап көңілді,
Қызыққа тоймайық!
Ойын: «Етек-етек». Ойын шартын қатаң сақтауларын қадағалау.
|
Металлофон аспабын меңгеріп, таза ойнауға үйренеді.
Әуен ырғағына қосыла, үндестігін бере көңілді ойнайды.
Қимылды - әуенді ойынға
ұйымшылдықпен
қатысады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: дыбыс биіктігін, үзақтығын ажыратуды. Әнді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындауды білуі керек.
Игереді: жаңа ән үйреніп, әуенін таза айтуды, шертер аспабымен танысып, дыбысталуын ажыратуды.
Меңгереді: музыкалық шығармалар сипатын өз беттерінше ажыратуды, әнді, дауыс жаттығуларын мәнерлеп орындауды, металлофон аспабында еркін ойнауды.
№ 57 - 58 технологиялық карталар
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Музыка әлеміне саяхат»
Мақсаты: балаларды музыка әлемімен таныстыру арқылы ұлттық мәдениетімізбен, опера және балет жанрымен таныстыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: микрофон, Абай атындағы опера және балет театрының, опера әншілері мен бишілерінің суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: үнтаспа, бейнетаспа, интерактивті тақта.
Алдын ала орындалатын жұмыс: балалардың өлең, тақпақ, әндерін, билерін жеке дайындау.
Сөздік жұмысы: театр, балет, опера, метро, интерактивті тақта, диапазон.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық - қозғаушылық
|
- Бүгін біз балалардың арасынан ұйымдастырылған «Ән-би» жарысына саяхатқа барамыз», - деп, «Бақытты балалың шақ» әнімен («Мен бақытты баламын» CD үнтаспасынан) қарсы алады. Балалардың залға келіп тұрып, орындарына орналасуын ұсынады.
- Балалар, музыка әлеміне саяхатқа «метро» көлігіне отырып барамыз. Ең алдымен Абай атындағы Опера және балет театрына барып көрейік, - деп, әнші қызға әннің кезегін береді.
М. Жәутіковтың «Тәтті-тәтті» әнімен билеп барамыз. Әншіге тұруды, жүруді, әртістік қабілетін еркін айтуын көрсетіп, үйретеді.
|
Балалар жұппен кіріп үйренеді. Өз орындарына тұрып, көңілді ырғақты қимылдарды жасай білуге талпынады.
Балалар залдың бойымен шеңбермен жүріп, әннің ырғағымен билей бастайды.
Әнші қыз нақышына келтіріп айтуға тырысады. Балалар көңілді би ырғақтарын зал төрінде тұрып билейді. Әр әнші жеке айтуға талпынады.
|
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
|
(Үнтаспадан дауыс шығады). Зал төрінде үлкен теледидар немесе интерактивті тақта.
- Балалар, Абай атындағы Опера және балет театрына қош келдіңіздер! - деп интерактивті тақтаны қосады.
- Қойылымды мұқият тыңдап, көру үшін, ұялы телефондарыңызды өшірулеріңізді сұраймын. Қойылым басталғанда, ән айтқанда, спектакль жүргізілгенде шулауға, жүруге болмайды. Сіздер бүгін театрмен танысасыздар және балет «бишілері» мен опера «әншілерін» тыңдайсыздар.
Ән тыңдау: «Елім-ай» әнін (Н. Меңдіғалиев) жеке дауыстағы әншінің орындауында үнтаспадан тыңдайды.
Келесі тыңдайтындарыңыз - «Біржан мен Сара» операсынан үзінді.
|
Балалар театрға келіп, отыруға талпынады. Театр тәртібін сақтауға тырысады.
Балалар интерактивті тақтадан барлық элементтерін көріп, зейін қойып тыңдайды.
Балалар «Елім-ай» атты халық әнін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлан Кенжебековтың орындауында мұқият тыңдайды. Балалар
би ырғағын көріп, тыңдауға тырысады.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
- Балалар, сендер қандай театрда болдыңдар?
- Әнші қандай ән айтты?
- Даусы қандай? Жоғары диапазонда айтты ма, әлде төмен бе?
- Қандай биді көрдіңдер? Биді шапшаң биледі ме? Жоқ, жай ырғақта биледі ме? - Сендер өте жақсы тыңдадыңдар, жүріңдер, бәріміз бірге метроға мініп, үйге қайтайық.
«Балдырғандар жырын» айтады.
|
Абай атындағы Опера және балет театрында Әнші «Елім-ай» әнін жәй, мұңлы, сабырлы айтты «Біржан-Сара» операсын балет бишілері өте жылдам, көңілді, жігерлі билеп шықты
|
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: музыканы тыңдап, сипаттарын ажырата білу керек. Әнді мәнерлеп айтып, сезіне біледі.
Игереді: музыка әуенін театрда тыңдай білуді, әртістердің әртүрлі жанрдағы ойындарын.
Меңгереді: музыка ырғағымен би түрлерін жасауды.
№ 59 - 60 технологиялық карталар
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Ел қорғауға әзірміз»
Мақсаты: балалардың патриоттық сезімін ояту, музыканың түрлі сипаттарын ажырата білуге дағдыландыру. Әнді таза айтуға, музыканы сезіне би қимылдарын жасай білуге дағдыландыру.
Сөздік жұмыс: әскери марш, жеңіс күні, мәңгілік алау.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Музыка жетекшісінің іс әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық - қозғаушылық
|
Балаларды залда «Балдырғандар маршы» (К.Қуатбаев) шығармасымен қарсы алады. Орындарында тұрып, жеңіл ырғақ түрлерімен билейді. Жетекші балаларды Панфилов атындағы демалыс паркіне шақырады. «9 мамыр - Жеңіс күні» мерекесіне автобус көлігіне мініп баруды ұсынады.
|
Балалар музыка ырғағымен жұптасып жүруге, билеуге талпынады.
Балалар бірінің артынан бірі жүріп, ырғақпен орындарына келеді.
|
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
|
«Ел қоргауға әзірміз» (К.Қуатбаев, М.Әлімбаев) әнін бірге орындайық. Аялдамадан түскеннен кейін әскери марш ырғағымен жүреді. Бірнеше қатарға тұрып, әскерилердің қимылдарын көрсетеді.
|
Балалар қатарласа жүріп мерекеге аттанады. Әнші ұл бала әнді мәнерлеп айтуға талпынады, балалар қайырмасына қосылып, әскери қимылдарды жасауға тырысады.
|
Жетекші интерактивті тақта, суреттер арқылы Панфилов паркіндегі «Мәңгілік алау» басында жиналған соғыс ардагерлерін, әскерилерді көрсетеді. Музыка тыңдау: «Жеңіс күні» әнін (Д.Тухманов, В.Харитонов) үнтаспада тыңдайды.
Балаларды елін қорғаған батырлармен таныстырады.
Би: «Катюша» әніне көңілдене билеуді ұсынады. «Мәңгілік алау» басына гүл шоқтарын қоюды көрсетеді. Бір минут үнсіз тұрып, соғыста қаза тапқандарды еске алуды қайталайды. Ән үйрену: «Момышұлы Бауыржан» (Е.Өміров, С.Тұрғынбеков). Ардагерлерге арнап «Сарбаздар» әніне (М. Жәутіков) билеп беруді ұсынады.
|
Балалар «Мәңгілік алау» басына ардагерлердің не үшін жиналғанын түсінуге талпынады. «Жеңіс күні» әнін тыңдайды.
Бауыржан Момышұлы атындағы ұландардың марш ырғағымен жүріп көрсеткен шеберліктеріне, «Катюша» биіне қызыға қарайды.
«Мәңгілік алау» басына гүл шоктарын қояды.
«Сарбаздар» әніне билеуге тырысады.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
- Қандай паркте болдық? - Қандай әндер тыңдадыңдар? - Қандай Би ансамбльдерін білесіңдер?
Дидактикалық үлестірмелі ойын: «Жанрларды ажырат». Балаларға текшелер таратып беріледі.
|
Панфилов паркінде «Жеңіс күні», «Момышұлы Бауыржан»
Балалар текше арқылы жанрларды ажырата білуге тырысады.
|
№ 61 - 62 технологиялық карталар
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Бағдаршам»
Мақсаты: музыканы тыңдап, сипаттарын ажырата білу. Әннің мәтінін дұрыс айтып үйрену. Ойындарда эмоциясын ояту. Кейіпкер рөліне кіріп ойнау. (Көріністі халық әндеріне салып үйрету).
Қолданылатын көрнекі құралдар: бағдаршам, жаяулар өткелі, тең жолмен қиылыс, қауіпті бұрылыс, басты жол.
Қажетті құрал-жабдықтар: үнтаспа, дискілер, қасқыр, желаяқ, тұлпар, қоян, арыстан кейіпкерлерінің костюм атрибуттары.
Сөздік жұмыс: сабырлы, көңілді, жігерлі, бағдаршам, ереже, ескерту, тыйым салу, көрсеткіш.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
|
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық - қозғаушылық
|
Жетекші балаларды қарсы алады. «Амандасу жаттығуын» айтуды ұсынады. Б. Бейсенованың «Жол ережесі тәртібі» әнімен балаларды залдың бойымен еркін жүруге, орындарына тұрып билеуге, өз орындарын табуға үйретеді. Қимыл ырғақтарын әуенмен жасауды ұсынады. Қимылдардан шатаспай есінде сақтау үшін сөзіне мән беріп, бірге қосыла айтып жасауға үйретеді. - Бізге қонаққа Қасқыр келіпті. Ол жолдан өту ережесін білмей, сендерден көмек сұрап келіпті», - деп, Ж. Қалжанованың «Қасқыр келді қалаға» көрінісін кейіпкерлендіріп, сахналауға шақырады. (Бұл сахналауды ата-аналарға көрсетеді). Қасқыр:
Еркін өсіп далада,
Келдім бүгін қалаға.
Қиналдым көше тәртібін
Кіргізе алмай санама. Музыка әуенімен қимылдар жасайды.
|
Балалар кіреді, «Амандасу жаттығуын» айтады.
Би қимылдарын еркін жасауға, жүруге, орындарына тұруға, өз жұптарын табуға тырысады.
Әннің сөзін тыңдап, есіне сақтауға, шумақ қайырмасының қимылдарын білуге тырысады.
|
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
|
Желаяқ:
Бағдаршамға қараймын,
Қараймын мен таңдана.
Өшіп-жанған көзінің
Алмай сырын аңғара. –
Иә, Қасқыр, әлі күнге дейін жол тәртібін білмейсің бе? Жол жүрудің қадірін мен бес саусақтай білемін. (Зуылдап жүгіріп өтеді). Тұлпар:
Ережесін көшенің
Шемішкедей шағамын.
Болмай ма екен тұлпардай,
Баяу өте алатын. (Ақырындап жүріп өтеді). Қоян:
Ой-ой, мына қасқырды
Көріп тұрмын тұңғыш рет.
Қайдан келген бұл өзі?
Қалалықтан емес бұл. (Қасқыр Қоянды көріп, артынан жүгіреді). Қоян:
Әй, әй, Қасеке,
He көрінді өзіңе,
Қарасаңшы көзіңе!
Бағдаршамға қиылып,
Қараймын мен жымиып,
Сары көзі жанғанда, Үлгеремін жүгіріп.
(Қызыл да жанып үлгереді, артынан
Қасқыр жүгіреді).
Арыстан:
Әй, Қоян, бері кел, бері, Әрі-бері жүгіре берме! Ауылдан келген қасқырға Үйрет мына ережені!
Қоян:
Арыстан аға, құп болады!
Тек қасқырға айтыңызшы, Мені қуа бермесін, Айтқанымды тыңдасын.
|
Желаяқ сөзін әнге салып айтуға тырысады. Желаяқ мақтаншақтың кейпін сомдайды. Тұлпар өзінің сөзін әндете айтып, ойнайды. Жолмен өту ережесін көрсетеді. Қоян қорқақтың рөлін ойнауға тырысады. Қасқыр қуып, Қоян қашуға талпынады. Қоян Қасқырға жол ережесін бұзбауын түсіндіреді.
Балалар жол ережесін
естеріне сақтауға
тырысады.
Әндетіп, ырғақтан
шықпай
айтуға
талпынады. Қуаныш, өкініш,
қорқыныш сезімін
көрсетуге
тырысады.
«Тоқта», «Жол ашық» белгілерін есте сақтауға талпынады.
Әнді мәтініне келтіріп айтуға тырысады.
|
|
Арыстан:
Кел бері, Қасқыр, қасыма,
Сенің құлағың - Қоянда,
Ал көзің бағдаршамда болсын!
Түсіндің бе?
Қасқыр:
Әй, Арыстан аға Қоянға күнім түсті ғой. Амал қанша, қайтейін?
Қоян: (Ескерту белгісі)
Үшбұрыш қызыл көрінсе -«Абайла, Қасқыр!» (Тыйым салу белгісі) Дөңгелек қызыл шеңберде -«Тоқтай қал, Қасқыр!» (Көрсеткіш белгісі) Дөңгелек көк шеңбер ме -«Жолыңыз ағайын».
Түсіндің бе, Қасеке? Ха-ха-ха!
Қасқыр: Түсіндім, болды енді,
ыржалақтай бермей! Арыстан кетер,
күнім өзіме келер-р-р-р!
Арыстан: Жол тәртібін білейік,
Аман-есен жүрейік.
Қасқыр: Барар жерге асықпай,
Қоян: Аман-есен жетейік.
Ән: «Жолаушылар жыры»
(Ж. Қалжанова).
|
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Жетекші балалардан жол ережелерін сұрайды.
- Кейіпкерлерді сомдау сендерге ұнады ма?
- Жол ережесін естеріңе сақтаңдар, жолдан жүгіріп өтуге болмайтынын естен шығармаңдар.
- Жолдан өту үшін алдымен қайда қараймыз?
|
Балалар жол ережесіне жауап беруге тырысады. Рөлде ойнаған ұнайды
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: музыканы тыңдап, сипатын ажыратуды. Әнді мәтінімен мәнерлеп айтуды.
Игереді: музыканы тыңдап, ойын арқылы аңдарды сомдауды.
Меңгереді: музыка әуенімен ауыспалы адым жасауды, рөлдегі қимылдарын әуенмен келтіруді.
№ 63 - 64 технологиялық карталар
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз»
Мақсаты: музыканы тыңдап, сипаттарын ажырата білу. Әннің мәтінін дұрыс айтып үйрену. Ойындарда эмоциясын ояту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: аспаптар, мектеп құралдары.
Қажетті құрал-жабдықтар: үнтаспа, дискілер.
Сөздік жұмыс: ұстаз, мектеп, дана, аспаптарда ойнаймыз, әзілдейміз, қоштасамыз.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері
|
Музыка жетекшісінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық - қозғаушылық
|
Жетекші балаларды «Гүлдер вальсі» (П.И. Чайковский) ырғағымен қарсы алады. Би ырғақтарын сезіне билеуге үйретеді. Шеңбермен жүріп, өз орындарына тұруды, жұптарымен ілесе жүруді үйретеді. Б. Бейсенованың «Ұстазға мың тағзым» әнін тыңдауға ұсынады. Балаларды ойынға ұйымдастырады. «Әуенді тап» ойынының шартын түсіндіреді, екі топқа бөледі, әуенді тыңдап, жарысып айтуға үйретеді.
|
Балалар жұптасып, музыка ырғағымен жүруді, орындарына тұруды орындайды.
Әнді тыңдап, сөздерін еске сақтауға тырысады. Балалар ойынды көңілді ойнап, әуенді жылдам еске түсіру арқылы жарысуға тырысады.
|
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
|
Ән үйрену: «Қош бол, балабақша» (Р.Төлендиева, С.Қалиев) әнін айтып береді. Балаларға қайталап айтуды ұсынады.
Жетекші балалардың жыл бойы үйренген білімдерін барлық сала бойынша музыка арқылы көрсетуін ұсынады. Кейіпкерлендіру, жүргізушілік қабілеттерін арттырады. Балаларды өздерін еркін ұстауға, әнді сезініп айтуға, биді бірдей билеуге үйретеді. Ұлдарды «рэп» қимылын жасап, ырғақпен әуендетіп «Тіл туралы» жырлауды үйретеді және вальс ырғағын қайталауды ұсынады.
|
Балалар әнді айтуға, еске сақтауға тырысады. Алған білімдерін саз әуені арқылы жеткізуге тырысады. Музыканы тыңдау, әнді айту, жүргізушіліктерін дамытуға тырысады. Ұлдар би қимылдарын үйренеді.
Вальс, полька билерін қайталап еске түсіруге тырысады.
|
|
Алдын ала дайындалған «Ирландық полька», «Гүлдер вальсі» билерін қайталайды («Билеп үйренейік» жинағынан).
«КВН», «Әзіл-сықақ» театры миниатюраларынан үзінді үйретеді. Балалардың рөлде ойнауын ұсынады. Ойын: «Алтын қақпа». Аспапта ойнау: «Сазды шатыр» ойынын аспаптарда ойнауды ұсынады. Музыка тыңдау; «Біз бақытты баламыз» (Р.Тышқанбаев).
|
Балалар әзілдеуге, қысқа сөзбен қайырып жауап қатуға тырысады.
Ойынға белсене қатысып,
эмоцияларына
жақсы әсерін
тигізеді.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Жетекші балаларды белсенді қатысқаны үшін мақтайды, мектепке дайындықтарының жоғары екенін айтып мадақтайды. Қоштасады.
|
Балалар белсенді ойнап, қуаныштарын білдіреді. Қоштасады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |