Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің тақырыптық перспективті жоспары



жүктеу 1,79 Mb.
бет2/9
Дата14.05.2018
өлшемі1,79 Mb.
#13526
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:

Біледі: күз құбылыстарын білуі керек.

Игереді: алтын күз, жомарт күз, асатаяқ деген ұғымдарды игереді.

Меңгереді: музыкаға ілесіп, ырғақпен аспапта ойнау дағдыларын меңгереді.

- 10 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Күзгі серуен»

Мақсаты: әнді бірқалыпты табиғи дауыспен мәнерлеп айтуға үйрету. Лирикалық шығарманы қабылдап сезіну, сипаттай білуге баулу. Музыкаға сәйкес қимылдап, билеуге дағдыландыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: күзгі бақ көрінісі, суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: күзгі жапырақтар, балапандардың және енесінің, қарақұстың атрибуттары, бірнеше шығыршық (обруч).

Алдын ала орындалатын жұмыс: күз мезгілі туралы өлең - тақпақтар жаттау, күз ерекшеліктері туралы әңгімелесу.

Сөздік жұмысы: лирикалық әуен.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Зал іші күз мезгілін бейнелейтін

суреттермен безендіріледі. Жетекші: Ай жапырақ, сары алтын, Айналамның бәрі алтын, Қуандырып біздерді Сары алтын күз келді!

- Балалар, күз мезгілі сендерге ұнай ма?

Бәріміз күзгі баққа серуенге барайық.



Марш (Е.Брусиловский) ойналып,

балаларға шеңбер бойымен жүруді

ұсынады.


Балалар залға кіріп, күзгі көріністі тамашалап қызықтайды.

Қуана келісіп, қатарласып, марш екпінімен жүреді.



Ұйымдастырушылық - ізденушілік

- Күзгі баққа да келдік! Бақ іші қандай тамаша! Сары түске боялыпты. Жұмбақ шешіңдерші.

Ағайынды бәрі,

Шықса көк,

Түссе сары.

Бұл не?


Күзгі жапырақтарды жинап алып, көңілді әуенмен би билейік. «Күзгі жапырақтар» («Вальс» П.И.Чайковский) биін үйретеді. («Билеп үйренейік» жинағынан)

Күзгі көріністі тамашалап, әңгімелейді.

Шешуі: Жапырақ

Күзгі жапырақтармен әуен ырғағына сәйкес қозғалып, мәнерлі билейді.





Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал-терек

Жапырағын жұлғызып.

(Қ. Мүсірепов)

- Бақтағы ағаш жапырақтары желмен тербеліп, сыбырласып тұрғандай. Бүгін біз орыс композиторы П.И.Чайковскиймен танысамыз (суретін көрсетеді). Композитордың «Аққу көлі», «Гүлдер вальсі» және «Жыл мезгілдері» атты шығармалары бар. «Күзгі ән» («Қазан») әуенінде не туралы айтады екен, тыңдайықшы! («Жыл мезгілдері» шығармасынан, «Күзгі

ән» үнтаспада немесе күйсандықта орындалады).

- Шығарманың көңіл күйі, сипаты қандай екен?

- Бұл әуеннен нені сезініп, түсіндіңдер? (Балалардың жауаптарын тыңдап, белсене қатысуына ықпал жасайды.)



Дауыс жаттығулары

«Күзгі жапырақ»,

«Күзгі жел» әндеріне жасалады. Терең тыныс алып, дауысты еркін шығаруға үйретеді.

Алма пісіп, алмұрт түсіп,

Күзде бақтар жайнайды.

Құстар қайтып, қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды. «Күз» (Қ.Шілдебаев) әнін қайталауды ұсынады. Әнді мәнерлеп айтуға үйретеді.

Жаңа ән: «Күз» (Ақтоты Райымқұлова, Қ. Жұмағалиев). Композитордың балаларға арнап жазған әндері өте көп. Мысалы, «Торғай», «Жасыл шырша» «Тайтұяқ пен асатаяқ». Әнді орындап, сипатын ажыратуды, мазмұнын әңгімелеуді сұрайды.

- Әнде не туралы айтады?

- «Күз» әнінің сипаты қандай?


Композитор туралы біліп, мәлімет алады, танысады. Композитор шығармаларын еске сақтауға тырысады.

Әуенді тыңдап, эсер алады.

Мұңды, баяу, лирикалық әуен

Күз мезгілінің

құбылыстарын,

ерекшеліктерін

Фраза арасында дұрыс тыныс алуды үйренеді.

Әнді нақышына келтіріп, хормен және жеке дауыста орындайды.

Жаңа әнді тыңдап,

алған эсерлері туралы

әңгімелейді.

Ән авторлары мағлұмат

алып, шығармалары

туралы естіп ұғынады.

Сұрақтарға белсене жауап береді.





Балалардың жауаптарын тыңдап, толықтырып, «лирикалық әуен» деген ұғымды түсіндіреді, бекітеді. Қимылды ән-ойын: «Етек-етек». Ойын шартын, мәтінін алдын ала түсіндіріп үйретеді. Құстар атрибуттары қолданылады.

Ойын шартын сақтап,

ұйымшылдықпен

қатысады.


Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар, сендерге күзгі бақ ұнады ма?

- Бақ ішінде қандай өзгерістер көрдіңдер?

- Қандай лирикалық әуенді тыңдадыңдар?

- «Күзгі ән» шығармасын жазған қай композитор?

- Үйренген жаңа әніміз қалай аталады?


Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Үйренген әндері, тыңдаған әуендері туралы өз ойларын жеткізеді.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: әнді бір қалыпты мәнерлеп айтуды, тыңдаған шығармаларды қабылдап сезінуді, сипаттауды білу керек.

Игереді: музыканы есту арқылы күз мезгілінің ерекшеліктерін ажыратады. Композиторлар П.И.Чайковский және А.Райымқұлова туралы түсінік алады.

Меңгереді: әнді табиғи дауыспен орындайды. Шығармалардың мазмұнын сипаттай алады. Әуенге ілесе мәнерлі қимылдай біледі.

11 - 12 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Жомарт күз»

Мақсаты: күй тыңдау арқылы ой-сезіміне эсер етіп, эстетикалық талғампаздығын қалыптастыру. Күй туралы, күйші Тәттімбет туралы мәлімет беру, түсіндіру. Ұлттық би элементтерін үйретуді жалғастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: күзгі жайлауды бейнелейтін суреттер, слайдтар, көрмелер.

Қажетті құрал-жабдықтар: домбыра, қобыз, күйсандық.

Алдын ала орындалатын жұмыс: «Жомарт күз» тақырыбына әңгімелесу. Тақпақ - өлеңдер, жаңылтпаш, жұмбақтар жаттау.

Сөздік жұмысы: шертпе күй, жомарт күз, тұмарша, шабандоз.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

«Қазақ маршы» (А.Затаевич) ойналып, балаларға марш екпінін сезіне шеңбер бойымен жүруді ұсынады.

Күй тыңдап тамаша, Әуенге ілесіп, Түрленіп, иіліп, Билейік жараса! «Қазаң биі» (Л.Мусин) әуеніне би қимылдарын үйретеді. Ұлдарға «шабандоз», қыздарға «тұмарша», «тарақ» би элементтерін үйретеді. Ауыспалы адыммен жүргендерін, тұлғаларын түзу ұстауларын қадағалайды.

Алшын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап. Балалар, сендерді күзгі жапырақтармен билеуге шақырамын. «Күзгі жапырақтар» биі қайталанып, жалғасы көрсетіліп, үйретіледі.

Балалар шеңбер бойымен нық баса адымдап жүреді.

ұлдар «шабандоз» қимылын көрсетеді. Қыздар «тұмарша» (қолдары бастан жоғары көтеріліп, алақандары түйіседі), «тарақ» би элементтерін үйренеді. Тізелері бүгіліп, басты оңға, солға бұрады. Балалар жапырақтарды алып, үйренген би қимылдарын қайталайды. Жаңа би қимылдарын еске сақтайды.



Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Күй - халық музыкасы. Күйді музыкалық аспаптарда ойнайды. Күй өнері туралы түсінік беру. Жұмбақ жасырып, шешуін табуды сұрайды.

Ұзын мойын екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып қалсаң бір-бірлеп

Күй шығады күмбірлеп. Бұл не?

Күйші Тәттімбет туралы әңгімелеп, суретін көрсетеді, таныстырады. Шертпе күйдің шебері Тәттімбет жас кезінен домбыра тартып үйренген. Оның «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Көш жинаған» деген күйлері бар. Күйшінің «Саржайлау» күйін үнтаспадан немесе домбырада ойнап, тыңдату. Күзгі жайлауды бейнелейтін суреттерді көрсетіп, әңгімелейді.

Күй туралы түсініп, мәлімет алады. Жұмбақтың шешуін бірігіп, ойлана шешуге талпынады.

Домбыра


Күйші-композитор туралы біліп, есте сақтайды. Күйші шығармалары туралы естіп, түсінеді. «Саржайлау» күйін тыңдап, эсер алады. Толғаныстары мен алған эсерлері туралы әңгімелейді.




Күйден алған көңіл күй, ой-сезімі мен







толғаныстары туралы сұрап, әңгімеге







тартады.







Дауыс жаттығуы «Саржайлау» күйінің

Дауыс жаттығуларын




әуеніне «ля» буынымен айтылады.

таза, әндете айтады.




Денелерін еркін, бос ұстап, дыбыстарды







таза айтуға үйретеді.







«Домбыра» жаттығуы:

Домбырада ойнау




Домбыра, домбыра,

ишарасын жасап




Құлағын оң бұра

көрсетеді.




«Р» дыбысын анық, таза айтуға

«Р» дыбысын анық айтуға




дағдыландырады.

машықтанады.




Алма, алмұрт, шие, алма,







Жеміс-жидек піседі.

Көкөністер туралы




Қауын, қарбыз, пияз, сәбіз

тақпақты қайталап, еске




Көкөністің бәрі де

сақтауға талпынады,




Айтыңдаршы, қай мезгілде

сұраққа жауап береді.




Дүкендерге түседі?







Жомарт күздің біздерге







Берерін алып, шашпайық.







Алтын күзге арналған,







Әнімізді бастайық! -







деп, «Күз» әнін қайталайды.







Ән үйрену: «Күз - жомарт»

Әнді тыңдап, мазмұнын




(музыкасын жазған Дүнгенбай Ботбаев.

түсінуге тырысады.




Суретін көрсетіп, шығармалары туралы

Ән авторлары туралы




әңгімелеу. Сөзін жазған

естіп, суреттерін көреді,




Қ. Жұмағалиев).

танысады.




Балалардан әннен алған эсерлерін







сұрайды.







- Неліктен күзді жомарт деген?

Қойылған сұрақтарға




- Ақын күзгі ауа райын қалай

ұйымшылдықпен жауап




сипаттаған?

береді.




Әнді үйретіп, «ля» буынына әндете







айтуды ұсынады.







Жігіттердің биші аягы,

Әннің әуеніне қосылып,




Би дегенде тұра алмас.

«ля» буынын таза айтады.




Көңілді би билеп берсе,







Қыздар қалай қуанбас!







Би: «Шабандоздар». Ұлдарға бидің

Мәтінге лайықты




бірнеше элементтері үйретіледі

қимылдарды бірге




(«Билеп үйренейік» жинағынақ).

жасайды.




Қыздар ырғақпен шапалақтап, қошемет

Би қимылдарын қайталап




көрсетеді.

еске түсіреді.

Рефлексиялық - түзетушілік

- Қандай күйші-композитор туралы әңгімеледік?

- Қандай күй тыңдадыңдар?

- Үйренген әніміз қалай аталады?

- Қандай би қимылдарын есте сақтадыңдар?

- Әнді жазған композитор кім? Күйден алған эсерлеріне сурет салуды ұсынады.


Балалар қойылған сұрақтарды бар ынтасымен тыңдап, толық жауап беруге әрекеттенеді. Балалар көтеріңкі көңіл күймен қоштасып, шығып кетеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық музыкалық шығармаларды танып білу, ұлттық музыка аспаптары дауысын ажыратуды, күйді тыңдап, сипатын анықтай білуі керек.

Игереді: әуенге сай ұлттық би қимылдарын үйреніп, еркін қозғалады. Күйші, композиторлар туралы біліп, олардың шығармалары туралы түсінеді.

Меңгереді: әнді динамикалық белгілеріне сай айта алады, ән әуенін тыңдап, мазмұнын елестете әңгімелеуді.

13 - 14 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Күзгі жаңбыр»

Мақсаты: әннің сипатын түсініп, эмоцияларымен көрсете білуге дағдыландыру. Әуеннің ауыспалы сипатын беруге, табиғат құбылысын музыкамен байланыстыра білуге үйрету. Дикцияның тазалығына, әнді анық айтуға дағдыландыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: күзгі жаңбырды бейнелейтін суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: металлофон аспабы, қолшатырлар.

Алдын ала орындалатын жұмыс: жаңбыр туралы өлең, тақпақтар, жұмбақ, жаңылтпаштар жаттау.

Сөздік жұмыс: дикция, эмоция.

Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері

Музыка жетекшісінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


«Вальс» әуенімен балаларды қарсы

Әнді тыңдай жүріп, жеңіл

алып, ырғаққа ілесе, аяқ ұшымен

жүгіреді, қол ұстасып

жеңіл жүгіруді, екеуден қол ұстасып

айналады.

айналуды, бір орында ырғақты сезіне

Ырғақты сезіне тербеліп,

тербеліп, қол ұстасып шеңбер бойымен

жеңіл шеңбер бойымен

жүруді үйретеді.

жүреді.

Үнтаспадан күннің күркірегені естіліп,




жетекші қолшатыр алады. Балаларға




қолшатырға жасырынуды ұсынады.

Балалар қолшатырға

Біз көңілді балдырған,

жүгіріп, тез жасырынып

Сескенбейміз жаңбырдан.

үлгеруге тырысады.

Қолшатырды ашамыз,

Жаңбырдан біз қашамыз!




Музыка тыңдау: «Жаңбыр жауды»

«Жаңбыр жауды» әуенін

(К.Қуатбаев) әуені ойналып, балаларға

тыңдап, тамшылар

тыңдатады. Әуендегі жаңбыр

тырсылын сезінеді.

дыбысын, тамшылар тырсылын естіп,




сезінгендері туралы әңгімелейді.





Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Жұмбақ жасырады:

Қолшатырды ұстап, бірге

Жауын жауса,

қимылдауға, әуенмен

Тысқа шығады.

қозғалуға үйренеді.

Жаумаса оны,




Бұрышқа тығады.

Шешуі: Қолшатыр

Би: «Көңілді қолшатырлар» биі




орындалады («Билеп үйренейік»




жинағынан»).



Аспанда қаптаған,

Мұңды әуенді тыңдап,

Бұлт тыным таппаған.

күз құбылыстарын

Жөңкіліп көшеді,

сезініп, мұңаяды.

Суық жел еседі.

Әнді тыңдап, көңіл

«Табиғат әуендері» жинағынан

күйлері көтеріледі.

жаңбырдың дыбысын естиді.

Ән мазмұнын

- Күзгі жаңбырдың әуені көңілсіз,

айтып, әңгімелейді.

мұңды болса да, біз көңілімізді

Жаттығуларды қимылмен

түсірмейміз. Енді жаңбыр туралы

көрсетіп, дауыс пен

көңілді әнді тыңдайық.

динамикасын көрсетеді.

Музыка тыңдау: «Жаңбыр шақыру»

Күзгі көріністі

(Д. Ботбаев, Қ. Мырза Әли) әнін

бейнелейтін суреттерді

орындайды.

көріп, тамашалайды.

- Әннің сипаты қандай?




- Жаңбырдың қандай пайдасы бар?







Дауыс жаттығуы: «Жаңбыр»

(М.Жаманбалинов.)



Күркіреді күн-күн,

Терезелер шың-шың,

Жауды жаңбыр mon-mon,

Шелек-шелек, көп-көп,

Жон арқаңды moc-moc,

Күнбағыс, тез өс-өс.

Ән үйрену: «Жау, жау, жаңбыр» (К.Дүйсекеев, Ш.Сариев). Ән мәтіні туралы сұрап, балалардың жауаптарын тыңдап, толықтырып, түсіндіреді. Композитор Кеңес Дүйсекеев туралы мәлімет беріп, суретін көрсетіп таныстырады. Ақын Шөмішбай Сариев туралы айтып өту. Ойын: «Жаңбыр әуені». «Жаңбыр» (Е. Андосов) әуеніне ойын ұйымдастырылады. Әуенге ілесе саусақтарын тырсылдатып, шапалақтап, динамикалық белгілерін (f,p) көрсетулерін бақылайды, үйретеді.

Дауыс жаттығуларын таза орындауға дағдыланады. Тақпақты бірге қосыла қайталап, қимылдарын көрсетеді.

Балалар сұрақтарға жауап береді, ән мазмұнын толық түсінеді. Композитор туралы мәлімет алады. Саусақтарын тырсылдату арқылы жаңбыр тамшыларын, шапалақпен жаңбырдың қатты және ақырын жауған тамшылар дыбысын салады. Динамикалық белгілерін есте сақтауға тырысады.



Рефлексиялық - түзетушілік

«Тамшылар» (румын халық әні, өңдеген Т.Попатенко) әуеніне металлофонда ойнап үйрету. Таяқшаны дұрыс ұстап соға білуге, әуенді тыңдап, қалыспай ойнауға дағдыландыру.

- Күз мезгіліндегі құбылыстарды айтып беріңдер.

- Неліктен күзгі жаңбыр мұңды көңіл күй сыйлайды?

- Қай композитор туралы естіп, білдіңдер?

- Сендерге күзгі жаңбыр ұнай ма? Неліктен?


Металлофонда әуенді дәл ырғағымен, таза орындауға машықтанады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Оқу іс-әрекетінде үйренгендерін еске сақтауға талпынады.


жүктеу 1,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау